Үндінің ұлттық діндері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:26, реферат

Краткое описание

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі.

Содержание

I. Кіріспе
II. Үндінің ұлттық діндері
2.1. Брахман діні
2.2. Индуизм
2.3. Сикхизм
2.4. Будда діні
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Үндінің ұлттық діндері.docx

— 34.02 Кб (Скачать документ)

Үндінің ұлттық діндері

 

 

 

Жоспар:

 

 

  1. Кіріспе
  2. Үндінің ұлттық діндері

2.1. Брахман діні

2.2.  Индуизм

2.3.  Сикхизм

2.4.  Будда діні

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі. Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км²     (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. 

Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар (31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар,маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар,ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.

Діни құрамы:

  • индуизм дініне табынатындар — 80,3%;
  • мұсылмандар — 11%;
  • мәсіхшілік дініндегілер — 4%-дай;
  • сикхтар — 2,8%, т.б.

 

Үнді халкында қандай да бір діни ағымдар болмасын олардың барлығының ортақ көзқарасы: кайта туу және әрбір жеке адам өз жолдарымен күнәларын жеңілдетуді іздейді. «Әрбір адамның тағдыры өз қолында» деген пікір бар. Ерте дәуірден бастап әр түрлі діни көзқарастар, ритуалдар «Веда» деген салтанатты өлеңдер мен жалбарыну өлеңдері, ритуалды құрбан шалу түрлерінің киелі жинақтарында бар. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу негізінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Веда б.з.д. II мың жылдықтарда және б.д.д.1 мың жылдарында құрастырылған төрт бөлімнен тұратын жинақтар. Ең маңыздысы Ригведа «симхат», 1028 гимдерінен құрастырылған. Бұл жинақта құдайлардың іс-әрекеттері, қызметтері, өзара бір-бірімен қатынастары туралы айтылады. Ригведада әр түрлі мифтер, образдар, сюжеттер бар. Ригведа бойынша, ең басты құдай - Аспан Дьяус қүдайы, қүдайлардың кесі, оның йелі - Жер Притхива қүдайы. Барлық қүдайлар осы екі қүдайдан тарады дейді. Ең атақты қүдайдың бірі - Индра әлемді үстап түрған, жындарға қарсы, данышпан және батыр, жылы мен жарықтың, жауын мен дауылдың қүдайы. Оның ерлігіне арналған 250 гимн бар. Тағы да, үй мен отбасының, бақыт пен денсаулықтың қүдайы - Агни. Оған арналған Ригведада 200 гимн бар.

Екінші жинақ Самаведа «Бахрам - Самхит», 1549 түсіндіретін өлең, әр түрлі мифологиялық әңгімелер және әр түрлі гимндердің варианттарынан тұрады. Үшінші жинақ кітабы – Яджурведа «Араньяка — Орман кітабы», 2000-дей гимннен тұрады, брахманға тән ритуалдардың орнына, сол құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты көзқарас. Ең соңғысы, төртіншісі —Атхарваведа (731 жалбарыну өлендері бар), немесе «Упанишадта» деп те атайды. Упанишадта бойынша дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық халықтың діндері әр түрлі ру-тайпаның діндерінің араласуы мен дамуы арқасында, таптық қоғамның шығуына байланысты ұлттык мемлекет діндері шығады. Ол діндер сол ұлттың шекарасынан шығып кетпейді, немесе баска ұлттарға тарамайды. Үнді  халқының діні басқа ұлттарға қарағанда терең де әр алуан болып тараған. Үнді халықтарының діңдері: брахманизм, индуизм, сикхизм.

Брахман діні - бар әлемнің генетикалык, түп негіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Бірінші түрі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жеке түрлі болады.

Брахман діні біздің жыл санауымызға дейінгі X-VII ғасырларда дін түрінде қалыптасты. Оған көне үнділер қоғамының Харапп өркениеті кезінен (б.э.д. екі мыңыншы ж.ж.) төрт түрлі каста мен варналарға (адамдардың тобына) жіктелуі негіз болды. Олар былайша жіктелді: брахмандар – дін басшылары кастасы; кшатрий - әскери ақсүйектер варнасы; вайшья

