XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 17:31, дипломная работа

Краткое описание

Диплом жұмысыныц пәні - XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасу тарихы Жетісу өнірінің қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерді аңғаруға және бай тарихын тура түсінуге өз септігін тигізе алатын сол тарихи мезгілдегі қалыптасу және даму ерешеліктеріне тарихи талдау жасау болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы териториясының тарихи монографиялар мен анықтамаларды зерттей отырып анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

КІРІСПЕ.docx

— 1.52 Мб (Скачать документ)

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              КІРІСПЕ

       Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін қазақ жүздерінің тарихынан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Жетісу облысының құрамындағы Қапал , Верный, Жаркент, Лепсі уездерінің территориялық сипаттамасы. Дипломдық жұмысқа Жетісу облысының құрамындағы Қапал , Верный, Жаркент, Лепсі уездерінің XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы мен орналасуы талдауға алынады.

       Тақырыптың өзектілігі. Кез келген мемлекеттің негізгі тірегі және басты байлығы сол елді құраған халқы болып табылады. Ал сол халықтың алға қарай адымдап дамуын зертеуде тарих ғылымының алар орны ерекше. Себебі, тарих халықтың өзін-өзі тануына жэрдемдесіп, ұлттық намыс, ел бірлігі және мемлекеттік мүдде деген үғымдарды қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға үйретеді. Ұлттың шынайы тарихы ұлттық идеологияның қалыптасуының да негізгі қайнар көзін құрайды. Сондықтан тарихи білім беруге үздіксіз көңіл бөлінуі қажет. Қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркі жұртын терең де бай тарихы жоқ қауым етіп көрсетуге тырысқан евро центризм идеалогияға негізделіп төл тарихымызды тура қорытып, түсінуге кедергі болатын түрлі қиындықтар туғызуға біраз күш салды. Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі халқымыздың ұлттық сана-сезіміне қорғау салып аға ұрпақтардың түрлі тарихи кезеңдердегі қызметін, күрделі тарихи оқиғалар мен процестерге байланысты ұстанымын неғұрлым тереңірек түсінуге жол ашты.

       Тарихи жадтың қайта жаңғыруы еліміздің тарихшыларына тәуелсіз Қазақстанның шынайы тарихын жазып, соның негізінде жаңа, жасампаз тарихи сана қалыптастыру міндетін жүктеді. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дұрыс атап көрсеткеніндей, «тоталитаризмнің психологиялық зардаптарынан арылу біздің болашақты жобалау үшін ғана емес, өткенді жаңаша түсіндіру үшін де қажет»[1, 296 б.]. Еліміздің жүріп өткен жолын тура да терең қорыту ісінде жеке территориялық - әкімшідік аймақтардың тарихи даму ерекшеліктерін ғылыми талдауға алудың маңызы зор. Сол арқылы елдің бай да көп қырлы тарихын неғұрлым дәлірек түсінуге жол ашылмақ, және сонымен бірге ел өмірінде түрлі тарихи кезеңдерге бастау алған үрдістердің себеп -салдарын анықтауға мүмкіндік тумақ.

      Қазақстанның территориясында  көнеден келе жатқан шаруашылықтың  басты түрі көшпелі және жартылай  көшпелі мал шаруашылығы болды.  Әрине, Қазақстанда жер өңдеу  жұмыстарының да негізі ертеде  болған Бірақ, олар шаруашылықтың  бұл түрімен айналыса қоймады.   Ал мал шаруашылығына келсек, ол  XX ғасырдың басына дейін қазақтардың өмірінде негізгі роль атқарды. 

     Көшпелі мал шаруашылығының ерекшелігі - малды жыл бойы жайылымда ұстау болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрі тұрақты қыстаудың болуын және малды маусымдық жайылымға жаюды қажет етеді: көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдар және қыстау. 

