Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 19:46, курсовая работа

Краткое описание

Елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформа банк ісін дамытуда жаңа кезеңге жол ашты. Нарық жағдайына өтуде банктерді дамыту мен оны тәжірибеде жүзеге асыру мәселелері басты назарға алынып отыр.
Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстандық және шетел банктері жұмысын жете зерттеп, ең тиімді деген жолдорды тәжірибеде орындау қажет. Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін бекіте түседі.
Соңғы жылдары банктік өнім нарықтары-ақша және капитал нарықтарының дамытылуы жедел түрде жүзеге асып жатыр. Соңғысының дамытылуы сақталған ақшаны мобилизациялау мен ақша құралдарын инвестициялау процестерінсіз мүмкін болмайды. Сақталған ақша кіріс пен тұтыным арасындағы айырмашылық.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3


1 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Банктік маркетингтің түсінігі, мәні, функциялары...................................6
1.2 Банктік маркетингінің ерекшеліктері.......................................................16
1.3 Банктік өнімдер нарығы............................................................................21

2 ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАНКТІК ӨНІМДЕРГЕ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының депозиттер нарығын талдау....................26
2.2 Қазіргі кезеңдегі несиелік нарықтық дамуын талдау.............................37
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жаңа банктік өніміне талдау..................43

3 БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары.........................................................
3.2 Банктік маркетингінің дамуындағы жаңа тендециялар..........................52

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................66

Прикрепленные файлы: 1 файл

banktik_marketing.doc

— 584.00 Кб (Скачать документ)

 

2006 жылдың қаңтар - желтоқсан  айлары 10 тенденцияларымен белгілі  болды.

2 деңгейлі банктегі  резиденттер депозитінің жалпы  көлемі 88,4 % - ға өсіп 3115,2 млрд құрады. Заңды тұлғалар депозиттері 2005 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда  94,4 % - ға өсіп, 2073,2 млрд теңге болса, жеке тұлғалар салымдары – 77,4 % - ға өсіп 1042 млрд теңгеге дейін жеткен.Қосымша Д.

2006 жылдың қаңтар –  желтоқсан аралығында ұлттық  валютадағы депозиттер 2 есеге дейін  ұлғайып 2027,7 млрд теңге болды,  ал шетел валютасындағы депозиттер 1087,5 млрд теңгені құрап, 57,0 %  - ға көтерілді. Теңгелік депозиттер үлесі 58,1 % - нан 65,1 % - ға көтерілді. (5 кесте) 

Халықтың банкке салған салымдары 12 айда 76,8 % - ға өсіп, 1055,2 млрд теңгеге жетті. 2006 жылы қаңтар –  желтоқсан аралығында халықтың салым салу құрылымында теңгелік депозиттер 2 есеге дейін өсіп, 706,4 млрд теңгені құраған, ал шетелдік валютадағы депозиттер 22,6 % - ға жоғарылап 348,8 млрд теңгеге жеткен. Теңгелік депозиттер үлесі 2005 жылмен салыстырғанда 52,3 % - нан 66,9 % - ға жоғарылады. Қосымша Д.

2006 жылдың желтоқсанда  банктік емес заңды тұлғаларды  теңгелік мерзімді депозиттер  бойынша сыйақы ставкасы 4,5 %, ал  жеке тұлғалар депозиттер бойынша  – 9,8 % құрады. Қосымша Е./19,б.29-31/

 

5 кесте. Қазақстаның  екінші деңгейлі банктеріндегі халық салымдары.

 

 

Халық салымдары, кезең соңында, млн.тенге 

 

Барлығы

Соның ішінде талап етуге дейінгі  салымдар

Соның ішінде шарты салымдар

Соның ішінде мерзімді

   

Ұлттық  валюта

дағы

Шетел валюата

дағы

Ұлттық  валюта

дағы

Шетел валюата

дағы

Ұлттық  валюта дағы

Шетел валюата

дағы

12.05

596848

69384

34024

1044

324

241806

250267

01.06

603160

66221

28708

1020

326

252072

254813

02.06

618927

73528

28429

1024

328

266879

248739

03.06

638439

77732

29444

1115

345

290514

239289

04.06

668393

82725

29994

1185

455

319083

234951

05.06

711547

88171

29927

1476

448

365112

226414

06.06

749427

100802

30402

1662

389

396776

219396

07.06

769374

100912

29724

1837

403

418749

217749

08.06

815182

101302

33752

2478

430

427442

249778

09.06

849425

102846

36093

1747

438

438907

269395

10.06

879432

101232

35268

1911

440

458250

282331

11.06

939979

104993

51728

2057

540

490939

289723

12.06

1055194

121799

41959

2354

540

582232

306045


2007 банк жұйесіндегі  резиденттер депозитінің жалпы  көлемі 2006 жылдың желтоқсанымен  салыстырғанда 2007 жылдың қаңтарында 3,4 % - ға төмендеп, 3008,7 млрд теңгені  құрады. Заңды тұлғалар депозиттері  5,5 %, 1959,4 млрд теңгеге төмендесе,  жеке тұлғалар депозиттері – 0,7 % яғни 1049,4 млрд теңгеге өсті.

