Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық- тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі
Курсовая работа, 25 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Сонымен бірге адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен кепілдендірілуін белгілеп отырады. Осылайша, нақты саяси институт ретінде адам құқықтары нақты мемлекеттегі құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын, осы мақсаттарды жүзеге асыруға қызмет ететін арнайы мекемелердің, конституциялық жəне заң нормаларының бар екендігіне куəлік етеді.
Содержание
КІРІСПЕ.................................................................................................................... 3
АДАМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА-
РЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗІ.......................................................................................... 5
Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары
мен заңды мүдделерінің ұғымы....................................................................... 5
Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау.............................................. 9
АДАМ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, БОСТАНДЫҚТАРЫ
МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІ КЕПІЛІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ......... 14
ҚР Конституциясы - адамдар мен азаматтардың конституциялық құқық-
тары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігі............................. 14
Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостан-
дықтарына қол сұғатын іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік.... 18
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................... 30
Прикрепленные файлы: 1 файл
АДАМ МЕН АЗАМ. КЕПІЛІ.docx
— 60.77 Кб (Скачать документ)Адамдардың құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы дәрежеде өкілдік берілген актілерде бекітіліп, ерекше үстем күш берілген құқықтық бастауларда бір жүйелеген саяси-әлеуметтік және әлеуметтік-экономикалық қондырмаға айналды. Сонымен қатар, бұл актілер жоғарғы саяси тұрғыда азаматтардың жария-құқықтық мәртебесін белгілеп, олардың ішінде бірлесу еркіндігі, бейбiт жиналыстарға қатысу, митингiлер, шерулер өткізу құқықтарына ерекше назар аударды.
Осыдан келіп, Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар ең бастысы адами факторларға, азаматтардың тіршілік қызметінің барлық саласындағы белсенділігін көтеруге байланысты болады. Дегенмен, шығармашылық ынта-жігерді дамыту жеке адамның бостандығымен тығыз байланыстағы қоғамды демократияландыру мен адамгершіліктендіру үдерістерін одан әрі кеңейтпей және тереңдетпей мүмкін емес.
Бостандық - адамның ең болмағанда өзін еңбекші, қоғам қайраткері және тұлға ретіндегі әлеуметтік үш қырынан көрсете алатын жалғыз ғана мүмкіндігінің жай-күйі.
Тұлғаның бостандығы адамның өзіне берілген ойлау мүмкіндігі және өзінің ой-пікірімен, көзқарасымен тиісті және қалаған мақсатына жету мүмкіндігі, сөйтіп өзінің «мен» деген ойын жүзеге асыруды білдіреді.
Сонымен бірге, белгілі философ Б. Грушиннің атап өткеніндей, «Адамдардың бостандықтары неғұрлым кең болған сайын, олардың өздерінің түрлі жабдықтарын (материалдық, рухани, техникалық) пайдалану мен игеру мүмкіндіктері де соғұрлым кеңейе түседі және өздерінің көптеген жағдайларын (экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, адамгершіліктік) жүзеге асыру жолы да жеңілдей түседі, сол сияқты керісінше, бостандық неғұрлым аз, аталған жабдықтар жұтаңдау болған сайын, соғұрлым адамның еркін қызметі мен әрекетін шектейтін және қатаңдықпен тыйым салатын жәйттері көп болады» [5,с.15].
Белгілі бір елдердегі жеке адамдардың бостандықтарының дәрежесі мен ауқымы осы елдің демократиялық деңгейінің көрсеткіштері ғана болып табылмайды, сонымен бірге мемлекеттің күш-қуатына тура тепе-тең тәуелділікте болады және мұндай тәуелділік өзара байланысты. Бір жағынан мемлекет күшті болған сайын, ондағы жеке адам бостандықтарының деңгейі де жоғары болады. Ал, басқа жағынан, мемлекеттің күштілігі оның өзінің азаматтарының бостандық дәрежесіне байланысты. Егер мемлекет тұлғаның бостандығын қыспаққа алып, өзінің азаматтарымен қарым-қатынасын жалпыадамзаттық құндылықтарды тану негізінде емес, заңдық негіздегі үрей мен мәжбүрлеу негізінде құратын болса, онда ол халықтан қолдау таппай, құрметке ие бола алмай және сенімнен де айырылады. Бұл, әрине, сөзсіз мемлекеттің құлдырауына әкеп соқтырады, ал оны әміршілік-әкімшілік жүйе де, қудалау да жөнге сала алмайды.
Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарының ғылыми жіктеуін алғаш рет М.П. Карева беріп, ол олардың негізіне материалдық өлшемдерді, яғни азаматтардың негізгі құқықтарының нақты мазмұнын алып, осылайша барлық құқықтарды үш немесе одан да аз біртектес мынадай топтарға бөлді: 1) әлеуметтік-экономикалық құқықтар; 2) азаматтардың тең құқықтық кепілдемесі; 3) демократиялық бостандық[6,с.147-150].
Қазіргі саяси ғылымдарда жəне саяси-құқықтық құжаттарда адам құқықтары азаматтық, саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне т.б. болып бөліп қарастырылады.
Әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқық сияқты топтарға бөлу жөніндегі басқа да нақты көзқарастар да бар.