      Көшпелі шаруашылықты  жүргізудің мұндай тәртібі көп  ғасырлар бұрын қазақ халқы  қалыптаспай тұрып орнаған. Алайда, ол этникалық прцестердің бір  бөлігі болғандықтан, тайпаның тарихымен  тығыз байланысты болды. Қазақстанның  ұлан-байтақ территориясы оның  әр аймағында белгілі бір тайпалар  шоғырланған табиғи-экономикалық  аймақтардың қалыптасуына себеп  болды. Міне, қазақ қоғамы мен  мемлекетінің даму ерекшелігін  түсіну үшін тайпалар туралы  қысқаша болса да айту керек.

       Қазақ елінің Патшалық Ресейдің қол астына қарауы және оның тарихи ата мекенінің бөгде мемлекеттің меншігі болып жариялануы билік жүйесіндегі құрылымдық өзгерістермен қатар, қазақ даласында қалалық орталықтар мен кәсіпкерліктің қалыптасуына жағдай туғызды. Үдеріс толқынында уездік қалалар өмірге келді. Олар белгілі мерзімде бекініс, экімшілік, экономикалық-сауда орталығы міндеттерін бірдей атқарды. Өз ретінде бұл өзгерістер аймақтық кәсіпорындар мен сауданың дамуына, халықтар санының артуына, көшпелі халықтың мәдени бейнесінің өзгеруіне өзінше ықпал ете бастады.

      Міне осы аталған жағымды өзгерістермен бірге жергіліті халық өмірінде қаішлылықты, жағымсыз қүбылыстар да етек алды. Жаңа орнылған орыс билігі  өз қолына бүкіл әкімшілік және сот билігін шоғырландыра отырып, оның қызметін алдымен өз мүдесіне бағындырды, жергідікті халықты бөліп - жарды, жер тапшылығын туғызды, саяси құқын шектеді. Басқаша айтқанда, біз қарап тан мезгілде әрқилы қоғамдық-әлеуметтік жағдайлары күрделі де қайшылықты үрдістермен сипатталды.

        Бұған қосымша Жетісу өңірі шекаралық аймақ-тын . Міне бұл жағдай да оның күнделікті өміріне елеулі ықпалын тигізбей қоймады. Әсіресе XX ғасырдың алғашқы он жылдықтарында өңір қауырт экономикалық және саяси өзгерістер жолында тұрды.

       Тақырыптың деректік қоры. Қазақтардың жүздерге бөлінуі - тарихи дәрежедегі (категория) мәселе. Ол әлі өзінің түбегейлі шешуін таба алмай келе жатыр. Бұл туралы бұрын-соңды әртүрлі пікір айтушылар, болжаушылар аз болмаған. Оларды үш тарихи кезеңге бөліп қарауды жөн көрдік: Қазан төңкерісіне дейінгі, Кеңес Үкіметі жылдарында және тәуелсіз Қазақстан кезінде.

       Батыс  Еуропа мен Ресей тарихи жазба  әдебиеттерінде, орта ғасырда түріктердің  жүздерге бөлініп орналасқаны  туралы мәліметтер кездеспейді.  Тек, Ресей империясының Қазақстанды  отарластыра бастаған кезеңінен  бастап орыс ғалымдарының, саяхатшыларының  жазып қалдырған деректері бар. 1731 жылы Кіші жүзге келген орыс  дипломаты М. Тевкелев қазақтардың  үш жүзге бөлініп жайласқанын  жазған[2].