2007 жылдың қаңтарында  ұлттық валютадағы депозиттер 4,2 % , 2113,7 млрд теңгеге өсіп, шетел  валютасындағы депозиттер 17,7 %, 895,1 млрд  теңгеге төмендеді. Теңгелік депозиттер  үлесі 65,1 % - нан 70,3 % - ға жетті.

Банктердегі халық салымы 1 айда 0,7 %, 1062,8 млрд теңгеге ұлғайған. 2007 жылдың қаңтарында халық салым  салу құрылымдарында теңгелік депозиттер 9,2 %, 316,6 млрд теңгеге төмендеген. Теңгелік депозиттер үлесі 66,9 % - нан 70,2 % - ға жоғарылаған. (6 кесте)

Банктердегі депозит  ставкаларында келесідегідей өзгерістер болды. 2007 жылдың қаңтарында теңгелік мерзімді депозиттер бойынша марапаттау ставкасы банктік емес заңды тұлғалар үшін – 5,2 % болса, жеке тұлғалар депозиттері  бойынша – 9,9 % болды./20/

 

 Кесте 6 Қазақстаның екінші деңгейлі банктеріндегі халық салымдары.

 

 

Халық салымдары, кезең соңында, млн.тенге 

 

Барлығы

Соның ішінде талап етуге дейінгі  салымдар

Соның ішінде шарты салымдар

Соның ішінде мерзімді

   

Ұлттық  валюта

дағы

Шетел валюата

дағы

Ұлттық  валюта

дағы

Шетел валюата

дағы

Ұлттық  валюта дағы

Шетел валюата

дағы

12.06

1055194

121799

41959

2354

540

582232

306045

01.07

1062807

117429

35928

2524

546

626234

280146

02.07

1093282

127189

39202

2737

421

644952

270780

03.07

1183684

131807

40675

2843

485

719637

288237

04.07

12073301

146235

41456

2910

482

734760

281458


 

Азаматтардың депозиттерге  ұмтылуын банктер мен ұйымдардағы  салым салғаны үшін берілетін  сыйақы көлемінің босатылуымен де түсіндіруге  болады. Бұл халық қызығушылығын  тудыру үшін арнайы жасалған болатын.

Сонымен біздің еліміздегі депозит нарығының дамуын талдау төмендегідей қортындыларға әкеледі:

- 1994 жылдың аяғында депозиттер бойынша пайыз ставкалары позитивті болып, жинақтауға қолайлы жағдай туындады;

- депозиттердің жалпы көлемінің өсуі халықтың банк жүйесіне деген сенімінің ұлғайғанын көрсетеді, бұл өз кезегінде Ұлттық Банкі мен үкімет өз міндеттерін жақсы орындай білді деген сөз. Сонымен бірге жеке тұлғалардың мерзімді депозиттеріне кепілдеме беру және банк құпиясы  жөніндегі заңдардың шағуында өз әсерін тигізді.

 

2.2 Қазіргі  кезеңдегі несиелік нарықтың  дамуын талдау.

 

Қазақстан Республикасындағы  несие түрлері. Қазақстан Республикасы соңғы 3 жыда экономикасын алға жылжыта  білді. Экономикадағы басты мақсат көптеген әлеуметтік мәселелердің шешімі болып табылатын ЖІӨ - ді өсіру. Экономикалық өсу экономикадағы сапалы өзгерістермен бекіте тусуі керек. Ең алдымен ескірген негізгі қорларды жаңа технологиялы құралмен қамтамасыз ету шарт. Лизинг барлық әлемде кәсіпкерлікті қолдау жаңа технологияларды өндіру, негізгі құралдарды жаңарту мен көбейту, әлеуметтік қысымды азайту, қосымша жұмыс орындарын табу, инвистицияларды тартудағы ең маңызды механизм болып табылады. Лизинг құралды сатып алу үшін бастапқы капиталы мен қосымша кепілдеме болуын талап етпейді, лизинг иеленетін зат бір мезетте кепілдемеде бола алады.

Лизингтің Қазақстанда  құрылу процесін шартты түрде 3 кезеңге  бөлуге болады. Бірінші кезең –  кәсіпкерлік пен жеке меншіктің  құрылымдалу кезеңі. Екінші кезең  – лизингті салалар бойынша қолдану. Үшінші кезеңде Республика Парламенті қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Бюджетке енетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы» 2001 жылы және т.б. нормативті құқықтық актілері дүниеге келді.

Жоғарыда аталған және өзге де құжаттар күшәне енгеннен кейін лизинг дамуға бағыт алды. Қазір Республикада бірнеше мемлекеттік лизингтік компаниялар, 10 тарта жеке лизингтік компаниялар жұмыс істесе, алдағы уақытта лизинг нарығына тағы жаңа компаниялар қосылуы мүмкін. ТМД лизинг конфедерациясының құрылтайшысы және әріптесіне айналған «Қазақстан Лизинг Ассациясы» өз алдына жұмыс істеуде.

Тәжербиеде көрсеткендей лизинг ел экономикасын дамытушы қаржы  құралына айналды, өйткені жалға  алу, сатып алу – сату және несие  алдында біраз артықшылықтарға ие. Кей бағалаулар бойынша Республикадағы лизинг портфелі 250 млн құрайды.

Лизингте 50 – ден астам  түрі бар, сөйтседе республика тек қаржы  бет бұрып отыр. Осыған байланысты өзіне лизингтерді дамытуға мүмкіндік  жоқ. Оның үстіне Қазақстан Әкімшілік Комитетінде лизингкке тек қаржы лизингінің анықтамасын беретіндіктен, өзге түрлерді қолдану аясы шектеледі.

Екінші сәйкессіздік барлық әлемде жаңа технологияларды  ендіру үшін қолданатын лизинг затын  жедел амартизациялау процесін келісім  шарт мерзімінде үлгере алмау. Кіші кәсіпкерлікпен айналысатын субъект кеңсені лизингкке ала алмайды, өйткені Салық Кодексіндегі амартизациялық коэффицент оны 11 жылдан кейін ғана сатып алуға рұқсат етеді, ал қаржы лизингінің келісім шартына арналған амартизация мерзімін заттың 80 % қызметін талап етеді. Қазіргі пайыздік ставкалар(жылдық 20-25 %) кәсіпкер оны жалға алу үшін сатып алғаннан 3 – 4 есе көп ақша төлейді. Тек ауыл шаруашылығы техникасының амартизациясы небары 3 жыл мерзімге арналған. Құрылыс сақталымдары жүйесі мен елдегі тұрғын – үй мәселесін кешенді шешуге мүмкіндік беретін тиімді механизм – тұрғындарды ұзақ мерзімді ипотекалық несиелеу болып табылады./21,б.2-5/

Қазақстан Республикасының  ипотекалық несиелеу бағдарламасы 2001 жылдан жұмыс істей бастады. Бұған  Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Қазақстан  Республикасы тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді несиелеу мен ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту» концепциясы түрткі болды. 2000 жылдың соңында  Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкі 20.12.2000 ж. № 469 қаулысына сәйкес «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ құрылды. Осы кезеңде екінші деңгейлі банктер тұрғын – үй алуды несиелеудің өзіндік бағдарламаларын жасап, әрекетке ендіре бастады. Қазақстанның ипртекалық несиелеу жүйесі классикалық жолмен дамып келе жатқанын айта кету керек: Fannie Mac және Freddie Mac (АҚШ), Cagamas Berghad (Малайзия) үрдісі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» құрылды. Неміс құрылыс сақталымы үлгісі бойынша (Bausparkasse) «Тұрғын – үй құрылыс жинақ банк» АҚ құрылды. Жинақтары аз потенциалды клиенттерді көбейту мақсатымен «Ипотекалық несиелерге кепілдеме берудің Қазақстандық қоры» құрылды. Аталған компаниялар әрекеттері несиелеу мерзімінің ұлғаюы марапаттау ставкаларының төмендеуі, несие көлемдерінің өсіп, бастапқы төлемнің азаюына септігін тигізіп тұрғындар үшін ипотекалық несие алуды жеңілдетіп берді. Елімізде бар ипотекалық жүйені одан әрі дамыта түсуі үшін американ жүйесі типіне сәйкес. Меншіктің кепілдемелік титулдарын енгізіп, ипотекалық брокерлер институтын бекіту керек, мемлекеттік субъсидиялар, несиелерге салық салудың жеңілдіктер жолымен ипотекалық несиелеуге қолдау көрсету бағдарламасын орындау керек. Осындай бағыттың бірі ретінде екінші деңгейлі банктердің «Қақастан ипотекалық компаниясы» АҚ – мен бірлесе отырып жасалған жұмысын айта аламыз. 2006 жылдың ипотекалық несиелеу нарығында белсенділік байқалды. Ипотеканың өсуі халықтың төлем қабілетінің жоғарлап, банктердің сыйақы ставкаларының төмендеуі, жаңа және екінші реттік тұрғын жай ұсынысы көлемдерінің әртүрлілігімен шартталады. Нарықтың өзгеде қатысушылары секілді, 2006 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ үшін де жемісті болды – ссудалық портфель көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 2,5 - ке өсті. Банк «Қақастан ипотекалық компаниясы» АҚ – мен белсене отырып, төмендетілген ставка бойынша арнайы тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда бастап кетті.

Сөйтіп ипотекалық несиелеу аса қарқыды дамып келеді. Қазіргі  уақытта барлық банктер аталған  несиелеуді негізге алып, тұтынушылар  санын көбейту мақсатында төмендетілген  ставкалар мен әртүрлі жаңа бағдарламалар ұсынуда. 2005-2006 жылдары есеп бойынша банктер ипотекалық несиелеу банкін ұлғайта түсуде.

Несиелеудің өзге түрлері  секілді ипотекалық несиелеудің  де өзіндік тәуекелділігі бар. Олар: несиелік тәуекел, икемділік тәуекел  мен баға тәуекелі.   

Қазіргі кезеңдегі несиелік нарықтың дамуын талдау. Қазақстанның несиелік нарығының 2004 – 2005 ж.ж даму алдыңғы жылдармен салыстырғанда тым өзге. Бұл өзгерістердің басты себебі АҚШ долларына қатысты теңге девольвациясы болып отыр.

2005 жылдың алғашқы  жарты жылында несиелік нарық көрсеткіштеріде жылдам өсе бастады. Банктік несиелер бойынша экономикаға негізгі қарыз көлемі 28 % ұлғайып 1901,9 млрд теңгені құрады. Несиелер өсмі 400 млрд теңгеден асты, ал несиелердің депозиттерге қатысты 131,7 % өсті. Банк несиелерінің мұндай өсуіне отандық қаржы нарығындағы ликвидті құралдар тапшылығы мен кіріс төмендігі болса керек. Жалпылай, жарты жыл ішінде мұнда теңгелік несиелер өсімі байқалып, олар портфель жарымнан асып 50,4 % құрады. Бұған шетел ваютасындағы несиелер үлесінің жоғарылығымен бірге, банк иелерінің жақын арада валюта нарығында болатын өзгерістерден үміттену де себебі болса керек. 2005 жылдың маусымында несие нарығында да доллар өсмі байқалды, олай болса ол бұл нарықтың да долларизациясының алып келуі мүмкін./22,б.40-48/

2004 жылы несие нарығында  қысқа мерзімділермен салыстырғанда  ұзақ  мерзімді несиелер қолданысы  жоғарылап, олардың үлесі 66,3 % жетті. Жеке тұлғаларға несие  беру тенденциясы да сақталды.

Банктердің несиелік портфеліндегі мұндай несиелер үлесі жарты жылда 20,5 % - дан 23,2 % - ға ұлғайып, 441 млрд теңгеден асты.

2005 жылдың маусымында  осы жылдың мамырымен салыстырғанда  банктік несиелер бойынша пайыздық  ставкалардың  төмендуі байқалды. Мысалы несиелер бойынша ұлттық  валютада сыйақы орташа мөлшері банктік емес заңды тұлғалар үшін 14,0 % - дан 13,1 % - ға төмендесе, жеке тұлғалар үшін – 20 % дан 19,6 % - ға төмен түсті. Сөйтседе бұл несиелер бойынша пайыздық ставкалар төмен түсті деген сөз емес. Ставкалар динамикасына сыртқы қарыздың қымбаттауы, баға сферасындағы жағдай шиеленісінін тұтынушы нарығындағы бағалардың күрт өсуімен байланысы да әсер етеді.

Теңгеге қатысты доллар өсімі қаржы және ақша нарықтарындағы жағдай өзгерісіне әкелді. Ұлттық Банк теңгені одан әрі төмендетпеуге  тырысып бағуда, доллардың қуаттанғаны үкімет билігі жоспарларына сәйкес келмейді. Қалай болса да, теңге девольвациясы елге пайдадан зиян шектірері сөзсіз. Доллар өсімінің оңды жағы бұдан бұрын инфляция өсміне апарып соқтырған ақша ұсынысының төмендеуінде болып отыр. Сонымен қатар бұл процес импорттың қымбаттауына әкелді, ол өз кезегінде баға өсіміне әсер етеді.

Информация о работе Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары