Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық- тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі
Курсовая работа, 25 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен кепілдендірілуін белгілеп отырады. Осылайша, нақты саяси институт ретінде адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің, конституциялық жəне заң нормаларының бар екендігіне куəлік етеді.
Содержание
КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3
АДАМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА-
РЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.......................................................................................... 5
Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің ұғымы....................................................................... 5
Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау.............................................. 9
АДАМ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ
МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІ КЕПІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ......... 14
ҚР Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық-
тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі............................. 14
Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостан-
дықтарына қол сұғатын іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік.... 18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................... 30
Прикрепленные файлы: 1 файл
АДАМ МЕН АЗАМ. КЕПІЛІ.docx
— 60.77 Кб (Скачать документ)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................
3
- АДАМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА-
РЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ..........................................................................................
5
- Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің
ұғымы.........................
- Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз
ету және қорғау........................
- АДАМ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ
МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІ КЕПІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ......... 14
- ҚР Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық-
тары, бостандықтары мен заңды
мүдделерінің кепілдігі.....................
- Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостан-
дықтарына қол сұғатын іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік.... 18
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам құқықтары - маңызды ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылық, ал оның жүзеге асырылу деңгейі - мемлекеттегі қоғамдық құрылыстың алға басуы мен жариялығының негізгі көрсеткіші.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары[1,б.6].
Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен кепілдендірілуін белгілеп отырады. Осылайша, нақты саяси институт ретінде адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің, конституциялық жəне заң нормаларының бар екендігіне куəлік етеді.
Қазіргі кезде адам құқықтарын айқындайтын, бекітетін, реттейтін елуден астам халықаралық саяси құжаттарға қол қойылды жəне олар əрекет етуде. Осы жəне өзге де саяси-құқықтық нормаларда айқындалатын адам құқықтары мен бостандықтары əртүрлі деңгейде мемлекеттердің Конституциялары мен өзге де заңдарында көрініс табады.
Сөйтіп, адамның негізгі құқығы конституцияларда бекітілген, жеке адамның (азаматтың), саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар енетін түбегейлі құқықты құрайды.
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі. Олар тек азаматтарға қатысты айтылады, яғни саяси құқықтарға ие болу адамның нақты бір мемлекет азаматы болуына
байланысты.
Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге қызмет етеді.
Адам мен адамзаттың жеке құқықтық жағдайы (құқықтық мәртебесі) дегеніміз, әдеттегінше оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Шын мәнінде, бұл адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты мазмұны болып табылады. Бірақ та оған өзге де құқықтық факторлар әсер ететінін әрдайым естен шығармауымыз керек. Олар - азаматтық қағидалар, құқық пен бостандық кепілдіктері.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Курстық жұмысты жазу барысында ҚР Конституциясы, Халықаралық нормативтік құқықтық актілер, ҚР Жоғарғы Сот Бюллетені, ғылыми диссертациялар және қазіргі қолданыстағы басқа да нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан және Ресей ғалымдарының еңбектері және басқа да бірқатар материалдар қолданылды. Адамдар мен азаматтардың конституцияциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін зерттеуде өз үлестерін қосып жүргендердің қатарында: Ғ.С. Сапарғалиев, А.К. Котов, С.С. Сартаев, Қ.Д. Жоламан, Е.І. Қайыржанов, Т. Ағдарбеков, И.И. Рогов, Н.М. Әбдіров, Б.С.Бейсенов, Б.Сырттанов, Ә. Тоқтыбеков, И.Тоқболатов, М.Әбсаттаров, Е.Бопабаев, Тоқболатов, Г.В. Мальцев, А.Ю.Сунгуров, Р.А. Мюллерсон, Е. А. Шахунянц, Б.Грушин, А.Г.Мучник, К.Б.Толкачев, Я.Н.Уманский, Т.Бюргенталь, И.В.Ростовщикова, Е.А. Лукашев. А.К. Зайцев, В.В.Дружинин, Д.С.Конторов, М.Д.Конторов, Н.А.Беляев және басқа да ресейлік ғалымдар мен авторлар оқулықтар мен оқу құралдарының тиісті бөлімдері шегінде, докторлық және кандидаттық диссертациялар деңгейінде және пәнінің зерттелуіне арнайы монографиялық еңбектерін арнаған.
Зерттеу объектісі болып, ҚР Коституциясы, халықаралық заңдар, адамдар мен азаматтардың конституцияциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілі болып табылады.
Зерттеу пәні адамдар мен азаматтардың конституцияциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепіліне байланысты құқық нормалары, теориялық көзқарастар, сот тәжірибесі қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты болып кешенді түрде ҚР Конституциясыны, Халықаралық актілерді, заңдарды, ғылыми әдебиеттерді, құқықтық тәжірибелерді қолдана отырып, адамдар мен азаматтардың конституцияциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқықтық реттелуін және оны қорғау мәселесін, адамдар мен азаматтардың конституцияциялық жауапкершіліктерін жан-жақты зерттеу мақсаты көзделіп отыр.
Сол мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- адамдар мен азаматтардың конституцияциялық құқықтары, бостандық-тары мен заңды мүделерінің кепілдігінің ұғымы мен құқықтық реттелуін жүйесін қарастыру;
- адамдар мен азаматтардың конституцияциялық
құқықтары мен бостан-дықтарының жіктелу
өлшемдерін белгілеп, оларға құқықтық
сипаттама беру;
- адамдар мен азаматтардың конституцияциялық
құқықтары, бостандық-тары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз ету және қорғау ерекшеліктерін
анықтау;
- ҚР Конституциясы адам мен азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігіне құқықтық сипаттама беру олардың құқықтық нормаларының мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау;
Зерттеу әдісі. Осы жұмыста қолданыстағы ҚР Конституциясына, заңдарға талдау және саралау әдістері, теория мен тәжірбені ұштастыру, салыстыру, тарихи-құқықтық, статистикалық және логика-құқықтық әдістемелері арқылы адамдар мен азаматтардың конституцияциялық құқықтары мен бостандықтарына жалпы құқықтық зерттеулер жүргізуге, оны ресми түрде түсіндіруге және кәсіби тұрғыда әдістеме жасауға талпыныс жасалады.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, 4 параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- АДАМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА-
РЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ
- Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің ұғымы