Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2015 в 12:41, курсовая работа

Краткое описание

Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы қай уақытта да таланттарға бай екендігін өткен тарих дәлелдейді. Қазақтың бүгінгі дәуірінің әдебиет әлемінде сан шоғыр сол талантты тұлғаларының ішінде жазушы, қарымды қаламгер Сәкен Жүнісовтің орны ерекше. Сәкен Жүнісов деген уақытта ең алдыменен, есімізге «Жапандағы жалғыз үй», «Ақан сері», «Аманай мен Заманай», «Өлара» сынды» туындылары оралары сөзсіз. «Сәкен Жүнісов – ұлттық прозамыздың, драматургиямыздың байрағын желбіретіп, оқырманына сүбелі шығармалар берген қазақтың қабырғалы қаламгерлерінің бірі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

гылыми жоба.doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Сәкен Жүнісов  өз ортасы, өз дәуірінен озық тұрса да, сол ортаны бұзып жарып кете алмаған ақынды қанаты қайырылған жаралы жалғыз қазға теңейді «Қаз да жылайды, қаз да жалбарынады екен. Жан сарайы сау, жемсауы бүтін қарашаны қазір көзін бақырайтып қойып, көк мұз қысып келеді, асықпайды. Шағатын жыланша айналасынан қоршап, баяу жылжып жақындай береді.

Бауырымен басқан құс мекені – су көлемі бірте-бірте тарылып, алдымен мамық төсін, құйрық қауырсындарын мұз сірестіріп қатрырды да  жұмсақ қызыл табанына жетіп, содан қос аяқтап, табжылтпастай етіп ұстайды. Мейірімсіз, дүлей көк мұз осылайша жүрегіне дейін жетіп, болат тұяқтарымен үнсіз сағымдай береді, қашан тірі қаз бауырлап қайтқанша тоқтамайды....» [11, 363-б.] - деп, автор өз дәуірінен қуаныш тауып, көңілін көншітпеген, рахат тауып, жанын тыншытпаған сергелдең халдегі Ақан бейнесін, қанаты қайырылған жалғыз қаз бен психологиялық параллелизм арқылы бейнелеген. Қаз да жалғыз, Ақан сері де жалғыз.

Жалғыз ұлын арқалап, жапан түзді бетке алған көңілі жүдеу Ақан сері Қады құрсауланған көк мұз – Ақанды екі өкпесінен қысқан жалғыздық қайғысының мұзы, яғни ауыр трагизмдегі Ақан серінің қайғылы кейпімен ортақтаса, бірге мұң шер арқалатқан қалпымен аяқталады роман.

Шығарманың басты идеясы –  «Мыңмен жалғыз алысқан» Ақан серінің заман соқысынан жеңілгенімен, оның рухы жеңіліс таппайтығында. Оның өнері өлмейді, халқымызбен мәңгі бірге өмір сүреді. Оның өнерлі өмірі – өміршең.

      С.Жүнісов шығармасының тілі – негізінен жатық, жарасымды. Автор адам мен табиғат құбылыстарын дәл суреттей біледі. Жазушының халықтық тіл байлығының меруертін еркін игеріп, шығармасына еселеп қолдана білетіндігі аңғарылады. Бірақ кейде сол бай тілдің ысыраппен жұмсалатынын айтар едік. Шығармада әр сөздің орнында тұрмауы қандай мін болса, үстеме, басы артық әшекей тіркестер де негізгі ойды көмескілейді, әдеміліктің қадірін кетіреді. Мәселен, «Бар әлемге, бар ғаламға атың таныс жарық ай» деген шалқыма тіркестегі «бар ғаламға» алғашқы ойды қайталау ғана.

       С.Жүнісовтің «Ақан сері» романына қатысты айтылған сындарлы сынның бірін С.Әшімбаев айтқан екен: «Қазіргі қазақ әдебиеті – жақсы үлгілі шығармалары бар, арғы-бергі дәуірдің мол оқиғалары, көп адамдары суреттелген үлкен суреткерден талғампаздықты, білімдарлықты керек етеді. «Ақан сері» романының төгілген ажарлы тіліне, бірталай тұлғаларына сүйсіне, жазушы дарынына ризалық білдіре отырып, бір мәселеге іштей қанағаттанбадық. Ол – жазушының кей тұстарда бұрынғы шығармаларда кездескен сарынды қайталауы. Біз тақырып ұқсастығын айтып отырған жоқпыз.

        «Ақан серінің» поэзияға, көркемдікке толы тұстарын атап өтуге болады. Бірінші бөлімдегі елден мал қоймаған даланың тағы көкжал арланы Біршектің жыртқыштығын бейнелеген беттер автордың суреткерлік шалымын қапысыз танытады. Романда терең монологтар, өткіо диалогиар, дәл табиғат суреттері аз емес. Ақан серінің аузымен берілетін шабытты, шешен ақ өлеңдер шығарма кеудесіне таққан танадай әсер қалдырады» [12, 77-78 бб.].

Көркем әдебиет өмір шындығын образ, адам образы арқылы танытады. Көркем әдебиеттің басты пәні – адам өмірінің шындығы. Көпке белгілі осы қағидаға орай, шығармада адамның әлеуметтік-азаматтық өмірі ғана емес, от басы, ошақ қасы, тіпті түрлі «көз қысты», «бармақ басты» ұсақ-түйек істері де кеңінен суреттеледі. Жазушы бұл ретте де  адам өмірінің шындығын суреттейтіндігінде сөз жоқ.  Алайда бұл шындық қаншалықты мән мағынаға иеленді, қалай суреттелді – көркемдіктің басты мәселесі осы төңіректе анықталуға тиісті.

        С.Жүнісовтың «Ақан сері» романында Ақан ауыл жуандарына ән-жырымен де, сал-серілігімен де, қарсы келіп отырады. Бір жуаннан таба алмаған әділдікті басқа бір мықтының алдынан іздейді. Ақыры патша мұрагері алдында да әділдік таба алмаған Ақан көңілі бұрынғы  бетінен қайтады. Туысқандарымен де ұғыса алмаған ол баласы екеуі оқшау өмір кешуге бет бұрады. Әділдік іздеп әлдекімдерге шағынуды да тоқтатады.

Екінші кітаптың соңына қарай Ақан бір топ ұлықтар мен болыстардың ортасында болады. Ақын қазақ даласындағы әділетсіздіктерді Россиядағы әділетсіздіктермен жанастыра, сабақтастыра отырып, біраз шындықты біліетіндігін аңғартады. Бұл жерде Ақан әңгімесінен әлеуметтіе шындық қана емес, ақынның сол шындыққа деген қатынасы да анық көрінеді. Өзінің бұрынғы ұлық болыстарға шағынған, олардан әділдік іздеген халін ащы мысқылмен еске алады. Сөйтіп Ақан көңілі үстем тап өкілдерінен біржола қалады, олармен айырылысып тынады. Бірақ, үстем, зорлықшылардан кеткенмен,  Ақан – жалғыз жеке.

        Романның  екі кітабында Ақан жүріп өтетін  жол әлеуметтік өресі жағынан  аса биік емес. Бұрын бай-болыстардан, ұлықтардан, патшадан әдәлдік іздеген Ақан енді ол ойынан қайтты. Әділдік, теңдікті бұлардың алдынан іздемеу қажеттігін ұғынады. Дүниені тануы, әлеуметтік ой-өрісінің өсуі тұрғысында Ақан алға көп көтерілмегенімен, жан әлемінің оймен, сезіммен баюы кең көлкмде жүзеге асады. Бұл жолда Ақан басынан өтпеген адамдық сезім құбылулары жоққа тән десе болады.

        Романның  бірінші кітабы Ақан сері өмірінің  келісті, кемел кезеңін суреттеуден  басталады. Бұл тұста Ақан –  асқан өнерпаз жан, астында асқан  жүйрік құлагер, соңында – Басарала, қолында-қыран құсы...Ақтоқтымен екі арадағы ғашықтық сыр мен жыр да осы кезде етеді. Ақан материалдық жағынан да,  рухани тұрғыдан да ешнәрсеге мұқтаждық сезінбейді. Жігітке керектің бәрі де Ақанда бар.

