Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 12:41, курсовая работа

Краткое описание

Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы қай уақытта да таланттарға бай екендігін өткен тарих дәлелдейді. Қазақтың бүгінгі дәуірінің әдебиет әлемінде сан шоғыр сол талантты тұлғаларының ішінде жазушы, қарымды қаламгер Сәкен Жүнісовтің орны ерекше. Сәкен Жүнісов деген уақытта ең алдыменен, есімізге «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері», «Аманай мен Заманай», «Өлара» сынды» туындылары оралары сөзсіз. «Сәкен Жүнісов – ұлттық прозамыздың, драматургиямыздың байрағын желбіретіп, оқырманына сүбелі шығармалар берген қазақтың қабырғалы қаламгерлерінің бірі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гылыми жоба.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

«Заманай мен Аманай» повесінде жазушы шығармаларының сюжет арқауын қоюлату, сондай-ақ қалың оқушыға тартымдылық қуатын арттыру үшін, автор махаббат желісін әлеуметтік, таптық тартыстар арнасымен шебер астастыра өреді. Бұл ретте Балзия образы оқушы көзіне түседі. Балзия - өмір қысымы, тұрмыс таршылығы дейтінді көрмей-білмей, бұла өскен, оқыған бай қызы. Балзия қылығы, әрекеті повестің алғашқы беттерінен бастап-ақ көрініс  береді де, шығарманың ұзына бойында көңілге қонымды арнамен өрбиді. Табиғатында өр мінез, қайсар. Шығармада Балзияның үш түрлі мінез ерекшелігі танылады. Бірі – жүрегін махаббат оты өртеген, сүйген жігітімен өмір бойы қол ұстасып өтеміз, жаңа заманның жаңа төл басы боламыз деп армандаған Балзия. Екіншісі – әкесін қанға бояған адамның жары болмасқа тас түйін  бекінген, намыс буған ызалы, бірбеткей Балзия. Үшіншісі – өлер шағында аруақтар алдында немересі арқылы ақталуға даяр Балзия.

Автор Балзия болмысын тұлғалап қана қоймай, сонымен бірге тартыс желісін ширата түсіп, оқиғаларды бір-бірімен шиеленістіре дамытып, көркемдік қуаты мол, нанымды арнамен өрбіте білген. Кеңес үкіметі қызылкөздері қолынан қаза тауып, көші басшысыз қалғанда әкесінің орнын басқан ол құрсақтағы баласын қиынсынбай, «қыздың жолы жіңішке» деп қымсынбай, діні беріктігін танытады, соңынан ерткен елін діттеген жеріне жеткізеді.

Тазалықтың туасы тектіліктен екендігін дәлелдей отырып, арттағы атамекеніне қайтар ертеңін дәтке қуат еткен күшті характер иесі. Жалғыз ұлы Заманайын туған еліне жеткізе алмаса да, одан қалған жалғыз тұяқ немересі Аманайды кіндік қаны тамған Отанына оралтуға бар күшін салады. Автор бар өмірінде көрген қиыншылығы аздай, қартайғанда ауру, өлмелі кемпірдің тау асып, тас кешуі – Отанға деген махабаттан туған жанкештілік дейді. Осыдан аттай елу жыл бұрынғы жіберген кемшілігін түзеу, бабалардан тағылым алу, «тойған жерінде емес, туған жерінде» қалу оның арманына айналады.

Шығарманың түйіні, Балзия ананың өзін құрбан етуі, ұрпағының болашағы үшін, тәуелсіздік үшін талпынысы деген ой салады. «Кешір, кешіре гөр! Соңғы жолға Аманайымды жеткізе алмадым. Менің қыл көпірім де, соңғы сызығым да осы шығар. Мені осалдық жасады деме. Өйтпесем болмайды. Мені қарайлап, Аманайымның кетер түрі жоқ. Аш бала енді бірер күн аялдаса, шыдай алмайды. Аштықтан бұрлығып өледі».

«Бұдан әрі менің, қарағым, сүйретілер мұршам жоқ. Менің көзім жоғалса, күдер үзіп, Аманайым да бұл арадан тезірек кетер. Елді табар. Барым осы, кешір» – деп С.Жүнісов қаһарман бойындағы туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін, өмірдің қонағы емес, қожасы болсам деген өршіл талабын оқушы зердесіне шеберлікпен жеткізеді. Сонымен қатар, Балзияның бейнесіндегі ішкі құбылысты, тайталас сезімді нанымды бедерлейді. Кейіпкердің жан әлемі, сезім иірімдері, өмірге көзқарасы, характері, соңғы арызы осы бір кезеңде ұңғыл-шұңғылымен, әртүрлі бояумен, нәрімен, оқушының көз алдында елес беріп өтеді.

Ал осы Балзия ана бейнесіне қарама-қарсы Атымтай – трагедиялы тұлға. Кешегі коммунистік жүйеге имандай иланған, құрандай сенген ол асыл жарын да, дүние есігін әлі ашпаған шарана ұлын да оңай қиып қала береді. Дәл осындай жайттардың ақиқат екенін айғақтаған сол заманның қызыл белсенділерінің жиынтық образын Атымтайдың бойынан байқаймыз.

  • Колхоз құрамын деп, қалған елімді ашықтырып, өзін де мойның ырғайдай, битің торғайдай болып жүргеніңді естігенде саған жаным ашып, қатты аяп едім ... елді ашаршылыққа ұшыраттыңдар.
  • Сол бір жыл – арыз айтушы, Қарамайшелек жалақор, зұлымдардың арам ойы іске асқан, төбеден мықшита ұрар ұрымтал тұсты аңдушылардың сәтті жылы еді.
  • Иә, жала жабылып кетті дегенді біз де естігенміз.

Осы үзіндіден сол бір аумалы-төкпелі замандағы ертеңі не боларына берік сенімі жоқ, бір-біріне күдікпен қараған, астыртын күбір-сыбыр, алдау-арбау жылдарының шындығы елес береді. Қит етсе, қудалау, жазалау, абақтыға жабу, жер аудару әркеттері кеңінен етек алғанын автор шебер көрсете білген. Қазақ елін, жерін жайлаған озбырлық, әділетсіздік құрбаны болған, Сібір айдалып ашынған азаттық, теңдік, ұлттық ар-намыс жолында неден болса да тайынбайтын күрескер.

Осындай тар кезеңде тарих беталасын дұрыс аңдап, туған халқының, ұлтының байлығына қам жеп, алаңдаған автор позициясы да айқын. Ел өміріне, ісіне, тағдырына суреткерлік тұрғыдан қарап, өзіндік қорытынды жасайды, өзіндік идея өрбітеді.

Қорыта келгенде, бұл шығарма – Сәкен Жүнісов талантының жаңа қырын ашқан, эпикалық тынысы кең, отызыншы жылдар трагедиясын биік көркемдікпен аша білген туынды. Қаламгер заман суреті мен адам тағдырын ширыққан психологизм мен драматизм арқылы бейнелей алған.

 

Қорытынды

 

Қазақ әдебиеті – арнасы кең, тереңі таусылмас, нәрі мөлдір мұхит секілді ұлы дүние. Осы мұхиттың айдынына құлаш ұрып, түбіндегі інжу-маржанын тере білген қаламгерлер – есімдері ғасырға кетер ұлы суреткерлер. Қазақ әдебиеті тарихында ойып алар орнымен, қажырлы қалам қарымымен, суреткерлік ізденісімен, шынайылық шеберлігімен танымал қаламгерлеріміздің бірегейі –  Сәкен Жүнісов.

Біздің ғылыми жобамыздың басты мақсаты –  Сәкен Жүнісов прозасындағы заман бейнесі мен адам тағдырының қыр-сырын ашу, олардың келбетін таныту, қаһармандық тұлғасына баға беру. Бұл жұмыста біз қаламгердің әр жылдары жазған шығармаларын талдап, сараладық.

Ғылыми жобада С.Жүнісов прозасындағы заман бейнесі мен адам тағдыры мәселесіне талдау жүргіздік. Жеке тұлға – тек психологияның ғана емес, көркем әдебиеттің нысаны. Өйткені әдебиеттің басты пәні – адам дейтін болсақ, әдебиеттің күші мен қуаты адам игіліктеріне, яғни антропологиялық сипатқа ие. Кез-келген өнер туындысында адам бейнесінің сомдалуы, оның жан-жақты шынайы ашылуы неғұрлым жұртшылыққа айқын жетсе, бұндай басты ерекшелік әдебиетті соғұрлым жоғары нәтижелі белеске шығуына кепіл бола алады. Қандай өнер атаулы болмасын, оның басты мұраты – адамзат баласына қызмет ету. Өйткені шартараптағы, бүкіл дүние жүзіндегі барлық істер адамдардың игілігіне байланысты болғандықтан, өнердің жалпы тақырыбы – адам тағдыры болып есептеледі.        

Жазушы туындыларының тақырып ауқымы кең. Соның бірі заман және адам тақырыбы. С.Жүнісов – адам тағдырын, заман бейнесін айнытпай танытқан, замана белесі мен дәуір келбетін шынайы бейнелеген жаңашыл суреткер дейміз. Ол өз шығармалары арқылы оқырмандарын қадірлеп, сүюге, оны бағалауға шақырады.

Қаламгер шығармаларындағы бейнелер  –  өзіндік мінезге, болмысқа ие қаһармандар. Олардың әрқайсынының мінезі, істер қимылы мен әрекеті сан алуан. Өйткені қаламгер бұлар арқылы замана тудырған бейнелердің галереясын жасады деуге болады. Осы галереяға қарап отырып, әр адам өзінің идеалын немесе антиидеалын табады. Және сол жастықтың адами, арда қасиеттерін, рухани қазынасын, жалынды құлшынысын, табиғи таңғажайыптарды бойға сіңіріп алуды көздеп, оқырманды жан тереңінің түкпіріне бойлатып, әдемілікке құштар еткізіп, шынайы сүйіспеншілікті насихаттайды.

С.Жүнісов шығармашылығындағы кейіпкерлер сомдаудағы ерекшелік ойып алар ерекшелігі – кейіпкерлерінің жастықты жалау еткен жастар немесе келбеті кәрі болғанмен, көңілі, жүрегі жас жандар екендігінде. Оның қай шығармасын алсақ та, қай кейіпкерін алсақ та жастық туралы әңгіме айтады, өзі де жас болып көрінеді. Сонда жазушы шығармашылығының басты өзегі – адам тағдыры дейтін болсақ, заман бейнесі өте үлкен пафоспен жырланады. Өйткені адам тағдыры – мәңгілік тақырып екені бесенеден белгілі.

Жазушы заман бейнесі мен адам тағдырын суреттей отырып, кейде лирикалық шегіністер арқылы өткенге шолу жасайды. Кеше мен бүгінді өзара салыстыра отырып, әдеби-эстетикалық көркем бейне сомдайды. Алынып отырған кейіпкерлер жай образдар емес, олар – типтік образдар. Қаламгер бұл образдар арқылы замандастар бейнесінің алып панорамасын туғызған.

Қай кезде де әдебиеттің пәні – адам өмірі және оның рухани әлемі болып келгені мәлім. Жазушы – болашаққа үлкен жүк арқалаушы жауапты адам десек, замана жүгін келесі дәуірге, келесі ұрпаққа жеткізу қаламгердің тағылымды нысаны екені анық. Олар бізге өткен бір кездің бейнесін көз алдымызға сол кезең тілімен, сол қоғам дәрежесімен суреттейді. Бұл ерекше қасиет – тек өзі өмір сүрген ортаны, қоғамды жақсы ілтипатпен түсіне алар қаламгерге тән қасиет. Әйтпесе, заман лебі шығармадан самалдай болып еспес еді. Сәкен Жүнісовтың жазушылық үлкен зор қызметі осыны айғақтайды. Сонда қаламгер – замана көпірі десек те болады.

Қаламгер шығармашылығындағы заман бейнесі мен адам тағдырының суреттелуінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жазушы өз туындыларының бірінде он тоғызыншы ғасырдағы Ақан сері образын сомдаса, енді бірде жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақтың аласапыран дәуіріндегі жастар тағдырын, ал енді бірде жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарындағы ұлт тағдырын ауқымды тақырыпта сөз етеді.

Қаламгер шығармашылығының жеке үні, өзіндік стилі бар. Стиль дегеніміз – әр қаламгердің шығармашылық жеке қолтаңбасы. Әдебиетте осындай өзіндік тіл айшығы, стиль даралығымен танылған тұлғалардың бірі де – С.Жүнісов. Сондай-ақ, С.Жүнісов – қазақ әдебиетінің тарихына,  әдебиет теориясына  жаңалық әкелген новатор жазушы дейміз. Оның шығармашылық стилінің басты-басты ерекшеліктері мынада:

  • Қаламгердің өмірде болған нақты бір тұлғаның азаматтық келбетінің шынайы бейнесін жырлауы.
  • Жазушының мәңгілік тақырыптарға бой ұрып, замандас келбетін нақты бейнелеуі.
  • Жазушы шығармаларының тілінің көркемдігі.

Жазушы Сәкен Жүнісов шығармалары – сан қырлы, шеберлікке шырайы бай, стильдік қабаттары, тіл айшығы кең көркем туындылар.

 Қорыта айтсақ, Сәкен Жүнісов – өз дәуіріндегі заман сазы мен замана үнін, замандас бейнесін сомдаған суреткер жазушы. Ол жасаған әр бейне – бүгінгі күнде өзіндік сыр-сипаты бар образдар. Қандай шығарма, бейне болмасын, оның заманнан алар сәулесі мол болады. Өйткені заман мен адам – бір-бірінен ажырамас, бірін-бірі толықтырып тұратын дихотомиялық құбылыс. Әр кейіпкердің әрқайсысынан өзіндік сабақ алуға болады. Өйткені заман талабына сәйкес, дәуір ағымымен дүниеге келген замандастар бейнесі кешенді түрде туындаған, бүгінгі күнге дейін сақталған.

Сәкен Жүнісов есімі қазақ жұртшылығына бірнеше прозалық жинағы, «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері» романдары, «Аманай мен Заманай» арқылы кеңінен танымал болды. Бұл аталған көркем шығармалар –  қазақ әдебиетіне қаламы жүйрік, шығармашылық қабілеті айқын жазушының келгендігін танытқан туындылар еді. Әсіресе, «Жапандағы жалғыз үй» романы, «Аманай мен Заманай» повесі автордың ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің елеулі, мәндә шығармаларының бірі ретінде қабылданды.

«Ұлтжанды, өнерге ерекше жаны жақын Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов өзінің көркем тілмен кестеленген тамаша шығармалары арқылы халқымыздың қазақы қалпы мен ұлттық ділін сақтап, жетілдіре түсуге бүкіл дарыны мен қарым-қабілетін жұмсап, қызмет етіп еді. Оның суреткерлік шеберлігімен сомдалған ардақты Ақан серіміздің ауыр тағдыры мен шынайы бейнесі әдебиет сүйер қауымның әлі талай буындарының жүректерін тербеп, кеуделеріне өнерге деген іңкәрлік пен ізгіліктің нұрын себе беретіндігіне күмән жоқ» [17.] – деген Елбасымыздың сөздері де Сәкен Жүнісовтің ұлтымыздың тарихында алатын бағалы орнына айғақ болады. Шындығында да, С.Жүнісовтің қаламынан туған таңдаулы шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алған құнды дүниелер болып табылады. Жалпы, С.Жүнісов шығармалары – әдебиет тарихын тақырып, мазмұн, жанрлық тұрғыда байытып, өз кезінде әдеби процестің дамуына ықпал еткен, өз дәуіріндегі заман мен адам образдарының тұтас галереясын сомдаған туындылар болғаны һақ.    

Сәкен Жүнісовтің қаламынан «Ақан сері» атты дилогия, «Заманай мен Аманай», «Ажар мен ажал», «Өліара», «Жаралы гүлдер», «Қысылғаннан қыз болдық» секілді сом туындылар туды. Сәкен Жүнісов – Ақанды асқақтатты, Абылайды аспандатты. Айтары анық, бояуы қанық көркем образдар жасады.

С.Жүнісовтің қаламынан туған таңдаулы шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алған құнды дүниелер болып табылады. Ол өз замандастарының арасында ауқымды шығармашылық қарымымен де, біртуар азаматтық болмысымен де ерекшеленеді.

Қорыта келгенде, Сәкен Жүнісов – ұлттық прозамыздың байрағын желбіретіп оқырманына сүбелі шығармалар берген қазақтың қабырғалы қаламгерінің бірі. Ол замана шындығын өз шығармаларында шынайы көркемдікпен бейнелеу шеберлігімен әдебиет сахынасынан өз орнын алды. Қазақ әдебиті үшін С.Жүнісовтың төл туындылары өмір құбылыстарын  ой-сана батылдығы, әрі қарымдылығы, сезім тереңдігімен, табиғи талант қуатымен жинақтай суреттеуде соны дүние танымдық серпін, қажырлы ізденіс жемісін, тың шешімдер моделін еркін де ұтқыр қиял мен нақты шындық жарасымын әкелгенімен бағалануы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 9-том. Он томдық. А., 2005., 606-б.
  2. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. –Алматы: Алаш, 2003. – 328 б.
  3. Қирабаев С. Әдебиет және дәуір талабы.– Алматы: Жазушы, 1976.–300 б.
  4. Межелайтис Э. Контрапункт. – Москва: Известия, 1972.
  5. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б.
  6. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – Москва: Просвещение, 1971.
  7. Жүнісов С. Жапандағы жалғыз тіл.  – «Ана тілі» газеті. 1999, 17 ақпан.
  8. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық: Әдеби-сын мақалалар, портреттер. – Алматы: Жазушы, 1985. – 248 б.
  9. Әуезов М. 20 томдық шығ. жин. – Алматы: Жазушы, 1985. - 4 т.
  10. Сәкен Жүнісов. Ақан сері. 1-том. Алматы: Жазушы, 2003-376 бет.
  11. Жүнісов С. Ақан сері. 2-том. Алматы: Жазушы, 2008-400 бет.
  12. Әшімбаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. 2 т., Астана – 2006.
  13. Дәдәбаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. Алматы: Жазушы, 1988. 187 бет.
  14. Бердібаев Р. Тарихи роман. Алматы: Санат, 1997-336 бет.
  15. Бақытжан Майтанов. Сөз сыны. А., 2002.
  16. Жүнісов С. Заманай мен Аманай. А., 1987.
  17. Нұрсұлтан Назарбаев. «Егемен Қазақстан», №98, 03.05.2006 ж.

Информация о работе Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық