Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Нан - ұннан дайындалатын тағам. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгендерін қарыма, майға пісірілгендерін бауырсақ, жайма деп атаған. Бұларды қамыр түрлеріне қарай ашыған, ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда жалпы тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың бәрін бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан. Қазақтардағы ең ежелгі нан түрі ашытылмаған қамырдан жасалынған “қазақтың қара қатырмасы” болған. Қамырды ашытып, нан пісіру технологиясы үндіеуропалық халықтарға тән. Қамырды илеу үшін жалпы қалыптасқан тәсіл бойынша жылы тұзды судан басқа шалап, қымыз, шұбат, сүт,сорпа, сондай-ақ ащы қосып илесе дәмді болады.

Содержание

Негізгі бөлім
1. ҚР СТ 990-96. Тоқаш ұлттық тағамдары. Техникалық шарттары.
1.1. Органолептикалық көрсеткіштері
1.2.Физико-химиялық көрсеткіштері
1.3.Қауіпсіздік көрсеткіштері.
1.4. Ассортименті
2. Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенті
3. Нанның және нан-тоқаштың, кондитерлiк өнiмдердiң сәйкестiктi растау
4. Нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау
5. Сақтау және тасымалдау кезінде нанның, нан-тоқаш өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
6. Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптар
7.Тоқаш өнімінің технологиялық схемасы.
Қортынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Токаш өнімдері.docx

— 41.85 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.  ҚР СТ 990-96. Тоқаш ұлттық  тағамдары.  Техникалық шарттары.

  1.1. Органолептикалық  көрсеткіштері

  1.2.Физико-химиялық көрсеткіштері

  1.3.Қауіпсіздік көрсеткіштері.

  1.4. Ассортименті

2. Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің  қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенті

3. Нанның және нан-тоқаштың, кондитерлiк  өнiмдердiң сәйкестiктi растау 

4. Нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау

5. Сақтау және тасымалдау  кезінде нанның, нан-тоқаш  өнімдерінің  қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

6. Нанды, нан-тоқаш және  кондитерлік өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптар 
7.Тоқаш өнімінің технологиялық схемасы.

Қортынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды.

Нан – ең азы ұн мен судан тұратын қамырды пісіру, булау немесе қуыру жолы арқылы даярланатын азық-түлік өнімдері тобындағы біріктіретін атау. Көп жағдайда тұз қосылады, сол сияқты ашытқы сияқты қопсытқыш та бар. Сонымен бірге нанның кейбір сұрыптарына (зире дәні, жаңғақ, мейіз, кептірілген өрік және түйірлер (күнжіт, мак тұқымдары) сияқты) дәмдеуіштер қосылады.

Нан - ұннан дайындалатын тағам. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан  отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгендерін қарыма, майға пісірілгендерін бауырсақ, жайма деп атаған. Бұларды қамыр  түрлеріне қарай ашыған, ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда жалпы  тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың  бәрін бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан. Қазақтардағы ең ежелгі нан  түрі ашытылмаған қамырдан жасалынған “қазақтың қара қатырмасы” болған. Қамырды ашытып, нан пісіру технологиясы үндіеуропалық халықтарға тән. Қамырды илеу үшін жалпы қалыптасқан тәсіл бойынша жылы тұзды судан басқа шалап, қымыз, шұбат, сүт,сорпа, сондай-ақ ащы қосып илесе дәмді болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

1.ҚР СТ 990-96. Тоқаш  ұлттық тағамдары.  Техникалық  шарттары.

Осы стандарт «Қазақстан»  бидай ұнынан, с ондай-ақ, әртүрлі  сортты бидай ұны қоспаларынан, қант, май, сүт және басқа шикізат қосылып  дайындалатын тоқаштар түріндегі ұлттық тағамдарға таратылады.

Техникалық талаптары.

Тоқаш ұлттық тағамдары осы  стандарттарға сәйкес белгіленген  тәртіппен  бекіткен санитарлық ережелерді, рецептуралар мен  технологиялық  нұсқауларды  сақтай отырып дайындалуы тиіс.

Сипаттамалары

Тоқаш ұлттық тағамдары массасы  0,5 кг және одан кем болып жеке данамен  дайындалады.

Тағам бұйымның  орташа массасының кішірею жағына ауытқуы бұйымның  алғашқы белгіленген масса мөлшеріне  шаққанда , пештен шығарылғанан кейін  кәсәпорында ұсталу мерзімінің  ең жоғары шегінде массасы 0,2 кг-3,0 қоса. Тағам бұйымы үшін, ал массасы 0,2 кг нан артығыныкі 2,5 – тен артпауы  қажет.

