Иммунология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 18:04, реферат

Краткое описание


Иммунология (иммунитет және грек. logos – ілім) – организмнің әр түрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, клеткалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы. Иммуналогия организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Иммуналогияның дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Иммунология.docx

— 58.30 Кб (Скачать документ)

Иммунология (иммунитет және грек. logos – ілім) – организмнің әр түрлі антигендерге (организмге түскен жат текті агенттер) молекулалық, клеткалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды зерттейтін медицина және биология ғылымдарының сабақтас саласы. Иммуналогия организмнің қорғаныш қабілетін және онда пайда болатын иммунитетті зерттейді. Иммуналогия медицина, ветеринария, биология, т. б. көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Иммуналогияның дамуына 18 ғасырдың аяғында медицина мен биологияда ашылған жаңалықтар үлкен ықпал етті.

Мысалы, 1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш шешекке қарсы егуді ұсынып, соның нәтижесінде организмде иммунитет қалыптасатынын дәлелдеген. 1880 жылы Л.Пастер күйдіргі мен құтыруға қарсы егілетін вакцинаны тапты. 1887 жылы И.И.Мечников ғылымдағы үлкен жаңалық – фагоцитоз процесін ашып, иммунитеттің клеткалық теориясын ұсынды. 1900 жылы австралиялық ғалым К.Ландштейнер адам қанының тобы мен резус-факторын ашып, соның нәтижесінде тіндік бірдей антигендер теориясының негізін салды. Иммуналогияның зерттейтін нысаны – организмнің иммундық жүйесіне өзіндік немесе өзіндік емес әсер етіп, оның қызметін күшейтетін немесе әлсірететін жат заттар – антигендер; иммунды компотентті органдар (сүйек кемігі, қалқанша без, көк бауыр, лимфа бездері, шырышты қабаттардың лимфоидты аппараты); клеткалар (лимфоциттер, макрофагтар, фибриобласттар, т. б.) мен олар бөліп шығаратын молекулалар (иммунды-глобулиндер, медиаторлар, комплементтер, цитокиндер, т. б.) сондай-ақ молекулалардың қатысуымен болатын құбылыстар мен патологиялық жағдайлар (жүре пайда болатын иммунитет, аутоиммунды аурулар, иммундық тапшылықтар, трансплантациялық иммунитет, иммунологиялық төзімділік) болып табылады.

Зерттеу нысанына қарай:

  • жалпы (тәжірибелік) Иммуналогия,
  • медициналық Иммуналогия,
  • ветеринариялық Иммуналогия,
  • инфекциялық Иммуналогия,
  • клиникалық Иммуналогия,
  • радиациялық Иммуналогия,
  • онкологиялық Иммуналогия,
  • ғарыштық Иммуналогия
  • аллергология, иммундық патология, иммундық гематология, эмбриогенез Иммуналогия,
  • өсімдіктер Иммуналогиясы сияқты салаларға бөлінеді.

Иммуналогияның мақсаты: қалыпты және патологиялық жағдайларда иммундық жүйе қызметінің жалпы заңдылықтарын, нақты аурулардың (әсіресе, жұқпалы індеттердің) пайда болуында, дамуында және оны емдеуде иммундық жүйенің атқаратын рөлін анықтау, диагноз қою, емдеу және алдын ала сақтану үшін Иммуналогиялық тәсілдерді қолдану және оларды жетілдіру. Иммуналогияда микробиол., серологиялық, аллергиялық, иммундық-хим., иммундық-морфол., иммундық-генетик., иммундық-молек., эксперименттік, т. б. әдістер қолданылады. Иммуналогияның тәжірибелік ғылыми-зертеулік жетістіктерін қазір медицинада, ветеринария мен жалпы биология саласында қолданып, жұқпалы ауруларды анықтау, емдеу, алдын алу шараларын жүргізуде зор табысқа жетіп отыр. Келешекте Иммуналогия ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, ғасыр індеті – жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы (СПИД) ауруына қарсы вакцина жасау; орган алмастырғанда жиі кездесетін басқа адамның органын қабылдамаушылықты болдырмау; эндокринді (қант диабеті) және әр түрлі аллергиялық ауруларды тиімді емдеу әдістерін табу; ауылы шаруашылығы малдарының жаңа тұқымдарын шығарып, өсімдіктердің жоғары сорттары мен түрлерін анықтау міндеттері қойылып отыр.

