Көліктік логистика – логистиканың жетекші саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 17:08, реферат

Краткое описание

Қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика деген корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да (ақпараттық, қаржы, қызмет) ағымдарын тиімді басқару. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізінде бірікті.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Көліктік логистика – логистиканың жетекші саласы
Қазақстан Республикасындағы көліктік логистика кәсіпорындарының даму болашағы және оны жетілдіру жолдары
Көліктік логистикалық жүйелерді дамытудың халықаралық концепциясы мен тәжірибесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Көліктік логистика.docx

— 301.62 Кб (Скачать документ)

       Тəжірибеде бірдей КЛО-тар кездеспейді, себебі əр нақты КЛО аймақтың

жеке қажеттіліктерін шешуге қызмет етеді жəне көлік инфрақұрылымындағы шарттарға тəуелді болып келеді. Сондықтан, қатысушылар саны мен ұйымдастырушылық құрылымы əр КЛО–да əртүрлі болады. Дегенмен, қатысушылардың интеграциясы жəне ортақ көлік процесін құру – КЛО-ды құрудың негізгі алғышарты болып табылады.

        Батыс Еуропаның, Жапонияның, АҚШ-тың өнеркəсібі дамыған елдерінде

жалпы ұлттық өнімнің 20-30% логистикалық жүйелермен байланысты. Логистикалық қызметтердің шапшаң кеңейетін халықаралық нарығы ірі трансұлттық логистикалық компаниялар мен өнеркісіптік – көліктік корпорациялардың қалыптасуының алғышарты болды . Бұл елдерде мамандандырылған логистикалық делдалдардан басқа, көбінде жүкті тасымалдау, қоймалау жəне өңдеумен (жүк партияларын ірілендіру жəне бөлшектеу, жөнелту, сақтау, тізімін жасау) байланысты қызметтерді жүзеге асыратын логистикалық орталықтар жұмыс істейді. Олар логистикалық, консалтингтік, инженерлік, маркетингтік, ақпараттық қызметтер көрсетеді.

       АҚШ- тың логистикалық жүйесінде сала аралық жалпы пайдалану қоймаларына ерекше мəн беріледі. Олардың сақтау, жөнелтуге дайындау жəне

жөнелту бойынша ұсынатын қызметтері тұтынушылардың шығынын орта есеппен 15%-ға төмендеді. Логистикалық делдалдардың клиенттермен бірігіп

ортақ қоймалар құрылымын құру тəжірибесі бар. Бұндай құрылымдар қызмет

көрсетілетін кəсіпорындар территориясында немесе бірнеше фирмалар мен кəсіпорындарға бір мезгілде қызмет көрсететін қойма кешенін құрады.     Əлемдегі аса сыйымды нарықтардың бірі ретіндегі Батыс Еуропа елдерінде аймақтық көліктік–логистикалық орталықтар құру идеясы пайда болды, оның арқасында тауарды қоймалаумен ғана емес, сонымен бірге жеткізу жəне өңдеу бойынша өзара байланысты қызметтерді біріктіру арқылы қызмет көрсетудің жаңа сапалы деңгейін ұсыну мүмкіндігі пайда болды.

       Көліктік-логистикалық орталықтар (КЛО) жүктің қозғалуының логистикалық жүйесінде қойма жабдығын жəне жеткізулер жүйесіне түбегейлі

өзгеріс енгізетін, бөлшек сауда мен өнеркəсіптің шығару жəне қабылдау қоймаларын; ірі тасымалдаушылардың кеңейтілген қызмет көрсететін (орап-

қаптау, сұрыптау, таңбалау) орталықтандырылған қоймасын; тоңазытқыш -

қоймалар, кеден жəне басқа да қоймалар; көліктік емес фирмаларға тиесілі жəне

жалпы пайдаланымдағы жылжымалы құрам паркі мен көлік кəсіпорындарын,

жүк станциялары мен жүк тиеу, түсіру қондырғыларын құрайтын арнайы мамандандырылған тораптық логистикалық кəсіпорындар болып табылады Еуропа аралық логистикалық орталықтар желісінің дамуына сəйкес еуропа масштабында, яғни еурологистикалық жүйемен байланысты жобалар əзірленуде. Еурологистика бойынша шаралар мен əзірлемелер экспорттық –

