Көліктік логистика – логистиканың жетекші саласы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2015 в 17:08, реферат

Краткое описание

Қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика деген корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да (ақпараттық, қаржы, қызмет) ағымдарын тиімді басқару. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізінде бірікті.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Көліктік логистика – логистиканың жетекші саласы
Қазақстан Республикасындағы көліктік логистика кәсіпорындарының даму болашағы және оны жетілдіру жолдары
Көліктік логистикалық жүйелерді дамытудың халықаралық концепциясы мен тәжірибесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Көліктік логистика.docx

— 301.62 Кб (Скачать документ)

Логистиканың басқа да функционалдық салалары сияқты, тасымалдау логистикасының нақты бір белгілі шегі болмайды. Тасымалдау логистикасының әдістерін түрлі тасымалдауларды ұйымдастыруда қолданады. Дегенмен, бұл бөлімдегі зерттеу және басқарудың бастапқы объектісі жалпы пайдаланатын көлікпен тасымалдау үрдісінде орын алатын материалды ағым болып табылады.

 

Көліктік логистикалық жүйелерді дамытудың халықаралық концепциясы мен тәжірибесі

 

        Шетелдерде логистика өнімді өндіру, тарату жəне тұтыну саласындағы көліктік қызмет көрсетуді дамыту жəне жетілдірудің жетекші бағыты болып табылады. Батыс елдерде ұлттық жəне халықаралық бағдарламалар мен жобалар аумағында тиімді макроэкономикалық көліктік логистикалық жүйелерді қала, аймақ, мемлекет жəне халықаралық деңгейде əзірлеу мен жүзеге асырудың үлкен тəжірибесі жинақталды. Интермодальді тасымалдарды басқарудың терминалды логистикалық жүйелері, ірі көліктік-логистикалық орталықтар, таратушы компаниялар жұмыс істейді.

       АҚШ, Жапония, Франция, Германия сияқты елдердің жалпы ұлттық өнімінің 25-30% тауарлық- материалдық, қаржылық жəне ақпараттық ағындарды басқарудың логистикалық жүйесінің үлесінде. Жалпы алғанда, логистиканы көлік жүйесінің тиімді қызмет етуін ұйымдастыру, яғни тауар-материалдық жəне онымен байланысты ақпараттық жəне қаржылық ағындарды басқару деп түсінеді. Логистикалық тəсілдемені пайдаланатын елдердің тəжірибесі аталған əдістің көліктік кəсіпорындар жұмысының көрсеткіштерінде сандық тұрғыда магистральді көлік түрлерінің өткізгіштік қабілетін арттыруда, сапалық тұрғыда халықтың əл ауқаты деңгейін арттыруда көрініс табады.

       Көліктік стратегияларды қалыптастыру жəне дамыту саласында бар жəне

жаңа бастамаларды жүзеге асыруда нарықтық экономикасы бар батыс елдерінің

тəжірибесі маңызды роль атқарады. АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдерінің

аймақтық логистикалық жүйелері келесі бағыттар бойынша дамиды:

- өнімді таратушы логистикалық  орталықтар мен ірі аймақтық  көтерме

сауда делдалдарын құру;

- аймақ территориясында  жалпы пайдаланым қоймаларын  қалыптастыру

(салааралық қоймалар);

- аймақтағы өнеркəсіптік фирмалармен келісім шарт бойынша логистика

қызметтін атқаратын делдал логистикалық компанияларын құру;

- логистикалық делдалдар қызметін кеңейту.

      Əлемдегі ең сыйымды өткізу нарығы ретіндегі Батыс Еуропа елдерінде

аймақтық көліктік-логистикалық орталықтар құру идеясы пайда болды. Оның

нəтижесінде тауарларды тек қоймалау ғана емес, сонымен бірге, жеткізу жəне

өңдеумен байланысты өзара қызметтер біріктірілді, қызмет көрсетудің жана сапалы деңгейін ұсыну мүмкіндігі пайда болды.

