Үндінің ұлттық діндері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:26, реферат

Краткое описание

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі.

Содержание

I. Кіріспе
II. Үндінің ұлттық діндері
2.1. Брахман діні
2.2. Индуизм
2.3. Сикхизм
2.4. Будда діні
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Үндінің ұлттық діндері.docx

— 34.02 Кб (Скачать документ)

Сикхизмнің пайда болуы. Ислам Үндістанға кіргеннен кейін, Ислам мен индуизм арасында келісім негіздерін іздестіре бастады. Нанактікі бұлардан көңіл аудартарлық. Ислами пікірлерден пайдаланған Нанак, алғашында дін құрамын деген ойда болған жоқ. Ол индуизмнің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары мен мәдениетін тазалау үшін, полетеизмді, пұтқа табынушылықты және каста жүйесін жоюды, Ислам мен индуизмнің арасынан орта жол тапқысы келді. Алдымен саяси болып басталған бұл әрекет, уақыт өте келе діни сипатқа ие болды. Ислам сопылығының ықпалымен Нанак Солтүстік Үндістанда уағыздар жасап және синкретист (мәмлегер) Сикх әрекетін дүниеге келтірді. Ол Исламның бір Тәңір және оның сипаттары сияқты кейбір мәселелерді ұнатқан. Соған қарай Тәңір жалғыз, мәңгі, көрінбейді, сөзбен түсіндірілмейді, Ол барлық жерде және көруші. Мұнымен қатар ол үнді философиясынан шыққан «Мая» және «Нирвана» ұғымдарын таңдаған, тәнәсух пікірін қабыл еткен, бірақ аватараларға сенуді қабыл етпейді.

Тәңірдің бірлігі, құлшылықта иләһи аттың қайта-қайта айтылуы, түрлі кастадағы адамдардың теңдігі, пұттарға табынудың жамандығы, бауырмалдық сүйіспеншіліктің маңыздылығы және жол көрсетуші ретінде гурудың қажеттілігі түрінде қорытындыланған бұл діни түсінік Нанак тарапынан барлығына сай келетін түрде ұсынылған және өмір тәртібі ретінде жүйеге келтірілген.  

Сикхалар касталық пен брахмандарға, олардың салт-жораларына қарсы. Олар әйелдер мен еркектердің өмірге белсене араласуын уағыздады. Гуру Нанак каста бүғауынан босаудың белгісі ретінде ортақ асхана мен ортақ тамақтану принципін енгізген. Сикхалармешіт сияқты гурдваларда жиналатын болған. Гуру Нанак әйелдер теңсіздігіне, көп әйел алушылыққа және өзін-өзін өртеуге қарсы шықты. Гуру Нанак пен оның ізбасарларының уағыздары Пенджаб түрғындарының арасында кеңінен тарады. Барлығы Сикхалар бір-бірін ауыстырған 10 ұстаз-гуруды мойындайды. Кейін Сикхалар - діни сектасы қалыптасып, ал оларды моңғол императорларының қолдауына байланысты беделі мен ықпалы да күшейеді. Сикхалар сектасы өздерінің ерекше ережелері бар көптеген адамдардың қауымдастығына айналады.

Сикхалар күшеюі, діни-саяси қауымдастыққа айналуы моңғол императорларының оларға деген қатынасын өзгертеді. Сикхалар қауымдары мен олардың жетекшілер қудаланып, қатаң жазалана бастайды. XVII ғ. 9 гуру өлтірілген. Сикхалар - әлі күнге дейін Үндістандағы белсенді этноконфессионалдық қауым.

Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным.Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады.

Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынадай: өмірге келу – азап, қартаю – азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу – азап, жақсы көрген адамыңнан айырылысу- азап, көздеген мақсатқа жете алмау – азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы – сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу. Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырды. Олар: зұлымдықты алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс - әрекеттеріне құрметпен қарап, зорлық – зомбылық пен қатыгездікетерден бас тартуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік принциптерін алға тартқан бұл дін Үндістан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Чейлон мен Вьетнамда, Моңғолия мен Комбоджада кеңінен тарап, миллиондаған халықтың құрметіне бөленеді.  
Будда діні ең көне дүниежүзілік дін. Оның қалыптасқан кезі б.э.д. VI ғасыр мен б.э. VIII ғасыр аралығы. Осындай ұзақ уақытты әрине будда діні бір қалпында қалған жоқ. Әртүрлі ортаның экономикалық және рухани ерекшелігімен байланысты будда діні көптеген өзгерістерге ұшырап отырды. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:

1) өмір — азап;

2) азап нәпсіден туады;

3) нәпсіні ауыздықтаса  — азаптан құтылады;

4) нәпсіден құтылудың төрт  сатысы бар:

а) жүректің оянуы;

ә) ниет, ақыл, ойды түзету;

б) мінез-құлықты түзету;

в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа,

махаббатқа жету (аїимса — адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір көрінісі).

Аїимсаны жүзеге асыру үшін Будда Веданы жоққа шығарды. Себебі Веда уағызы бойынша құрбандық шалу дәстүрінен мал көп сойылушы еді. Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады: жан, әркімнің өзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. “Егер адам өлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл өмірде қайта тумай, туу — өлу айналымынан (самскара) құтылады, яғни, фәни өмірдің азабынан құтылады” деді. Мұны “шуньявади” (бос кеңістік, яғни, өлгеннен кейін ештеңе жоқ) философиясы деп атайды. Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу — өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. 5 ғ. — б.з. басы); екінші, бодхисаттва — құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаянанегізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те аталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Үнді елінің ертедегі діні тотемизмнен, табиғаттағы заттарды “киелі” деп қарайтын және ата – баба дін жораларынан басталады. Үнділердің діни жинағы веда кітабы. Ол кітап құрастырылған заманда (б.э.д. X-V ғ.) үнділер күнге (сурия) сиынатын. Аспанды (веруна), отты (агни), күннің күркіреуін (индра) құдай деп білетін.

Қоғам тапқа бөлінбеген, мемлекет әлі шықпаған кездегі табиғатқа сиыну және ата – баба жоралары таптық қоғам мен мемлекет құрылған кезде жаңа діни нанымдармен алмасады. Бұл нанымдардың мақсаты таптық қоғамдық құрылысты негіздеу еді. Ертедегі табиғат түріндегі құдайлар біртіндеп мемлекеттік құдайға айналады. Орталықтанған ірі мемлекеттің құрылуына байланысты бір құдайға табыну түсінігі пайда болды. Жердегі біртұтас патшаға көкте де біртұтас құдай болуы тиіс. Сол бір құдайды дүниені де, адамды да жаратқан Брахма деп атады. Ал құдайға жырмен мақтау айтқан, оларды мадақтаған адамдарды брахман деп атады. Бұл кезде Үнді елінде 4 варнаға бөліну кездесетін. Ең жоғарғы варнаға брахмандар (абыздар) жататын. Бұлардан кейін кшатрийлер (әскери қолбасшылар) содан кейін вайшие (егін шаруашылығымен айналысатындар) ең төменгі варна шудра деп аталатын. Бұлардан басқа ешбір варнаға енбейтін де адамдар тобы болды. 

“Қасиетті” салттарды орындауға, діни білім беруге тек брахмандар қолбасының адамдарына ғана рұқсат етілді. Каста ішіндегілердің дәрежелері түрліше болды. Шәкірт пен оқытушы қолданатын арнаулы ережелері де болды. Әрбір шәкірт өте қатаң да ұзақ оқудан өтуге тиісті еді. Ол барлық “қасиетті” кітаптарды, дұғаларды, құрбандық шалуға брахмандықтың оқып үйренуге тиісті болды, тек осындай аса ұзақ оқудан кейін ғана ол абыздық правосын алатын. 

Біртіндеп дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда қоғамдық қатынасатардың күрделенуі тап күресінің шиеленісуіне әкеліп соқты. Осы күрестің идеялогиялық бейнесінің бір түрі брахманизмді сынау болды. 
Брахманизмді сынаушы ағымдардың бірі – будда діні пайда болды. Алғашқы рет будда діні Үнді елінің солтүстігінде пайда болды. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

    1. ҰЛТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ 2-том 
    2. Қазақтар: 9 томдық анықтамалар «Діндер тарихы мен теориясы»
    3. Маркова “Культуралогия”
    4. Ғаламтор мәліметтері:
    • http://kk.wikipedia.org/wiki/Үндістан
    • http://kk.convdocs.org/docs/index-19837.html?page=7
    • http://sachok.kz/referat/show/674
    • http://stud.kz/referat/show/5040

 

 

 

 


Информация о работе Үндінің ұлттық діндері