Иммунология, клинико-лабораторлы және визуалды диагностика кафедрасы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 16:22, реферат
Краткое описание
Иммунды жауап – антигенді тануға, байланыстыруға, әлсіздендіруге, ыдыратып және жойып жіберуге бағытталған иммундық жүйенің арнайы кешендік серпілісі. Арнайы иммундық серпілістер гендік бөтен ақпараттарды тасымалдаушыларға қарсы бағытталған. Мысалы, вирус, бактерия, басқа да жұқпалы агенттер, ісік жасушалар мен гендері ұқсас емес ағза, бөтен нәруыздар, полиқанттар және т.б. антигендер жатады.
Содержание
Кіріспе бөлім:
Иммунды жауап түсінігі.
Негізгі бөлім:
1. Иммунды жауаптың реттелу механизмдері және жолдары.
2. Нейроиммунды өзара әсерлесу.
3. Нейропептидтер және иммунды жауапты реттеу.
4. Иммунды жауаптың гормондар арқылы реттелуі
Қорытынды.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Досбаев иммунология.pptx
— 1.41 Мб (Скачать документ)
Семей мемлекеттік медицина университеті
СӨЖ
Семей қаласы 2013жыл.
Тексерген: Жетпісбаева Х.С.
Орындаған: ЖМФ 302 топ
студенті Досбаев Нұрбек
Тақырыбы: Иммунды жауаптың нейроэндокринді реттелуі
Иммунология, клинико-лабораторлы және
визуалды диагностика кафедрасы
ЖОСПАР:
Кіріспе бөлім:
Иммунды жауап түсінігі.
Негізгі бөлім:
1. Иммунды жауаптың реттелу
2. Нейроиммунды өзара әсерлесу.
3. Нейропептидтер және иммунды жауапты реттеу.
4. Иммунды жауаптың гормондар арқылы реттелуі
Қорытынды.
Кіріспе
Иммунды жауап – антигенді тануға, байланыстыруға, әлсіздендіруге, ыдыратып және жойып жіберуге бағытталған иммундық жүйенің арнайы кешендік серпілісі. Арнайы иммундық серпілістер гендік бөтен ақпараттарды тасымалдаушыларға қарсы бағытталған. Мысалы, вирус, бактерия, басқа да жұқпалы агенттер, ісік жасушалар мен гендері ұқсас емес ағза, бөтен нәруыздар, полиқанттар және т.б. антигендер жатады.
- Бүкіл ағзада иммунды жауап ми арқылы түзетіліп отырады. Иммунды жауаптың интенсивтілігін реттейтін ми құрылымдарына артқы гипоталамусты алаң, алдыңғы гипоталамусты алаң,гиппокамп, ортаңғы мидың ретикулярлы формациясы, бадамшалар жатады.
- Шеткері нерв жүйесі және оның симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері де иммунды жауптың өзгерістерін реттуге қатыса алады. Бұл лимфоидты жасушаларда орна
ласқан рецепторларымен қабылдайтын не йромедиаторлар және екіншілік сарапшылар – циклды - нуклеотидтер лимфоциттердің функционалдық белсенділігін жә не метаболизмін өзгертеді. Иммунды жүйенің орталық модуля циясының қызметі эндокринді жүйемен де жүзеге асады, яғни қандағы әр түрлі гормондардың деңгейінің өзгеруімен сипатталады.
Иммунды жүйенің реттелу механизмдері
- Бас миынан иммунды жүйеге берілетін сигналдардың гормональды, жүйкелік және жүйкелі – пептидті жолдары негізгілері болып табылады. Жүйкелік және гуморальді реттелу жолдары нейромедиаторлар, нейропептидтер және гормондар есебінен жүзеге асады.
Нерв жүйесі
Эндокринді жүйе
Иммунды жүйе
Иммунды жасушаларға олардың әсері қандай?
- Нейромедиаторлар мен нейропепт
идтер иммунды жүйеге аксоплазмалық тасымалдау арқылы жетеді, яғни симпатикалық және парасимпатикалық жүйкенің аксондары арқылы. Ал гормондар қандға эндокринді бездер бөладі және олар иммунды жүйенің мүшелеріне жеткізіледі. Гормондар, нейромедиаторлар және пептидтер әсері рецепторлармен байланысқан жасушаның мембрана сында, цитоплазмасында, ядросында орналасады.
- Соңғы он жыл ішінде жүйке және иммунды жасушалар арасында өзара қатынасты жүзеге асыратын медиаторлар табылды. Нейропептидтердің иммуномодульдеуші қасиеті ашыл
ғаннан кейін иммунды жүйеге жүйке жүйесінен сигналдардың берілу механизмдері жайлы көзқарастарды толықтыруғ а мүмкіндік берді. Иммунокомпетентті жасушаларда көптеген белгілі нейропептидтердің реце пторлары табылды. Ал рецепторлар нейроиммунды өзара әсерлесуге қатысады.
