Тақырыбы:Энтеровирустар және нейровирустарты инфекциялар қоздырғыштары
Курс лекций, 01 Июня 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Энтеровирустар инфекциялар қоздырғыштары
нейровирустарты инфекциялар қоздырғыштары
ротавирустар,
энтеравирустар,
тогавирустар,
рабдовирустар.
Балалардағы ротавирусты инфекциялар
Прикрепленные файлы: 1 файл
Презентация Microsoft Office PowerPoint (2).pptx
— 339.05 Кб (Скачать документ)
- Зерттеу материалы: нәжіс, мұрынжұткыншақ шайындысы, қан, ми-жұлын сұйықтығы .
- Вирустарды жасуша дақылы мен жаңа туылған тышқандар арқылы бөледі. Бөлінген вирусты сәйкесінше биологиялық нысаналарда I БР, КБР, ИФТ, сонымен қатар ГАТР (гемагглютинациялық белсенділікке ие энтеровирустар үшін) көмегімен идентификациялайды.
- Серологиялық 71 әдіс: қанның сарысуында антидене титрінің артуын БР, КБР, ИФТ, ГАТР I арқылы анықтайды.
- Арнайы сақтандыру және емдеу. Ресей ғалымдары энтеровирустын 71 серологиялық типіне қарсы инактивацияланған вакцинаны ұсынған. Басқа энтеровирустарға қатысты вакцина жоқ.
- Емдеуі белгілеріне байланысты.
Ротавирустар
- Тұқымдастығы:Reoviridae
- Туыстастығы:Rotavirus
Алғашқы рет 1973 жылы Р. Бишоп гастроэнтеритпен ауырған баланың 12-елі ішектің эпителииін электронды микроскоппен зерттегенде анықтады.. Лат. тілінен аударғанда вирион пішіні шеңбер тәрізді. Геном нуклеокапсидпен қоршалған, 2-қабатты.
Вирион геномы 2-жіпшелі фрагменттелмеген РНҚ құрамды. Ротавирустардың ерекшеліктері лабораториялық жағдайда нашар өседі, сондықтан оларды торша дақылында көп уақыт адаптациялауға тура келеді.
Эпидемиологиясы:
Инфекция көзі адам. Көбінесе 4-жасқа дейінгі балалар жиі аурады.
Патогенезі және клиникасы:
Вирус 12-елі ішектің эпителии клеткасында дамиды. Инкубациялық кезеңі – 1-7 күн. Симптомдары- құсу, понос, дене қызуының көтерілуі, күніне 20 рет сұйық дәретке отыру.
- Ротавирусты гастроэнтериттер барлық жерде таралған, кебінесе 6 айдан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды зақымдайды (балалардың іш өту ауруының 40-60% құрайды). Ерекшелігі қысқы айларында көтеріледі. Су, тағам, жан-ұялар, аурухана ішілік инфекциялар түрінде тіркелед<span style=