Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Нан - ұннан дайындалатын тағам. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгендерін қарыма, майға пісірілгендерін бауырсақ, жайма деп атаған. Бұларды қамыр түрлеріне қарай ашыған, ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда жалпы тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың бәрін бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан. Қазақтардағы ең ежелгі нан түрі ашытылмаған қамырдан жасалынған “қазақтың қара қатырмасы” болған. Қамырды ашытып, нан пісіру технологиясы үндіеуропалық халықтарға тән. Қамырды илеу үшін жалпы қалыптасқан тәсіл бойынша жылы тұзды судан басқа шалап, қымыз, шұбат, сүт,сорпа, сондай-ақ ащы қосып илесе дәмді болады.

Содержание

Негізгі бөлім
1. ҚР СТ 990-96. Тоқаш ұлттық тағамдары. Техникалық шарттары.
1.1. Органолептикалық көрсеткіштері
1.2.Физико-химиялық көрсеткіштері
1.3.Қауіпсіздік көрсеткіштері.
1.4. Ассортименті
2. Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенті
3. Нанның және нан-тоқаштың, кондитерлiк өнiмдердiң сәйкестiктi растау
4. Нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау
5. Сақтау және тасымалдау кезінде нанның, нан-тоқаш өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
6. Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптар
7.Тоқаш өнімінің технологиялық схемасы.
Қортынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Токаш өнімдері.docx

— 41.85 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

6. Нанды, нан-тоқаш  және кондитерлік өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптар

1.Тұтыну ыдысына салынып  оралған нан, нан-тоқаш және  кондитерлік өнімдер міндетті  түрде заттегі жапсырылған және  таңбалануы тиіс. Оралмаған өнім  туралы мәлімет тұтынушыға сауда  залындағы ақпараттық парақпен  ұсынылады. 

2. Дайын өнімдерді таңбалау тұтынушыны мыналарға: 
 
1) тамақ өнімдерінің сипаттамасына, олардың табиғатына, сәйкестігіне, қасиеттеріне, құрамына, мөлшеріне, жарамдылық/сақтау мерзіміне, шығарылуына, дайындау немесе өндіру тәсіліне; 
 
2) оған тән емес мақсаттарға немесе қасиеттерге; 
 
3) іс жүзінде бұл сипаттама осыған ұқсас өнімдердің барлығына тән болғанымен, ерекше сипаттамаларының болуына; 
 
4) өнімге тән емес емдік немесе алдын алу қасиеттерінің болуына қатысты жаңылыстырмауы тиіс. 

3. Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдерді таңбалау кезінде көрсетілетін міндетті ақпарат «Орауға, таңбалауға, заттегі жапсыруға және оларды дұрыс жасауға қойылатын талаптар» Техникалық регламентімен белгіленеді. Заттегі жапсырудың түрі мен нысанын өндіруші/дайындаушы анықтайды. 

4. Дайын нан, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдер ыдысқа салынып оралады. Ыдыс ретінде табақшалар және лоттар пайдаланылады. Өнімді ыдысқа салу алдында пергамент немесе пергамент асты төселеді, салған соң қақпағы жабылады; қақпағы жоқ табақшалар мен лоттар қақпағы бар металл контейнерлерге салынуы тиіс. 
 
Дайын өнімде жеке немесе топтық орамы болуға тиіс. 
 
5.Орау үшін нан, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдерге рұқсат етілген материалдар пайдаланылуы тиіс.

6.Орам мықты, таза, құрғақ, басқа иістің қосылысы жоқ болуы тиіс. 

7.Өнімнің нақты түрін  орау шарттарын, түрін және  тәсілін өндіруші/дайындаушы анықтайды  және қолдануға ұсыным жасайды.  Басқа заңды тұлға өнімді өлшеп  ораған жағдайда өндіруші/дайындаушының  ұсынымын ескеруі тиіс. Егер белгіленген  жарамдылық/сақтау мерзімінің ішінде  оралған өнім қауіпсіздігінің  қажетті деңгейі қамтамасыз етілсе, ораудың басқа да, оның ішінде  өнімді сатуға арналған шарттарда  көрсетілген түрлері мен тәсілдерін  қолдануға жол беріледі. 
8.Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерге арналған орау «Орауға, таңбалауға, заттегі жапсыруға және оларды дұрыс жасауға қойылатын талаптар» Техникалық регламенті талаптарына, өнім мен ораудың нақты түріне арналған нормативтік және техникалық құжаттамаға сәйкес болуы тиіс. 
 
  
 
  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.Тоқаш өнімінің технологиялық схемасы.

Шикізаттың әдісі

Шикізаттың сақталуы

Шикізатты өндіріске дайындау



Шикізаттың дәл мөлшері



Қамырды араластыру

 

Замес  опары

Брожение теста

Созревание опары



шикізатты дәл өлшеу

қамырды араластыру

Брожение теста



Қамырды бөлшектеу

Расстойка тестовых заготовох



пісіру

суыту

қаптау

Салу. қаптау

сақтау

Сатылымға шығару


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нан – тоқаш бұйым өндірісінің аппаратуралық-технологиялық нобайы.


Информация о работе Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптар