Тәуелсіздік кезіндегі поэзия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Азаттықты аңсау білектің күшімен, найзаның ұшымен ғана жүзеге аспайтын еді, сондықтан намысты қайрау рухты ояту, жігерді жану үшін әманда сарқыраған сарынды, адуын ағысты жыр көмекке келген. Бодандыққа бойұсындырмай, отаршылдық езгіден зар шеге жүріп, одан шығатын жол іздеттірген, тәуелсіздіктің темір құрсауын тәрк етуге ұмтылдырған да жыраулардың отты жырлары, ақындардың алаулы өлеңдері еді ғой. Ерте дәуірдегі, тіпті біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрынғы елді қорғау, жерді қорғау, батырлардың ерлік істерін әспеттеу идеясы бірте-бірте азаттық,тәуелсіздік жолындағы күрестің ұранына ұласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жоба.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

   Сондай-ақ   ақын Нұрлан Мәукенұлы Ата заң туралы толғана отырып:

                           Құрандай көріп қолыңа алған

                           Ата заңыңды ардақта!

-десе, көркемдік кестесіне  көңіл аударғанда, бұрын байқалмаған  бір оқыс теңдеуді ұшырастырғандай,  сәл ойланасыз. Ия, шынында, конституцияны  құранға теңеу кешегі кеңестік дәуідегі көз қарасқа мүлде қайшы еді, енді, міне, өзгерген қоғамдық сана бұл теңеуді жатырқамай қабылдап, құп алып тұр.

      Рәміздерім! Сен неткен маңызды едің,

      Сенсің  асыл қазынам нағыз керім.

      Төбемде  ту, төсімде ел таңбам бар,

      Гимнімдей  аузымнан ән үзбедім.

 

                  Аспанымда көк туым тұр өң  беріп,

      Елтаңбамды  төрімнен жүрем көріп.

      Әнұранмен  әр таңда оянамын,

      Рахаттанып, дүнием түгелденіп.

                                                         (Рәміздерім)

     Ақындар  Көк туды ата- бабамыздың жүзеге  асқан арман- аңсарының символы,  азаттығымыздың асқақ та айбынды  белгісі деп қабылдағаны анық.

Бауыржан Жақып:                  

                 Қолда бізді батырлар аруағы,

                 Қорға бізді бабалар шаңырағы.

                 Елім бүгін көк туын желбіретті,

                 Жер шарына естіліп әнұраны.             [38,35]

-десе, Сабыр  Адайдың ой қорытуы мынадай;

                 Бостандықтың көк туы

                 Көгімде тұрды желбіреп.

                 Көркіңді сүйдім елжіреп,

                 Мен сол күні

                 Өліп кетсем де болар ед,

                 Арманым жоқ енді,-деп.                    [39,375]

    Ресейлік әдебиет  сыншысы Илья Куклин тоқсаныншы  жылдардағы орыс поэзиясында жаңа өлшемдер, ұғым-түсініктер қалыптаса бастағанына назар аудартады. Ол қандай өлшемдер? Бұл , әсіресе, сыртқы жердің ықпалынан пайда болатындай. Кез- келген құндылықтарға көзқарас тез айнығыш сипатта. Кез келген шепті бұзып, қалыптасқан пайым- түсініктерді тас-талқан етуге бейімділік бар. Ақпарат ағынындағы, теле- радио жарнамаларындағы қатыгездікті, өктемдікті, тұрақсыздықты насихаттаудың салқыны сезіле бастаған.  “Для  90-х важно ощущение того,что граница может возникнуть и изчезнуть в любом месте. Мир 90-х может быть описан как мир мерцающих- возникающих и пропадающих- границ” [40,98]-дейді ол.                               Тоқсаныншы жылдардағы қазақ поэзиясындағы идеялық- көркемдік ізденістерге көңіл аударғанда біз мұндай ұғым- түсініктегі жаңа өлшемдерді өзгешелеу сараптаймыз. Қазақ жырында да кеңес дәуіріндегі шек пен шекарадан аспау, идеологиялық қалыптың шеңберінен шықпаудағысы бірте-бірте жойылып келе жатқаны аңғарылады. Еркіндік бар. Бірақ бұл еркіндік батыстық фильмдердегідей арзан жалт-жұлтты, мағынасыз сауық сайранды әспеттеу ыңғайында емес. Қатыгездікті қолпаштау түрінде емес. Қазақ жырында мадақ сөз азайып, имандылық арналары кеңеюде.