Нейроиммунды өзара әсерлесу
Шеткері жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі және иммунды жауаптың реттелуі
- Лимфоидты мүшелер орталық жүйке жүйесіні
ң симпатикалық бөлімі нервтермен бай қамтылған. Жүйке ұштары бөлетін катехоламиндер, жасуша мембранасында орналасқан арнайы рецепторлар арқылы иммунокомпетентті жасушалардың пролиферациясы мен дифференцировкасына әсер ете алады.
Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімі және иммунды жауаптың реттелуі
- Лимфоидты жүйелердің стромасы мен паренхимасында вегетативті жүйке жүйесінің (ВЖЖ) парасимпатикалық бөлімінде (ПБ) жүйке ұштары орналасады. ВЖЖ – нің ПБ – інің нейромедиаторы – ацетилхолин лимфоциттердің пролиферациясын тежегіш және ынталандырғыш қабілеті бар. Эндогенді ацетилхолиннің иммунды жауапқа әсері механизм
інің концепциясы қалыптасты.
- Нейромедиатордың ынталандырғыш әсерінің негізі, оның интерлейкин -1, мүмкін интерферонды өндірудің күшею қабілетімен байланысты. Көрсетілген гуморальды факторлар жасуша иммунитетінің В-жүйесінің пролиферациясы мен дифференциров-касына әсер етеді. Олар пре-В-элементтерден нағыз В-лимфоциттердің пайда болуын ынталандырады және сонымен қатар гуморальді иммунды жауапты ынталандырады.
- Гамма-интерферон В-лимфоциттердің дифференцировкасын ынталандырады және ісік некрозының фактор қызметін атқарады, хелперлік және дифференцировкалық фактор болуы мүмкін, антисупрессорлы қасиет бар деген дерек бар. Берілген заттың антипролиферативті әсері негізінде жатқан гуморальді жауаптың гамма- интерферонға қатысты иммуносупрессорлы әсерін есептемеуге болмайды.
Нейропептидтер және иммунды жауаптың реттелуі
- Иммунды жауапты реттеуде нейропептидтердің ролін зертте
у үлкен қызығушылықты тудырады . Соңғы жылдары стрессорлы жағдайда нейро- пептидтердің гипофизден, бүйрекүсті және қалқанша бездерінен қанға сонымен қатар шеткері жү йке жүйесінен лимфоидты және иннервациялайтын тіндерге бөлінетіні жайлы деректер алынды. Иммунокомпетентті жасушалардың нейропептидтерді өндіру қабілеттілігіне, рецепторлардың бар болуына байланысты жасушааралық үрдістерге қатысу мүмкіндігін туғызады.
Иммунды жауаптың реттелуі және мидың биологиялық белсенді заттары.
- Иммунды жауаптың лимфоидты жасушадан бөлінетін
РНҚ көмегімен антиспецификалық реттелу мүмкіндігі бар деген дерек бар. Жануарлардың лимфоидты мүшелерінен бөлінеті н “иммундық” РНҚ қабілеті оларды әр түрлі антигендермен иммунизаци яланғаннан кейін ағзада арнайы зерде клеталар пайда болады. Нысана – жасушалардағы бұл үрдіске қа тысатын заттардың транссинапст ық тасымалы жүзеге асады.
Глюкокортикоидты гормондардың иммунды жауапқа әсері
- Глюкокортикоидты гормондардың көп мөлшердегі фармакологиялық мөлшері, көбінесе оларды ұзақ уақыт қабылдағанда жасушалық және гуморальдық иммунды жауаптың тежелуіне алып келеді.
Гормон арқылы реттелуі
АКТГ кемінде 3 түрлі иммундыкомпонентті жасушалардың қызметіне әсер етеді: Т-,В- және макрофагқа. АКТГ –нің иммунды нысана жасушаларға әсері молекуланың С-соңғы фрагменті арқылы жүзеге асады.Антидененің қалыптасуына супрессивті әсерінен гөрі, АКТГ В-жасушалардың өсуімен дифференцировкасын жоғарылатады. АКТГ-нің В-жасушаларға көптеген әсері (антидене продукциясын басу және пролиферативті активтілікті жоғарылату) АКТГ-нің В-лимфоциттің әртүрлі даму стадиясы мен нысана жасушаларға рецептор экспрессиясының әртүрлілігімен байланысты болуы мүмкін. АКТГ мен иммунды жасушалардың эндорфинінің синтезі кортиколиберинмен индуцирленеді.
