Шетелдердің конституциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 22:43, реферат

Краткое описание

Коституциялық құқық ғылымында «конституция»түсінігі екі мағынада қолданылады. Формальді мағынада-бұл заңды конституция , яғни қоғамдық-экономикалық құрлымды, мемлекеттік құрлым нысаның және басқару нысаның, сонымен қатар тұлғаның құқықтық жағдайын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы. Заңды конституция ненің болатындығын ұйғаратын құжат болып табылады. Дегенмен заңды конституцияның ұйғарымын тәжребелік қолдану барысында жағдай өзгереді: жаңа мекмелер пайда болады, заңды конституция нормаларын елеулі өзгертіп және толықтыратын конституциялық, органикалық және кәдігімгі заңдар қолданылады. Өзге сөздермен айтқанда тәжрибеде заңды конституцияда ұйғарылған тәртіппен айырылатын басқа мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібі қалыптасады. Бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың шыңайы тәртібі нақтыконституция немесе материалдық мағынада конституция деп аталады.

Содержание

1. Шет елдердің конституциясы


2. Шетелдегі қоғамдық құрылыстың конституциялық-құқықтық негіздері

3. Шетелдердегі саяси партиялар мен партиялық жүйелер

4. Шетелдердегі адам және азаматтардың конституциялық мәртебесі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

1 тақырып.doc

— 170.50 Кб (Скачать документ)

   Консервативті партия басшысы осы партияның  парламенттік фракциясымен сайланады. Оның қызметі ешқандай бақылауға  жатпайды. Егер партия парламенттік сайлауда жеңіске жетсе, онда партия басшысы автоматты түрде премьер-министр болады. Ал, егер партия жеңіске жетпесе, онда басшысы «оның ұлылығы аппозицияны» басқарады және «көлеңкелі кабинет» басшысы болып табылады.

   Атақты  ағылшын мемлекеттанушысы Худ Филлилс  партия көсемнің ролін былай сипаттайды: «Кейбр авторлар бізде кабинет басқармасы жоқ, бізде «премьер-министрдің басқармасы» бар деп санайды. Саяси шешімдер әдетте кабинетпен қабылданбайды. Мұндай үрдіс қалыптасқан, оған сәйкес шешімді премьер-министр жеке дара, не бір-екі министрлермен немесе кабинет комитеттерімен кеңесіп, не сәйкес министрлермен формальді кездесуден кейін қабылдайды».

   Консервативті партия механизмінде маңызды орынды қауымдастық палатасындағы және лордтар палатасындағы партия фракциялары (парламенттік-консервативтік партия), консервативті клубтар алады. Консервативті партия өзінің анахронизмінің және апаратының шатысқандығына қарамастан жеке көсемге бағынып және толықтай бюрократиялық орталықтандыру қағидасына құрылғандықтан, қызметін тиімді мақсатқа сай бағыттау қабілетіне ие.

   Саяси партияларға тән бюрократизация және орталықтандырудың жалпы үрдісі өз көрінісін ұйымдіқ рәсімделмеген  партиялалар санының бұлжытпай  азаюында табады. Ұйымдық рәсімделген  мүшеліктің міндетті партиялық жарна  төлеу және партиялық тәртіпке бағыну міндеттілігі саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымының міндетті атребутына айналды.

   Саяси партиялардың институцианализациясы. Қазіргі дәуірде шетел мемлекеттерінде  ерекше маңызға саяси партиялардың институцианализациясы иеленеді. Бұл  жерде ішкі құрылымдыжәне саяси қызметті қалыптастыру және реттеу тәртібі туралы сөз айтылуда. Көптеген уақыт бойы бұл мемлекеттің құқықтық реттеу шегінен тыс болды; саяси партиялар мемлекеттік билікпен қоғам және клубтар сияқты жеке ұйымдар ретінде қарастырылды. Алғашқысында доктринамен, ал кейін конституциялық құқықпен партиялардың саяси жүйенің құрамдас бөлігі ретінде танылғаннан кейін, олардың жағдайы өзгерді. Дегенмен, әр мемлекеттегі саяси партияларды құқықтық реттеу деңгейі және оның сипаты бірдей емес.

   Қазіргі уақытта саяси партиялардың қызмет тәртібін және құқықтық мәртебесін реттеудің екі негізгі әдісін бөлуге болады – сыртқы және ішкі.

   Реттеудің ішкі әдісі конституцияның, кәдімгі  парламенттік заңдардың қабылдануымен  және соттық шешімнің шығарылуымен қатар  жүзеге асырылады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін қобылданған бірқатар конституцияларды саяси партияларға қатысты ережелер мазмұндалады. Бұл ережелердің егжей-тегжейлік және анықтылық деңгейі әр түрлі, бірақ олардың бар болуы осы заманғы конституцияонализмнің ерекшелік белгілерін көрсетеді.