импорттық жеткізілімдер шығындарын азайтуға, шекарадан өту кезінде қызмет

көрсетуге, көліктердің кедендік тексеру бекеттерінде тұру уақытын қысқартуға,

жолда жəне кəсіпорындардағы қорларды қысқартуға бағытталады. Батыс Еуропа, АҚШ, Канада, Жапония жəне т.б. мемлекеттерде жоғары сапалы жəне техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) бойынша қызметтердің кеңейтілген ассортиментін ұсынатын, автоматика мен информатиканың қазіргі құралдарымен жабдықталған ірі аймақтық тарату орталықтары (АТО) құрылуда. Атап айтсақ, Еуропадағы КЛО-тар келесі міндеттерді шешеді:

- көліктік–логистикалық  орталықтар маңындағы аудандар  үшін қажетті

уақытта автомобильмен қамтамасыз ете отырып, автокөлік үшін тауар

жинақтау, бөлу қызметтерін орындау;

- клиенттің қаражаты негізінде  жүкті тиеу-түсіру қызметтерін орындау;

- көлік тараптарында жүкті аралық қоймада сақтау мүмкіндігін тудыру;

- көліктік жоспарлауда клиенттерге көмек беру, көлік құралдарына тапсырыс

беру жəне оларды жүк түріне сəйкес тағайындау;

- қосалқы құралдарды күтеді, бөледі, жалға беру;

- орталықтандырылған шеберханалар  құру жəне т.б.

       Көлік тораптарының алдағы уақыттағы жұмыс жоспары келесі бағыттарды ұстанады: жеке тораптар (салыстырмалы түрде бір –біріне тəуелсіз) санын қысқарту жəне көліктік–логистикалық орталық қызметін жүзеге асыруға жалпы ортақ жауапкершілік жасау; көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысуды қамтитын, көліктік жəне стивидорлық қызметтер құрамын кеңейту; ішкі пайдалану жəне клиенттерге ақпарат ұсыну үшін қазіргі ақпараттық жүйелер енгізу. Профессор Х.Крампе (Германия) көліктік–жүк орталықтары (КЖО) деп

атаған сервис орталықтарын құру бойынша ұсынған тұжырымдамасы

қызығушылық тудыруда .

       Х.Крампенің тұжырымдамасының негізгі қағидаларын келтірейік. Қазіргі

көліктің дамуы құрылымдық жəне саяси – экономикалық факторлармен байланысты. Бір жағынан, жөнелтілімдер мөлшері азаяды жəне құны артады,

бұл жағдай сервис деңгейі мен сапасының, көлік икемділігін талап етеді; екінші

жағынан, Германияның бірігуі жəне Шығыс Еуропада жаңа нарықтардың пайда

болуы көліктік қуатты ұлғайту талабын қойды. Бұл бірлескен еуропа нарығын

құру негіздерінің бірі болып отыр. 2000 ж. көліктің барлық түрімен Батыс –

Шығыс бағытында орындалған тасымалдаулар 1986ж. қатысты 217-238% құрады, ал Шығыс - Батыс бағытында орындалған тасымалдаулар 123-156%

құрады. Осы ретте, темір жол көлігі де тасымалдау көлемінің максималды 20-

30% мөлшерінде артуын қамтамасыз  етті. Қалыптасқан жағдайда, Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі автомобиль жəне темір жол көлігінде тек жаңа тұжырымдаманы жүзеге асыру арқылы ғана «көлік инфарктінің» алдын алуға

болады.

       Ауыстырмалау операциялары орындалатын көлік тораптары (кемежайлар) мен шекара өткелдері темір жол көлігінің əлжуаз тұсы болатындықтан халықаралық көліктік–логистикалық орталықтарды (ХКЛО) осында құру қажет. Транзиттік көлік жəне тауар ағындарына қызмет көрсетудегі ХКЛО –дың міндеті - жүк ағындарын жинақтау, шоғырландыру жəне тарату. Түрлі көлік түйісетін бекеттердегі ХКЛО көліктік–логистикалық тораптың да қызметін орындайды. ХКЛО құрамындағы барлық кəсіпорындар тең құқылы жəне өздерінің қызметін жеке мүдделерін қорғай отырып, іс жүзіндегі инфрақұрылымды пайдаланып жүзеге асырады. ХКЛО бірнеше тəуелсіз кəсіпорындар интеграциясын білдіреді, бұл клиенттерге көліктік– логистикалық қызметтің жаңа деңгейін ұсынуға мүмкіндік береді. Интеграция

