XX ғасыр қазақ қыздарының бейнесін сатылай кешенді талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 20:52, реферат

Краткое описание

Сюжеттің басталуы – әңгіменің, шығарманың кіріспесі іспетті, әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы қал-жағдай. Романның басталуы – Қамар мен Ахметтің бірін-бірі іштей ұнатуы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әйел теңсіздігі.docx

— 38.86 Кб (Скачать документ)

XX ғасыр қазақ қыздарының  бейнесін сатылай кешенді талдау




1. Авторы: Сұлтанмахмұт Торайғыров(1893-1920)




 


 

 

 

2. Тақырып – жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, көркем шығармаға арқау еткенөмір құбылыстарының тобы.

Романның тақырыбы: XX ғасырдың басындағы әйел теңсіздігі




 

3. Әдеби жанр: Эпос – өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін терең ашып, жан-жақты дамытатын күрделі жанр.

Роман – ойдан өрбітіп баяндалған тарихи дәуір ұғымын білдіретін кең көлемді эпикалық түр.




 

 


 

 

4. Идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, бағасы.

Романның идеясы: XX ғ. басындағы  қазақтың әлеуметтік –теңсіздік мәселесі, іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтеру.




 

 


 

 

5. Шығарманың композициялық  құрылысы – сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін реттеп, қиыннан-қиыстырып тұратын ой бірлігі. Сюжет – көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы, тәсілі.

5.1. Сюжеттің басталуы  – әңгіменің, шығарманың кіріспесі іспетті, әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы қал-жағдай. Романның басталуы  – Қамар мен Ахметтің бірін-бірі іштей ұнатуы.

5.2. Сюжеттің дамуы  – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті шығарма арқауындағы енгізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі. Романның дамуы – Ахметтің Қамарға  сезімін хат арқылы білдіруі.

5.3. Сюжеттің шиеленісуі  – оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің ширығуы. Романның шиеленісуі – Қамардың  Жорға Нұрымға өзінің қалауынсыз тұрмысқа шығып, сырқатқа шалдығуы.

5.4. Сюжеттің шарықтау  шегі – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы. Романның шарықтау шегі – Қамардың дүниеден өтуіне байланысты, Ахметтің Жорға Нұрымды өлтіруі.

5.5. Сюжеттің шешімі  – суреткердің өзі суреттеп отырғанөмір шындығына өзі шығарған қорытындысы, күрделі күрестердің бітуі. Романның шешімі – Ахметтің өлімі.




 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Шығармадағы  кейіпкерлер:

6.1. Жағымды: Қамар, Ахмет, Омар.

6.2. Жағымсыз: Нұрым, Оспан, Қалтан қажы,Әбділдә ишан, Көңілбай бақсы.





 

 

 

7. Әдеби-теориялық  ұғымдар:

Эпитет - ғашық оты, шын сыр, жаутаңдаған көз, бал тамған майда бұлбұл сөзі

Теңеу - Алмас қылыш жүзіндей, талпынып қол сермедім ұшқан құсқа, атқан оқ секілді




 


 

 

 

8. Тәрбиелік мәні: жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастау




 


 

XX ғ. басындагы қазақтың  іріп-шіріген билеуші табының  өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке  қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык  әдебиеттің ірі өкілі етті.

 

«Қамар Сұлу » романындағы Қамардың бейнесін автор:

 

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай.

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып толып тұрған сәні қандай? -

 

деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде:

 

Еріткен іші-баурыңды көзі қандай,

Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.

Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,

Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай!

Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі,

Қайнамас оны көріп кімнің іші?

Алмас қылыш жүзіндей аударылған,

Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі.

Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып,

Бойының мінсіздігі оның асып.

Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді,

Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып.

 

Осылайша автор қазақ қызына тән барлық қасиеттерді жырлайды. Қамардың бойына  барлық қазақ қыздарының түрлі қасиеттерін біріктіреді. Қамардың бейнесін ашқанда жоғарыдағы күрделі  эпиеттерді қолданған.

 

XXI ғасыр қыздары  туралы

Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовқа көзі тірісінде «XXI ғасырдың қыздары туралы пікіріңіз қандай?» деген сұрақ қойып, қарт қаламгердің пікірін білген едік. Әлдеқашан бақилық болған әз ағаның қазіргі қазақ қыздары жайлы айтқан толғамын ұсынып отырмыз.

