Криминалистикалық идентификация және диагностика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2014 в 21:16, реферат

Краткое описание

Тендестіру зандылығына сәйкес — адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.
Адамның санасыңда көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы кажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Крим.иден.диаг.docx

— 22.35 Кб (Скачать документ)

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық құқық кафедрасы

 


 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Криминалистикалық идентификация және диагностика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014 жыл

 

 

 

 

Идентификация – теңдестіру.

Тендестіру зандылығына сәйкес — адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.

Адамның санасыңда көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы кажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әр түрлі объектілерді тендестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске түсіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашкы ойлаудың мазмүнына сәйкес (бір) болуы кажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әр түрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмай-ды, бұл өз алдына тендестіру зандылығының бұзылуына әкеп соқтырады.

Идентификацияның психофизиологиялык механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында керсетіліп отырған объектінін белгілері туралы көрініс, сол көріністі ойлау арқылы, ол үсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.

Л.Н. Мороздың пікірінше: криминалистикалык идентификация мынандай жағдайларда орын алады:

«а) идентификация тәсілдері арнайы криминалистермен өнделіп жетілдірілген жағдайларда;

ә) бұл тәсілдердің көмегімен объектінін, жекелеген сәйкестігі анықталған жағдайларда (бұл жерде ол объектілердің топтық қатыстылығын анықтауды қарастырған);

б) криминалистикалық идентификацияның объектісі тек криминалистикалық идентификация объектілерінің шеңберіндегі нақты бір жекелеген объектілер ғана бола алады;

в) криминалистикалық және соттық идентификация арасында айырмашылыктар бар және идентификацияның тергеу тәжірибесі мен оның процессуальдық тәртібінде ерекшеліктер болған жағдайда» — деп көрсеткен.

Криминалистикалық идентификация процессуальдық және процессуальдық емес формасында қарастырылады.

Идентификацияның процессуальдық емес формасы қолданбалы және жедел болып екі түрге бөлінеді.

Қолданбалы – мұражай басқа ұйымдар қызметкерлермен жүзеге асса, жедел қылмыстық іс қозғалғаннанға дейін ЖІҚ жүзеге асады.

Деңгейіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

-объектінің бір текке  жататындығы

-топтық қатынастылығы

- жекелеген сәйкестігі  т.б.

Сонымен қатар, идентификацияны жүргізу субъектісіне байланысты тергеу және сараптамалық идентификация деп бөлеміз.

Объектісі бойынша: адам, жануар, атыс қаруы, көлік құралдары және т.б. идентификация түрлерін бөліп карастыруға бо лады.

Объект ұғымы — криминалистикалық идентификация теориясының басты элементі. Объектілерді анықтау — идентификацияның зерттеу мазмұнына, яғни ғылыми зерттеулер калай жүргізіледі және олар сот-тергеу тәжірибесінде калай жинақ-талады деген мәселелерді шешуге әсер етеді. Криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі қылмысты тергеудегі криминалистикалық-техниканың, тактиканың, әдістемелердін, даму деңгейімен байланысты.

Идентификациялық белгі дегеніміз не?

Кез келген объектінің өзіндік касиеттері бар. Объектінің қасиеті оның сапасын көрсетеді. Объектілердің мәндік релін қасиеттер атқарады. Ал белгі объект қасиеттерінін сырткы көрініс табу релін атқарады. Объектіні белгілері арқылы танып білеміз. Белгі түсінігімен таным қызметін байланыстырады. Белгі — қасиеттің көрініс табуы. Кез келген материалды объект көптеген қасиеттерге ие болады. Ал әр қасиет көптеген белгілер арқылы сипатталады. Белгі қасиеттерден бөлініп карастырылмайды. Объектінің мәнін анықтау үшін оның белгілер жиын-тығы айқындалуы керек. Белгілер жиынтығын белгілердін ме-ханикалық бірлестігі ғана емес, белгілі белгілер жүйесі ретінде түсіну кажет.

Осы белгілер жүйесі арқылы объектіні өзіне үқсас көпшілік ортадан беліп қарастыруға мүмкіндік береді, ал көпшіліктен жеке объектіні беліп ала аламыз.

 

Диагностика.

 

Идентификацияны жүзеге асырудың негізгі формасы сараптама болып табылады. Ол, әсіресе дәстүрлі сараптама түрлерінде қолданылады. Ал диагностика болса сараптаманың барлық түрлерінде жүзеге асырылып, сонымен қатар, жедел-іздестіру, тергеу, сот әрекетгерінде қолданылады. Диагностиканы сарапшылар, тергеушілер, жедел қызметкерлері, мамандар мен соттар жүргізеді. Оның субъектілер шеңберінің кең көлемді екенін байқаймыз.

Идентификация, негізінен, дәлелдеу әдісі ретінде карастырылса, диагностика дәлелдеумен қатар, іздестіру, жедел-іздестіру мәніне ие бола алады. Бірақ та идентификация мен диагностиканың мақсаты бір — тергелетін іс бойынша фактілі мән-жайларды анықтау. Диагностика тұрғысынан шешілетін мәселелер (жалпы және жеке) шеңбері кеңірек.

Диагностика қарастыратын жалпы мәселелерді: дәлелдемелік, іздестірушілік және жедел-іздестірушілік деп үш бағытта карастыруға болады. Бұл мәселелер өзара тығыз байланысады, сондықтан дәлелдемелік диагностиканы кей уақытта жедел-іздестіру диагностикасынсыз қарастыру мүмкін емес.

Идентафикация мен диагностика мәселелері бір-біріне карсы қойылмайды. Оларды алмастыру арқылы, яғни идентификациялық мәселелерге дейін диагностикалық мәселелерді немесе керісінше, диагностикалық мәселелерге дейін идентификация-ық мәселелерді шешуге болады. Мысалы: табылған мәйіттің киімінен бөгде іздердің анықталуы мүмкін. Осы іздерді табу, олардың шығу тегін, пайда болу механизмін анықтау — диагностиканың іздестіру сипатындағы шешетін мәселелері болып табылады. Диагностиканың көмегімен сезіктіні ұстауға, жәбірленушіні өлтіру қүралын анықтауға байланысты міндетті түрде киімде пайда болған бөгде ізге идентификациялық зерттеу жүргізіледі.

Бүгінгі танда сараптаманың барлық түрлері бойынша диа-ностикалық мәселелерді шешу, әдістемелік жағынан алып карағанда жеткілікті өнделіп жетілдірілген деуге болады. Диагностика жүргізудің көптеген әдіс-тәсіддері мен әдістемелері бар. Сарапшылар идентификациялык зерттеулер жүргізу кезінде қодданылатын әдістерді диагностикада да колданылады.

Диагностика жүргізу кезінде кандай объектілер зерттелетіндігіне байланысты әдістер әр түрлі классификацияланады (жік-теледі). Сарапшылармен өнделген әдістемелерде идентификациялық мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды шешу үшін тергеушілер мен мамандарға диагностикалық объектілерді табу, бекіту және алуға байланысты ұсыныстар берілген. Мысалы, сот-баллистикалық сараптамаларында идентификациялық және идентификациялык емес мәселелер бірдей шамада қарастырылып шешіледі. Тәжірибеде сезіктіден алынған қару қүралы, мәйіттен алынған оқ немесе оқиға болған жерден табылған гиль-залар бойынша идентификация өте жиі жасалады. Бірак, кейбір жағдайларда келесідей диагностикалық: кару өздігінен атылып кетуі мүмкін бе еді; қару кандай қашықтықтан атылған; оқ-дәрілер мен қаруды дайындау тәсілдері қандай;

 

 


Информация о работе Криминалистикалық идентификация және диагностика