Әр тағам бұйымының  массасының  кішірею жағына ауытқуы  бұйымның алғашқы белгіленген масса мөлшеріне шаққанда, массасы 0,2 кг үшін – 5,0 қоса.дейін, ал массасы 0,2 кг-нан көбі үшін – 3,0 тен кг артпауы қажет. Белгіленген аолғашқы массаға шаққанда тағам бұйымы масссының үлкею жағына ауытқуын шек қойылмайды.

Пештен алынғанан кейінгі  кәсіпорында ұсталудың ең көп  мерзімі массасы

0,2 кг дейінгі тоқаш  тағамдары тоқаш тағамдары үшін  – 6 сағаттан көп болмауы: массасы  0,2 кг нан артық тоқаш үшін -10 сағаттан көп емес болуы қажет. 

 

 

 

 

 

1.1.Органолептикалық көрсеткіштері

Көрсеткіш аталымы

сипаттамасы

Сыртқы көрнісі

-нысаны

Тағам бұйымы көрініске сай, жайылмаған, қысылмаған.

Тоқаш тағамдарын көшендік-мехеникаландырылған  тораптарды даындағанда аздаған  қысылу мен жайылып кету мүмкін.

-үстінгі беті

Тамақ бұымы көрініске  сай, кірсіз, ірі жарықшақсыз және жыртық саңылаусыз, рецептура мен  технологиялық нұсқауларға сәйкес тесіктері, келісімдер мен басқа  да өрнектері бар.

-түсі

Ақшыл-сарыдан күңгірт-қоңырға  дейін, күймеген.

Жұмсақтық күйі

-пісірілімі

Піскен, жұмсақ иілімді, ұстағанда  дымқыл емес

-иленімі

Түйіршіксіз және иленуі шала емес

-кеуектігі

Толыққанды, қуыссыз және тығыздалмаған.

Дәмі

Осы тағам бұйымына тән, өзге иіссіз.

иісі

Осы тағам бұйымына тән, өзге иіссіз.


 

Ескерту

  1. Үстіңгі қабаттың барлық бойынан . бір және бірнеше бағыттарда өтетңн және ені 1 см-ден артық тесік жарықшақтар ірі деп есептеледі.
  2. Үстіңгң және бүйір беттің жартысынан көбіне  таралған және ені 1 см-ден артық жыртық саңлаулар ірі деп есептеледі.
  3. Тағам бұйымының әр аталымы үшін органолептикалық көрсеткіштерінің нақтылы сипаттамасы рецептурада келтірілуі қажет.

 

 

 

 

1.2.Физико-химиялық  көрсеткіштері

Көрсеткіш атаулары

Бидай ұнынан дайындалған  тоқаш тағамдары нормалары

Жоғары және бірінші сорт қоспасы

Бірінші сортпен  «Қазақстандық»

«Қазақстандық»

Бірінші және екінші сорт қоспасы

Жұмсақтық дымқылдығы %, көп емес

43,0

43,5

44,0

44,0

Жұмсақтық қышқылдығы, град, көп емес

3,5

4,0

4,5

5,0

Жұмсақтық кеуектігі  %,аз емес

68,0

65,0

63,0

60,0

Құрғақ затқа  шаққанда қант массасының бөлігі, %көп  емес

9,0

9,0

7,0

5,0

Құрғақ затқа  шаққанда май  массасының бөлігі, %, көп емес

10,0

9,0

7,0

3,0


 

Ескерту

1. Сұйық престелген және сұйық ашытқылар қоспасын. Сүтқыштыл ашытқысы қолдану немесе қышқылды сүт өнімдерін қосу арқылы алынған престелген ашытқыларды пайдалана отырып, дайындалған  тоқаш тағамдарына, сонадай-ақ нанның картоп ауруын жоюға қажетті жағжайда қышқылдың белгіленген мөлшерден 1,0 градусқа артуы мүмкін.

2. Қамырды қолмен илеген  немесе бөлген жағдайда тоқаш  тағамдары дымқылдылығының 1 процентке  артуына рұқсат етіледі.

3. Тоқаш тағамдары әрбір  аталымның физико-химиялық көрсеткіштерінің  нақтылы мәні рецептурада келтірілуі  тиіс.

1.3.Қауіпсіздік  көрсеткіштері.

Улы элементтер

Шектелген-мүмкіндік  концентрациясы деңгейі, мг кг, бұдан  көп емес

Қорғасын

0,3

Кадмий

0,05

Мышьяк

0,1

сынап

0,01

мыс

5,0

мырыш

25,0


 

Токаш ұлттық тағамдардағы  радионуклидтердің мөлшері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігімен белгіленген.