Иммунды жауаптың адренокортикотропты гормонмен реттелуі
ТТГ гипофиздің иммунорегуляторлық қасиеті in vivo жүйесінде жақсы зерттелген алғашқы гормондарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оның гуморальді иммунитеттің дамуына әсері де толық зерттелген. Физиологиялық концентрациядағы ТТГ тимус-тәуелді антигенге антидене продукциясын күшейтеді. ТТГ-нің әсері көріну үшін Т-лимфоциттің қатысуы керек, басқаша айтқанда ТТГ әсері Т-лимфоцит арқылы жүзеге асады. Гипофиз жасушаларынан басқа ТТГ-нің синтезделуі перифериялық қандағы Т-лимфоциттің метаген st enterotoxin-мен ынталандыруынан кейін де болады. Сонымен қатар тиролиберин қатысуы арқылы.
Иммунды жауаптың тиротропин гормонмен реттелуі
Гипофизден продуцирленетін СТГ in vivo жүйесінде иммуннорегуляторлық қасиеті жақсы зерттелген тиротропиннен кейінгі гормон болып табылады. Т- клеткалық иммунжетіспеушілік дамуында СТГ Т-клетка эффекторлардың пролиферациясы мен дифференцировкасын ынталандырады. СТГ әсерінен цитотоксикалық Т-клеткалардың генерациясының күшеюі алдын ала инсулинмен өңделгеннен соң да байқалады.
Иммунды жауаптың соматотропин гормонымен реттелуі
Нейрогипофизарлық гормондар аргинин-вазопрессин және окситоцин өте аз концентрацияда интерлейкин-2 қызметін алмастыра алады. Хелперлік сигнал АВП молекуланың N-соңғы гексапептиді арқылы жүзеге асады және бұл кезде басты қызметті фенилаланин атқарады.
Иммунды жауаптың аргинин-вазопрессин және окситоцинмен реттелуі
Қалқанша бездің гормондары тироксин мен трийодтиронин экзогенді енгізгенде иммунды жүйенің және жекелеген иммунокомпетенттік жасушалар популяциясының функционалды активтілігін біршама өзгертеді. Олардың әсері цитоплазматикалық және ядролық рецептор арқылы жүреді.Тироксин лейкоциттердің фагоцитарлық белсенділігіне ынталандырушы әсер көрсетеді. Трийодтиронин адамның перифериялық қанындағы лимфоциттердің цитотоксикалық қызметіне белсенді әсер көрсетеді. Ағзаға паратгормонды енгізгенде тимоциттердің пролиферативті активтілігінің төмендеуіне алып келеді.
Қалақанша және қалқанша маңы безінің гормондары және иммунологиялық процесс
Ұйқы безінің гормоны және иммунды жүйенің қызметі
Эксперименталды алаксонды
диабетке шалдыққан иммунды жауабы
бұзылған жануарларға инсулинді
енгізгенде ерекшеленген ынталандырушы
қасиетке ие. Аңқау лимфоциттер
инсулинге рецепторларынан
Эпифиз және гипофиз гормондарының иммунды жауапқа әсері
- Мелатониннің иммунды процестер
ге иммуноынталандырушы әсері а нықталды. Олар антиденетүзуші жасушалардың пайда болуын ынталандырады. Гормонды ағзаға толықтай енгізген кезде иммунды реакция бұзылысы н қалпына келтіреді. - Гипофиз гормондары пептидті табиғаты бар қосылыстардың тобы болып табылады. Тропты гормондар әр түрлі жасушалардың, сонымен иммунды жүйе жасушаларының қызметі мен метаболизмінің белсенділігін өзгертетін қабілеті бар.
- Антигендер биологиялық белсенд
і агенттер, соның ішінде биогеноаминдер, гормондар, ретикулярлы пептидтерді өндіре тін антиген-тәуелді жасушалық элементтердің белсенділігін ша қырады.Бұл агенттер бір жағынан иммунды жүйедегі жасушааралық арақатынасты шақырса, екінші жағынан нейроэндокринді жүйені ң қызметін ынталандырады.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
- 1. В. В. Абрамов. "Взаимодействие иммунной и нер
вной систем". - Новосибирск: Наука, 1988. - 2. Р. В. Петров. "Иммунология". М.: Медицина, 1987.
- 3. Е. А. Корнева, Э. К. Шхинек. "Гормоны и иммунная система". - Л.: Наука, 1988.
- 4. Ф. Маррак, Дж. Каплер. Т-клетка и ее рецепторы//"В мире науки", N 4, апрель 1986.
- 5. Т. В. Половцева. Понятие о структуре и функциях иммунной системы//"Гематология и трансфузиология", N 3, апрель 1993.
- Интернет желісі http://www.4medic.ru/page-id-
228.html
Назарларыңызға рахмет!