      Көліктік-логистикалық орталықтар жүк қозғалысының логистикалық жүйесінде қойма жабдығы мен жеткізілімдер жүйесін түбегейлі өзгертетін, бөлшек сауда мен өнеркəсіптің шығару жəне қабылдау қоймаларын; ірі тасымалдаушылардың кеңейтілген қызмет көресететін (орап-қаптау, сұрыптау,

таңбалау) орталықтандырылған қоймасын; тоңазытқыш -қоймалар, кеден жəне

басқа да қоймалар; көліктік емес фирмаларға тиесілі жəне жалпы пайдаланымдағы жылжымалы құрам паркі мен көлік кəсіпорындарын, жүк станциялары мен жүк тиеу, түсіру қондырғыларын құрайтын мамандандырылған логистикалық кəсіпорындар болып табылады.

       Батыс Еуропада, АҚШ, Канадада, Жапония жəне басқа да мемлекеттерде

құрылатын аймақтық тарату орталықтарының (АТО) клиенттерге ұсынатын негізгі қызмет түрлеріне: жүкті бір немесе бірнеше көлік түрімен жеткізу; тиеу

– түсіру операцияларын орындау; аралық қойма, ыдыс таңдау, орау жəне пакеттеу; тасымалдауларды құжаттық рəсімдеу жатады.

        Жеткізуші мен тұтынушы арасындағы жүк жеткізудің логистикалық тізбегінің бір буыны ретінде Аймақтық тарату орталықтары көлік түрлерінің

үйлесімі жəне өзара əрекеттесуі, жүк ағындарының шоғырлануы жəне олардың

əрі қарай тұтынушыларға бөлінуі жүзеге асатын түйісу пункті болып табылады.

Аймақтық тарату орталықтарының басты міндеті ұсынылатын көліктік –логистикалық қызметтер кешенін кеңейту жəне оларды бір орталыққа шоғырландыру есебімен, құнын төмендету, корпоративтік негіздегі бірлескен

кəсіпорындар құру арқылы түрлі логистикалық қызмет көрсетулерді біріктіру.

Шет елдердегі жергілікті атқарушы органдардың көліктік-логистикалық орталықтарды құрудағы мақсаты – көлік жұмысын жақсарту, елді мекендерге

қатынайтын ірі жүк автомобильдерінің асқынжүктелуін төмендету, бірнеше көлік түрінің жұмысын үйлестіру, автомобильдік - темір жол жəне автомобильдік - су терминалдарын, қойма алаңдарын сақтау жəне аудару базаларымен байланыстыру. Осы типтегі көліктік-логистикалық орталықтарда

жүк ағындары шоғырланады. Сонымен қатар, мемлекеттің транзиттік қабілетін

дамыту үшін тарату сипатындағы көліктік–логистикалық орталықтар құрылды.

Мысалы, бірқатар елдерде (Испания, Бельгия, Нидерланды) транзитті жүк ағындарын дамыту мақсатында көліктік – логистикалық орталықтар шектесетін

елдермен ортақ шекарада құрылды. Нидерландыда жүргізілетін көлік саясаты

жүк өткізумен қатар, ел арқылы өтетін жүк ағынынан табыс табуға игі əсерін

тигізді.

         Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, көлік жұмысына қолайлы жағдайды жақсарту жəне оның салдары ретінде елді мекендер магистральдарын босату

жергілікті атқарушы органдардың ниеті болды, олар салынатын көліктік– логистикалық орталықтар мен жүк терминалдарын құрылтайшылары болды.

Акционерлері муниципалиттер мен жергілікті органдар болып табылатын мемлекеттік компаниялармен бірге, жеке меншік кəсіпорындар да бар (Франция). Италияда жүкті тасымалдау мемлекеттік реттеу белгіленген көрсеткіштер негізінде салынатын көліктік–логистикалық орталықтардың саны

жəне саланы дамытуға жоспарланған супсидия көлемі көрсетілетін жоспар негізінде жүзеге асырылады. Тұтынушыларға жүк жеткізу жəне оған ілесу, қойманы жəне жабдықтарды жалға беру көліктік–логистикалық орталықтардың

ұсынатын қосымша қызметтері болып табылады. Германияда, көліктік– логистикалық орталықтар орналасатын кемежайларда айлақтар өңделетін жүк

түріне байланысты мамандандырылған.