Иммуналогия медициналық, биология, ауылы шаруашылығы жоғары оқу орындарында негізгі пән ретінде оқытылады. 1963 жылдан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қабылдаған арнайы Иммуналогия бағдарламасы орындалуда. Осы бағдарлама бойынша құрылған иммунология және иммунды глобулин анықтамалық орталықтарында иммундық патология, паразиттік аурулардың иммунологиясы, қатерлі ісік иммундық терапиясы және клеткалық иммунитеттің тіндік үйлеспейтін антигендерін реттеу мәселелері туралы симпозиумдар мен ғылыми конференциялар өткізілді. Қазақстанның Ұлттық иммунологтар қоғамы халықаралық иммунологиялық қоғамға мүше.

Қазақстанда Иммуналогия саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар – академигі Х.Жұматов, Н.Д.Беклемишев, малдәрігерлік ғылыми докторы, профессор К.Н.Бучнев, медициналық ғылыми докторы, профессор ауылы Шортанбаев пен Б.В.Каральник, т. б. Иммуналогиялық зерттеулермен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министнің Гигиена және эпидемиология ғылыми-зертеулік Орталық, Дәрігерлер білімін жетілдіру институты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министнің Онкология және радиология ғылыми-зертеулік институты, Микробиология және вирусология ғылыми-зертеулік институты шұғылданады

Жоспар 

I. Кіріспе… …3

II. Негізгі бөлім. …4-8

II.1. Иммуномодуляторлар және олардың әсер етуі бойынша бөлінуі. ..4-5

II.2. Иммуномодуляторлардың шығу тегі бойынша бөлінуі… ……..5-7

II.3.Иммуномодуляторлардың клиникалық қолданылуы ……8

III.Қорытынды…… …….9

IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі….. …10 

  Кіріспе 

Иммунитет- организмнің жұқпалы агенттерді және антигендік қасиеті бар генетикалық бөгде заттарды қабылдамауы. Р.В.Петровтың айтуы бойынша , иммунитет- организмнің генетикалық бөгде белгілері бар тірі денелер мен заттардан өзін -өзі қорғау қабілеті. Бұл тұжырымның негізінде Бернеттің теориясы жатыр, ол бойынша «өзінікін» және  «басқаны» тану иммунитеттің орталық биологиялық механизмі болып табылады. Иммунитеттің негізгі қызметі – организмнің ішкі тұрақтылығын бақылау. Генетикалық табиғаты бөгде заттарды (бактериялар, вирустар, рак клеткалары т.б) тану, одан кейін оны ерекше тежеу, бейтараптандыру немесе жою. Генетикалық табиғаттың биологиялық дербестігін сақтауға организмнің иммундық жүйесі- лимфалық органдар және лимфалық клеткалар жиынтығы жауап береді (лат. «лимфа» — сөл, жануарлардың организмдегі қоректік заттарды бойға тарататын сұйық зат).

Иммундық жүйе орталық және шеткі органдардан тұрады. Иммундық жүйенің құрамына төс астындағы сырт пішіні айыр тәрізді болып келетін тимус, қарын астында орналасқан көк бауыр, жілік майы, ішектерді жағалай орналасқан лимфалық түйіндер және аппендикс жатады. Бұл органдар денеге таралып сөл (лимфа) тамырлары арқылы организмнің барлық мүшелерін қамтып жатады.

Көптеген елдердегі зерттеулер жұмыстары нәтижесінде, иммундық жүйенің бұзылуының дәрежесі мен деңгейін анықтай келе кең көлемде кешенді иммунотропты препараттар жасап шығарылды. Ауруларды емдегенде және иммунодефициттің алдын алғанда қойылатын басты мақсат бұл  базалық терапия мен рациональді иммунокоррекцияның үйлесімділігі. Қазіргі таңда иммунофармакологияның негізгі міндеті болып қолданғанда қауіпсіздік пен тиімділікті қамтамасыз ететін жаңа препараттар жасап шығару болып табылады.

Иммуномодуляторлар- иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.

Иммуностимулдеушілерге тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады.

Иммуностимулдеуші белсенділікке пробиотикалық микроорганизмдер (бифидо және лактобактериялар) ие, оларды тамақтану өнімдерінің құрамына енгізгенде олар организмнің қалыпты микробиотының балансын қалпына келтіреді және бірқалыпты ұстап тұрады.

Иммуностимуляторларды инфекционды және инфекционды емес ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданады.

Иммуносупрессорлардың негізгі тобы – бұл гормональді препараттар, цитостатикалық заттар, антилимфоцитарлы және анти — резус иммуноглобулиндер, лимфоциттің белгілі рецепторларына  қарсы моноклональді антиденелер, кейбір антибиотиктер (циклоспорин, рапамицин және т.б.). Олардың иммуносупрессорлы белсенділігі гемопоэзді жою қабілеттілігімен, белокпен әсер ету, яғни иммунды жауапта қатысатын, нуклеотидтің  синтезін генгибирленуі, лимфоцит апоптозының индуцирленуі және т.б. байқалады.