Радионуклидтер

Шектелген мүмкіндік  деңгейлері, ки, кг, бұдан кем емес

Цезий-134,137

 

Стронций-90

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Ассортименті

Нан-тоқаш өнімдеріне көптеген нан өнімдері жатады. Соларды ішінде:

  • Батондар
  • Булкалар
  • Халы
  • Сайкалар
  • Рожкалар
  • Булочкалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің  қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенті

1. Қолданылу аясы

1. Осы "Нанның және  нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің  қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі  - Техникалық регламент) «Халық  денсаулығы және денсаулық сақтау  жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының  2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін, Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашада және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген. 

2. Осы техникалық регламент  қолданылатын барлық өнімдер  және олардың Кеден одағының  Сыртқы экономикалық қызметінің  бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) жіктемесі бойынша олардың коды осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

3. Осы Техникалық регламенттің  талаптары:  
      1) арнайы сипаттамаларды қоспағанда, балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдеріне, сондай-ақ құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар азық-түліктер мен шикізатқа; 
      2) үйде өндіру, үйде пайдалануға арналған өңдеу және (немесе) сақтау процесінде алынған нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерге қолданылмайды.

4. Нанды, нан-тоқаш және  кондитерлік өнімдерді сәйкестендіру  КО СЭҚ ТН кодтарын визуальді  қарау, тұтыну орамында және  ілеспе құжаттамада ұсынылған  ақпарат негізінде жүргізіледі.  
      Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өткізілетін атаулар олардың түрін дәл көрсетуге және ең аз дегенде мыналарды қамтуға тиіс:  
      1) сыртқы түрінің сипаттамасы;  
      2) сәйкестендіру көрсеткіштерінің тізбесі (нақты өнім түріне берілген техникалық және (немесе) нормативтік құжаттамада көрсетіледі);  
      3) шығару тәсілі. 

5. Өнімдерді сәйкестендіру  үшін ақпараттар жеткіліксіз  болған кезде органолептикалық  бағалау мен өнімнің нақты  түрлеріне нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда көзделген  физикалық-химиялық көрсеткіштер  бойынша сынақ жүргізеді. 

6. Өндіріс процестеріне  қойылатын талаптар Қазақстан  Республикасының аумағында өндірістік  қызметті жүзеге асыратын объектілерге  ғана қолданылады.