   1947 ж. Италия конституциясының 49-бабында  былай дейді: «Барлық азаматтар  ұлттық саясатты белгілеуге демократиялық  жолмен көрсетуге партияларға  ерікті бірігу құқығына ие».  Ал 1947 ж. Жапонияның консервативтілеу  конституциясында саяси партиялар туралы 21-бапта анығырақ айтылған: «Жиналу және бірігу еркіндігі, сонымен қатар сөз, баспа және пікірін білдірудің өзге де нысандарының еркіндігі кепілденеді».

   ГФР-нің  негізгі заңының 9-бабында көптеген жаңылыстары бар ұқсас ереже  қалыптасқан: «Барлық немістер одақ және қоғамдар құру құқығына ие. Мақсаты немесе қызметі қылмыстық заңдарға қайшы немесе конституциялық құрылымға қарсы бағытталған, не халықтардың келісушілік идеясына қарсы бірлестіктерге тиым салынады».

   ГФР-нің  негізгі заңының 21-бабына сәйкес, партиялар «халықтың саяси еркіндігінің қалыптасуына көмектеседі». 1958 ж. Франция конституциясы партияларға арнайы төрт бапты арнайды: «Саяси партиялар және топтасулар пікірлерін дауыс беру арқылы білдіруге көмектеседі. Олар ерікті құрылады және өз қызметтерін ерікті жүзеге асырады. Олар ұлттық тәуелсіздік және демократия қағидаларын құрметтеу тиіс». Сонымен 1978 ж. Испангия конституциясының 6-бабында мазмұндалатын, саяси жүйедегі партиялар жағдайының байымды мінездемесін келтірейік: «Саяси партиялар саяси плюрализм қағидасына сәйкес халық пікірін қалыптастыруда және білдіруде бәсекелестік жүргізеді және саяси қызметтің негізгі элементі болып табылады. Олардың құрылуы және қызметі конституция және өзге де заңдар шегінде ерікті болып табылады. Олардың ішкі құрылымы және қызметі демократиялық қағидаларға бағынуы тиіс».

   Конституциялық  ережелер саяси партиялар қызметін заңшығарушылық регламенттеу үшін негіз  болып табылады. Бұл көзқараста үлгілі мысал болып 1967 ж. ГФР-ғы партиялар  туралы заң табылады. Осы заңның бірінші бөлімінің екінші параграфында партиялар туралы айтылған: «азаматтар бірлестігі федерация ауқымында немесе жекелеген жерлерде халықтың саяси еркін қалыптастыруға тұрақты немесе белгілі уақыт ішінде ықпал етеді және неміс бундестагындағы немесе ландтагындағы халық өкілдігіне көмектесу ниеті болады, егер олар көлемі және олардың ұйымдастыру беріктігі бойынша, мүшелерінің саны және олардың ішкі саяси сахынадағы өызметі бойынша нақты талаптана алатын болса».

   Саяси партиялардың институализациясын реттеуші заңдар Финляндияда, Италияда, АҚШ-та, Португалияда, Австрияда, Испанияда, Мексикада және бірқатар өзге мемлекеттерде қабылданған.

   1787  ж. АҚШ Конституциясы және оған енгізілген 27 түзетулер саяси партиялар құру және қызметіне ешқандай тұспалдаушылық мазмұндамасада, саяси партиялар қызметіне қатысты әр түрлі заңдар АҚШ-та қабылданған (1954 ж коммунистік қызметке қадағалау туралы Заң, 1965 және 1970 ж сайлау құқықтары туралы заңдар, 1974 ж федералды сайлау компаниялары туралы заң ). Бірақта жекелеген штаттардың конститутцияларында және сайлау заңдарында саяси партияларды ұйымдастыру және қызметіне қатысты көптеген ережелер мазмұндалады.

   Саяси партияларды ұйымдастыруда және қызметін сыртқы реттеу актілер қатарына әсіресе, АҚШ және ГФР үшін тән конститутциялық қадағалау құқықтарына ие сот шешімдері жатады.

   Реттеудің ішкі әдісі орталық және жергілікті бақылаушы органдар арқылы саяси  партиялардың өзімен жүзеге асырылады. Барлық партиялар олардың ұйымдастырушылық рәсімделу деңгейінен тәуелсіз белгілі ішкі құрлымға ие, әр түрлі партиялық органдар арасында институализацияланған қатынастар болады. Ұйымдық рәсімделген партияларды реттеудің ерекше мәні болып мүшелік табылады. Партяның басқарушы органы-ұлы жиындар, конференциялар, орталық және ұлттық комитеттер және т.б бағдарламалар, жарғылар, ережелер, ұйымдық құрылым және партиялық қызмет сұрақтары бойынша нұсқаулар қабылдайды. Мұндай жолмен шығарылатын партиялық нормалардың құқықтық сипаты болмайды және оларды сот арқылы мәжбүрлі орындату мүмкін емес. Партия ішілік нормаларды сақтаудың қажетті кепілі болып партиялық мәжбүрлеудің әр түрлі құралдары табылады (мүшелер қатарынан шығару, өндіріп алу, үміткерлігін жылжытудан айыру). АҚШ-тағы Республикалық сияқты және Демакратиялық сияқты классикалық ұйымдық рәсімделмеген партиялардың өздері, кейінгі жылдары өзінің партиялық ұйымын нығайтуға шаралар қолданғанын белгілеп кету әуестікті тудырады. Осы мақсатта 1974 ж Демакратиялық жарғысы қабылданды, ал 1976 ж Республикалық партияның ұлттық конвенті арнайы ережелрді мақұлдады. Бұлардың барлығы ұйымдық құрлымды және партиялық тұтастылықты нығайту үшін жасалған.

   Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттердің саяси  жүйелерінде саяси партиялардың институализацисы одан әрі жүруде, олардың мемлекеттік механизімінің  әр түрлі буындарымен өзара байланысы күшеюде.

   Партиялық жүйелер, олардың түрлері. Шетел  мемлекетеріндегі саяси жүйелер  әлеуметтік, ұлттық, тарихи, діни және өзге әр мемлекеттің ерекшеліктері  мен түсіндірілетін айтарлықтай  әртүрлілік пен айрылады.

   Партиялық жүйе-бұл қоғамның саяси ұйымын сипаттайтын және партиялармен мемлекет арасындағы қатынастармен сипатталатын, сонымен қатар партиялардың басқа да саяси жүйенің қоғамдық құрлымдарымен және азаматтармен өзара қатынастарымен сипатталатың құрлымның қасиеті.

   Көп партиялық негізі болып әр түрлі қарама қарсы мүдделі топтардан тұратын қоғамның өзі табылады. Әр бір әлеуметтік топ саяси сақынаға өзіне сәйкес партиялар арқылы шығады.

   Көп партиялы жүйелерді келесі негізгі  топтарға бөлуге болады:

   А. Жалғыз өзі тәңірлік ететін партиясыз көп партиялы жүйелер. Мұндай көп партиялық нысанда ешбір партия парламентте абсолютті көпшілікке ие болмайды және сондқтанда үкіметтік коалиция құру мақсатында әр түрлі саяси одақтарға амалсыз барады.

   Бұған үлгілі мысал болып Италияның  саяси жүйесі табылады. 1993ж дейін бірқатар партиялар әрекет етіп келді, олардың ішінде ескісі болып 1832ж құрылған Республткалық партия (онда өз уақытындаДж.Гарибальди және Дж. Мадзини құрамында болған) және 1845ж құрылған Либералды партия табылады. Ватиканның қолдауынан сүйенген және өзінің идеяологиялық қызметінде християндықтың әлеуметтік доктринасын кеңінен пайдаланған Христиан-демакратиялық партияның ықпалы жоғары болды. Оң бағытта монархо-фашистік партия-италияндық әлеуметтік қозғалыстың (неофашистер) және монархиялық тұтастылықтың Демократиялық партиясының қосылу нәтижесінде 1972ж пайда болған ұлттық оң күштерді біріктіретін Италияндық әлеуметтік қозғалыс орналасты. Жағымсыз күштер болып Италиялық коммунистік партия және Италиялық социалистік пария табылды.

   1993ж. қарай Италияның партиялық жүйесінде елеулі өзгерістер болды: 1991ж. бұрынғы ИКП мүшелері коммунистік жаңғырту партиясын құрды; Христиан-демократиялық партия Италиялық халықтық партиясы болып қайта құрылды; көптеген партиялар ыдырап өз ықпалдарын жоғалтты; Радикалды партия, Солтүстік Лигасы, «Алга, Италия» сияқты партиялар ішкі саяси сақынада көрнекті болды. Қазіргі уақытта Италияның партиялық жүйесіне кесел келтіріп және қиын кезенді бастан кешіруде. Саяси партияларға сенімнің жоғалуы заңшығарушылық аумақта әсерін тигізді.

   1993ж. 18 сәуірде жалпы ұлттық референдумда 1974ж. 2 мамырда №195 «Саяси партияларды  қаржыландырудағы мемлекеттің қатысуы  туралы» Заңның парламенттік  топтарға жыл сайынғы мемлекеттік  дотацияларды ұсыну мен байланысты  екі бап ауыстырылды. 1993ж. 10 желтоқсанда №515 заң қабылданды, онда саяси партияларды мемлекеттік емес қаржыландыру тәртібіне өзгеріс енгізілді және сайлау компанияларын өткізуге құралдарды бөлу үшін жаңа талаптарды бекітті.

