Тақырыбы:Энтеровирустар және нейровирустарты инфекциялар қоздырғыштары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июня 2013 в 07:08, курс лекций

Краткое описание

Энтеровирустар инфекциялар қоздырғыштары
нейровирустарты инфекциялар қоздырғыштары
ротавирустар,
энтеравирустар,
тогавирустар,
рабдовирустар.
Балалардағы ротавирусты инфекциялар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Презентация Microsoft Office PowerPoint (2).pptx

— 339.05 Кб (Скачать документ)

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті 
МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

СӨЖ

Тақырыбы:Энтеровирустар және нейровирустарты инфекциялар  қоздырғыштары

 

 

 

 

 

Тексерген: Сайлау Жанболат

Орындаған: Карабаева Фариза

209 топ

 

 

Қарағанды 2013 жыл

Жоспар:

 

    • Энтеровирустар инфекциялар қоздырғыштары
    • нейровирустарты инфекциялар қоздырғыштары
    • ротавирустар,
    • энтеравирустар,
    • тогавирустар,
    • рабдовирустар.
    • Балалардағы ротавирусты инфекциялар

 

Энтеровирусты инфекциялардың қоздырғыштары

 

    •   
       
      Жедел ішек аурулары жедел респираторла аурулардан кейін 2-орын алады. ЖІА жылына 3 млрд адам ауырып, оның 5 млн өледі. ДСҰ бойынша жылына 68,4-275 млн адам тіркеледі- балалар мен ересектер арасында.  
       
      ЖІА таралуының негізгі 3 себебі:

 

    • нашар санитарлық-гигиеналық жағдай (судың нашар болуы, канализацияның болмауы, тұрғылықты жерлердің нашар тазалануы). 
    • көптеген ЖІА қарсы вакцинаның болмауы  
    • ЖІА қоздырғыштарының көптеген түрлерінің болуы.
    • ЖІА 60% вирустар құрайды. 

  

ЖІА тудыратын вирустар 11 тұқымдастыққа жататын 200 жуық түрлері бар:

    • Picornoviridae,
    • Togaviridae,
    • Caliciviridae,
    • Reoviridae,
    • Hepadnaviridae,
    • Flaviviridae,
    • Coronaviridae,
    • Adenoviridae,
    • Paramyxoviridae,
    • Orthomyxoviridae,
    • Parvoviridae. 

Энтеровирустар  

 

    • Таксономиясы және жіктелуі. Энтеровирустар – құрамында РНҚ вирустары бар
    • Тұқымдастығы:Picomaviras (латынның рісо - өлшемі кіші, - РНҚ дегенінен),
    • Туысытастығы: Ehteroviras жатқызылатын вирустар.
    • Полиомиелит вирустары, Коксаки, ECHO, 68-71 түрдегі энтеровирустары осы туыстың өкілдері болып табылады.

 

Морфологиясы жөне химиялық құрамы.

 

    • Энтеровирустар - сфера түріндегі, біржіпті желілі плюс-жіпті РНҚ-дан және капсидтен тұратын ең кіші және барынша қарапайым түрде ұйымдасқан вирустар. Капсид симметриясы     текше     түрі     бойынша     орналасқан     60     ақуыздық суббірліктерден кұралған. Вируотардык сыртқы суперкапсиді жоқ. Олардың құрамында кемірсулар мен липидтер жоқ, сондықтан олар эфирдің жөне басқа да май еріткіштердің әсерін сезімтал емес.

 

Дакылды өсіру

 

    • . Энтеровирустардык көпшілігі, Коксаки A вирустарынан басқасы, адам мен маймылдын тінінен алынған бастапқы және қайта егілетін жасушалық дақылдарда жақсы өсіріледі. Вирустардың көбею процесі жасуша цитоплазмаларында жүреді және оған цитопатикалық әсер ілесіп отырады. Жасушанын дақылдарында агар жабынының астында энтеровирустар түйіндақтарды түзіледі.

 

    • Антигендік құрылымы. Вирустардың антигендік қасиеттері капсидтік ақуыздардың 4 түрімон байланысты. Энтеровирустардың туыстығы үшін ортақ топтық ерекше комплеменп і байланыстырғыш және түрлік ерекшелікті антигендері бар.
    • Резистенттілігі. Энтеровирустар қоршаған ортаның әсеріне төзімді, сондықтан ұзақ уақыт бойы (айлар бойы) суда, топырақта, тамақ өнімдерінің кейбір түрлерінде жене тұтыну заттарында өмір сүре береді. Энтеровирустарға көптеген дезинфектанттардың (фенол, спирт, ББЗ -беткейлі белсенді заттар) әсерінің тиімділігі төмен, дегенмен де олар УК-сәулелерінен, кептіргенде, тотықтырғыштардың, формалиннің, 3 минут 50 °С температуранын әсерінен, кайнатқанда - бірнеше секундттарда жойылады.

Эпидемиологиясы және патогенезі.

 

    • Энтеровирустар тудыратын аурулар барлық жерде таралған,, көбінесе балаларға жұғады. Энтеровирус инфекциясының суда, тағамда эпидемиялық кұрт кебею ошақтары жыл бойы тіркеледі, әсіресе жазда. Полиомиелит, Коксаки, ECHO вирустарың тасымалдаушылар кең тараған.
    • Инфекцияның көзі энтеровирустарды көп мөлшерде нәжісімен бөліп шығаратын науқастар мен тасымалдаушылар болып табылады. Негізгі таралу механизмі фекалды-оралды. Энтеровирустар су, топырақ, тағам өнімдері, тұтыну заттары, лас қолдар арқылы таралады, оларды шыбындар таратады. Алайда, аурудың алғашқы 1-2 аптасында энтеровирустар кысқа мерзімде мүрынжұтқыншақтан бөлініп таралудың ауа-тамшылы жолын қамтамасыз етеді.
    • Энтеровирустар ағзаға асқорыту жолы арқылы енеді, ауызжүтқыншақ жөне ащы ішек эпителилері мен лимфалық түйіндерінде көбейіп, одан соң қанға түсіп вирусемияны тудырады. Вирустардың өрі қарайғы таралуы, сондай-ақ әртүрлі мүшелердің зақымдануы энтервирустың түріне және адамның иммундық статусына байланысты болады.

 

    • Клиникалық белгілері. Полиомиелит вирусы жеке нозологиялық түрді - полиомиелитті тудырады. Басқа энтеровирустар клиникалық белгілерінің әр түрлілігімен сипатталатын ауруларды туындатады, өйткені олар әртүрлі мүшелерді және тіндерді зақымдайды: ОЖЖ (полиомиелит тәріздес аурулар, менингштер және энцефалиттер), көлденең жолақ бұлшық еттерді (миалгия, миокардит), тыныс мүшелерін (тыныс мүшелерінің жедел аурулары), асқорыту жолы (гастроэнтерит, диарея), тері және шырышты қабатгы (конъюнктивит, бөртпелі немесе бөртпесіз қызба аурулары) және басқалары.
    • Иммунитеті. Энтеровирус инфекциясымен ауырғаннан соң ағзада тұрақты, түр ерекшелігі бар иммунитет қалыптасады.
    • Сақтандыруы. Көптеген энтеровирус ауруларының арнайы сақтандыруы жоқ.

 

Полиомиелит вирустары  

 

    • Полиомиелит кейбір жағдайда жұлынның және ми бағанының сүр затының (гректің polyos - сүр) зақымдануынан болатындықтан, жедел қызба ауруы, соның нәтижесінде аяқ, кол, дене бұлшык етгерінің баяу атрофиляқ және сал ауруы дамиды.
    • Полиомиелит ертеден белгілі. 1909 жылы К. Ландштейнер жөне Э. Поппер полиомиелиттің вирустық этиологиясын дәлелдеп берді

Таксономия

    Тұқымдастығы: Picornoviridae  
туысына :Enterovirus

Морфология

    Полимиелит вирусының геномы 1 жіпшелі фрагменттелмеген РНҚ құрамды, 7,5-8 млн нуклеотидтерден тұрады, молекулалық массасы 2,5 МД. Вирус пішін сфера тәрізді. Симметрия типі – куб тәрізді. Вирион капсиді – 4 ақуыздан түзілген, олардың үшеуі VP1, VP2, VP3- сыртқы капсид, VP4 – ішкі капсидті түзеді, сондықтан олар сыртынан көрінбейді. Қабықтағы ақуыздардың ролі- клетка иесінің рецепторын тану, вирионның оған жабысуы және вирионның клетка ішіне РНҚ –ны босатуы.   
Вирустың негізгі қасиеті сал (паралич) тудырады, ол қабықшадағы 1 ақуызбен байланысты.  
Антигендіқ қасиеті  
Вирустар антигендік көрінісі бойынша 3 типке бөлінеді: І, ІІ, ІІІ. Адамға ең қауіптісі І типтегі поливирус. ІІІ типтегі көп эпидемия тудыра алмайды. ІІ типі көбінесе инфекцияның латентті формасын тудырады.

Патогенезі және клиникалық белгілері.

 

    • Инфекцияның ену қақпасы жоғарғы тыныс жолдары мен асқорыту жолының шырышты қабаттары. Вирустардың бастапқы кебеюі жұтқыншақ шеңбері мен ащы ішектің лимфалық түйіндерінде өтеді. Лимфалық жүйеден вирустар қанға етеді (вирусемия), одан кейін ОЖЖ, онда олар жұлынның (қозғалтқыш нейрондар) алдыңғы мүйіз қыртысының жасушаларын таңдап зақымдайды, осының нәтижесінде сал ауруы пайда болады..
    • Жасырын кезеңі шамамен 7-14күн.
    • Полиомиелиттің клиникалық үш түрі бар:
    • сал ауруына ұшырататын (1 % жағдайда),
    • менингиалды (сал ауруынсыз),
    • абортивті (жеңіл түрі).
    • Клиникасы
    • Ауру дене қызуының көтерлуінен, жалпы әлсіздік, бастың ауруынан, құсудан, тамақтың   кабынуынан   басталады.   Полиомиелит   кейбір   жағдайларда аурудың жеңіл түрінен сауыга бастағанда, аурудың ауыр дамитын екі толқынды ағымынан түруы мүмкін. Сал ауруына ушырататын түрді көбінесе полиомиелиттің I серологиялык түрі тудырады.

 

Микробиологиялық  диагностикасы.

 

    • Зорттеу материалдары: нөжісі, мұрын-жүтқыншақ қуысының бөлінділері, өлім жағдайында - мидың және жұлынның, лимфалық түйіндерінің бөлшектері.
    • Полиомиелит вирустарын бөліп алуды зерттеліп отырған материалдармен жасушалардың бастапқы (маймыл бүйрегінің жасушаларын) және қайта егілетін дақылдарды жүқтыру жолымен жүргізеді. Вирустардың көбеюі цитопатикалық тиімділігі бойынша бағаланады. Бөлініп шыққан вирусты ерекше түрдегі сарысуынын көмегімен жасуша дақылындағы бейтараптандырғыш (БР) реакцияға қарап сәйкестендіреді немесе идентификациялайды. Полиомиелит вирусының «жабайы» (вирулентті) және вакциналы варианттарын түрішілік ажырату түр ерекшелік сарысулардың көмегімен вирустың жасуша дақылындағы цитопатикалык әсерін ИФТ, ИФР, БР бойынша, сондай-ақ ПТР бойынша жүргізіледі.
    • Серологиялық диагностика вирустың эталовдық штамдарының көмегімен аурудың қос сарысуын КБР, БР бойынша зерттеуді қамтиды. Серологиялык әдіс спецификалық IgM немесе қос сарысудағы антидене титрінің 4-есе артуына негізделген (жедел жөне реконвалесценция кезеңінде).

 

Арнайы сақтандыру және емдеу.