       Көліктік–логистикалық орталықтар жалпы ауданы əрі қарай кеңейту есебімен 100га - дан астам болады. Бельгияда көліктік – логистикалық орталықтарға мысалы, əрі қарай дамыту үшін жеткілікті жер учаскелері бөлінеді. Алайда, соңғы жылдары қалыптасқан үрдіс көліктік–логистикалық орталықтарды құруда көлік инфрақұрылымының ғана болуы жеткіліксіз екенін

аңғартты.

       Сондықтан, IT шешімдері базасында құрылған, көп сапалы, əрі күрделі инфрақұрылым бірінші кезекке шығып отыр. Еуропадағы осындай аймақтық

логистикалық жүйе жақын болашақта Мадрид, Валенсия жəне Барселонаға баратын жолдар қиылысында орналасқан, Еуропаның оңтүстік батыс бөлігіндегі басты көлік торабы жəне дистрибуция орталығы болуға үміткер Сарагоса (Испания) қаласында салынады деп жоспарланған. Ауданы 12 млн.кв.м. құрайтын осы еуропалық логистикалық паркте кеден терминалы бар ірі көлік торабын қалыптастыру көзделіп отыр. Теңізбен тасымалдау, кемежайлар, құрлық бетімен тасымалдаушылар өзара əрекеттесуші жүйелер ретінде қарастырылатын интегралды тұжырымдамадағы интеграцияның тағы бір ерекшелігі – ішкі контейнерлер қоймаларының ашылуы. Бұл қоймалар ішкі кеден немесе тауарларды ел ішінде кедендік тазарту қоймалары, ішкі терминалдар немесе ішкі кемежайлар ретінде белгілі. Контейнерлермен өткізілетін операцияларды ел ішіне ауыстыру екі негізгі мақсатты көздейді:

- қалалық жағалау желісінің  асқын жүктелуінен туындайтын  шектеулерді

жеңілдету;

- контейнерлерді алушыға  мейлінше жақын түсіру арқылы  тауарларды

тарату экономикасын жақсарту үшін контейнерлік тасымалдауларды кеңейту.

       Ішкі терминалдың пайда болуы кемежайлар жұмысының өзгергендігін, кемежай инфрақұрылымының жаңа ролін, кемелердің кемежайларда тұру уақытын азайтуды білдіреді, осылар арқылы кемежайдың өткізгіштік қабілетін

арттыруға болады. Жұмысының ерекшелігіне байланысты ішкі терминалдар

кемежай маңындағы аймақта емес, одан едəуір қашықта орналасуы мүмкін. Автомагистральдардың, темір жолдар мен теңіз кемежайларының қол жетерлігі интермодальді терминалдарды орналастыруда басшылыққа алатын талаптың бірі. Оған қоса, олар əдетте өнеркəсіптік жəне сауда орталықтары мен шекаралық өткелдерге жақын орналасады. Ішкі терминалдардың атқаратын

қызметтер көлемі өте үлкен. Ол контейнерге жүк тиеліп, түсірілетін, жүк жинақталатын, сұрыпталатын, бөлінетін, ыдысқа салынатын, жүк орайтын операцияларды орындайтын орталықтар ретінде контейнерлерді кемежайларға

немесе ел ішіне тасымалдауға дайындайды. Терминал жүкті кедендік тазалау

жəне сақтау үшін немесе əр түрлі тағайындалу бекеттеріне арналған контейнерлерді сұрыптау станциясы ретінде қызмет етуі мүмкін. Көлік жүйесін тиімді ету үрдісі жəне құрлықтағы тасымалдау шығындарының артуы контейнерлер үшін тиімді ішкі таратулар жүйесін енгізуге əкеліп соғады, мысалы, жинақталған жөнелтілімдерді жасақтауға, маршрутты контейнерлік пойыздардың пайда болуына, осылар арқылы ішкі терминалдардың ілгері дамуына елеулі ықпал етеді. Бұл терминалдар аралас тасымалдаулардың айнымас бөлігі - халықаралық феномен болып табылады.

       Батыс елдерінде пайда болып, олар біртіндеп əлемнің басқа бөліктеріне

(Үндістан, Бразилия, Парагвай, Кения, Нигерия, Оңтүстік Африка жəне т.б.) тарады. Қарастырылған қойма контейнерлік тасымалдаулардың күрделі проблемасы - бос жүруді шешуді жеңілдетеді. Контейнерлерді кемежайдан ішкі пункттерге тасымалдайтын ірі жүк машиналары көбінде кері қарай бос контейнерлермен қайтады. Сондықтан, ішкі аймақтық қойма кемежайға арналған жүк ұсына отырып, бос жүру көлемін қысқартады. Оның үстіне, көбінде автокөлік фирмалары кері бағыттағы жүк тасымалын кем бағамен орындауға келісім береді.