– диқандар, майдагерлер мен бақалшылар варнасы және шудра – қоғамдық меншіктен аласталған, өзінен ілгергілерге қызмен етуші ең төменгі варна.  
Осылардың ішіндегі брахмандар ең жоғарғы каста саналады. Оларды брахмандыққа жеті жасынан баулыды. Ержетіп, кәміл брахман болғанға дейін төрт есею жолынан – ашрамнан өтуге тиіс болды. Бірінші сатысы шәкірттік кезеңі болды. Осы уақытта ол ғұрыптарды жетік меңгеруге, «Ведалар» мәтіндерін жатқа айтатын дәрежеге жетуі тиіс. Осыдан соң ол брахман танылып «гаста» аталатын екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде жас брахман құрбандық шалу рәсімдерін орындауы, үйреніп, бала келтіруге тиіс болды. Бірініші кезекте ұлды болып, өзіне ізбасар даярлау талап етілді. Үшінші кезең – «вана-праста» аталды. Бұл кезеңде брахман көптен, молшылықтан қол үзіп, «араньяка» кітабымен танысып, аса күрделі философиялық жүйені меңгеруге беріледі. Соңғысы – тақуалық кезең. 

Брахманның алдына мынадай төрт міндет қойылады: шын мәніндегі брахман болу; өзін барлық талаптар дәрежесінде ұстай білу; оқып, білім жинау және оқымыстылығымен жарқырап көріне білу; адамдарға жәрдемге келу. Брахмандардың қасиетті кітаптары орман паналаған тақуаларға арналған «Араньяки» кітабы – орман кітаптары мәтіндерімен толықтырылады. Яғни, «Ведалар» үнемі толығып отырады. Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырдан бастап брахмандардың қасиетті кітаптарынан табиғат құпияларын, сиқырымен ғұрыптардың мәнін түсіндіру мәселелері кеңірек көріне бастайды. Брахманизмнің бас құдайлары – жаратушы-құдай Вишвакарман және самұрық-құдай Праджапати. Вишвакарман – барлығының жаратушысы, ең бірінші пайда болған құдай, аспан мен жерді жаратушы, өзі бастапқы судан пайда болып, баршаға болмыс сипатын берген. Праджапати алтын жұмыртқаны жарып шығып, әлемді тұңғыш жаратушы. Осылайша әлемнің екі жаратушысы болуын брахманизм Вишвакарман Праджапатидің бір сипаты дегенмен түсіндіреді. 

«Брахман» түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Олар: дін қызметшісі; әлемді жаратушыны мадақтау дұғалары; абстрактілі жасампаздық бастау және Брахма жаратушы-құдай. Діни-мифологиялық аңыз бойынша, Бархманың жаратылуы мынадай тізбекпен келеді: бастапқы хаос – су – алтын шапақты тұқымды – Брахма. Брахма тұқым – жұмыртқаны қақ жарып, жоғары бөлегінен аспанды, төменгісінен жерді жаратады. Ол сонымен қатар бес табиғат құбылысын – отты, суды, топырақты, ауаны, эфирді жасайды, жылдыздарды туғызып, тауларды көтереді, теңізді толтырады. Осыларды жаратып болған соң, ол дүниеге перілерді, жануарларды, жәндіктер мен өсімдіктерді келтіреді. 

Упанишадтар. “Упанишадтар” – біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдық шамасында дүниеге келген, ұстаз бен шәкірт арасындағы диалог түріндегі діни-философиялық мәтіндер. Оларда болмыстың түпкі себептері, түпкі бастауларыпроблемалары зерттеліп, барлық табиғат құбылыстары, адамның пайда болуы сол арқылы түсіндіріледі. Ол түпкі немесе бірінші себеп пен бастаудың руханилығы туралы ұғымға бейімділік көрсетеді. Ондай батауларды Брахман мен Атманға әкеліп тірейді. “Упанишадтардан” бастап, Брахман мен Атман бүкіл үнді философиясының, соның ішінде ең алдымен “Ведалардың” басты түсініктері болып орнығады. Осыған дейін атағанымыздай, “Упанишадтардың” кейбіріне Брахман мен Атман заттық әлемнің бастапқы себептері ретінде қатар аталады. Ал кейбір мәтіндерде екеуі де абсолютті рух, табиғат пен адамның кескін сипатынсыз бастапқы себебі. Атман – барлық әлем. Оның төрт күйі – сергектік күйі, ұйқыдағы түс күйі, терең ұйқылы және не тысқы не ішкі білім белгісі жоқ, аса сезімтаол сана күйі.