     Ақындар  Алланы-Тәңірді, Пайғамбарларды  көбірек ауызға алып, ата-баба  салт- дәстүрлерін жаңғыртуға, ұлттық поэзиямыздағы ұлттық рухтың сақталуына, азаттық пен тәуелсіздік аңсарларының терең арна табуына ыңғай танытуы құптарлықта қуанарлық.

                     Еңсең өссін күн санап,  

                     Елің өссін жыл санап.

                     Шығармасын есіңді,

                     Қайтармасын сесіңді

                     Уақыт деген құмсағат!

                     Алла жар боп алдыңнан

                     Аппақ күнің лауласын,

                     Дос- туысың көп болып,

                     Жақындассын жауласың!

                     О, Астана, айналдық!

                     Біздің соққан жүрек – сен.

                     Қадамыңа нұр жаусын

                                 Ақ батадан, тілектен!

                     Әумин!                           [41,55]

-деп Дихан-Баба Әбілев Ақ батасын арнады.

 

                     Астана! Жастық шақтай аяулы да,

                     Бақытың байтақ болсын баянды да!         [42,58]

-деп Музафар Әлімбаев тілек бата қосса, Әкім Ысқақ:

Тәуелсіздік түлегі,

                                    Ұлы достың тірегі-

                                    Жаса мәңгі, Астана,

                                     Қазағымның жүрегі!

Астана қаласы-тек  қана еліміздің бас ордасы болғандықтан ғана емес,тек қана Қазақстанның кеуде тұсындағы шаһары болғандықтан ғана емес, тіпті Елбасының ерекше ықыласымен жарлыққа қол қойғандығынан да емес- ең бастысы тәуелсіздіктің жас өркені, алғашқы, перзенті, тұңғыш қаққан қадасы болғандықтан да аса аяулы, аса ыстық. Ақындардың жарыса жыр арнағаны да сондықтан. Бұл тілектің тоғысуы, арманның астасуы, бірліктің белгісі, ұлттық ұйысуымыздың айғағы іспетті:

                       Астана ерке Есілдің жағасында,

                       Қазақтың бары осында, бағы осында,       [43, 59]

-деп Тұманбай Молдағалиев,

                                   Астанам-ай, құтты болғай есімің,

                       Ашық болсын Алашыңа есігің,                  [44, 60]

-деп Қуандық Шаңғытбаев,

                                    Күн емес, сағат санап өс, Астана!

                        Алты айда атқа мінген Алпамыстай.       [44, 61]

-деп Оңайгүл Тұржанова,

                                    Құдайым жолды оңғарсын деп бұрдық көш!   [44, 62]

-деп Сәкен Иманасов

                                    Шырқап көкке асқақ ән,

                        Болашаққа бас қадам.

                        Қазақ рухын биіктет,

                       Ей, бас қала, Астанам!  [44, 75]

-деп Айбатыр Сейтақ-сынды ақындардың әр буын өкілдерінің ортақ тақырып-тәуелсіздік елдің жаңа астанасы-төңірегінде әр қырынан келіп тілек тоғыстыруында мақсат пен мүдде бірлігі жатыр деп бағамдаймыз. Жоғарыдағы өлең тармақтарында терең ой да, тебіреністі сезім де көркемдік шапанын жамылған.

     Сайып келгенде,  “Астана  ” дейтін ұғымның  аясын кеңейтуде, мағынасын тереңдетуде, қасиетін арттыруда қазақ ақындарының да қосып жатқан үлесі мол. Көркемдік-идеялық сипаты бір ғана ақынның жырлауымен, бір ғана ақынның шеберлігімен шектелмейтін үлкен атаулар, кең ұғымдар болады.  “Астана ”деген сөздің өзі қазір қазақ тілінде қос мағына (елорда қала) берумен қоса, қосалқы бірнеше мағынаға (отанымыздың жүрегі, мемлекетіміздің тірегі, тоғыз жолдың торабы, Алаштың айбыны,т.б.) ие болып,барған сайын мазмұны ұлғая түсуде

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

         Азаттықты, тәуелсіздікті жырлаудың эволюциясы, қадым замандардан үзілмей келе жатқан ұлы сарынның жалғастық сыры; тәуелсіздік жырларындағы қазақ поэзиясындағы жаңа идеялық-көркемдік ізденістер, тың тақырыптық-танымдық арналар; тәуелсіздік және ел, жер, тіл тағдыры, мемлекеттік рәміздерді әспеттеу, шетелдегі қазақ қындарының үні, мүшәйралар тағылымы, күрескер рухты тірілту, “Астана” ұғымының сыр-сипатын ашу; жеке жыр жинақтарындағы дәуір дидары, уақыт тынысы, кезең шындығы қалай ашылғандығын, т.б. негізгі тараулар да айтылған ойлар мен пікірлер аясында тұжырымдалған.

      “Көне дәуірден жеткен ұлы сарын азаттық жырлары” деп аталатын жұмыстың бірінші бөлімінде қазақ жыр-дастандары мен өлеңдеріндегі азаттық аңсарының арғы бастауларының ғасырлар қойнауында жатқаны, тарихи-мәдени кеңістікте дүниеге келген құнды әдеби жәдігерлеріміздің мол екендігі кеңінен сипатталады.

         “Тәуелсіздік жырларындағы көркемдік ізденістер, тақырыптық арналар” атты екінші бөлімде. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейінгі он бес жылда (1991-2005) жарық көрген жырлардың табиғатына айрықша назар аударылып, олардың көркемдік ерекшеліктеріне, танымдық-тақырыптық арналарына кеңінен шолу жасалды.

         “Тәуелсіздік аңсары және дәуір-дидары” атты үшінші бөлімінде ақын Қадыр Мырза Әлидің “Заман-ай!” атты кітабы жеке алынып талданды. Кітапқа топтастырылған поэмалардың тақырыптары мынадай: “Өткелдер”, “Махаббат”, “Пайғамбар жасы”, “Дерт”, “Заман-ай!”, “Бес жыл өткен соң”, “Парламент”, “Күдік”, “Ел сәлемі”. Сонымен қатар осы   тарауда “Тәуелсіздік аңсары және рухани тілеу” деп аталатын, тақырып бар онда, ақын Т.Медетбектің “Тағдырлы жылдар жырлары” кітабы туралы жазылған.

         Ақын Темірхан Медетбектің “Тағдырлы жылдар жырлары” кітабы еліміздің өміріндегі тұтас бір кезеңді, үмітті де ауыр шақты, өтпелі де қиын кезеңді бүкіл жарық-көлеңкесімен, жақсы-жаманымен, қуаныш-қайғысымен қусыра қамтыған туынды.

                          Ашуымды сапырып

                          Намыс мені жеңгенде

                          Ұлы каспий аһ ұрып

                          Толқып тұрар кеудемді,-деп

өзі айтқандай, ақын өлеңдерінен  ұлы теңіздің бірде буырқанған, бірде  тыншыған, бірде күрсінген алып тынысы сезіледі. Адам-Қоғам-Заман-Уақыт дейтін ұлы ұғымдардың мән-мағынасын, тақырып-мазмұнының сыр-сипатын ашуда ақынның бұл  еңбегі күрделі де кесек шыққан.

   Ақындардың ақыны  Абай поэзиясының қазақ өмірінде  қандай орын алатынын тауып  айтқан ғой, өлеңді (поэзияны)  сөздің патшасы деп білген  ұлы ақын:

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

                                  Өлеңмен жер қойнына кірер  денең

                                  Өмірдегі қызығын бәрі өлеңмен 

     Ойлансаңшы  бас қақпай елең-селең

деп бұл өнерді өте  жоғары бағалаған. Шынында да қазақ  ортасында өлең өнері ертеден-ақ ерекше үлкен орын алғаны аян.

  Бұл дипломдық  жұмыста еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі.  

  Бұл тарауда еліміз  тәуелсіздік алғаннан кейінгі  алғашқы жылдардағы (1991-2005) алдыңғы  буын ақындардан Ә.Тәжібаев, Х.Ерғали, Д.Әбілев, С.Сейітов, Т.Әбдірахманқызы, Ә.Сәрсенбайұлы, Ғ.Қайырбеков, Қ.Шаңғытбаев, Ш.Әбенұлы, К.Салықов, Е.Әукебаев, Қ.Мырза-Әли, Т.Молдағалиев, Ө.Нұрғалиев, С.Иманасов, М.Айтхожа, О.Асқар, А.Бақтыгереева, Д.Қанатбаев, Е.Дүйсенбай, М.Шаханов, т.б. жаңа өлеңдерімен жаңа жыр жинақтарымен көрінгені, орта буын ақындардың арасынан Н.Оразалиннің “Ғасырмен қоштасу”, Т.Медетбектің “Тағдырлы жылдар жырлары”, Иран-Ғайыптың “Жыр әлемі”, К.Ахметованың “Күн шыққанда күліп оян”, И.Сапарбайдың “Махаббат пен ғадауат”, Қ.Бұғыбаеваның “Қоштасқым келмейді”, А.Егеубайдың “Аламан”, Н.Айтұлының “Рухымның падишасы”, С.Тұрғынбекұлының “Жерорта”, А.Әлімнің “Ай нұры алақанымда”, С.Ақсұңқарұлының “Адам ата-Һауа ана”, М.Ақдәулетұлының “Дәруішнама”, Т.Тұяқбаевтың “Жан дауысы”, Б.Серікбайұлы Қошым-Ноғайдың “Сам жамыраған шақ”, Ұ.Есдәулеттің “Киіз кітап”, Е.Раушановтың “Қара бауыр қасқалдақ”, Ш.Жұбатованың “Кездесу”, М.Қайыңбаевтың “Жарғақтағы жазбалар” Ғ.Жайлыбайдың “Құсқанаты”, Қ.Бегмановтың “Сағыныш”, Б.Жақыптың “Қолтаңба”, Ш.Әбдікәрімовтің “Ырауан”, Қ.Әлімбектің “Намыс найзагері”, С.Адайдың “Әр қазақ-менің жалғызым”, Б.Бекетованың “Көлбастау”, С.Нұржановтың “Аруана”, Г.Салықбаеваның “Аспандағы аңсарым”, т.б. жыр кітаптары жарыққа шыққаны өтілген және көптеген өлеңдер талданған.

         Қорыта айтқанда бұл тақырып өзін сол халықтың перзентімін деп сезілген әрбір қалам иесін толғандырмай қоймайтын ұлы дүние. Соны мен қатар үлкен зарттеулер мен ізденістерді талап ететін қазақ әдебиетінің тың саласы. Бұл тақырыпты насихаттау қаймағы бұзыңқырап қалған қазақылымызды қайта қолына келтірудің бірден бір жолы. Өйткені әрбір ұлт перзентінің көкірегіне өз халқына деген ұлы махаббат ұялатып, намыстарын ояту бағытында арғы-бергі тарихымыздағы айтулы ақындар шығармашылығы үлкен тәрбиеші құрал бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Уалиханов Ш.Ш.Бес томдық шығармалар жинағы. А.: ҚСЭ, 1- т.1984.-432 б

2.Шоқай М. Таңдамалы.  А.: Қайнар, 1-т.1998.-512 б.

3.Веселовский А.Н. Историческая поэтика. М.:Высшая школа, 1989.-406 б.

4.Қирабаев С.Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А.: Ғылым,2001.-448 б.

5.Жолдасбеков М. Асыл арналар. А.:Жазушы,1990.-352 б.

6.Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. 35 б.

7.Қасқабасов С. Жан азық. Астана Аударма, 2002.-584 б.

8.Мұқанов С. Халық мұнарасы, А.: Жазушы. 2002.-304 б.

9.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. А.: Жазушы.1985.-368 б.

10.Екі мың жылдық дала жыры (Құраст .Е. Дүйсенбайұлы, Ә. Қайырбеков), А.:ҚЭ, 2000.-752 б.

11.Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық (Құраст. М.Мағауин, М. Байділдаев) Алматы: Жазушы, 1989.-1-т.-384 б.

12.Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Астана: Елорда,2000.-288 б.

13.Иран-Ғайып. Жыр әлемі. А.: Атамұра, 1996.-352 б.

14.Тұрғынбекұлы С. Жерорта. А.: жазушы,1998.-208 б.

15.Ерғалиев Х. Сонеттер. А.: Жалын, 1995.-192 б.

16.Сейітов С. Серпер. А.: Шабыт, 1994. – 256 б.

17.Нұрғалиев Р. Арқау. Екі томдық томдық шығармалар. А.: Жазушы, 2-том. ,1991. – 576 б.

18.Көкалып З. Түрікшілдіктердің негіздері. А.: Мерей, 2000. -130 б.

19.Ахметова К. Күн шыққанда күліп оян. А.: Ана тілі, 1996. – 302 б.

20.Тұржанова О. Шер  қала. А.: Қазақстан, 1998. – 208 б.

21.Сапарбай И. Бармақтай бақ. А.: Рауан, 1997. – 128 б.  

22.Оразалин Н. Ғасырмен қоштасу. Астана: Елорда, 2001. – 272 б.

23.Асқар О. Тәуелсіздік тартулары. А.: Өнер, 2001.–115 б.

24. Бақтыгереева А.  Ақшағала. А.: Өлке, 2001. – 424 б.

25. Құмарұлы К. Кәрібос. Астана: Елорда, 2001. – 255 б.

26. Тұрғынбекұлы С. Жерорта. А.: Жазушы, 1998. – 288 б.

27.Айтұлы Н. Рухымның падишасы. Астана: Елорда, 2000.-288 б.

28.Жақып Б. Қолтаңба. А.: Өлке, 2001. – 92 б.

29. Адай С. Әр қазақ-менің жалғызым. А.: Үш қиян, 2001-554 б.

Информация о работе Тәуелсіздік кезіндегі поэзия