 

    • Емдеуі:  
       
      Паралитикалық сатысында ортопедиялық режимді сақтау керек. Негізгі маңыздысы гимнастика жасау. Арнайы емі жоқ.  
      Полиомиелитті белгілеріне байланысты емдейді. гомологиялық иммундыглобулинді сал ауруы дамуына қарсы қолдану елеулі түрде шектелген.
    •  
      Арнайы алдын-алу:  
       
      Формалинмен инактивацияланған вакцина Дж. Солке 
    •  
      Тірі вакцина А. Себин – аттенуирленген поливирустың І, ІІ, ІІІ типінен жасалынған. 
    • 40-50 жылдары полиомиелит эпидемиясы мыңдаған және он мындаған адамдарға тарап, олардың 10% өліп және шамамен 40% мүгедек болып қалған. Полиомиелитке қарсы вакциналарды жаппай қолдану әлемде, соньщ ішінде біздің елімізде де аурудың кұрт кемуіне әкелді.

  

 

Коксаки вирусы

 

    •   
       
      1948 жылы Г. Дольдорф және Г. Сиклс полимиелит тәрізді ауырған баладан алғаш рет анықтады. Бұл вирус табиғатта өте кең таралған. Вирустың ерекшелігі адамға кардиотропты әсер етеді- миокардит. 
       
      2-тобы бар: 
       
      Коксаки А 23 серовары бар 
    •  
      Коксаки В 6 серовары бар 
    •  
       
      Коксаки А типінің Коксаки В типінен айырмашылығы – адамның дақылында көбеймейді. 2 типі де адамда полимиелит тәрізді ауру тудырады. Адамда сал, асептикалық менингит, эпидемиялық миалгия (Борнхолм ауруы), гастроэетерит, жедел респираторлы аурулар, миокардит.  
       
      Коксаки В типі қызамық және паротит вирусымен бірігіп адамда- панкреатит ауруын тудырады. Коксаки вирусы анадан балаға берілуі мүмкін. 
    • Коксаки, ECHO вирустар және 68-71 типті энтеровирустар
    • Коксаки вирусы 1948 жьшы АҚШ Коксаки мекенінде полиомиелит тәрізді аурумен ауырған науқастың нәжісінен бөлініп алынған.
    • Коксаки вирусы жаңа туған тышқандар үшін патогендік дәрежесі бойынша 2 топқа бөлінеді - А Коксаки (баяу салды тудыра отырып қаңқа бұлшықеттерін зақымдайды)
    • Б Коксаки (тырысу салын дамыта отырып ОЖЖ зақымдайды; тышқандардың өліміне әкеледі). Антигендік қасиеті бойынша ажыратылатын
    • А тобы 23 серологиялық топпен, В тобы 6 серологиялық топпен сипатталады.
    •      ECHO вирусының аты сөйлемнің   бастапқы әріптеімен белгіленеді:
    • enteric cytopathogenic human orphans viruses (сөзбе-сөз аударғанда: ішектік
    • иитопатогендік адамның вирус-жетімдері). Бұл вирус 1951-1953 жылдары
    • полиомиелитті тәрізді ауыру науқастардан бөлінді.  Полиомиелит пен
    • Коксаки   вирустарынан   айырмашылығы  ECHO   вирусы   зертханалық
    • ркануарлардың барлық түріне патогенді емес. Антигендік қасиеті бойынша
    • ажыратылатын ECHO вирусының 30-дан астам серологиялык түрі белгілі.
    • Көптеген серологиялық типтері гемагглютинациялык қасиетке ие. 68-71
    • серологиялық    типті     энтеровирустар    70-жылдары    бөлінді.    Адам
    • шатологиясындағы   өте   маңызды   орынды   70   типті   вирус   (жедел
    • геморрагиялық конъюнктивит пандемиясы кезінде бөлінген) пен 71 типті
    • вирус   (менингит   пен   энцефалит   эпидемиясы   кезінде   науқастардан
    • бөлінген)  алады.   Биологиялық  қасиеті  бойынша  осы вирустар  басқа
    • энтеровирустардың ішінде аралық орынды алады.

 

Микробиологиялық  диагностикасы

Информация о работе Тақырыбы:Энтеровирустар және нейровирустарты инфекциялар қоздырғыштары