Сәбит Мұқанов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 20:28, реферат

Краткое описание

Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің тұтас бір дәуірі. Ол - қазақ әдебиетінің қаламгері ғана емес, қазақ әдебиетінің ұйымдастырушы жалаугері. Осы екі араны ашыңқырап сөйлеуіміз керек. Өз шығармалары және қазақ әдебиет ісін ұйымдастырушы, сол жолда ұлтты ұлықтаушы тұлға!

Прикрепленные файлы: 1 файл

С.Муанов.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

“Абай” журналында бірлесіп жазған мақалаларына “Екеу” деп қол  қойғандары рас. Енді осы

мәселеге тиянақ жасау  үшін Сәбит Мұқановтың “Өсу жолдарымыз”  деген жинағында берілген

ескертпені келтірейік: “Бұл мақаланы “Еңбекші қазақ” редакциясына мен жазып апарғанда,

редактор Тоғжанов баспады. Аздап өзгертіп, өлкелік партия комитетінің  партиялық коллегиясында

секретарь боп қызмет атқаратын Хамза Жүсіпбековтің  қолын қойғызып апарған соң басты. деп

ешбір ескертусіз түсіндірме беруіне күмән келтіруге болмайды.

Ал енді “Екеудің”  атышулы мақаласы қазақ әдебиеттану  ғылымында үлкен дау-дамай туғызып

келе жатуының арғы бастауы  Сәбит Мұқановқа байланысты болған соң оған амалсыз тоқталасың

және Сәбит Мұқанов  позициясының қай кезеңде болмасын мәнді іздері айғай-шумен қабаттасып

жататынын көреміз. Мүмкін, бұл Сәбит Мұқанов пенделігінің белсенді позициясының ерекшелігі

болар. Әйтеуір Сәбит  Мұқанов жүріп өткен жерден із қалмай қоймайды.

122

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

“Байдың толғағы” дейтін кезеңдік мақала-эссе газетте Хамза Жүсіпбековтің атымен

жарияланды. Оның шын  авторы – Сәбит Мұқанов мақала мәтінін 1960 жылғы “Өсу жолдарымыз”

жинағының 56-68 беттерінде келтірген. Әрине, ол мәтін Сәбит  Мұқановтың осы қалың 996 беттік

жинаққа берер материалы  аздығынан кіріп отырған жоқ, айрықша мәнділігінен және кезеңдік ой-

пікірдің жүйесін танытатындықтан  кіріп отыр.

Тартыс бірден басталған. “Шынында, “Екеудің” мақаласы әдебиет  туралы ғана емес, әдебиетті

бүркеншектеп біздің ұстаған түпкі мақсатымызға түбімен  қарсы пікір” деп алады да, таптар

күресі туралы, өз мақсатына  жету үшін Маркс-Лениннің сөздерінен мысал  келтіріп, кешегі

ашық қарсылығын бүгін  бұқпантайлап өткізуге көшкендігін  ұлтшылдық жөніндегі ойларымен

жалғастырады.

“Қазақтың ұлтшылдығы басқаны  өзіне бағындыруды көксеген, шегіне жеткен, озбыр

ұлтшылдық емес, алдымен  бас қорғауға, жан сауға қылуға, жете алса теңдік алуға талпынған

тіленші ұлтшылдық. Бұрынғы  жалаңаш ұлтшылдық бұл Күнде  бұқарашылдыққа айналса бұл бір

саты, бұл бір табиғи жол” деген мүләйім пікірлерін келтіріп, еңбекшілерді осындай сөздермен

алдауға бұлар машықтанып, тәсілденіп алған. Оларға әдебиеттің өсіп-өркендеуін әңгімелеу өз-

өзінің қысас ойларын, елді бүгінгі шындықтан алыстату үшін ғана керек. Сондықтан “идеология

майданындағы күшті  құралдардың бірі — көркем әдебиет. Бұл ретте олар ашық қарсы болмай,

Марксты шымылдық қыла сөйлеуге тырысады... Олар дамып келе жатқан жаңалықты  көрмей,

өліп, құрып бара жатқан ескілікті тірілтіп, пайдаландыруға жан сала тырысады” дегенді негізгі

тезиске айналдырып, байшылдық-ұлтшылдықтың сырын ашуға талаптанады.

Сәбит Мұқанов “Екеуді .” оңсөзін де теріске шығаруға ниеттенген соң “жаңа жұртшылық  әлі

қалыптана алмай жатыр. Бұрын жекеге бағынған дарашылық  пікір үстем болса, енді көпшілік,

тапшылдық пікір күшейіп отыр. Мұның бәрі де әдебиетке әсер етіп отыр” деген өнімді пікірді де

теріске шығармақ болып, талай қисынды-қисынсыз деректерді алға тартады. Реализм жөніндегі

добалдау пікірін “біздің  жаңашыл жазушыларымыз ескінің  құрығанын, жаңаның туғанын жазса,

оның аты сарнау емес, шындықтың өзі” деп үкім шығарады. Осындай ойға әбден берілгендіктен

“біздің әдебиетімізде  әсіресе сыртқы пішінінен де ішкі мазмұны анағұрлым артық, айқын  болу

керек. Мазмұн айқын, таза болмаса, біздің әдебиетіміздің пайдасы  шамалы болады” деп советтік

штампты орнықтыруға  үндеп, қателікке ұрынады. Бірақ  бұл пікір бүкіл совет әдебиетінің  ғана

емес, елінде үстемдікке жеткен тапшылдық түйін болатын. Осы тоңмойындық әлгі мақаланың

болсын, кейінгілерде болсын сары аурудай соңымыздан қалмағаны  рас.

Саяси астары қалың “Байдың  толғағын” әшкерелеу 1927 жылы шыққан “Жыл қ .сы”

альманағының, 1928 жылдан шыға бастаған “Жаңа әдебиет” журналының (қазіргі “Жұлдыз”)

негізгі шығармашылық мәселелеріне ұласып, өлкелік партия комитетінің 1929 жылғы V

пленумының шешімімен тұйықталды. Онда “укрепление и развитие Казахской пролетарской

литературы и завоевание ею руководящей роли всей художественной национальной литературе

требует решительного преодоление  среди коммунистов-казахов и восточных  нацмен неверия и

сомнений в возможность создания пролетарской художественной литературы в данную эпоху”

делінді

1926 жылы Сәбит Мұқанов  бастаған әдеби айтыстың пайдасы  КазАПП, яғни қазақтың

пролетарлық-қара шаруалар жазушылар ассоциациясының ұйымдық  негізін нығайтты, Жүсіпбек

Аймауытов ұсынған “Бұхарашыл жазушылар ұйымы”, Ғаббас Тоғжанов пен Смағұл Садуақасов

әлеуметтік-идеологиялық астары әлі жетіп-пісіп болмаған “Совет жазушыларының одағын”

құру жөніндегі ұсыныстары, сол сияқты Мағжан Жұмабаевтың Мәскеуде жүрген кезінде әртүрлі

ресейлік және батыстық платформалардан сығымдап алып, қазаққа  ұсынған, тек қана 16 данамен

таратылып, көбінен құптау таппаған, жанбай жатып сөнген “Алқа” тобының айтқандары болмай,

партия мен үкіметке сүйенген және жаңа заманның екпінін  пайдаланған КазАПП ожарлықпен

жеңіске жете бастады. Оның сыртында әкімшілік шаралары, яғни бай-феодалдарды тап ретінде

жоюды көздеген тәркілеудің  қауырт өтуі әрқилы ой-пікірлердің  негізін талқандап тастады. Осы

тұста кедейшіл жазушылардың туындылары барынша молайып, көркемдік жағынан болмаса да

айғайы жағынан басым  болды.

Міне, осындай жағдайлар  пролетарлық бағыттағы, яғни қазақ  кеңес әдебиеті деген

шығармашылықты сапа жағынан болмаса да сан жағынан  көбейтіп алды да, өлкелік партия

комитетінің 1929 жылдың желтоқсанында  өткен V пленумның шешіміне жеткізді. Сөйтіп

123

№ 3 (76) 2010

пролетарлық бағыттағы  әдебиеттің туып, дүниеге келгендігі, ендігі көркемдік дамудың негізгі

бағыты, ағар арнасы осыдан табылуға тиіс екендігі аян болады. Осы айтыстарда айрықша

серкелік танытқан Сәбит Мұқановтың әлеумет алдында даңқы өзінен өзі өсіп, Сәбит Мұқанов

ойына, сөзіне құлақ қоятын, іс-әрекетіне мән беретін дәрежеге жетті және бұл айтыс-тартыспен

ғана емес, кезеңдік шығармашылық табыстарымен дәлелденіп жатты.

Үлкен айтыста екпін  алып қалған Сәбит Мұқановтың енді өз түсінігін басқаларға ұғындырамын

деп жүріп, өзара мінесуге себепші болған сәті де аз емес. Әуелінде тапшылдықтан басталған

айтыс енді жеке тұлғаларға ауыса бастады. “КазАПП 20-жылдардыңаяқкезінде  өз арасындағы

уақ-түйек түсінбеушілікті шұқылаумен шұғылданып кетті”

Мәскеуде журналистика институтында оқып жүрген Ілияс Жансүгіров бір келгенде Ораз

Жандосовқа өзінің әркез  жазған өлеңдерінің қолжазбасын  тастап кетеді. Өлкелік комитетте

жауапты қызметте жүрген Ораз Жандосов оны Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы

Сәбит Мұқановқа тапсырады. Сәбит Мұқанов оқиды. Ол жөнінде  Сәбит Мұқановтың “20

баспатабақтай жинақты  әуелі өзім оқып шықтым. Одан алған  әсерім: басым көпшілігінің өлеңдік,

сөздік жағы жақсы  екен. Ал мазмұнына келгенде бірталай сұрақтарым болды. Ең басты сұрауым

– тап тартысының мәселесі” (686) дейді де “Сағанақ” деген  атпен шығайын деп жатқан Ілияс

жинағына алғы сөз  жазады. “Даудың басы Дайрабайдың  көк сиыры” дегендей, Сәбит Мұқанов

пен Ілияс Жансүгіровтың  әлеумет алдында тұңғыш рет ұстасуына, айтысуына себепші болған

болар-болмас кіріспені  толық келтірейік.

“Жансүгірұлы Ілиястың бұл “Сағанағына” таңдамалы өлеңдері кіріп отыр. Ілияс жаңада ғана

қаламы өсіп келе жатқан жазушы. Әзірге ол шығаннан шыққан жүйрік те емес, желісі жоқ топас

та емес. Өлеңнің ішінде көркемдері де орташасы да, төмендері  де бар. Ілияс көбінесе ауылдың

ақыны, қара шаруаның ақыны. Ел ішіндегі кедейді өзгеден гөрі бұрынырақ көретін мінез Ілияста

бар. Бірақ Ілияста  бір дұрыстыққа жатпайтын әдет “ел” деген сөзді көп қолданады “еліме”,

“елім үшін”, “елімнің жайы” деп елді көбірек сөйлейді. Бұл ауру жалғыз Ілияста емес, осы  күні

жазушылардың біразында  әдетке айланып барады. Тегінде, ол жақсы әдет емес. “Ел” ішінде кімдер

жоқ? Елге бай да, молда  да, саудагер де, кедей де, батырақ та кіреді. Мұндай “бұқарашылдық”

қазақ еңбекшілеріне  қызмет етем дегендерге ыңғайлы емес, дұрыс емес. Ілияс бұл кемшілігін

келешекте түзер деп  сенеміз және сенуге де болады, өйткені  Ілиястың “Заводта” дейтін өлеңі

оның біраз күнәсін  аршып, қара шаруамен қатар пролетариатқа да қызмет еткісі келетініне, соған

қаламын бұрғандығына сендіреді”.

“Алғы сөздің” бар-жоғы осы ғана. Бірақ оның аяғы ұзаққа созылған айтысқа, түсінбеушілікке,

дүрдараздыққа апарып соқты. Бұған әрине кедейшіл емессің, елшілсің, таза қара шаруа жағында

екеніңді ашық жазбайсың  деген пролетарлық ожар талап  себепші болғанын сырт көз анық көреді.

Тіпті екеуінің арасында салғыласқан сөз сайысының сыртқы көрінісі осы таптық түсінік болды.

Бірақ Ілияс оған емес, “жаңада ғана қаламы өсіп келе жатқан жазушы. Жүйрік те емес, топас та

емес” деген ойдың 1927 жылы айтылып, жазылып жатуына мықтап намыстанған сияқты. Өйткені

1894 жылы туған, 14-15 жасынан  бері өлең шығарып, ел арасында  танылып қалған, Диваевтың

фольклорлық экспидициясына қатысып, Ташкент жеткен, онда “Жас Алаш” газетіне жанасып,

Мағжан өлеңдеріне тәнті  болған, Ілияс Мырзабек Дүйсеновтың  сөзімен айтқанда “біраз идеялық

бояулар жұқтырып алып”, елге оралған, “Тілші” газетін шығарысуға білек-сана күшін қосқан,

Жетісудың оқу-ағарту майданында белсене араласып, абыройға ие болған Ілияс Жансүгіровтың

таптық көзқарасын іліп қаққаннан гөрі, елді аузына қарататын  шығармаларын, соны біліммен

толықтырайын деп Мәскеудегі коммунистік журналистика институтында оқып жатқан ағасына

рабфактық қана білімі бар Сәбит Мұқановтың жөн-жоба айтуы, өлеңдерінің ішінде “өте

көркемдері де, орташасы да, төмендері де бар” деп баға беруі  шамдандырып, Ілиястың қолына

қалам алуына себепші  болғанын аңғарамыз. Сәбит Мұқановтың КазАПП, оның төңірегіндегілер

“уақ-түйекті шұқылап”, дау-дамайды өршітіп жіберді дегенінің бір дәлелі осы.

Мәскеуде оқып жатқандықтан болсын, не өзінің табиғи ақындық мінезінен  болсын, Ілияс

Жансүгіров Сәбит Мұқановтың ескертпесін қабылдамады. “Бетім анадай емес, мынадай” деген,

шаққан жерінен қан шығаратын ащы да өткір сөздерді аямай қолданып, жауап берді. Сәбит

Мұқанов қолма-қол “Бас асаулық” деген мақаламен жауап  қатты [3]. Сөз әлпеттерін, бірінің  бетін

бірі шиедей қылғанын аңғарту үшін Сәбит Мұқанов мақаласының  үзіндісін мысалға келтірейік.

“Жүген-құрық көрмеген асаудың мойнына алғаш рет  құрық түскенде бауырына шаптырып

жіберетін. Мына Ілияс  сын көрмегендігін жасап отыр. Оған қарағанда біздің жанымыз сірі

124

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

екен” деп ендігәрі көріспейтін  сөзге барады. Мұның өзі жаңадан туып келе жатқан әдебиетте

жікшілдіктің пайда  болуына апарып соқтырды.

Бір ғана 1928 жылда жарияланған  мақалалардың өзі біраз шындықтардың бетін ашады.

Мәскеудегі қазақ оқушыларының пікірін Ө. Балқашұлы мен Ө. Оспанұлы, қарақалпақтағы қазақ

оқырмандарының ойын Елтоқ білдірсе, Ы. Мұстанбайұлы “Біздің  таластарымыз, “Сын және

баспасөз туралы”, Ғабит  Мүсірепов “Қазақстан баспасөзінің жайы”, Ө.Тұрманжанов “Баспасөз

бен сын мәселесі”, С.Сейфуллин  “Әдебиет майданында”, Ғ. Тоқжанұлы  “Әдебиет мәселелері”,

“Қандай әдебиетіміз  үстем болмақ, қандай әдебиетіміз  бар”, Ш. Тоқжігітұлы “Тағы да “Тоқсанның

тобы” туралы”, А. Тоқмағамбетов  “Жас жазушылар, естеріңде болсын”  мақалалары жарияланса,

1929 жылы онан әрі  өрши түсті. Олардағы іліп-қақпа  сөздер мен ойлар ақын-жазушылардың

пенделік сезімдерін оятып, топтасуға, жіктелуге бастады. Ғабит Мүсіреповтың Сәкен Сейфуллин

мен Сәбит Мұқановты  сынауы, Сәбит Мұқановтың Ғаббас, Ілияс, Ғабиттармен ұстасуы,

Ғаббастың пролетарлық  әдебиет жоқ дегені бүкіл кедейшілдерді өзіне қарсы қойғандағы әдебиет

әлеміндегі әңгімені мейлінше қыздырып, зор екпінмен екінші он жылдыққа, яғни 30 жылдардың

босағасын айрықша белсенділікпен ашқызды. Осы қозғалысқа от тастаған Сәбит Мұқановтың

1926 жылғы “Көркем әдебиет  туралы” мақаласы өнімді ойлардың айтылып-жазылуына түрткі

болды.Бұл-Сәбиттанушылар еңбектерінен де орын алды [4]. Жаңа зерттеулер де жарық көрді [5].

“Әдебиет – тап  жаршысы, идеологиялық құрал” деген  түсінік қанат жайып, көркемдік  дегенді

саясатқа, бүгінгі күннің тыныс-тірлігіне айналдырып жіберген-ді. Басқаны былай қойғанда

ажалмен алысып, шығарма  жазуға мұрсаты болмай жүрген Сәбит  Дөнентаевты “Соңғы кезде

жазбай қоюына қарағанда  бұл байшыл-ұлтшыл жазушы деп саналсын”  деген Қайыпназаровтың

күмәнін теріске шығару былай тұрсын, сол кезде ойлана қарағанды кездестіре қоюдың өзі қиын

еді. “Өмірдің қай мәселесіне болса да енжар қарай алмаймын, бәріне араласамын, халқыма

қолымнан келген пайдамды тигіземін” деп жанын аямаған  Сәбит Мұқанов осы тұста айрықша

тұлғаланып көрінді.

ПА ЙДАЛАНЫЛ ҒАН ӘДЕБИЕТТЕ Р

1. Мұқанов С. Қара  тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер // Еңбекші қазақ,1923, 1 наурыз.

2. Мұқанов С.Көркем  әдебиет туралы қорытынды пікірім  // Қызыл Қазақстан,1927, №І.-33-58 бет

3. Мұқанов С.Бас асаулық  // Еңбекші қазақ,1928, 11 сәуір.

4. Ергөбек Қ.Сәбит Мұқанов. - Алматы: Санат, 2000.- 320 б.; Тұрысбек Р.  Тарих. Таным. Тағылым. -

Астана, 2008. - 510 б.

Информация о работе Сәбит Мұқанов