   Әдетте  коалициялық үкімет құрылатын жалғыз тәнірлік ететін партиясызкөппратиялы жүйелер сонымен қатар Бельгияда, Данияда, Нидерландияда және кейбір басқада мемлекеттерде әрекет етеді.

   Б. Жалғыз өзі тәнірлік ететін партиясы бар көппартиялы жүйелер. Мұндай көппартиялық нысанда парламенттегі абсолютті басымдылыққа бір партия ие болады және ол бір партиялық үкіметті қалыптастырады.

   Мұндай  үлгідегі көппартиялық жүйе мысалы, Мексикада 60жылдан артық парламенттегі тәнірлік жағдайын сақтап келе жатқан институционалды-революциялық партиясы табылады.

   Франциядағы партиялық жүйе бір қатар маңызды ерекшеліктерге ие. Ш. Де Голль (1958-1969) және Ж. Помпиду (1969-1974) президенттер кезінде монополиялық жағдайды алғашқысында жаңа республиканы қорғау одағы деп (ЮНР) аталған голлистік партия иеленеді, ал 1968ж. бастап Республика үшін демократтар одағы (ДДО) иеленді. 1976ж. бұл партия Республиканы қолдау бірлестігі (РҚБ) деген атауды қабылдады. В. Жискар Д.Эстеннің (1974-1981) президенттік кезенінде РҚБ 1978ж.құрылған жискарлық партия Франциялық демократия үшін одақ (ФДО) пен бірге үкіметтік коалицияға қатысқан. ФДО құрамына Республикалық партия, Әлеуметтік демократтар орталығы және Радикалдар және радикал социалистер партиясы (оң радикалдар) кірген правоцентристік топтасу болып табылады. Бұл партиялар 7жыл бойы үкіметтік коалицияны құрады, оларға солшыл оппазиция партиялары,-Француз социалистік партиясы (ФСП) және Француз коммунистік партиясы (ФКП)қарсы тұрды. Сонымен осы кезен ағымында Францияда жалғыз өзі тәнірлік ететін партиясыз көппартиялы жүйе әрекет етті. 1981ж. ФСП-ның басшысы Ф.Миттеран президенттік сайлаудың екінші кезенінде жеңіске жетіп жағдай өзгерді, осы партия мерзімінен тыс парламенттік сайлауда Ұлттық жиналыста абсолютті басымдылыққа ие болды. Нәтижесінде ФКП өкілдерінің қатысуымен социалистер үкіметі қалыптастырылды. Бірақта ФСП монополиялық тәнірлігі ұзақ болмады. 1986ж. наурыздағы Ұлттық жиналыстағы сайлауда ол жеңіс тауып билік басына оң күштер келді-құрамында РҚБ және ФДО, сынымен қатар Ұлттық фронт кірген блок болды. 1995ж. Ф.Миттеранның президенттік орынынаРеспубликалық партия көсемі Жак Ширак келді. Оңшылдардың үстемдік етуші жағдайы 1997ж. Ұлттық жиналыстағы сайлауға дейін сақталды, осы сайлауда басшылығында ФСП мен солшыл партиялар көпшілікке қол жеткізіп социалистер жетекшісі Л.Жоспен премьер-менистр болды.

   Бундестагтағы тұрақты басымдылық Христиан-демократиялық  одағы немесе Христиан-әлеуметтік одағы (ХДО немесе ХӘО) партияларының блогына  тиесілі болғандықтан, 17 жыл бойы (1949-1966) ГФР-да жалғыз партия тәңірлік ететін көппартиялы жүйе әрекет етті. 1966ж.-1969ж. дейін құрамына ХДО немесе ХӘО және Германияның Социал-демократиялық партиясы (ГСДО) кірген «үлкен коалиция» үкімет әрекет етті. 1969ж.сайлаудан кейін ГСДО және Еркін демократиялық партияның (ЕДП)коалициялық үкіметі қалыптастырылды. 1980ж. Бундестагта сайланған ГСДП-218,ХДО немесе ХӘО-226, ЕДП-53 мандаттарға ие болды. Мандаттардың осылайша бөлінуінің өзінде не социал-демократтар, не христиан демократтарпарламенттік басымдылыққа сүйенетін үкіметті ЕДП қолдаусыз құра алмады. 13жыл бойы еркін демократтар ГСДП-ны қолдады. Бұл коалиция өзінің әрекет етуін 1983ж. 1-қазанда тоқтатты. Еркін демократтар ГСДП мен бірге болған коалициядан шығып ХДО мен бірігіп коалицияға кірді, ол оқиға ГФР үкіметінң ауысуына әкеп соқты. Осы сәтте қоршаған ортаны және әлем бағытынан көрінетін «жасылдар» партиясының жағдайы нығайып келе жатты.

Информация о работе Шетелдердің конституциясы