 Әзілхан Нұршайықов:

  - Қазіргі қыздардың түрі, түсі бұрынғы ғасыр қыздарына ұқсағанымен бұлар ұлттық үлгіден ауытқып бара жатыр. Қазір көптеген қыздар ана тілінен алыстап, ұлттық дәстүр, салт-санадан мақұрым болып барады. Олар үйде де, көшеде де, аудиторияда да, мекемеде де қазақша сөйлеспейді. Қазақ кітаптарын оқымайды. Радио, теледидардың қазақ тіліндегі хабарларын тыңдамайды. Қазақ тілінде ән салынып, қазақ күйлері тартылып жатса, ол каналды өшіре салады. Қазақтың тамаша ұлттық салт-дәстүрлерінен мүлде хабарсыз. Оны білгілері де келмейді. Бір сөзбен айтқанда қазіргі қазақ қыздарында ұлттық рух жоқ.

Қазіргі қыздар тым сәнқой. Сәнқойлығы сондай, көп қыздар жазда жалаңаш (ашық-шашық деген мағынада), қыста жалаңбас жүреді. Жылуы жоқ жұқа бешпет, капрон шұлық киіп, қалтырап сабаққа не қызметке барады. «Қарағым-ау, бүйтіп жүріп денсаулығыңды жоясың ғой!» дегің келеді оларға. Жоқ, оларға денсаулық емес, сән керек. Санасын сән билеп кетсе, не дерсің оларға?!

Қазіргі қыздар тарқылдап күледі, қайқаңдап жүреді. Үлкендерге ізет жасауды білмейді – ұлттық сыпайылық жоқ.

Қазіргі көп қыздар жігіттермен көшеде сүйіседі, көз таса жерде — «құлай» кетеді – ұлттық ұстамдылық жоқ.

Қазіргі көп қыздар пәктігін сақтамайды. Пәктігі жоқ қыз байға тигенде бақытсыз болатындарына мән бермейді. Пәктігінен ерте айрылған қыз салдақы болады. Салдақыдан сарамас туады. Ұлт ұрпағы осылай азады.

Қазіргі көп қыздар махаббатты мансұқ етті. Көшеде сүйісе салып, күйеуге шыққан қыз алты күннен, немесе алты айдан кейін ажырасып тынады. Қайтадан қылмыңдап, «қыз» бола қалады.

Қазіргі көп қыздар күйеуге тисе, бір баладан артық көтермейді. Сонда ұрпақты кім жалғастырады, ұлтты кім көбейтеді?

Қазіргі кейбір қыздар жас кезінде жүргіш болғандықтан ұлғайғанда жалғыз қалады. «Кәрі қыз» атанып, өксікті өмір өткізеді. Ондай өмір кімге керек?

XX ғасырдың қыздары жасырын  жердің бәрін жауып ұстайтын. Қыздардың қос анарын торситып, кіндігін көрсетіп, сандарын жарқыратып  жүруі еркектерді «ереуілге»  шақырады. Ойнасқорлық осыдан туады. Тал бойыңдағы ақ жүзің мен  ақ білегіңнен өзге құпия жерлерді  қымтап ұстасаң  өлмейсің, ешқандай  қызықтан құр қалмайсың. Мәдениетің  төмендеп, ақылың азайып кетпейді, қыздар. Денені жалаңаштап ұстау  сән емес, санасыздыққа саятынын, оның ақыры сексқұмарлыққа соғатынын  ұмытпаңдар, айналайындар.

Біздің қыздарымыздың көбінің теледидарға еліктеп, байға шықпай, бала таппай, сексқұмар болып бара жатқаны жаныңды қинайды. Ал қазақтың кейбір зиялы деген азаматтарының, үлкенді-кішілі шенеуніктердің, қалталы байлардың жас қыздардың «шырынын» соруға құнығып алғаны қаныңды қайнатады. Осының бәрі ұлтымыздың  соры екенін ұғынсақ етті.

Экономикамыз өсіп келеді, еліміз байып барады дейміз. Рухың өшіп, ұлтың азайып азып кетсе, ол экономика кімге керек? Не пайда? Осыны да ойлауымыз керек қой!

Қыздардың бәрі бақытты болғысы келеді. Бақытты болу үшін байға ти, бала тап. Ұрпақ өсір. Ұлтыңды көбейт. Сөйтіп, артыңда алтын із қалдыр. Бақыт деген осы!

Қыздар! Бой түзеп, «Болашақта» оқығандарыңа мастанбаңдар. Университет тауысып, үкілі қызметке қолдарың жеткеніне мақтанбаңдар. Сендерің затың әйел болғандықтан ең басты міндетің ана болып, бала өсіру екенін ұмытпаңдар. Ең басты парызың –  ана болу екенін ұмытпандар. Осы ұлы қызметті ойдағыдай атқарғаннан кейін қызмет істесең де кеш қалмайсың. Кеңседе отырып «қағаз кемірмеймін» десең, Ана болу да – ұлы қызмет!  Ал өне бойыңды талант кернеп бара жатса оның жөні басқа .

Ертең ұлттың ұрпағын тәрбиелейтін, қыздар сендерсіңдер. Біздің ұлттық ұлылығымызды жойып, «Халық» деген қасиетті аттан айырып, әлде бір ұсақ ұлыс-аймаққа айналдырып жіберу де, қыздардың қолдарыңда.

Қыздар пәк болмай, тәні таза, жаны ұлағатты болмай, ұлт сақталмайды, азғындап, азып-тозып бітеді.  Ұлттық ұлы жауапкершілік өз мойындарыңда екенін ұмытпаңдар, қыздарым, қарақтарым, қалқаларым!

Жазып алған: Нұрболат Өнерханұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желіккен жеңгейлерге

(Кейбір келіссіз  мінездерге)

 

Түнімен ұйықтап, түсте тұрады,

Кейде сағат үште тұрады,

Бір-екі сағат жуынып жүреді.

Үйдің апшысын қуырып жүреді

Бір-екі сағат айнада тұрады,

Бір бетін, бір сыртын айнаға бұрады.

Сипалап майлап, сылайды келіп,

Дударлап шашын бұрайды келіп,

Қампиған қарны икемге келмей,

Резинкамен қынайды келіп.

Модадан мода таңдайды келіп,

Тастайды қас пен маңдайды керіп.

Өзі бір басқа, киімі басқа,

Не көрсе соның бәріне жерік.

Істейтін түк те жұмысы болмайды.

Үй ішімен бір ісі болмайды.

Сондықтан жеңгей еріге түседі.

Еріккен жеңгейлер желіге түседі.

Телефонды алып звонит етеді,

Звонит етсе - ақ машина жетеді.

Мастерской мен магазин қалмайды,

"Ателье модтардың " киімін таңдайды.

Сәл ашуланса ауырып қалады,

Сәл көңілденсе сауығып қалады.

Біреудің алтын сағатын көрсе,

Иісмай, яки жағатын көрсе, —

Есебін тауып сатып алады.

Сатып алмаса жатып алады.

Кесе де сынады, шайнек те сынады,

Есік, терезе, әйнек те сынады.

Амалы бар ма күйеуі жазған ?!

Қалтасындағы береді де шығады.

Байына жеңгей есеп береді,

Екеуі отырып есепке енеді:

Жиырма-отыз сом қасына керек,

Қырық-елу сом шашына керек,

Он-он бес сом тырнаққа керек,

Бес-алты сом қымбат та береді.

Пудра - мудрасы бар,

Шашының кудрясы бар,

Одеколон, духи бар,

Біз өкше туфлиі бар,

Мойнында тағы түлкісі бар,

Үш жүз сомдық сумкасы бар,

Айна менен тарағы бар,

Толып жатқан бөлек - салағы бар...

Қалап жүріп қалпақ алады,

Қалпағы бір күнде салтақ болады.

Өйткені: бір күн шекесіне киеді,

Келесі күні желкесіне киеді.

Онан соңғы күні төбесіне киеді.

Қалпақ пен шашта тыным болмайды,

Ұйпалай берген соң бұрым да оңбайды.

Әліпті бірақ таяқ деп білмейді,

Оны өзіне ұят деп білмейді.

Ең үлкен жұмысы шайға отырады.

Тәтті пирожный майға отырады.

Сәл дәмсіз болса, сілкіп тастайды,

Сұлық пен қолын сүрте бастайды.

Бір баласын нұқып қалады,

Бір баласын түртіп қалады.

Бірін-біріне соғады.

Бірте-бірте іріге соғады.

Ұзыннан-ұзақ қыңқыл шығады,

Қыңқылдан барып, ыңқыл шығады.

Путевка алып, Қырымға кетеді,

Көлденең небір шығынға кетеді.

Күйеуі мұнда қарызданып жатады,

Белшесінен қарызға батады.

Біз мұны айтқанда:

Киме демейміз, ішпе демейміз,

Машина мініп, түспе демейміз,

Ішу де, жеу де, кию де керек,

Құр масылдыққа тыю да керек.

 


Информация о работе XX ғасыр қазақ қыздарының бейнесін сатылай кешенді талдау