Жаңа заман мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 20:48, доклад

Краткое описание

Волфганг Амадей Моцарт Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт; 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791 жылы 5 желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композициялар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер болған. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық әуендік (есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялық қабілеттері болған. Моцарт туылғаннан кейінгі екінші күні әулие Руперт Соборында шоқырдырылған. Шоқындыру кітабында оған берілген аты латынша Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus (Gottlieb) Mozart болып жазылады. Осындағы алғашқы екеуі - әулиелер аты, күнделікті өмірде пайдаланылмайды, ал төртінші есімі Моцарттың өмірінің кезінде: лат.

Прикрепленные файлы: 1 файл

бах.docx

— 38.60 Кб (Скачать документ)

Шопен (Chopin) Фридерик Францишек (22.2, кейбір деректерде 1.3.1810, Варшава маңындағы Желязова-Вола мекені – 17.10.1849, Париж қаласы) – поляк композиторы, пианиношы, ұлттық классикалық музыканың негізін салушы. Әкесі – француз, шешесі – поляк қызы. Шопен туған апасы Людвиканың ықпалымен жастайынан музыкаға әуес болып өсті әрі онымен қосылып фортепьянолық дуэттер орындады. 7 жасында фортепьянода ойнауды чех музыканты В.Живныйдан, 12 жасында композицияны поляк композиторы Ю.Эльснерден үйреніп, тәлім алды. Лицейде (1823 – 26), одан кейін Жоғары музыка мектебінде (1826 – 29) оқыған ол жеті жасында алғашқы шығармасы – фортепьяноға арналған соль минор полонезін шығарды; 1817 ж. жарық көрді. 1818 жылдан пианиношы ретінде таныла бастады. 1829 жылдан Шопеннің алғашқы гастрольдік сапары басталып, әуелі Вена, одан соң Мюнхен қалаларында концерт берді. 1830 – 31 ж. Вена, ал 1831 жылдан Париж қаласында тұрды. Осы қалада әдебиет пен өнердің атақты өкілдерімен (ақын Г.Гейне мен жазушы Ж.Санд, кескіндемеші Э.Делакруа, композиторлар В.Беллини, Г.Берлиоз, Ф.Лист, Ф.Мендельсон, т.б.) танысты.

Шопеннің шығармалары  поляк ұлттық музыкасының зор  жетістігіне әрі дүниежүзілік музыка классиканың үздік үлгілеріне жатады. Музыкадағы реализмнің ірі өкіліне айналған Шопеннің өміршең әрі психологиялық шындыққа негізделген терең мазмұнды туындыларында поляк халқының азаттық үшін күресі мен қаїармандық идеялары үлкен суреткерлікпен бейнеленді. Шопен – фортепьянода ойнаудың асқан шебері, дүниежүзілік көрнекті пианиношылардың бірі болды. 1835 ж. композитор ауыр сырқатқа душар болып, дәрігердің кеңесімен Мальорка аралына барады да бір қысын (1838 – 39) сонда өткізеді. Ол осыдан кейін денсаулығы біршама жақсарғандай күй кешіп, барлық уақытын музыкаға арнады. Бірақ Сандпен қарым-қатынасын біржола үзуі (1847) және гастрольдік сапармен Англияда болуы (1848) Шопеннің денсаулығының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Содан көп ұзамай өкпе туберкулезінен дүние салды. Мәйіті Париж қаласында жерленген, жүрегі өз өтінішімен Варшава қаласына жеткізіліп, осы уақытқа дейін сонда сақтаулы. Варшава қаласында концерттік, ғылыми-зертеу, т.б. шығармашылық жұмысымен айналысатын Шопен атындағы қоғам ұйымдастырылған. 1927 жылдан осы қалада пианиношылардың Шопен атындағы халықаралық байқауы өткізіліп тұрады. 1923 ж. Алматы қаласында музыкалы драма үйірмесінің күшімен алғаш рет Шопен шығармаларына арналған концерт ұйымдастырылды. Сонан бері Қазақстанда композитордың әр алуан муз. туындылары (вальс, мазурка, ноктюрн, полонез, т.б. фортепьянолық шығармалары) орындалып келеді. [1] [2] [3]

 

Шопен – фортепьяно мен оркестрге арналған 2 концерт  пен 4 пьесаның; фортепьянолық трионың, виолончель мен фортепьяноға арналған соната, 4 баллада, 4 скерцо, 4 экспромт, 16 полонез, 58 мазурка, 17 вальс, 21 ноктюрн, 26 прелюдия, 27 этюдтің және көптеген әндердің, рондо, вариация, т.б. муз. шығармалардың авторы.

Шопенге дейін де, Шопеннен кейін де Польша елінде мынадай  деңгейлі музыка данышпаны тумады. Оның шығармашылығы тұтас пианино аспабына арналды. Шопенге сазгердің ерекше сыйлығы берілді.Егер де осы ерекше қасиетін жетілдіргенде,мүмкін, ол керемет симфонист болар ма еді . Шопен полонез , баллада шығармаларында Польшаның сұлулығы мен елінің қайғылы жағдайларын баяндайды.Осы туындыларда ол халықтың эпостық сипаттарын пайдаланады. Оның музыкасы батыл суретшілікпен ажыратылады .Бетховеннан кейін классицизм романтизмге орын берді. Шопен осы бағытты дамытқан музыкадағы басты өкілдердің бірі болды. Шопенның ең керемет туындыларына этюды жатқызуға болады: этюдтың жылдам ойналғандығынан шығар ,тыңдаушыға тамаша ақындық әлем ашылды. Ges – dur,f-moll, c -moll -осы этюдтарда жастық кездің ыстық лебі сезіледі. Шопенның " өмірбаяндық" жанры вальс болып табылады.Ресейдің музыка зерттеушісі Изабелла Хитриктың айтуы бойынша : - “ Вальс Шопенның өмірімен тығыз байланысты.Оның қандай да вальсын ойнаса оның шынайы өмірімен ұштасқандайсың” –дейді. Сол уақыттың әйгілі әртістері мен әдебиетшілері: Ференц Лист, Роберт Шуман, Феликс Мендельсон, Адольф Мейербер, Игнац Мошелес, Гектор Берлиоз, әнші Адольф Нурри, ақындар Генрих Гейне және Адам Мицкевич, суретші Эжен Делакруа, журналис Агатон Гиллер және басқалары Шопенның алдында бас иген.


Информация о работе Жаңа заман мәдениеті