Иммуносупрессорлар қабынуда, аллергияда, трансплантацияда, аутоиммунды ауруларды емдеуде лимфоцидті клеткалардың белсенділігін басу үшін қолданылады.

Иммуностимуляторларды секілді оларды да жануарлар мен өсімдіктердің ұлпаларынан, генетикалық инженерияның әдістері арқылы биосинтез жолымен және химиялық синтез арқылы алады.

Иммуностимуляторлар – организмнің спецификалық емес резистенттілігін (ОСЕР) және иммунитетін (гуморальді және клеткалы иммунды реакция) стимулдейді. Әдебиеттерде иммуномодулятор термині иммуностимуляторлар терминінің синонимі ретінде қолданылады.

Иммуностимуляторларға- қалыпты және төмендетілген гуморальді және клеткалы иммунды жауапты жоғарлата алатын қабілеті бар қосылыстар жатады. Иммуностимуляторлар функциональді белгілері бойынша ОСЕР-ді стимулдеуші препараттар болып бөлінеді: продигиозан, метилурацил, пентоксил, натри нуклеинаты, клеткалы иммунитет: тималин, тактивин, тимептин, тимоген, молграмостин, леакадин, тимостимулин тим-увакол, тимомодулин.

Иммунитеттің гуморальді иммунды реакциялары (Иммунитеттің В-жүйесі): миелопид, спленин.

Иммуностимуляторлар шығу тегі бойынша микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың өмір сүру қабілеттілігінің өнімі (полисахаридтер, мембрана фосфолипидтері, гликопептидтер, модифицирленген токсиндер, микроорганизмдердің ДНК және РНК-сы, вакциналар және т.б.), иммунитеттің пептидті эндогенді стимуляторлары (тимус, өт, жұлын миы, интерлейкин және т.б. препараттар), иммунитеттің синтетикалық стимуляторлары (левомизол, леакадин, тимоген), метаболикалық процесстердің стимуляторы (анаболикалық гормондар, рибоксил ,плазмол, витаминдер және т.б.) болып бөлінеді.

Иммундық жүйенің бұзылыстарын түзейтін заттардың саны қазіргі таңда жүзден астам, бірақ қолданыстағы саны бірнеше оңдағаны ғана. Айта кететіні, барлық иммуностимуляторлардың жағымсыз кері әсері болады.

ОСЕР-ді, гуморальді және клеткалы иммунды реакцияларды белсендіретін экстраиммунды терапия құралдарына метаболикалық процесстердің стимуляторлары жатады (анаболикалық гормондар, рибоксил, плазмол, витаминдер- С витамині, А витамині, Е және т.б. витаминдер).

Табиғи иммуностимуляторлар: продигиозан, пирогенал, БЦЖ вакцинасы, деринат (натри дезоксирибонуклеаты), пицибанил, крестин, лентинан, бронховаксом, биостим, имудон, лизоцим, ликопид, паспат, рибомунил, тонзилгон, сұйық эхинацин, эхинабене, С композитум эхинацеясы.

Иммунитеттің пептидті эндогенді стимуляторлары:

Т-лимфоциттің функциясын жоғарлататындар:

  • (тимус препараттары) : тималин, тимоген, тимотропин, Т-активин (тактивин), берофор, тимостимулин (ТП-1 сероно), тимоптин, вилозен.

В- лимфоциттің функциясын жоғарлататын фармакологиялық препараттар:

  • өт, жұлын миы (миелопид) препараттары.
  • Иммуноглобулин
  • Сандоглобулин

Лимфоциттердің (Т- ,В- клеткалардың, табиғи киллер-клеткалардың) функциясын күшейтетің препараттар:

  • Цитокиндер (интерферондар және интерлейкиндер): веллферон, А интроны, ребиф, А роферон, ферон, эгиферон, бронхо –мунал

Синтетикалық иммуностимуляторлар: ликопид, левамизол (декарис), метилурацил, беметил, дибазол, имунофан, циклоферон, полиоксидоний, глутоксим, пролейкин, галавит- натри аминодигидрофталазиндионы, берлопентин, полудан, арбидол, леакадин, молграмастин.

Қазіргі таңда шығу тегі бойынша иммуномодуляторларды 6 негізгі топқа бөледі: микробты, тимикалық, жұлын милы, цитокинді, нуклеин қышқылды және химиялық таза. Бұл классификация иммундық жүйенің функцияларының негізгі принциптері бойынша құрылған. Туа біткен иммунитеттің белсендірушісі мен жүре пайда болған иммунитеттің индукторы, яғни адам организмі мен жоғарғы жануарларда микробты клеткалардың антигені болып табылады, осыдан иммунотропты препараттарды  іздеу, зерттеу және өндіру басталды. Иммунды жауап бірнеше иммунореттегіш молекулаларды бақылауымен түзіледі. Сондықтан иммунотропты дәрілік препараттар өндіргенде организмде иммунды жауаптың әсерінен синтезделетін молекулаларды бөлу мен зерттеу жүргізілген.