       Шет елдерде көліктік–логистикалық орталықтарды құру бойынша келтірілген схемалар негізінде келесі қорытындыларды жасауға болады:

1) көліктік–логистикалық  орталықтарды құру ірі қалалардағы  көлік жұмысын

жақсартуға, көршілес мемлекеттермен транзиттік əлеуетті дамытуға қызмет етеді. Сол үшін олар шекаралық өткелдерде құрылады. Тасымалдау тиімділігін

арттыру жəне интермодальді тасымалдауға кемежай асқынжүктігін жою үшін

құрлық – теңіз тасымалдауында ішкі құрлық терминалдарын құру үрдісі байқалады.

2) көліктік–логистикалық  орталықтар кемежай, автостанция, əуежай, темір жол

станциялары сияқты жүк қабылдау бекеттеріне қызмет ету мақсатында жүк тасымалдаушы магистральді жолдар тоғысында орналастырылады;

3) көліктік–логистикалық  орталықтар контейнерлік алаңдары, кемежай айлақтары қабылданатын жүктің түрі бойынша мамандандырылады;

4) көліктік–логистикалық  орталықтарды құруға көбінде  жергілікті атқару органдары ниет білдіреді, жеке кəсіпкерлердің көліктік–логистикалық

орталықтарды ұйымдастыру тəжірибесі бар.

5) көліктік–логистикалық орталықтардың негізгі мамандануы - жүкті тұтынуға жеткізу жəне ілесу, сондай – ақ қойма мен жабдықты жалға ұсынатын жүк жинақтаушы ретінде əрекет ететіндер де кездеседі.

6) Батыс Еуропа мемлекеттері  арасында жүк тасымалдау осындағы  елді мекендердің тығыз, əрі орналасуы себепті автомобиль көлігімен жүзеге асырылады, қатынастың темір жол арқылы орындалуы аз дамыған.

7) көліктік–логистикалық орталықтар аутағы 100 га жəне одан жоғары. Халықаралық көлік дəліздері жүйесі инфрақұрылымының қажетті элементі ретіндегі көліктік–логистикалық орталықтардың дамуы екі деңгейлі тұжырымдаманың негізінде жүзеге асады. Ірі қалалар англомерациясы шегінде бірінші деңгейлі көліктік–логистикалық орталықтар, немесе жүк ағыны шоғырланған КЛО-тар құрылады. Осындай КЛО–тардың артықшылықтарына: қала шегінде қоймалар орналасқан жер учаскелері босатылады, қоймадан жүк тасымалдауда қала көшелері босайды, себебі КЛО –ларды құру арқылы тауарлар барлық қажетті пункттерге ортақ терминалды кешеннен, көшелердің автокөліктен біршама босаған уақытында жүзеге асырылады. Жер учаскелерін үнемдеу жəне улы газдан ықпалын кемітуден басқа КЛО –да барлық қатысушылардың қымбат тұратын тиеу жабдығын пайдаланудан өзара əрекеттесу эффектісіне – синергетикалық эффектіге қол жеткізуге болады. Екінші деңгейлі немесе жүк ағындарын таратушы КЛО–тарды орналастыру үшін бірнеше магистральді жолдар тоғысатын аймақ қолайлы. Екінші дəрежелі КЛО негізгі ерекшелігі – аймақтық көліктік–логистикалық қызмет көрсету. КЛО мəртебесіне ие аймақтық көлік торабында жылжымалы көлік құрамын, станция, кемежай, терминал сияқты өзара белсенді əрекеттесуші түрлі көлік түрлері кешендерінің, сонымен бірге жүк қозғалысының оңтайлы көліктік–логистикалық тізбегінің қалыптасуын қамтамасыз ететін жəне ортақ ақпараттық кеңістік аумағында əрекет ететін инфрақұрылымы (жергілікті немесе территориалды бөлінген) болуы тиіс.

Информация о работе Көліктік логистика – логистиканың жетекші саласы