Алкоголь – «нерв уы»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 17:54, реферат

Краткое описание

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Содержание

Кіріспе:
Салауаттылық – өмір өлшемі

Негізгі бөлім:
І Алкоголь – «нерв уы»
ІІ Қу арақтың қасіреті
ІІІ Алкогольден улану зардабы
ІҮ Нәзік жандылардың ғасыр дертіне шалдығуы
Ү Ішімдікке «ЖОҚ» де!

Прикрепленные файлы: 1 файл

Алкогольдің адам организміне зиянды әсері (2).docx

— 192.56 Кб (Скачать документ)

      

          

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе:

Салауаттылық – өмір өлшемі

 

Негізгі бөлім:

І   Алкоголь – «нерв уы»

ІІ  Қу арақтың қасіреті

ІІІ  Алкогольден улану зардабы

ІҮ  Нәзік жандылардың ғасыр дертіне шалдығуы

Ү  Ішімдікке «ЖОҚ» де!

 

Қорытынды бөлім:

«Ана сүтін айырбастап араққа,

Қайран қазақ, қайда  кетіп барасың?..»

 

 

      Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?

Ішпек түгіл  ауызын да шаймаған.

Алла  бізге арам деді арақты

Зияны көп  болғаннан соң пайдадан..

(Арман  Бердалин)

 

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені  ала алмайсың. Адам баласының жарасымды  тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса  да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді  өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан  бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен  парасаттылық.

Бір сәттік құлқынның қызығы үшін  көмейге қылғытатын арақтың басты  қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде  жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік  орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне  шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін  және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай»— деген жалған түсінік қалыптасқан.

Алкогольдің өсер ұрпақ үшін  зор  зияны бар екендігі ертеден-ақ белгілі  болған. Ерте ғасырдағы Рим заңдарында алкоголь ішімдіктерін 30 жасқа толмаған жастарға ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі бұл уақытта  жастардың дүниеге ұрпақ әкелу  құбылысының қарқынды жүретін уақыты. Көне Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге «ащы су» ішуге тосқауыл қойған. Ресейдегі ертеден келе жатқан құжаттарда жаңадан отау тіккен жастарға ішімдік  ішуге тыйым салынған. Франция  елінде арақ ішкіш ата-аналардан  туған әлсіз балаларға арналған «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» деген кекесінді  атау бар.

Спирт — ерігіш болғандықтан ішкен  кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы  тежеледі, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан  жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын  уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және  балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативі бойынша жан  басына шаққанда алкогольдік ішімдіктерді 8 литрден көп пайдаланатын елдің  генофонды деградацияға ұшырайды. Ал Қазақстанда жан басына шаққанда алкогольдік ішімдікті пайдалану  көрсеткіші 12 литрді құрап отыр. Бұл  көрсеткіш орыс ұлтының тағдырына  алаңдап отырған Ресей еліндегіден 1,5 литрге артық екен. Дүниежүзілік сауда ұйымының тізімінде Ресей 22 -орында тұрса, Қазақстан бұл тізімнің алғашқы ондығына еніп, 8-орыннан  көрініп отыр. Ал бірінші орын африкалық  Уганда мемлекетінің еншісінде екен.

1915 жылы Пироговтық съезде орыстың  атақты дәрігерлері «Арақтың  адам денесінде зиянды әсер  етпейтін мүшесі жоқ, ол барлық  ағзадағы нүктелерге дейін улы  әсерін тигізеді» деген пікірге  тоқтаған. Арақ ішуге әуестік  ерте ме, кеш пе, әйтеуір «алқаштық»  ауруға душар етпей қоймайды. Ішкіштік кеселге тап болған  маскүнем ата-аналардан туған  балалардың денсаулықтарында зор  кінәраттардың болатынын  көптеген  дәрігерлер өз зерттеулерінде  дәлелдеп келеді.  Мысалы, француз  дәрігері  Доньсе 10 маскүнемдікке  салынған отбасының 57 сәбиіне  зерттеу жүргізгенде, олардың  25-і қызыл шақа кездерінде шетінеп  кеткен, 5 бала тырысқақ ауруымен  ауырады екен. Тағы бесеуінде  ауыр ми ісіктері кездессе, 12 баланың  он екі мүшесінде кемістік  байқалғаны дәлелденген.

Арақ – ректификатталған этил спиртінің сумен қосындысынан тұратын күшті масайтқыш ішімдік. Арақ қара бидайдан, бидайдан, арпадан, т.б. жасалады. Құрамындағы спирт мөлшері 40, 50, 56%.

Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек  өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді. Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады, адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады. Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді. Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсе қызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады. Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады. Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті  ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның  денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен  қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін  кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелденген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.

Маскүнемдік адамдардың денсаулығын  бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады.

Мамандардың пайымдауынша, шөл басу үшін күнделікті бір шөлмек сыра ішу – маскүнемдіктің алғашқы белгісі. Өйткені екі-үш рет сыра ішкен соң адам ағзасы оған тез үйреніп, оны қажет ете бастайды. Яғни адамда психологиялық тәуелділік синдромы пайда болады. Соның нәтижесінде адам «шөл басу үшін ішіп отырмын» деп, психологиялық тұрғыдан соған өз-өзін сендіреді. Ал, шындығында, адамда алкогольдік ішімдікке деген тәуелділік пайда бола бастайды. Одан әрі адам физикалық тәуелділікке бой алдырады. Яғни адам ағзасы енді сыраны қанағат тұтпай, араққа көшеді. Ал одан әрі адамның сырадан араққа өтіп, ертең-ақ маскүнемге айналмасына ешкім де кепілдік бере алмайды. Яғни алкогольдік ішімдік ішіп бастау мен маскүнемдіктің арасы бір-ақ қадам.

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл  кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып  жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік  қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден  жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса  бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда  болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен  сипатталады. Осы кезеңде жолдастар  тауып, топ құрып жүру қажеттілігі  жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер  тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері  қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде  топтармен бірге арақ-шарапқа  үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен  педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына  кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету  олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен  кетуіне әкеліп соғады.

Шынайы өмірдің қиыншылығынан  қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген  жұмыстардың нәтижесінің шықпауы  т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды  психологиялық механизм жасауға  болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған  жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысу» арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады.

Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке  салыну әуелі әуестіктен, соңынан  әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір  ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте  организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл  келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.

Ішкілікке салыну мынадай деңгейлерден тұрады:  бірінші кезеңі, физиологиялық тұрғыдан ішімдікке тәуелділік пайда болады. Сол тәуелділік ақыр аяғында маскүнемдікке әкеп соқтырады. Ағзада бір нәрсенің жеткіліксіздігі байқалады, көңіл-күйдің пәстігі, бас ауруы, бір ыстықты, не бір суықты сезінуі байқалады. Интеллектуалды жағынан жады сыр бере бастайды, психикасының күрт өзгеруі сияқты адам бойында ыңғайсыз жағдайлар орын ала бастайды. Ақыр соңында маскүнемді үнемі ішімдікті қайдан және  қалай табу туралы ой қажайды. Үйдегі бар нәрсені сатып, тапқан 5-10 теңгесін «араққа» жұмсайды. Ақыл-есін жоғалтқан кезде өзін қараудан қалып, отбасы туыс-жақындарынан айырылып, далада қаңғып қалады. Осының бәрі отырыс, туған күн, той думан, мерекелерде арақты жиілетуден басталады…

Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір  бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен  сұрап ішуге арланбайды, оқшау  тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя  мүддесін ойламайды.

Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне  шалдығудың екінші сатысы — бас  жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағанда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзінен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.

Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы  алкоголь психоздары пайда болады —  еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға  созыл ып, үшінші сатысына ауысады  да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына  ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын  дозасының өзі мас етеді. Еңбекке  жарамайды, ақыл-есінен айырылады.

 Әдетте, ішімдікті ер адам мөлшерден тыс пайдаланатынына көзіміз үйренген.Темекі, адамды мас қылатын алкогольді ішімдіктер сияқты ағзамызға зиянды, мүлдем қажеті жоқ керексіз заттарды көбінесе ер адамдар қолданады деген ой қалыптасқан. Алайда, бүгінде әйел адамдар да алкогольді ішімдіктерді мөлшерден тыс қабылдауды әдетке айналдырған. Әйел нәзік жанды болғандықтан ішкіш деген сөзді айтудан бұрын оны ойлауға да бара бермейміз.

Қазіргі кезде жас қыздардың  ішкілікке бой алдырғандары да бар. Бірқатар бойжеткендер еріндеріне шылым қыстырып,  алкоголь қабылдауды ерекше бір сәнді жағдай, керемет дүние деп санайды. Ал, осының бәрі әйел затына жат, өрескел екендігі айтпаса да түсінікті. Соңғы жылдардағы денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерінің пікірінше, ішімдікке үйір адамдардың жасы әдеттегіден 15-20 жылға кем болады екен. Дәрігерлер еліміз тұрғындардың басым бөлігі алкоголь ішімдіктерін жиі пайдаланады деп дабыл қағуда. Статистикалық деректер олардың  54,5% жастар, 48% әйел, 37% жас жеткіншек, 7% балалар екенін көрсетті. Ең қиыны әйел адам көбінесе ішімдікке тәуелді екенін айтуға ұялады. Жақын адамдар көмегіне жүгінуден бас тартады. Мамандардың айтуынша көбіне ішімдіктен «арылам, емделем» деп ағынан ақтарылушылар көбіне ер адамдар көрінеді. Ал нәзік жандылар қаншалықты ауыр дертке шалдыққандарын әлі күнге түсіне алмай жүр.

Бірақ шын мәнінде ерлерге қарағанда әйел адамдарды емдеу әлдеқайда қиын. Көп жағдайда әйелдер жан күйзелісіне ұшырайды, өмірдегі сәтсіздіктеріне емді  алкогольден іздейді. Ағзаға түскен алкоголь аз уақыт аралығында бастағы ми жасушаларына тарайды. Мөлшерден тыс қабылдаған жағдайда ми, жүйке жүйесі, бұлшық ет, бауыр ауруларына ұшыратады. Ойлау, есту қабілеті төмендейді. Денедегі күллі ағзалар жұмысы бұзылады.

Алкоголь ағзада тұрған кезде тірі клеткалар тез жойылады, ткань жаңармайды. Ішімдік әйел адамның жыныстық қызмет атқару органдарының жұмысын тоқтатады. Осының зардабынан әйел бедеулік  ауруына ұшырауы ықтимал. Ал жүкті болған жағдайда ішімдік  қолданатын әйелдердің болашақ сәбилерінің 40-60%-ы ақыл-есі кем болып туылуы мүмкін. Тұрақты тұтынған кезде алкоголь әйелдердің бетін домбықтырып, оның табиғи әсемдігін жояды.  Көз қарашығының оты кетеді,  бет үнемі қызарып тұрады, шаштың түсуі, керісінше мұрттың шығуы байқалады.

Информация о работе Алкоголь – «нерв уы»