Нанның және нан-тоқаштың, кондитерлiк  
өнiмдердiң сәйкестiктi растау  
 
      1. Қазақстан Республикасының аумағында нанның, нан-тоқаш, кондитерлiк өнiмдердiң сәйкестiгiн растау ерiктi немесе мiндеттi сипатта болуы мүмкiн. Сәйкестiктi ерiктi растау Қазақстан Республикасында мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдердiң тiзбесiне енбейтiн өнiмдер үшiн өтiнiш берушiнiң бастамасы бойынша жүзеге асырылады.  
      Сәйкестiктi мiндеттi растау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:  
      1) мiндеттi сертификаттауды жүргiзу;  
      2) өнiмдi жеткiзушiнiң (дайындаушының, сатушының) (бұдан әрi - өтiнiш иесi) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауы.  
      2. Сәйкестiктi мiндеттi растау кезiнде өнiмнiң техникалық регламенттердiң, нақты стандарттар мен оның адамдар өмiрi мен денсаулығы, олардың мүлiктерiн қорғау мен қоршаған орта үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгi расталады.  
      3. Ерiктi сертификаттау кезiнде стандарттың немесе өтiнiш иесiнiң таңдауы бойынша өзге де нормативтiк құжаттың талаптарына, сондай-ақ өтiнiш иесiнiң арнайы талаптарына өнiмнiң сәйкестiгi расталады.  
      4. Экспортталатын өнiмнiң сәйкестiгiн растау келiсiм-шартта айтылған өнiм берушi (өтiнiш иесi) мен тапсырыс берушi арасындағы келiсiлген нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiне жүргiзiледi.  
      5. Импортталатын өнiмдi сертификаттау өнiмдi сертификаттық сынау жолымен немесе сәйкестiк туралы өтiнiмдi қарау жолымен немесе сәйкестiк туралы декларация негiзiнде жүргiзiледi.  
      6. Өнiмдi сертификаттау жұмыстарын жүргiзудiң дәйектiлiгi мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:  
      1) өтiнiмдi (сәйкестiк туралы өтiнiм) сертификаттау жөнiндегi органға беру және оны қарау;  
      2) өтiнiмдi (сәйкестiк туралы өтiнiм) қарау нәтижелерi туралы шешiм қабылдау, оның iшiнде сертификаттау схемасын таңдау;  
      3) өтiнiш иесi мен сертификаттау бойынша орган арасындағы өнiмдi сертификаттау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған шартты ресiмдеу;  
      4) өтiнiм берiлген өнiмнiң үлгiлерiн iрiктеудi, сәйкестендiрудi және оларды сынақ зертханасына (орталыққа) берудi жүргiзу;  
      5) өтiнiм берiлген өнiмнiң үлгiлерiне сертификаттық сынақтар және таңдалған сертификаттау схемасында көзделген басқа да жұмыстарды жүргiзу;  
      6) сынақ нәтижелерiн талдау немесе сәйкестiк туралы өтiнiммен алынған құжаттарды қарау;  
      7) сәйкестiк сертификатын беру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдау;  
      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiзiлiмiнде сертификатты тiркеу және оны сәйкестiк белгiсiмен өнiмдi таңбалау құқығымен өтiнiш иесiне беру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделген болса).  
      7. Өтiнiш берушi өнiмнiң сәйкестiгiн сәйкестiк туралы декларацияның белгiленген талаптарымен сәйкестiгiн растай алады. Өнiмнiң сәйкестiгiн декларациямен растау Сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау және тiркеу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.  
      8. Сәйкестiк туралы декларация декларацияланатын өнiмнiң жоспарланған шығару мерзiмiне, сапасы мен саны сынақ хаттамаларымен және есеп-фактуралармен расталатын қажеттi шикiзаттың болуына немесе өнiм партиясын сату мерзiмiне байланысты өтiнiш берушi белгiлеген мерзiмге, бiрақ 1,5 жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады.  
      9. Сәйкестiк туралы декларация аккредиттеу саласына декларацияланатын өнiм енетiн кез келген сертификаттау жөнiндегi органда тiркелуге жатады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Нан және нан-тоқаш  өнімдерін тасымалдау  
1. Нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. 
2. Жүк жөнелтуші нан және нан-тоқаш өнімдерін пештен алынғаннан кейін белгіленген мерзімдер бойы ұстап, тасымалдауға ұсынады. 
3.Нан және нан-тоқаш өнімдерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін жүк жөнелтуші тиеу кезінде мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді: 
 
1) науаларды нан және нан-тоқаш өнімдерінің стандартты санымен толтыру; 
 
2) бөлке нанды бір қатарға ұзындығынан бүйір немесе төменгі қабығымен қою; 
 
3) таба нан мен нан-тоқаш өнімдерін (батондар, өрме нан, бөлкелер және басқалар) бір қатарға биіктігі бойынша астыңғы немесе бүйір қабығымен науаның бүйір немесе артқы қабырғасына қиғаштап қою; 
 
4) салмағы 200 грамға (бұдан әрі – г) дейінгі таба нан мен нан-тоқаш өнімдерін бір-екі қатарға биіктігі бойынша қою. 
4.Нан және нан-тоқаш өнімдерінің бір рет әкелу нормалары автомобильмен жүкті тасымалдау шартында белгіленеді. 
5.Тасымалдаушылар нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау үшін науаларды қоюға арналған бағыттауыштармен жабдықталған мамандандырылған автомобиль-фургондар немесе нан және нан-тоқаш өнімдерін контейнерлерде тасымалдау үшін лайықталған автомобильдер бөледі. 
6.Нан және нан-тоқаш өнімдерін жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар стандартты түрде толтырылған науалардың атауы мен саны бойынша әрбір науадағы өнімнің санын есептемей жүзеге асырады. 
7.Егер шартта өзгеше көзделмесе, нан және нан-тоқаш өнімдерін тиеу мен бос науаларды түсіруді жүк - жөнелтуші, ал нан және нан-тоқаш өнімдерін түсіру мен бос науаларды тиеуді жүк алушы жүргізеді. 
8.Нан және нан-тоқаш өнімдері түсірілгеннен кейін жүк алушы науаларды нанның қоқымдарынан, сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерінің жеке сұрыптарын тасымалдау кезінде төселетін қағаздан тазартады. 
9.Жүк алушы бос науалардың мамандандырылған автомобиль-фургонға өзіне жеткізілген толтырылған науалар саны бойынша тиелуін қамтамасыз етеді. 
10.Мамандандырылған автомобиль шанағының ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет кезде тасымалдаушы шанақтағы науаларды жүк жөнелтушіге тапсырады. 

5.Сақтау және  тасымалдау кезінде нанның, нан-тоқаш   өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын  талаптары.