       «1731 жылдың  аяғында қазақтардың бодандығы  туралы келіссөз жүргізу үшін  Кіші жүзге келген тілмаш М.  Тевкелев Бөгенбай батырдың айтуынан: «...Қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтқанда: Ұлы жүз, Орта  жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта  орда, Кіші орда)» деп жазып  алған[3]. Келтірілген үзіндіде М.  Тевкелевтің «тілмаш» дегені  ол Ресей империясының арнайы  Қазақстанға жіберген дипломаты екенін ескеру қажет. Оның үш жүз туралы жазғанына қарағанда, Ресей Үкіметінің әлі де болса қазақтар туралы мәліметтері онша жетік болмағанға ұқсайды. 1731 жылы Кіші жүздың ханы Әбілқайыр Ресей империясына бодан болғаннан кейін, Ресей Үкіметі Қазақстанға әртүрлі мамандарды, солардың ішінде ғалымдарды жыл сайын жіберіп жатты. Олар жаңадан отарласып жатқан жерлердің табиғи-географиялық ерекшеліктерін, байлығын және тарихы мен мәдениетін кешенді көлемде зерттей бастады. Оның үстіне, Ресей үкіметінің чиновниктері мен әскери офицерлері қазақ халқының тарихы туралы өздерінің шамасы келгенше мағлұматтар жинады. Солардың ішінде шығыстану бойынша маманданулы ғалымдар да болды. Олардың жазып қалдырған еңбектерінде Қазақ халқының жүздерге бөлінуіне де  көңіл  бөлгені  байқалады.  Бұдан  кейінгі  И. Кириллов , П.И. Рычков , В.П. Татищев [4], Г. Волконский, И.Г. Георги, А. Левшин және  т.б. Ресей ғалымдары көбінде қазақтардың үш жүзге бөлінгеніне үстіртін тоқталған[5]. Мысалы, В.В. Вельяминов-Зернов қазақтың жүздері ХVІ ғасырдың екінші жартысында Хақ-Назар ханның тұсында бөлінген деген[6]. ХVІІІ-ХІХ ғғ. Ресей ғалымдарының ішінде қазақтардың жүздерге бөлінуіне көбірек көңіл аударған Орынбор генерал-губернаторы Г.С. Волконский «Қырғыз-қайсақ ордаларының жай-күйі туралы түсінігінде» жүздер туралы біршама мәліметтер берген [7.313-б].

     Бұдан кейін  Орта жүзге кіретін алты тайпаны  атаған: арғындар, наймандар, қыпшақтар,  керейлер, уақтар және қоңыраттар.Г.  Волконский мәліметі бойынша  барлығы 159 000 отбасы болған[8].

   Г.С. Волконский  Кіші жүзді үш тайпа бірлестігінде  қараған: байұлы, әлімұлы және  жетіру. [9].Г. Волконскийдің берген  деректерінде жалпы байұлы 62 400 шаңырақты  құраса, әлімұлы - 53 700; жетіру - 27 600 шаңырақ  болған. Жалпы, Кіші жүзде - 16 700, ал үш жүзде - 485 100 шаңырақты  құраған[9].

       1803-1817 жж. Г.С. Волконский Орынбор генерал-губернаторы  болып тұрған кезде, қазақтардың  арасынан үш жүзге тиісті деректерді  жинап, жоғарыдағы еңбегін жазған. Оның қолына түскен мәліметтер  үстіртін, бұрмаланған, шамамен айтылған  ауызекі деректермен шектелген.  Сондықтан да, оның еңбегінде  көрсетілген рулардың, тайпалардың,  жалпы үш жүзді құрайтын қазақтардың  саны жарым миллионға жетпейді. Кейінгі мәліметтерге қарағанда,  ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақтардың саны  көп болған. 1998 жылы жарық көрген  «Қазақстан тарихында» ХVІІІ ғасырдың  бірінші жартысына тура келетін  қазақтың саны берілген: «Егер  шаңырақта 3 адам болды деген  коэффициентті алсақ, Ұлы жүзде  - 399 000 адам, Орта жүзде - 478 200, Кіші  жүзде - 497 100, ал үш жүзде барлығы  1 млн 374 300 адам болып шығады». 

       Алайда  Г. Волконскийдің мәліметтерін  түпкілікті мәліметтер қатарына  жатқызуға болмайтынын жазба  деректерде жазылған. Бұл келтірілген  пікірді қолдаймыз. Г.С. Волконскийдің  мәліметінде қазақтардың санын  өте азайтып көрсеткен. Автор  жергілікті халықтың тұрмысымен, жалпы менталитетімен таныс емес, тек ел арасынан үстіртін айтылған  деректерге негізделген. Ол кезде  қазақ арасында адам санағы жүргізілмеген. Тарихымыздан алынған қазақтың үш жүзіне кірген қазақтың саны 1 млннан асқанмен, 1 шаңырақта 3 адамнан деген коэффициентте біздіңше өте аз. Орта есеппен қазақтың бір отбасында 4-5 адам болған.

        Қазақтардың  отбасылары ежелден көп балалы  болғанын естен шығаруға болмайды. Бұл пікір қазақтың мақал-мәтелдерінде  кең сәуеленген: «Балалы үй базар,  баласыз үй қу мазар»; «Алты  ұл туған ананы - Ханым десе  болады»; «Жаман да болса ұрпақ  қалсын - өз орныңда отың жансын»;  «Ержігіт ел үшін туады, Ел  үшін өледі»[10].

       Халықтың  қанатты сөзінен келтірілген  үзінділерде қазақтың отбасылары  көп балалы болуды қалағанын  көрсетеді. Барлық халықтар сияқты  қазақтар да ұрпақ қалдыруды  мақсат еткен және елін қорғайтын  ер азаматтарды айрықша көбейтуге  тырысқан. Қазақтың ұлан-ғайыр жерін  қорғайтын ержүрек, халқына шын  берілген патриот перзенттерді  өсірген. Сондықтан қазақтың отбасын  3 адамдық коэффициенттен гөрі, ең  кемінде 5 адамнан санасада көп  болмас. Тек, сонда ғана қазақтың  жалпы санына жақындап қалар.  В.В. Бартольд үш жүздің келіп  шығуы қазақтардың көшпелі шаруашылығының  негізінде пайда болғандығын  жалпылама айтқан[11].      

        Ш.Ш.  Уәлиханов қазақтың жүзге бөлінуі  ХV-ХVІ ғғ. Моңғол ұлыстарының негізінде  келіп шыққанын, бұл жүздердің  этностары - қазақ халқы екенін  жазған. Қазақтың аса көрнекті ғалым және ағартушысы Шоқан Уәлиханов мазмұнға бай және өте қүнды еңбектер қалдырған. Ол Шығыс халықтарының екінші сорттылығы туралы, мемлекеттік және өркениеттік жолмен   өніп   өсуге   тандаулылардың  ғана   қүқықты   екендігі     туралы   ауроцентристік ұстанымдағыларға қарсы шыға отырып, қазақтардың дүниежүзілік өркениет тарихындағы орнын анықтай келіп, орыс отаршыларының қазақтар "мал сияқты тұрпайы варварлар" деген пікірсымақтарына үзілді-кесілді жоққа шығарды. Өзінің тым қысқа өмірінің ішінде ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, жағрапиясы мен этнографиясына арналған еңбектерімен қатар қоғамдық-саяси тақырыптарға да жазған шығармаларын қалдырды. Соның ішінде Жетісудің тарихына көңіл, бөліп Іле өлкесіндегі Ұлы жүз қазақтарының саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайына талдау жасап, Жетісу үшін тайталасқа түскен Ресей, Қытай  және  Қоқан  мемлекеттерінің  іс-әрекеттеріне  молынан  тоқталады[12].

       Ресей  империясы кезінде жазылған үлкенді-кішілі  ғылыми еңбектерде, қазақ халқының  жүздерге бөлінуіне байланысты  пікірлер айтылған. Олардың көпшілігі  халық арасынан жиналған деректерге  сүйенген. Мұндай мағлұматтардың  үстіртін болатыны белгілі. Жоғарыда  келтірілген Г.С. Волконскийдың  еңбегіндегі үш жүзді құрайтын  қазақтардың санын шындыққа жатпайтынын  айтқанбыз. Бірақ олардың ішінде  В.В. Бартольд сияқты шынайы  ғалымдарда болған. Олардың жазған  еңбектерінде пайдаланған деректерге  айрықша мән беріп, ойдың елегінен  өткеріп, одан кейін өздерінің  ғылыми ойын қағазға түсірген. Солай болса да, олардың көпшілігі  қазақ халқының тілін, салтын жетік білмегендіктен, әртүрлі ақаулықтарға жол берген. Сондықтан барлық әдеби, мұрағат мәліметтеріне сын көзбен қарап, олардың ішіндегі өте қажетті жақтарын ғылымға пайдаланып бару қажет [13].

       Кеңес  Үкіметі тұсындағы ғалымдар қазақ  халқының жүздерге бөлінуін өздерінен  бұрын жарық көрген ғылыми  еңбектерге негіздеп, осы өзекті  мәселеге біршама көңіл бөліп,  өздерінің болжамдары мен пікірлерін  білдірген. М. Вяткин В.В. Бартольдтың  жүздерге берген тұжырымын қолдап, оған саяси сипат бере келіп,  жүздердің келіп шығуын ХVІ  ғасырға жатқызған [14]. «История  Казахской ССР»-дың авторлары  үш жүздің ХVІ ғ. экономикалық-географиялық  қарым-қатынастардың нәтижесінде  пайда болғанын жазған[15]. Х.М.  Әділгереев араб деректеріне  сүйеніп, қазақ жүздері ХІІ  ғ. келіп шықты дейді[16]. Басқа  да әртүрлі пікірлерді жазған  ғалымдар аз болмаған. Олардың  бәріне тоқталмадық.

       Ұлы  қазан төңкерісінен кейін Кеңес  Үкіметі орнап, ол 70 жылдан астам  өмір сүрді. Бұл жылдарда Кеңес  Одағына кірген халықтардың тарихында  ұлы жеңістермен бірқатарда оның  кемшіліктері де аз болған  жоқ. Кеңес Үкіметі жылдарын  «Бозторғай қой үстіне жұмыртқалаған  заман» деп айту қиын. Одаққа  кірген ұлттарды «өзара тең»  деген ұран сөз жүзінде айтылып,  іс жүзінде «Ұлы орыс халқы»  билеп-төстеп келді. Ұлттық Республикаларды  орыстасқан сол ұлттың азаматтары  басқарып, оның қимылдағанын екінші  дәрежедегі чиновниктер Кремльге  жеткізіп отырды. Ел билеушілерді  үлкенді-кішілі басқару орындарына  дайындаған кезде, басқа ұлтқа  үйленген азаматтарға кең жол  ашылып, оларды «интернационалдық»  отбасы деп дәріптеді. Осы жағдайда, чиновниктер қазақтың руға, тайпаға  және жүзге бөлінуіне қарсы  болып, «жеті атасын білмеген, қазақ емес» деген халық мақалы  ұмытылып, жастар жеті атасын  білмейтіндей болып шықты. Қазір  60-70-тен асқан қазақ азаматтарының бір талайының жеті атасынан хабары жоқ. Бұл мәселеге көңіл бөлмейді. Ол біздің халықтың ғасырлар бойына тұқымды сұрыптап, физикалық қайратты, ақыл-ойы кең дарынды ұрпақтар өсіруге зиянын тигізіп келе жатыр. Ата-бабамыз жеті атадан кейін туысқандық қан тазарып отыратынын білген ұрпақтарын табиғи сұрыптап отырған. Осындай жағдайда Кеңес Үкіметі кезінде: «Жүзге бөлінгеннің жүзі құрсын!» деген жағымсыз сөзді талай естігенбіз.

Информация о работе XX ғасырдың басындағы қазақ ру-тайпаларының құрылымы