Ғылымда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жіктеудің үлгілері және олардың өлшемдік негіздері белгілі, бірақ олардың бәрі де негізгі құқықтар мен бостандықтардың жалпыға танымал, дәстүрлі шеңберінен шықпайды, көптеген жағдайда соларға негізделеді. Адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі тізімдері қанша ұлғая берсе де, құқықтың қандайда бір әмбебап жіктеулері жөнінда айта қоюға мүмкіндік орнаған жоқ. Сол баяғы әдеттегі құқықтың заңдық және философиялық тұжырымдары негізінде үш құндылық - өмір, бостандық, меншік әлі сол қалпында орын алып келе жатыр.
Осыған байланысты И.В.Ростовщикова, бүгінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу халықаралық стандарттық жүйемен есепке алуды және белгілі бағыныштылықты талап етеді, деп атап көрсетеді. Мұның бәрі ең бірінші кезекте 1966 жылғы «Адам құқықтары туралы» сияқты халықаралық әмбебап актілер арқылы көрсетілуі тиіс[7,с.16].
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 5-бөлігі «адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс», деп жариялайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтары туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен ережелерін қабыл алып және оларды мемлекетіміздің ерекшелік жағдайларын ескере отырып бекітті. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген тұлғаның құқықтық мәртебесі адам мен азаматтың құқықтары тұжырымдамасына негізделіп және халықаралық-құқықтық құжаттардың негізгі ережелерінен туындаған. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды.
Конституцияда мемлекеттің адам мен азаматқа қатынасы туралы ережелер бекітілген. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап. 2-тар.). Мемлекеттің адамның табиғи тән құқығын осылайша тануы Конституциясының «Адам және азамат» деп аталатын 2-бөлімінің мазмұнын білдіреді және оның бастау негізі болып табылады. Негізгі заңда бекітілген құқықтар мен бостандықтар жәй ғана жиынтықты емес, қисынды негізі бар белгілі бір жүйені құрайды. Осының соңғысы адам мен азаматтың тіршілік қызметі саласындағы жанасатын құқықтар мен бостандықтардың ерекшелігін көрсетеді.
Адам құқығы жөніндегі арнаулы әдебиеттерде адамның негізгі құқығы деп белгілі бір мемлекеттің конституциясында көрсетілген құқық танылады деп, әділетті айтылған пікірлер бар.
Сөйтіп, адамның негізгі құқығы конституцияларда бекітілген, жеке адамның (азаматтың), саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар енетін түбегейлі құқықты құрайды.
Саяси құқықтар мен бостандықтар азаматтың субъективті құқықтары мен бостандықтарының маңызды бөлігі. Олар тек азаматтарға қатысты айтылады, яғни саяси құқықтарға ие болу адамның нақты бір мемлекет азаматы болуына байланысты.
Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге қызмет етеді.
Адам мен адамзаттың жеке құқықтық жағдайы (құқықтық мәртебесі) дегеніміз, әдеттегінше оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Шын мәнінде, бұл адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты мазмұны болып табылады. Бірақ та оған өзге де құқықтық факторлар әсер ететінін әрдайым естен шығармауымыз керек. Олар - азаматтық қағидалар, құқық пен бостандық кепілдіктері.
Қорытындылай келе, адам құқықтарының бұрынғыға қарағанда қандай нысанда болмасын қазіргі заманда біртұтас жəне интеграцияланған саяси теория мен тəжірибенің басты бөлігіне айналғандығын, күнделікті саяси қызмет пен саяси тартыстың алаңына айналғандығын айтқым келеді.
- Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау
Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы маңызды мәселе. Жалпы адам құқығы жеке тұлғаға нақты бостандықтар мен әлеуметтік игіліктерге кепілдік беретін саяси қатынастар жүйесінде бекітілген ережелер мен принциптер жиынтығы. Адам құқығын қорғау ұлттық құқықтық тәртіптің маңызды міндеттерінің бірі. Ең алғаш адам құқығы АҚШ Конституциясы мен «Адам мен азамат құқығы туралы» Француз Декларациясында заңдастырылды.
Бүгінгі күні адам құқықтары БҰҰ-ның
негізгі бес құқықтық құжаттарында анықталып,
оларға кепілдік берілген. Олар: «Адам
құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы»
(1948 ж.), «Экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтар туралы Пакт» (1966 ж.), «Азаматтық
және саяси құқықтар туралы Пакт» (1966 ж.)
және соңғысына қарасты екі факультативті
Хаттама.
Жоғарыда көрсетілген халықаралық құжаттар
адамның құқықтары мен бостандықтарының
нақты бір мемлекет еркіне байланысты
емес екендігін көрсетеді.
Кез келген дамыған демократиялық, құқықтық мемлекет өз азаматтарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс. Құқықтық қорғау адамның құқықтарын жүзеге асыру болып табылады. Яғни, бұл адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың қызметі.
Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсіліне сүйене отырып, оны қамтамасыз ету барысында 4 топты көрсетуімізге болады:
- мемлекеттік қорғау;
- соттық қорғау;
- мемлекеттік емес қорғау (құқық қорғау ұйымдары мен адвокат институты);
- өзін-өзі қорғау.