1.Дайын өнім арнайы  үй-жайлар мен вагонеткалардағы  қоймаларда, контейнерлерде немесе  штабельдерде олардың арасында  өтетін жолды сақтай отырып  сақталуға тиіс. Шикізатты, жартылай  фабрикаттар мен дайын өнімдерді  сақтау тәсілдері мен шарттары  оларға зиянды және ластаушы  заттар мен бөтен нәрселердің  еніп кетуіне жол бермеуге  тиіс. Қоймаларда тағамдық емес  тауарлар мен заттарды (желімді,  ыдыстарды, әртүрлі химикаттарды) сақтауға тыйым салынады. 
2.Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдерді және оларды өндіруге арналған шикізатты сақтауға арналған үй-жайлар: 
 
1) таза, құрғақ, жақсы желдетілген, зиянкестермен залалданбаған, салыстырмалы ауа ылғалдылығы жетпіс бес пайыздан аспайтын атмосфералық жауын-шашыннан қорғалған; 
 
2) оларға кеміргіштердің, құстар мен жәндіктердің енуінен қорғалған; 
 
3) салмағын, температурасын, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы, уақытын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандырылған болуға тиіс. Мониторингтің деректерін шығарылған өнімнің жарамдылық/сақтау мерзімі ішінде сақтау қажет. 
 
Шикізат пен оралмаған дайын өнімдерді бірге сақтауға, сондай-ақ оларды су құбырлары мен кәріз құбырларына, жылу аспаптарына жақын жерлерде, қойма үй-жайларынан тыс сақтауға жол берілмейді. 
3.Кондитерлік өнімдер тоңазытқыштарда мынадай: 
 
1) кремі болғанда - алты градус Цельсийдан аспайтын; 
 
2) креммен әрленбеген, вафельді торттар мен тоңмайлы әрі пралинді жартылай фабрикаттармен әрленген бәліштерді - он сегіз градус Цельсийдан аспайтын температурада сақталуы тиіс. Сақтау ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жетпіс-жетпіс бес пайыз, тауарлық көршілестік ережесін сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Тоңазытқыштар белгіленген тәртіппен тексерілетін термометрлермен жарақтандырылуы тиіс. 
4. Қоймаларда қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормативтерге сәйкес амбарлардағы зиянкестерге қарсы газды өңдеу жүргізілуі тиіс. 
5.Дайын нанды және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдерді сақтау мерзімдерін технологиялық нұсқаулықта немесе рецептурада өндіруші/дайындаушы белгілейді және осы Техникалық регламентке 2-қосымшаға сәйкес келуі тиіс. 
 
Тұтынушылық ыдысқа оралған бидай ұнынан жасалған қоспасыз өнімдерді сақтау мерзімін оның рецептуралық құрамына, оралған материалдың түрі мен орау тәсіліне байланысты нақты атауын өнім үшін белгіленген тәртіппен өндіруші/дайындаушы белгілейді және келіседі. 
 
Бидай ұнынан жасалған қоспасы бар өнімдерді (тұтынушылық ыдысқа оралған және оралмаған) сақтау мерзімін оның рецептуралық құрамына, оралған материалдың түрі мен орау тәсіліне байланысты нақты атауын белгіленген тәртіппен өндіруші/дайындаушы белгілейді және келіседі. 
6.Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер санитарлық паспорты бар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін, дайын өнімнің тағамдық құндылығының, физикалық-химиялық және микробиологиялық сипаттамаларының сақталуын, сондай-ақ шаңнан, зиянкестерден және басқа да бұзылуы немесе жұқтырылуы ықтимал факторлардан қорғалуын қамтамасыз ететін көлік құралдарында ғана тасымалдануға тиіс. 
7. Тез бұзылатын өнімдер жылдың жылы мезгілінде алты градус Цельсийдан аспайтын температурада алты сағаттан аспайтын уақытта салқындатылған кузовтары бар арнайы көлікте тасымалдау жүргізіледі. 
8. Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдерді тағамдық емес өнімдермен немесе ерекше иісі бар тауарлармен бірге тасымалдауға жол берілмейді. 
9. Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдерді тиеген, тасымалдаған және түсірген уақытта атмосфералық жауын-шашыннан сақтау қажет. 
10. Тасымалданатын өнімдер олардың шығарылуын, қауіпсіздігін, сақтау шарттары мен жарамдылық/сақтау мерзімін растайтын құжаттармен ілесе жүруі тиіс. 
11. Тасымалдау уақытында нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдермен айналысатын адамдар арнайы киіммен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ олардың заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық тексерудің өткізілгенін растайтын құжаттары болуға тиіс. 
 

Информация о работе Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптар