Сәбит Мұқанов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 20:28, реферат

Краткое описание

Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің тұтас бір дәуірі. Ол - қазақ әдебиетінің қаламгері ғана емес, қазақ әдебиетінің ұйымдастырушы жалаугері. Осы екі араны ашыңқырап сөйлеуіміз керек. Өз шығармалары және қазақ әдебиет ісін ұйымдастырушы, сол жолда ұлтты ұлықтаушы тұлға!

Прикрепленные файлы: 1 файл

С.Муанов.doc

— 413.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет 

 Мұнда ауысу: шарлау, іздеу 

 

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов

 

Дүниеге келгені: 1900 ж. сәуірдің 26 (113 жас)

Акмола губерниясы, Ресей империясы

Қайтыс болғаны: 1973 ж. сәуірдің 18

Алматы

Ұлты: қазақ

 

 

Сәбит Мұқанұлы Мұқанов[1] (1900, бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі -1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ  КСР Ғылым академиясының академигі. 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан  Жазушылар Одағының төрағасы болған.Мазмұны [жасыру]

1 Өмірі  мен шығармашылығы

2 Шығармаларынан

3 Халық  ауыз әдебиеті үлгілерінің ықпалы

4 Абай Құнанбаев,  Владимир Маяковский, Максим Горький  шығармашылықтарының әсері.

5 Сіңірген  еңбектері

6 Мұқановтың Әдеби-мемориалдық  Мұражай-Үйі 

6.1 Қысқаша биография [5]

7 Әдебиеттер тізімі

 

Өмірі мен шығармашылығы[өңдеу]

 

Сәбит қазіргі Солтүстік Қазақстан  облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді.

 

Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген.

 

Қазан социалистік төңкерісінің жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов та жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті, жаңа өмір үшін күресушілердің алдыңғы қатарына саяси-әлеуметтік, қоғамдық істерге белсене қатынасты. Ол 1918 жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды. Білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады.

 

Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарын талқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Көкшетау ревкомының председателі болып қызмет атқарады. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясына мүшелікке өтіп, 1921-1922 жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді. Осы тұста Сәбит Мұқановтың өлең, мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылды. 1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады. Партия орындарында қызмет атқара жүріп ол көп мәселелердің сырын ұғынады. Қазақ совет әдебиетінің өсуіне бөгет жасау ниетімен жаңашыл жас жазушыларды қақпайлап , тізгіндеп ұстамақ болған ұлтшыл-алашордашылардың зиянды әрекеттерін Сәбит дер кезінде байқап, Сәкен Сейфуллин бастаған советтік жас ақын-жазушылармен бірге тап жауларына қарсы күрес ашады. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 921–22 жылдары әртүрлі қызметтер атқарады‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РК(б)П Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.

 

С.Мұқанов жиырмасыншы жылдары  бірнеше ұсақ өлеңдермен бірге, «Жетім қыз күйі», «Тұлпар жорығы», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері», «Қанды көл», «Құланның құны» дейтін поэмалары мен «Сұлушаш» романын жазды.

 

1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар  факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы  бітіреді. Баспасөз орындарында  қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926-28) болды, осы кезде ұлтшылдарды әйгілеуге арналған айтысқа қатынасады. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің филология факультетіне оқуға түсіп‚ аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» атты альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығармашылық ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 жылы Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936–37, 1943–51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937-41, қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді.

 

Сәбит әр алуан қызметтер арқауымен  қатар түрлі жанрда жаңа шығармаларын жариялады. Поэзияда: «Колхозды ауыл осындай», «Майға сәлем», «Сөз-советтік армия»; драматургияда: «Күрес күндерінде» (1938), «Алтын астық» (1939); прозада: «Жұмбақ жалау» (1938), «Менің мектептерім» (1940), «Балуан Шолақ» (1941) сықылды шығармалар осы жылдардың жемісі.

 

Екінші Дүниежүзәлік соғысы күндерінде ақын азаматтық, саяси лириканы өткірлей түсті. 1943 – 1951 жылдары Сабит Мұқанов  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының  председателі болып істеді. Бұл тұста  да ол жас ақын-жазушыларды баулып, үнемі көмек көрсетіп отырумен қатар, өз творчествосын да байытып, «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар» (1945), «Туған жердің тыңында» (1955), «Адам Атаның шоқысында», «Алыптың адамдары» тәрізді очерктерін жазды.

 

1950 жылы Сәбит Мұқановтың шығармашылық қызметінің 30 жылдығы, жасының 50-ге толуына арналған мерейтойына республика жұртшылығы салтанатпен өткізді. Қазақ совет әдебиетінің туып, қалыптасу процесінде үздіксіз сіңіріп келген еңбектері үшін Сәбит Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

 

1960 жылы халқымыз 60 жасқа толуына  байланысты оның совет әдебиетіне  қосқан зор үлесін атап өтті, КСРО Жоғарғы Кеңесі Сәбит  Мұқановты Ленин орденімен наградтады.

Шығармаларынан[өңдеу]

 

«Менің мектептерім» Сәбит Мұқанов өз өмір өткелдерін әңгімелей отырып, сол кездегі халық басында болған ауыртпалықтарды сөз етті. Қазақ ауылының революцияға дейінгі тұрмысын суреттеуде жазушы балалық шағын бір шолып өтеді де, Мұқан мен Тұрағұлдың, Мұстафа мен Нұртазаның араларындағы қайшылықтардың бетін ашады.

 

«Менің мектептерім» мен «Өмір  мектебі» мемуалдық шығарма болғандықтан, басынан аяғына дейін сюжеттік желі үзілмей, біріне-бірі өрбіп отыра  бермейді. Алайда, әңгімеге тікелей  қатынасып, әр істің басы-қасында  жүретін негізгі кейіпкердің типтік образы арқылы белгілі бір дәуірдің оқиғасын шығармадан айқын көруге болады.

 

Мұның өзі шын мәнінде өмірбаяндық (библиографиялық) шығармалардың жанрлық  ерекшелігінен келіп туады, өмір фактілері, тарихи оқиға басты кейіпкерлердің көз алдынан өтеді. Сондықтан да белгілі бір кездегі оқиға да, әдет-ғұрып, салт-сана да бұл романда әңгімешінің өмірге қоян-қолтық араласуы арқылы көрінген. Осыған орай шығармада жаңа адамдар, тың оқиғалар пайда болып отырады.

 

Шығармаларда өмір күнделігі басты  геройдың бір жүріп, бір тұрған еңбек адамдарының тұрмыс тіршіліктерінен де танылады. Бет қаритын шыңылтыр аяздарда, боранды күндерде бай малының соңында жүрген жалшылар мен еңбегі еш болған кедей шаруалардың ауыр тұрмысы тебірендірмей қоймайды. Орыс крестьяндарынан көргендерін тұрмыс тіршіліктеріне пайдаланып, егін егіп, өз беттерінше күн көрмекші болған кедей шаруаларды бұра бастырмай, жайқалған астықты жылқыға жеткізіп тастап отыратын Тұртай сияқты байлар да романда әшкереленеді. «Малы бағылмай бос жүретін кең жайлауға егін сеппе деп едім, тыңдамадыңдар, өз обалдарың өзіңе» деп қарап тұратын Нұртаза би де сол Тұртай, тұрағұлдардан асып кете алмайды. Қараңғылық жайлаған қазақ аулында дүмше молдалардың тигізген кесір-кесепаттары да аз емес. Сол бір ауырпалықтарды өз басынан кешірген басты герой үнемі кедей жалшылардың арасынан көрінеді де, болашаққа зор сенім артып отырады.

 

«Өмір мектебінде» кала мен ауыл өмірі қатар суреттеледі, негізгі  кейіпкерлер тап күресін жүргізушілер болып келеді. Жазушы «Менің мектептерімде» кісі есігінде жүрген кедей, жалшылардың айғағы ретінде көрінсе, екінші кітапта сол жалшылардың оқу оқып, әлеумет ісіне араласып жүргендіктерін елестетеді. Шығармада автор әрбір істің басы-қасынан көрініп, не сол жұмысты атқарушылардың бірі болғандығын үнемі аңғартып отырады. Октябрь революциясының жеңісі нәтижесінде туған жаңалықтар, Қазақстанда Совет үкіметінің орнауы бұл шығармада нақты және жан-жақты суреттелген.

 

Романда әрбір эпизод әлеумет өмірінде болған үлкен оқиғалар тынысын аңғартып отырады. Кооператив ұйымдарын ашу, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру істері шығармада өзекті мәселе. Боржабай, Шегеннің Айсасы, Қазыбайдың сұлтаны сияқты байлар мен алаш партиясының мүшесі Абылай тәрізділердің бет пердесі ашыла түскен. Ел атынан сенім хат жазып, кооперацияға берілген товарлар мен ауыл шаруашылығына деген заттарды талғамай жұтып жататын олар Совет үкіметіне қарсы зиянкестік әрекеттерін жан таласа жүргізеді. Жаңа дүние құрушыларға кес-кестеп көлденең тұратын Абылай тәрізділердің құбылмалы екі жүзділігі де, бандиттердің зұлымдық әрекеттері де терең ашылған.

 

Бұл шығармалар өз дәуірінің шежіресі есепті. Станция жұмыскері Бексеит  пен Нұркиннің Омбыдағы колчактар  ұясын талқандауға қатынасуы  да бір кездегі тарихи жағдайдың  айғағы. Романда халықтың мәдени тұрмысы  мен өнерге деген құмарлығы кең суреттелген. Көңіл-күйін, жүрек сезімін ақтара жазған қыз бен жігіттің өлең хаттарында өмір қыспағының іздері жатса, Оспан мен Мақметті мұқату үшін шығарылған өлеңде поэзияны құрал ретінде жұмсаушылық, ән мен күй, өлеңге деген құмарлық, ұлттық дәстүр шығармадан өзекті орын алады.

 

«Алуа басында нелер бір әдемі  түндер болады. Кейбір айлы, жұлдызды немесе алашабыр бұлтты тымық түндерде ауылдан  қалаға қарай беттеп шығып, жар қабақтана  біткен жағадағы жұпар иісті жасыл  шалғынның арасында бауырлай жата кетіп, жан-жағыңа көзіңді тіксең де, құлағыңды тіксең де нелер бір көркем суреттерді, нелер бір көркем дауыстарды естисің... Әлде қайдағы ауылдардан кейде екі әйел қосылып, кейде бір әйел мен бір еркек қосылып, кейде екі еркек қосылып, кейде әйелдердің я еркектердің бірнешеулері қосылып, кейде бірнеше еркектер мен бірнеше әйелдердің дауыстары сапырылып кетіп тымық түнде жұлдызды аспанға биіктеп көтерілген ән құлағыңа шалынса, ол алтыбақан тепкен қыз бозбалалардың әндері екенін айтпай-ақ шамалайсың... Әлдеқайдағы сайлардан кісінеген де шырқала, кейде баяулап естіліп жатады». («Өмір мектебі», 103-бет.)

 

«Өмір мектебінде» халықтың рухани тұрмысы басты геройдың күрес  жолдары арқылы көрінеді де, «Есею  жылдары» атты үшінші кітапта тамырын  тереңдете түседі. Совет үкіметін нығайту жолында болған әр алуан күресті арқау ететін бұл роман социялистік зор оқиғаларды қамтиды.

 

«Есею жылдарында» жазушы бұрыннан көтеріп келе жатқан тақырыбына қайта  оралып, ұлтшыл, байшыл ақын-жазушыларға  қарсы жүргізілген күрес өмір фактісіне сүйене отырып баяндайды. Еліміздегі мәдени революция кезінде әлеуметтік зор істер атқарған қоғам қайраткелері қатарында Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Әбілқайыр Досов, Белаш, Зікірия Мухеев, Ораз Исаев, Жанайдар Садуақасов, Ораз Жандосов, Сейітқали Меңдешевтер есімі аталады. Негізгі кейіпкерлердің бірі болып отыратын жазушы шығарманың басынан аяғына дейін көрініп, үлкен тартыс, зор оқиғаға тікелей араласып жүреді. Солай бола тұрса да, автор кейде көргеннің куәсі болудан әрі аса алмай қалады.

 

Романда сөз болатын кейіпкерлер  саны өте көп, олардың көпшілігі  жиын, митинг, мәжілістерде көрініс  береді де, шығарма өрісінен шығып  қалады. Бұл салада жазушының кейіпкерлерге  деген субъективтік қатынасы да біраз  әсер еткен. Ел біліп, жұрт таныған тарихи адамдардың қайсы бірі шығармадан өз орнын таппай жататындығы да бар. Дегенмен, бұл роман өз жаңалығымен, өзіндік өзгешелігімен танылған. Шығармада елімізде жүргізілген мәдени революцияның адам санасына әсері нақтылы характерді ашу үстінде көрінген.

 

Әлеуметтік ішкі қайшылықтар роман  сюжетінің тартыс желісін құрған. Совет мекемелеріне, үкімет орындарына орналасып алып ұлтшылдық уын  себу үшін совет кадрларын қуғынға  салған әрекеттерді шығармада терең  ашылған.

 

Социалистік құрылыстың әрбір саласынан көрінетін тарихи адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін жазушы ұтымды әңгімелеген. Революционерлердің социалистік құрылысты нығайту жолындағы, идеология майданындағы жүргізген күресін көркемдік шындыққа көтере суреттеген.

 

Жазушы бір жүріп, бірге болған адамдар жайын сөз еткенде олардың характерлерін ашудан көрі өмірбаяндарына көбірек тоқтайды. Романда қаһармандардың арасындағы өзара кикілжің, атақ мансапқа таласу жақтары көп айтылған. Бұл ұнамды образдардың саяси, әлеуметтік мәселелерде атқарған зор істерін көрсетуге көлеңке түсірген.

 

Сабит Мұқанов ақындық өнерін лирикадан  бастап, жиырмасыншы жылдардың екінші жарымында көлемді поэмалар жазды. Ұлы Октябрь революциясына дейінгі  қазақ әдебиетінде өріс алған  поэзия жанры жас талантқа игі  ықпал жасаған. Ол халық мұрасының асыл дәстүрлерінің де молынан үйренген.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ықпалы[өңдеу]

 

Әдебиет тарихында белгілі бір  кезең үшін құбылып болып оқырманын  он сан ойға салып келетін шығармалар болды. Өзі құбылыс болумен бірге  кезең үшін көркем сөзге талапкер жастарды даярлай келетіні бар. Қазақ совет әдебиетінің классиктерінң бірі – Сәбит Мұқановтың өлеңмен жазылған тұңғыш роман осындай шығарма санатына жатады. Қазақ совет әдебиетіндегі өлеңмен жазылған тұңғыш роман әдебиетке жаңа леп, тың тыныс ала келген. Бұл жауһар туынды күні бүгінге дейін оқырманның барша буынын сұлулыққа баулуда.

Информация о работе Сәбит Мұқанов