корпоративті (акционерлік) негізде қызмет етеді. Батыс Еуропа, АҚШ–та аймақтық тарату орталықтарының қалыптасуымен қатар, ірі өндіруші – компаниялар өз тауарларын əлемнің көптеген елдеріне жіберу, сақтау, өңдеу,

қызмет көрсету, тарату қызметтерін іске асыратын ХКЛО–тар құрады. Одердегі

Франкфуртта (Германия) дəл осындай орталық жұмыс істейді. Германияда осындай ХКЛО-дың интеграцияланған желісін құруда жүк өңдеу қызметтерін орындау жəне көліктік–логистикалық қызмет ұсынумен бірге, бірнеше жылға жасалатын контракті негізінде ХКЛО шекарасындағы темір жол қондырғылары мен алаңдар жалға беріледі. Мысалы, Бремендегі (Германия) аймақтық тарату орталығы (АТО) жобасы: қала мен аймақтар үшін қызметер аумағын кеңейту; аймақ экономикасындағы қала ролін арттыру; қызмет көрсетудің жалпы корпоративті логистикалық тұжырымдамасына шағын жəне орта кəсіпорындарды тарту; жүк ағындарын шоғырландыру жəне оларды қоршаған ортаға қауіпсіз көлік жүйесіне ауыстыру; қала көшелерін жүк көліктерінен босату; жер учаскелерін тиімді пайдалану; көліктік–логистикалық қызметті кеңейту, оларды бір орталыққа шоғырландыру арқылы құнын төмендету жəне т.б. Интеграцияланған көліктік–логистикалық жүйелер құрудың шетелдік тəжірибесі олардың негізін мультимодальді–терминалды кешендер жəне логистикалық көліктік–тарату орталықтары құрайтынын растады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

      Бүгінде тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстанның көлік саласындағы әлеуеті зор. Сол себепті отандық көлік инфроқұрылымын дамыту жұмысы 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарға сай жалғасатын болады. Мемлекеттің көздеп отырған негізгі міндеті – елімізді аймақтағы сауда-көліктік әрі іскерлік орталыққа айналдыру. Бүгінде ел Үкіметі көліктік-логистика жүйесін дамытудың арнайы жоспарын әзірлеуде. Оған сәйкес шекара аймағындағы бақылау шараларын барынша жеңілдетіп, тауар мен жүктерді республика арқылы тасымалаудың нақты кестесін әзірлеу көзделіп отыр. Барлық жұмыс «баға», «қызмет», «кепілдік», «жылдамдық» және «тұрақтылық» қағидаттарына негізделетін болады. Әрине, осы орайда еліміздің теміржол саласына үлкен үміт артылып отыр. Сол себепті «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы транслогистикалық оператор ретінде белгіленді. «Бұл Қазақстанның көлік саласындағы саясатының негізгі бағыты болып қала бермек. Әрине, аймақтағы әріптестік байланыстарын орнатпай, оның бәрін жүзеге асыру мүмкін емес», – дейді Үкімет басшысының орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Қамалиев алдағы жылдары еліміздің көлік саласындағы жүк тасымалы мен одан түсетін табысты екі есе арттыруды жоспарлап отыр. «2010 жылы Қазақстанның көлік дәліздері арқылы өткен 15 млн тонна жүктен 900 млн доллар көлеміндегі пайда түссе, 2015 жылы біз жүк транзитін 25 млн тоннаға дейін арттырып, одан түскен табысты 1,5 млрд долларға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз», – дейді ол. Бірақ ол үшін отандық көлік инфроқұрылымын барынша дамытып, транзиттік тасымал үшін барлық жағдайды жасап беру қажет. Бұл жұмыс 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында қолға алынып, көлік саласындағы 19 млрд доллардың 63 жобасы сәтті жүзеге асады деген сенім бар. Сол кезде отандық теміржол, әуе және теңіз қатынастарының көлемі барынша ұлғаяды. «Жалпы, 2015 жылға дейін біз ұзындығы 8415 шақырым болатын алты халықаралық маңызы бар көлік дәліздерін толығымен қайта жөндеп шығуды жоспарлап отырмыз. Ал 2020 жылда жаңа теміржол тораптары іске қосылатын болады», – дейді Б.Қамалиев. Министрдің хабарлауынша, ағымдағы жылдың соңына дейін «Алматы-Гонгконг» және «Астана-Париж» әуе рейстері ашылатын болады. Алдағы бес жылда тағы 15 әуе қатынасы іске қосылмақ. Осы ретте Белоруссияның көлік және коммуникация министрі Иван Щербо: « Бүгінде Кеден одағы, ал келесі жылдан бастап Біртұтас экономикалық кеңістік үш елдің халықаралық жүк тасымалы саласындағы әлеуетін барынша арттыра алады. Бірақ осы транзиттің жүру тәртібі әрбір елдің экономикалық жағдайларына тікелей байланысты. Осы уақытқа дейін біз біраз жұмыс атқарып, Кедендік одаққа мүше – Қазақстан, Белоруссия және Ресейде бәріне бірдей жағдай жасауға тырыстық». Ресей Федерациясы көлік министрінің орынбасары Николай Асаул:«Ресейде отандық көлік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бар. Биыл «Бюджет туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің арқасында бізде Федералды жол қоры құрылды. Оның арқасында 2014 жылдан бастап ұлттық жол тораптарын қалпына келтіру жұмысы басталады. Бүгінде біз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кіретін негізгі жол тораптарының анықталуын асыға күтудеміз».

      Қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы  игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық  экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем кабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым кұралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда. Көлік жүйелерін құру жəне олардың қызмет ету бойынша батыс елдердің тəжірибесін жалпылау нəтижесінде келесі қорытындыларды жасай аламыз:

1) Қазақстанда көліктік–логистикалық  орталықтар қалыптастыруда шетелдерде

КЛО орналастыру тұжырымдамасын пайдалану қажет;

2) Теңіз сауда көлігінің дамуын ескере отырып, республикада көлік түрлерінің

мультимодальді өзара əрекеттесуін тиімді ұйымдастыру үшін Ақтау кемежайында ішкі терминалдар құру тəжірибесін пайдалануға болады;

3) Көрсетілген қызметтер  үшін есеп айырысуды əзірлеу  мен оны жүзеге асыруды қамтитын көлік қызметтері көлемін кеңейту көліктік-логистика орталығының шеңберінде магистральді желілерді пайдаланушыларға сапалы

көлік қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

       Көлік дәліздерін дамыту және игеру – отандық тасымалдаушылардың көлік нарығындағы үлесін арттырудың бірден бір жолы. Көліктік қызмет экспортына сұраныс 2015 ж. әлемдік көрсеткіш бойынша жылына 8– 9м лрд. долл. жетуі мүмкін. Болашағы мол осы нарықта клиенттерге неғұрлым ұтымды шарттар ұсыну – маңызды, әрі шешімі табылатын міндет. Шетелдік тасымалдаушылар дәстүрлі айналмалы маршруттармен салыстырғанда, халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық құрамдасын пайдалану арқылы бір контейнерден 600 долл. дейін, әуе рейсінде 50 мың. долл. дейін үнемдейді. Бұл Қазақстан Республикасы арқылы өтетін транзиттік ағындар пайдасына шешудің маңызды дәлелі бола алады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕТТЕР

1. Транспортная стратегия Республики Казахстан до 2015 года.

2. ҚР статистика агенттігі. Статистикалық жылнама. - Астана, 2010.-516 б.

3.Источник: Федеральная служба государственной статистики РФ, Правительство РФ.Cominfo Logistics Solutions по открытым источникам

4. Прогноз пропускной  способности железнодорожных пограничных  переходов «Транспортная стратегия Республики Казахстан до 2015 года», проект «Специальная экономическая зона «Западные ворота Казахстана»

5. Прокофьева Т.А., Лопаткин О.М. Логистика транспортно-распределительных систем: региональный аспект. М.: Росконсульт. 2003 г. – 397с.

6. Сұлтанов К. Транзиттік жүк тасымалдары. Магистраль –2011. – №3. – 7 – 8 б.

7. Нұрбосынова Ж.Н.  Көліктік логистикалық жүйелерді дамытудың халықаралық тәжірибесі.

 


Информация о работе Көліктік логистика – логистиканың жетекші саласы