Микробты иммуномодуляторларды шартты түрде үш кезеңге бөледі. Ең бірінші препарат болып 1950 ж басында АҚШ –та және Еуропа елдерінде рұқсат етілген, медицинада иммуностимуляторлар есебінде қолданылған, туа біткен және жүре пайда болған иммунитеттің факторын күшейте алатын қабілеті бар БЦЖ вакцинасы  табылды. Бірнеше кезеңдегі микробты препараттарға пирогенал және продигиозанды жатқызуға болады, олар бактерия тектес полисахаридтерден тұрады. Қазіргі уақытта әсері салдарынан олар сирек қолданылады.

Екінші кезеңде микробтық препараттар (Бронхомунал, ИPC-19, Имудон, Бронхо-Ваксом) және бактерия рибосомасы (Рибомунил), бұлар Klebsiella pneumoniae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Haemophilus influezae және т.б. қоздырушыларға қарсы препараттар. Бұл препараттардың екі нұсқаулығы бар: спецификалық (вакцинирлеуші) және спецификалық емес (иммуностимулдеуші).

БЦЖ-ң клеткалық компонентін зерттегенде, мурамил — дипептид (ПМК)- пептидогликанның минималды компоненті ең жоғарғы иммуностимулдеуші қасиетке ие екені анықталды. ПМК-ң жоғары пирогендігі қасиеті болған соң, клиникада қолдау таппады, алайда Ресейде және басқа елдерде ол синтезделіп, пирогендігі төмен, бірақ иммуностимулдеуші қасиеті сақталған, аналогтары шығарылған. Олардың  бірі Ликопидті микробты препараттардың үшінші кезеңіне жатқызуға болады. Ол табиғи дисахарид-глюкозаминилмурамил және оған қосылған синтетикалық дипептид — L- аланил – D – изоглютаминнен тұрады.

Эндогенді иммуномодуляторларды шартты түрде иммунореттегіш пептидтер мен цитокиндер деп бөлуге болады. Иммунитеттің орталық мүшелері болып клеткалық және гуморальді иммундық жауаптың дамуын реттейтін тимус және жұлын миы екені белгілі. Бір топ ресейлік Р.В. Петровтың басшылығымен осы мүшелерден клеткалық және гуморальді иммунитетті қалпына келтіретін дәрі-дәрмек жасау үшін иммунореттегіш пептидтерді бөліп алды. Осы зерттеулер нәтижесінде жаңа биологиялық белсенді қосылыстар тимустың пептидті гормондары, яғни тимозин, тимопоэтин және сарысулы тимикалық фактор-тиулин ашылды.

Ресейдегі тимикалық препараттардың алғашқысы Тактивин болды. Құрамы ірі қара малының тимусынан экстрагирленген пептидтер кешенінен тұрады. Сонымен қатар құрамында тимус пептидтер кешені бар препараттарға Тималин, Тимоптин және т.б. жатса, тимус экстракты барларға – Тимостимулин және Вилозен.

Бірінші кезеңдегі тимикалық препараттардың клиникалық тиімділігі күмән  тудырмайды, алайда олардың бір кемшілігі бар: олардың құрамында стандарттауға келмейтін биологиялық белсенді пептидтер бар.

Жұлын ми препараттарының  алғашқысы Миелопид, құрамында молекулалық массасы 500-3000 D, биореттегіш пептидті медиаторлардың кешені – миелопептид (МП) болып табылады, ол шошқаның жұлын миы клеткаларынан продуцирленеді. Қазіргі таңда Миелопидте 6 МП бар: әрбіреуі белгілі биологиялық әсерге ие. Бастапқы уақытта, жұлын ми препараттары гуморальді иммунитеттің дамуына әсер етеді деп есептелінген, кейін әр түрлі МП иммундық жүйенің әр түріне әсерін тигізетіні анықталған. Мысалы МП – 1 Т-хелперлердің функциональді белсенділігін жоғарлатса, МП – 2 қатерлі клеткалардың полиферациясын басады және улы субстанцияларды өндіретін ісік клеткалардың қабілеттілігін төмендетсе, МП – 3 ликоциттердің фагоцитарлы белсендіігін үдетеді. МП-ң аминқышқылды құрамы шешіліп, бұл жаңа жұлын миы препараттарының өндірісіне алып келді. МП – 3 негізінде антибактериялды қасиеті бар Серамил, МП – 2 негізінде ісікке қарсы Бивален жасалды.

Информация о работе Иммунология

Похожие темы