Карма концепциясы тұңғыш рет “Упанишадтарда” жасалды. Бұл заңдар тақуаларға ғана жүрмеді, өйткені олар Брахманға барып қосылады деп саналды. Карма деген – адамның жасаған жақсылығы мен жаманшылығының жиынтығы. Карманы әр философ әр тұрғыдан қарастырады. Мәселен, бірі оны ешқашан өзгерту мүмкін емес әлемдік элемент деп есептесе, екіншілері карма заңдарын біздің өмір шындығымыз, оның сипаты мен ұзақтығы тұтасымен осы өмір шындығымен анықталады, біз өзіміздің бұрынғы өмірімізді есімізге сақтай алмағанымызбен, оның ерекше жақтарын қазіргі өміріміздің кейбір тенденцияларынан шығаруымызға болады, ал бұл тенденциялар оны тудырушы себеп, негіз және мүдде мен мақсат жойылған жерде бірге жойылады деген тұжырым жасайды. Адам дүниеге екінші қайтара келгенде, оның жаман-жақсы болуы осы осы кармаға байланысты, дүниеге қайта келгенде, жақсы сипатта келуге кепілдік беретін жақсы карма, сол бұрынғы күйінде оралатын орташа және мүлдем бейшаралық ұсқында келтіретін жаман карма бар деп саналады. Карма туралы ілім барлығы – болашақта жақсы я жаман болып дүниеге оралуы адамның өз қолындағы іс деп үйретеді. 

Егер адам дүниеге құл болып келсе, ол осыдан бұрынғы өмірінде жаман адам болды, енді соның азабын тартып, бұдан кейінгі оралуында жақсы болуы үшін жақсы карма жинауы керек деп саналады. Демек, карма ілімі әлеуметтік әділдік мәселесін жеке бастың қимыл-әрекетімен байланысты қарастырады. 

“Ведалар”, “Упанишад” және брахмандық ендігі жерде бедел бола алмады. Жаңа діни ілімдер жасау қажеттігі байқала бастады. Осылай индуизмнің және бүдда дінінің пайда болуына жол ашылды.Брахман дінінің оппозиция түрінде Үнді мемлекетінің тағы басқа діні -  Индуизм діні шықты.

Индуизм Үндістандағы белді діндердің бірі болып есептелінетін индуизм, үнді халқының ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүрі мен ұлттық сеніміне негізделген дін. Индуизм термині Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы “Хинду” деген сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен мен оның жағасындағы Үнді елін ғана білдірмей, сол елдегі халықтың атауына айналған.Үнділіктер өздерінің ұлттық діндерін «Санатана Дхарма» деп атайды, бірақ еуропалықтар «индуизм» деп атап кеткен. Индуизм дінінің белгілі сенім жүйесі жоқ. Сондықтан бұл дінде құдай түсінігі түрлі пішімде суреттеледі, яғни әрбір адам немесе қоғам өз көзқарасына сай құдайға сипат бере алады. Осыған орай, үнділіктер қазіргі кездегі әлемдегі діндердің құдай түсініктерін теріске шығармай, құдайдың түрлі бейнеде, түсінікте көрінетінін қабылдайды. Сондықтан бүгінгі Үндістанда түрлі пішімдегі құдай мүсіндері көптеп кездеседі. Индуизм монотеистік, политеистік, пантеистік, үштік құдай сенімін бірдей қабылдай беретін дін. Ригведада: «құдай біреу, бірақ даналар оны түрлі есіммен атайды» - дегеніндей, бұл дін монотеистік бір дін болып көрінгенімен, үштік құдай сенімі (Брахма – жаратушы құдай, Вишну – жақсылық құдайы, Шива - жамандық құдайы) де, пантеистік (әлем мен құдай бірлігі) құдай сенімі де кездеседі. Бұл діннің сенімі бойынша құдай әрдайым адамдармен бірге болады. Сондықтан үнділер Вишну құдайдың адам кейіпінде жер бетіне келіп (аватара), әлемге әділдік орнататынына сенеді. Осы сенімге орай үнді аңыздарындағы Рама, Кришна, Гита адам кейіпінде жерге түскен Вишну құдай болып табылады. Үнділер о дүние (ахирет) сенімін теріске шығарады. Олардың сенімі бойынша адам өлгенде жаны ешқандай өлмейді және басқа өмірге кетпейді де, жан тек бір денеден келесі денеге орын ауыстырады (реинкорнация). Осылай жан тек тән ауыстыра отырып, мәңгілікке жалғасады. Сонымен қатар бұл діндегілер «карма» сенімі арқылы дүниенің әділдігі сақталатынына сенеді. Яғни карма сенімі бойынша адам істеген жақсы-жамандығының нәтижесін келесі дүниеге келгенде көреді. Осылай әділеттік жүзеге асады.

 

Индуизмнің ғибадат негіздері:

    • Өлілерге құрбандық атау;
    • Күнді құрметтеу;
    • Үйде от жағу;  
    • Тойларда, туылу, өлім кезінде дұға оқу немесе құлшылық жасау;
    • Кришнаның туылған күні мен Шива кеші сияқты қасиетті күндерде құлшылық жасау;  
    • Қасиетті кітаптарды оқу.

 

Индуистердің қасиет тұтатын кітаптары Ведалар болып табылады. Ведалар өз ішінен Ригведа, Самаведа, Яжурведа және Атхарваведа деген бөлімдерден тұрады. Ведаларда діни өлеңдер, өтініш-дұғалар, өмір сүру қағидалары, т.б. тақырыптар баяндалған. Индуизм діні адамдарды «каст» деп аталатын төрт топқа бөледі. Индуизм сенімі бойынша адам өз еркімен каст системасына қосыла алмайды. Ол нәсілмен келетін жүйе. Каст:  Брахмандар (дін  басылары);  Кшатрия (ақсүйектер мен қолбасшылар);  Ваикия (Ваисия) (саудагерлер мен егіншілер);  Шудра (жұмысшылар мен қолөнершілер).

Парсизм. Парсизм ежелгі Иран діні зороастризмнің жалғасы болып табылады. 641 жылы мұсылман арабтар Иранды жаулап алған кезде, ислам дінін мойындамаған шағын топ Үндістанға қарай қоныс аударған. Парсизм сенімінде құдайдың есімі Ахура Мазда, оның символы – от. Сондықтан ғибадатханаларында үнемі от жағулы тұрады және ғибадатханаға парсы ұлтынан болғандар ғана кіре алады. Парсылар күніне бес мәрте от тазалығын сақтау мақсатында тазалық рәсімін жасап отырады. Бұл рәсімде қасиетті кітабы «Авестадан» үзінділер оқылады. Сонымен қатар бұл дінде құрбандық та маңызды рәсім болып табылады.

Индуизм дінінің ерекшелігі, мұнда құдайлардың саны өте көп, бәріне ортақ бір құдай жоқ. Діннің негізін салушы да, белгілі пайғамбар да жоқ, бірақ көптеген жеке білімдерді таратушы, рухани ұстаздар бар. Бір ортақ қасиетті кітап жоқ, оның орнына әр бағыттың негізі болып саналатын жазбалардың беделі өте күшті. Бұл дінде жалпы мойындалатын сенім символдары мен талаптары болмағанымен, индуистердің дүниетанымында ерекше орын алатын ұғымдар (дхарма, карма, сансара, мокша, Брахман, атман, варна, каста т. б.) бар. 

XV-XVI ғ. Үнді елінің индуизм  дінінен бөлініп шыккан діни  ағым - Сикхизм. Сикхизм индуизм дінінің оппозициялық түрі деуге болады. Индуизм дінінің қол өнерімен сауда-саттық жасайтын бір топ адамдары үнді халқының кастаға бөлінушілігіне қарсы шықты. Оны басқарған Гуру Нанақ (1469-1538) деген адам. Ол ұлы Моголовтарға қарсы күресіп, Солтүстік-Батыс Үнді мемлекетінде соғыс демократиялық коғам қүрды. Сикхизм дінін екі діннің - индуизм мен ислам дінінің арасында қүрама дін деп айтуға болады. Дегенмен, ол дінді монотеистік дін деп айтамыз. Қүдай бір ғана, жалғыз, аты «Ек» деп аталады. Негізі діни кітап - «Грантх Сахиб» (қүдай кітабы). Қазіргі кезде Сикхтар Үнді мемлекетінің Пенджаб аймағында тұрады. Олар Пенджаб қүрамасын Үнділерден бөліп жеке Халистан мемлекетін қүруға армандайды. Сикхтер киелі Алтын Амритсара деген храмында өздерінің киелі кітаптарын сақтайды. Олар шаштарын алмайды, сакалдарын кеспейді, басына дөңгелек тақия киеді, ет жемейді, ішімдік ішпейді, темекі тартпайды. Әрбір сикхтер қарулы болып жүру керек. Олар өздерінің белдеріне кыска семсерін байлап жүреді де, әрдайым әр-бір сикхтер соғыска дайын болып жүру керек дейді.

Информация о работе Үндінің ұлттық діндері