       Романның екінші кітабында Ақан халі бұған мүлде қайшы көрсетіледі. Ақанда бұрын болған, бар қуаныштың бірі де жоқ. Ақтоқты, Құлагері, Көкжендет, Басарала – бұлардың бәрі жоқ. Ақанның көкірегін енді, бұрынғыша сұлу жар құшу, жүйрік ат міну, қыран құс, алғыр ит ұстау мен серілік, саятшылық, махаббат салтанатының қуанышы емес, шаршаған, өмір ауыртпалығынан шалдыға бастаған жанның жылжып аққан көз жасы шайып жатады.

        Ақтоқты да, Ақан да іштей бұрынғы, өтіп кеткен жастық өмірлеріндегі мәз шағына барып, одан қазіргі күйіне қайта оралды. Өткен өмір екі кейіпкердің көңілінде бір бағытта, бір мазмұнда елес береді. Ақан серінің қазіргі күйін, оның өмірінің қазіргі шындығын еткен өмір салтанаты мен мұңы аясына сыйдыру Ақтоқтыға аса қиынға түседі. Жазушының бір өмірдің екі кезеңінің контрастық қатынаста алып суреттеуі және бұл қатынаста соңғы кезеңнің алдыңғы кезеңнің қозғаушысы, естегі оятушысы қызметін қоса атқаруы құбылыс шындығын терең ашуға үлкен септігін тигізіп тұр.

С.Жүнісовтің «Ақан сері» романында Ақанның белгілі «Көкжендет» өлеңінің шығу тарихы суреттелетін тұс бар. Өлеңде құстың желмен ығып кеткені ғана айтылатын. Жазушы  осы деректі үлкен әлеуметтік өмір шындықтарымен байланыстырады. Ақан сері жергілікті болыс шабарманын бастап патшаға   дейінгі билік иелерін, олардың әлеуметтік беттеріне қарай, белгілі жыртқыш құстарға балап, әрқайсысына нақты сипаттама береді. Бұл сәтте ақын маңында болған ірілі-уақты әкімдердің іс-әрекеттері, психологиялық құбылулары да қамтылады.

Ақынның өзін қоршаған топқа деген ызасы мен жек көру сезімі – бұлар да сәтті суреттеледі. Өлеңде берілген аз ғана деректің негізінде жазушы еркін көркемдік топшылаулар жасап, Ақанды желді күні құс салуға мәжбүр еткен жағдайдың әлеуметтік сырын ашады, сол мақсатта мүлде тың сюжеттер құрайды. Осылайша, шағын көлемдегі кездейсоқ құбылысқа үлкен мән-мағына үстейді. Осы өлең мазмұны Т.Әлімқұловтың «Ақырғы қуаныш» повесі арнасында да анықталады. Мұнда да суреткерлік қиялдаудың рөлі басым.

Автор Ақанның көптеген өлеңдерінің шығу тарихы туралы өзіндік ұшқыр қиял мен көркемдікті шебер  ұштастыра отырып жаза білген. Мәселен, «Қызы едің Ыбекеңнің, Балқадиша» деп басталатын әніндегі үлкен астан елге оралып келе жатқан Ақанның жолай қонақта отырып Балхадишамен танысуын ұтымды суреттеген. Сонымен қатар «Бәрінен, он үшінші, қазақ жетім, Қорқақтап жан-жағына алаңдаса» – деп жырлаған Ақанның бір ауыз өлеңінен қазақтың сол дәуірдегі басына түскен ауртпалығы мен жағдайын одан әрі дамытып, көркем сөздермен кестелей түскен.

Автордың Ақан сері бейнесін бейнелеудегі ұстанған бағыты аса мығым. Ақан серінің жеке бастың тұрмыс тауқыметін қатты тартқанымен, оның ісі, ой арманы мен өмірге деген талпынысы, құштарлығы, өнері, туған елінің, қадірлі халқының бостандығы, бақыты жолындағы ұлы күресіне бағышталған. Сәкен Жүнісов Ақан образын бедерлегенде, сол ақынның қоғамдағы тарихи орнын көрсетіп қана қоймай, сол заман шындығымен терең ұштастыра білген.

Елім деп көксеген Ақан бар ғұмырын асыл арман жолына арнады. Сол ұлы жолға өз бойына біткен ерекше қасиеттерін: ойшыл тапқырлығын, ділмар шешендігін, ақындығын, тамаша өткірлігін аямай жұмсады. Сондықтан жазушы Ақан серінің сөйлеу ерекшелігіне әдеби ғана емес, қоғамдық, әлеуметтік саяси мән берген.

Романдағы Ақан сөзі әр уақытта, қай жерде, кіммен болса да, өте дәлдікпен, терең мазмұндылықпен ойлы да өткір берілген. Әсіресе, шонжар алпауыттармен сөз қақтығысында әр уақытта да үстем шығып, оларды қыннан суырылған алмас қылыштай тіліп тастап отырған. Бұл ретте романдағы Ақан серінің Қылышбай, Нұртаза, Тұрлыбек, Ердеңдермен сөз қақтығыстары, ояз, губернаторларды астарлы әжуаға алуы тамаша тапқырлықпен бірге, әлеуметтік астар алған. Ақан серінің бұл қасиетін жан-жақты ашу арқылы автор бас кейіпкердің ішкі сыр-сипатын, мінезін, ой-арманын кеңінен толғап, күрделі характерін аша білген. Бұл тәсілмен ол Ақан образын жасаудағы ұтқаны көп.

«Беймезгіл заманда туып, өз ортасынан биік тұрған ақынның қатыгез дәуір құрығынан құтылып кете алмай, жалғыз болса да, ешкімге мойынсұнбай өткен тәкаппар бейнесі біздің көз алдымызда.

Ақан өмірі оның осы жолдағы қат-қабат ізденісін, тағдырдың ноқтасына басын сұқпауға тырысып, бұлқынуын бейнелейді. Ол ескі сүрлеумен жүре алмады. Өзгеше жол іздеді. Сұлуды сүю, маңына өнерлі жастарды жинап, дүниеден думандатып өту, жүйрікті таңдап мініп, саятшылықты кәсіп ету – оның жалғыздыққа қарсы күрес амалы еді. Бірақ опасыз өмір, сері жолына қақпан құрды да отырды.

Бәтима мен Ұрқияның өлімі, Ақтоқтымен ажырасу, кейін кездесіп, көз жазып қалған Жамал мен Балқадиша тағдырлары, Құлагердің мерт болуы, Қараторғай мен Базаралыдан айырылу, Құлагерге мініп, бәйгеге шауып жүрген кенже інісі Айбергеннің қазасы – бәрі де Ақан қашып құтыла алмаған, оны қамаған жалғыздық атты темір тор еді», – деп академик Серік Қирабаев баса назар аударып отырған Ақан серінің жалғыздығы – бүгінгі күні орыс әдебиеттануында «Человек в мире отчуждения», яғни, өскен ортасынан жеру, қоғамынан түңілу, жатсыну, жалғызсырау формасы болып табылады.

«...Осы замандағы әлеуметтік өмір шындығы ұғымында адамды жатсыну идеясынан туындайтын ұстанымдар. Адамды, адам тұлғасын бастапқы өзіндік құндылығы немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік-тарихи әлемнің алғашқы, бастапқы шындығы және құндылығы ретінде қарастырады. Жатсыну – адамның өзінің жеке қарым-қатынастарын, қызметтерін және нәтижелерін жатырқауының тумасы пен салдары болып табылады» [13, 89-б.].

Ата қонысынан қуылған ел, қайғылы хал, қиын жағдайға ошарылу, мінеки, сол Ақан заманының сиқы. Базары тарқаған қос көл, амалсыз переселендер қоныстанған Қаратал, шошқа қамалған Құлагер қорасы, тоз-тоз боп ауып кеткен ел – міне, бұл күй-күні өткен, тауы шағылған, сағы сынған Ақанның қайғылы көңілінің қаяулы бояуын береді. Автор Ақан серісін сонда да ешкімге де, ештеңеге де мойынұсындырмай, бойын тік ұстатып өмірден өткізеді.

Сәкен Жүнісов осы роман-диологиясында әдебиетте бұрыннан бар мифология тәсілін орнымен шебер пайдаланады. Жазушы «Ақан серісін» жазу үстінде үнемі осы алтын тамырдан нәр алумен болады. Сағынайдың асында Батыраш жендеттерінің қолынан мертігіп, өлгелі жатқан Құлагер көз алдынан бүкіл өткенін, иесімен болған жақсы күндерін елестетіп өтеді. «Жылқы баласына бұдан басқа асқан дос жоқ... Ендеше, қазір не болды? Шекесіне соққы қайдан тиді? Мүмкін, нажағай түскен шығар. Мұның шекесіне тиген жай оғы болар ... Бірақ бүгін аспан шайдай ашық емес пе еді? Қайдағы жай оғы? Не де болса, адам емес. Екі айғыр таласса – ортасына шыбын-шіркей боп түсіп, көкке қарғыған болат тұяқтан қаймықпай, басын ажалға тігіп, айыратын адам баласы тап мұндай қатыгездікті жасамайды. Зұлымдық адам баласының қолынан келмейді. Ол тек мейірімділікке жаратылған».

Жазушы тілінің байлығы мен көңілге қонымды ашықтығы осы «Ақан сері» дилогиясында айрықша көзге ұрады. Ол сөйлем құрауда тіл байлығын өлшеп-пішіп, жалаң түрде қолданбай, бар ой-пікірін бір арнаға лықсыта төгіп, мазмұнның ішкі астарын беру арқылы айтқысы келгенін екінші, үшінші мағынада шығарып отырады.

Кейде Ақан туралы пікірді Құлагердің ойы арқылы көрсетсе, керісінше, Ақанның Құлагерге деген көзқарасынан оның өзінің бүкіл бітім-болмысын, не оны төңіректеген өзге жұрттың бет-бейнесін, қимыл-әрекетін айқын ашады. Құлагердің үстіне Ақтоқтының өзі тіккен әдемі жамылғыны әкеп жабуы суреті аясында талай көрініс сыйып тұр. Қолынан аса қымбат сәнді жабу шыққан Ақтоқтының мерейлі, нұрлы жүзі де, оны шаттана қабылдап тұрған ер көңіл Ақан сері де, тіпті Құлагердің керілген әсем бейнесі мен мінез ерекшеліктері де көңіл тоғайтады.

Романдағы тар заманда тағдыр талқысына түскен: Ақтоты, Ұрқия, Қадиша, Ақбота арулар мен Жаңыл, Ырысты, Дәмелі аналар өз кескіндерімен дараланған. Бас бейненің бірі Ақтоқты – түйсігі мол, жаны нәзік, үлбіреген қырмызыдай жас ару. Серіден әлдеқайда кіші болса да жан-күйін тербеген асыл жанға ғашық болады. Сол қуатты сезімін ақынжанды сұлу қыз Құлагерге арнап кестелеген келісті жабумен білдіреді. Серінің мойнына асыла тұрып бұрын мән-мағынасын аңғармаған сиқырлы бір құпия – махаббат шарабына мас болып жүргенін де ашып айтады. Содан өзінің тордағы құстай көңілсіз күйіне ауысып, қыз тағдырының татымсыз мұңын толғайды.

Жазушы жалпы алғанда, Ақтоқты образын осыншама ішкі әлемімен аша, лиро-романтикалық сарында дамытқан. Көз шалымы байтақ, алды-артын барлай білетін өз ортасының сергек қызы дәрежесіне көтерген. Оның мерт болар Ақанды сақтап, өзі соның құрбаны болып кеткен күйі – осындай әлеуеттілігін танытқандай. Шығармадағы Ұрқия – жайсаң жанды, сезімтал, үмітін күдікке жеңдірмейтін, өмірдегі жарастықты сүйген адал жар. Ортаның қатал салтын бұзып, қауіп-қатерге қарамастан, сүйгенімен кеткен батыл жан. Сері қыздарды топтап, жарымен бірге аңға шығу сәттері, үй ішіндегі сәнді көріністер, абысын-ажын арасын жарастыруы – Ұрқияны тәрбиелі, талғамды етіп танытады. Ақтоқты мен Ұрқия бейнелерінде де өзара ұқсастық бар. Бұл – олардың табиғи парасаттылықтары. Екеуі де Ақанның адамгершілігін, өнер дарынын ардақ тұтады. Махаббат құдіретіне көз жұмып, құлшылық етуден және аулақ. Қадиша образын да автор, негізінде, жақсы сомдаған. Ақан, Ұрқия, Ақтоқтының аналары Жаңыл, Ырысты, Дәмелілер де ақ, адал пейіл, ішкі жылы шырайларымен сәтті көрінеді.

Информация о работе Әдебиеттегі заман көріністері мен адам әлемі: дәстүр мен сабақтастық