Цифрлық беру жүйелеріндегі синхрондау әдістерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 15:28, дипломная работа

Краткое описание

Беруші генератор жұмысының автономды режимі. Генератордың шығыс сигналының жиілігі тек қана өзіндік генератордың сипаттамасымен анықталатын режим, кіріс сигналымен басқарылмайды және әйтеуір бір кезде кіріс сигналынан алынған деректерді жадта сақтау нәтижелерін пайдаланбайды.
Синхрондау сигналдарын тарату аппаратурасы (АРСС). Синхрондау аппаратурасы, у сигналын оның кірісіне қосылған кем дегенде екі сигналдан таңдап алады, сондай-ақ, таңдап алынған синхросигналды қажеттті шығыс санына таратады.
Синхрондау аппаратурасы. Синхрондау сигналын қалыптастыру, бөлу, өңдеу және тарату функцияларын орныдайтын аппаратура.
Базалық желісі ТСС. Өзіндік ПЭГ синхрондалатын ТСС желісі, және қабылданған шешіммен синхрондау сигналын басқа желілерге жалғаудың бекітілген кластарына сәйкес таратды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ордабекова А.А.ДР - копия.doc

— 1.33 Мб (Скачать документ)

Алғашқы екеуі қосылатын синхронизация тұрақты қателiктi анықтайды. Қосылатын бұл сан бірінші ретте фазаның үндестiруiн процессте СХИ минималды мүмкiн жылжу анықтайды және түзетудiң қадамы деп аталады. СХИдың аралығында фаза бойымен бiрдей айырмашылыққа екiншi қосылатын сан және берудiң өндiргiштерiн тұрақсыздық артынан элементтердiң шектерiмен және фаза екi үндестiрулердiң арасындағы тәсiл.

Соңғы қосылатын сан синхронизация серпiндi қателiктi анықтайды

  1. Синхронизация уақыты tс - қабылданатын элементтер үшiн бастапқы ауытқу СХИ шекара түзетуiне қатысты қажеттi уақыт.

 

,

 

мұнда дара аралық үлестерiндегi мағына

 


  1. Синхронизмді қолдайтын уақыт tп.с. – фазаны жөндеп синхронизация құралының істен шыққан кездегі СХИ ауытқуы келісілген шектен ( доп) шықпайтын уақыт.

 

  1. Синхронизм болмау ықтималдығы Pc.c. – кедергілергің әсерінен СХИ ауытқуларының бірлік интервалдың жартысынан ауытқу ықтималдығы. Мұндай ауытқу синхронизация құрылғысының жұмысын .бұзады. Синхронизация құрылғыларын жобалау және есептеу кезінде әдетте келесі параметрлер беріледі: синхронизация қателігі , тарату жылдамдығы В, жеке элементтердiң өлкелiк бұрмалауларын орташа квадраттық мағына , қабылдағыштың түзету қабілеті µ, синхронизация уақыты  tc, синхронизмді қолдау уақыты tп.с. Берілген параметрлер негізінде БГ fзг жиілігі, генератордың ауытқуының шекті коэффициенті k, көлем РС S, бөлгіштің бөлу коэффициенті m.

Синхронизация құрылғыларының импульстарын қосу және алуын параметрлерін есептеу (есептер):

1. Синхронизация құрылғысы мен қабылдағыштың БГ тұрақсыздық коэффициенті k=10-6. Қабылдағыштың түзету қабілеті µ=40%. Шеткі ауытқулар жоқ. Қабылдағыш телеграф жылдамдығының тұрақты жұмысының шығыстағы ФД құрылғы синхронизациясына тәуелділік графигін тұрғыз. Егер телеграфтау жылдамдығы B=9600 Бод болса, Iстен шығу ФД минуттан кейiндi қате кейiн пайда болуға болуы мүмкiн бе?

 

tп.с= ; => tп.с=

 

tп.с=

 

Берілгені бойынша:

 

 

=> - дұрыс емес, себебі.

 

Демек, минут синхронизмның сүйемелдеуiн уақыт осы жағдайда кем. Минуттан кейiн қате пайда болады.

 

 

 

4.1 – кесте. Синхронизация құрылғыларының импульстарын қосу және алуын параметрлері

В, Бод

600

1200

2400

4800

7200

9600

tп.с, с

333,33

166,67

83,33

41,67

27,78

20,83


 

 

Синхронизация құралының фазалық детекторының істен шыққан кейінгі тұрақты уақытын анықтау үшін қабылдағышта қате пайда болғандағы тұрақты уақытты анықтау керек. Қателер пайда болғандықтан мәні тең.

Жеделхат жiберудiң жылдамдығынан қабылдағыштың қалыпты жұмысын уақыттың тәуелдiлiгiн кесте (4.1 – сурет)

 

4.1 – сурет. Жеделхат жiберудiң жылдамдығынан қабылдағыштың қалыпты жұмысын уақыттың тәуелдiлiгi

 

Минуттан кейiн қате пайда болады.

2. Ақпаратты тарату құрылғысында беруші генератор жиілігіне әсер ететпейтін синхрондаушы құрылғы қолданылады.Модуляция жылдамдығы В тең. Коррекция қадамы ∆φ көп болмау керек. Егер әр ұяшықтың бөліну коэффициенті екіге тең болғандағы БГ жиілігі мен жиілік бөлгіш ұяшығын анықта. B , ∆φ мәндерін өз нұсқаларың бойынша формуламен анықта: B=1000+100N*Z, ∆φ =0.01+0.003N, мұндағы N – нұсқа номері.Z=1.

 

B=1000+100*13*1=2300 Бод

∆φ=0.01+0.003*13=0.049

 

;

 

Ұяшық саны

 

 

Жауап:

n=5

 

 

Төртінші бөлім бойынша қорытындылау

 

 

Дипломдық жұмыстың төртінші бөлімінде цифрлық беру жүйелеріндегі синхронизация желілерінің параметрлерінің есебі қарастырылды.

Нақты дискретті арналарда, бұрмаланулардан, бөгеуілдерден және сигнал деңгейінің  төмендеуінің әсерінен байланыс жолында қателер пайда болады.

Біркелкі және тиімді кодаларды пайдаланған кезде қателік грамматикалық түрде мәтін әріптерінде ғана көрінеді.  Қатені қабылдау кезінде ол байқалмайды. Берілген жетіспеушілік үлкен кедергілер мен бұрмаланулар кезінде қарапайым және тиімді кодалардың айқын басымдылығын нөлге теңестіреді (тиімді кодаларды қолданған кездегі «табиғи» коданың артықшылығының төмендеуі және қарапайым кодалар кездегі аппаратураның қарапайымдылығы).

 

 

 

5 БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

 

5.1 ЦБЖ қызмет көрсету  кезіндегі техника қауіпсіздігі

 

 

Жабдықты және лазерлі генераторы бар өлшеу құралдарын пайдаланатын  өзіндік жұмысқа, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ және кәсіби біліктілігі бар 18 жастан асқан тұлғалар жіберіледі.

Технологиялық жабдыққа қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі іс-шаралар атқарылады, олар қарастырылған;

- жобаланатын жабдықты   техникалық бөлмелерде нормалантын өткелдерді сақтай отырып, орналастыру;

- жобаланатын жабдық  орнатылатын бөлмедегі аппаратураның, электр жабдықтардың металл корпустарын, кросстың металл бөліктерін және бөлмедегі басқа да  металл конструкцияларды жерлендіру ;

- қолданылатын  өндірістік және қосалқы бөлмелердің табиғи және жасанды жарықтандыруы;

- ауаның шаңдануын  нормада ұстап тұруға мүмкіндік беретін,  бөлмені шаңнан қорғау;

- бір бөлмеден екіншісіне өртің таралуына жол бермес үшін кабелдер мен сымдарды төсегеннен кейін бос қалған кеңістіктер немесе бөлме арасындағы өткелдер мен құбырлар, соның ішінде қабаттар арасы, тез алынатын отқа берік материалдармен толтырылады (минералды мақта, шыны мақта және т.б.).

Қызмет көрсететін персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет:

- қорғаныс құралдарының кешенін қолдану: диэлектрлік кілемшелер, биялайлар, ескертетін жазбалар мен электр тоғынан зақымданудан қорғауға арналған плакаттар;

- тасымалдау лампалары мен қол инструменттеріне арналған төменгі кернеулі 36В жөндеу және профилактикалық жұмыстрады өткізу үшін қолдану;

- жабдыққа жоғарыда қызмет көрсетуге арналған сатыларды қолдану.

Жобаланатын жабдық қолданыстағы қызметтік-техникалық ғимараттарда орнатылатындықтан, табиғи желдету және ішкі  ауаның параметрлерін  талап шегінде қолдауға есептелген


Жобаланатын аппаратураны  орналастыру үшін  жабдықталатын бөлмелер, күзет-өрт сигнализациясы құрылғыларымен жабдықталған.

Қызмет көрсететін персоналдың жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін қолданылатын мониторлардан шығатын сәулелер санитарлық нормаларға сәйкес келуі керек [14].

Монтаждау мен ОВ өлшеу үшін автомашина базасында жабдықталған арнайы жылжымалы зертхана қолданылады.  Автомашинада талшықтарды дәнекерлеуге арналған жиынтық, құралдардың жинағы, нефрас 50/170 еріткіштің металл сыйымдылықтағы шағын запасы орнатылған.  Талшықты-оптикалық кабелдерді дәнекерлеуге арналған, құралдың паспорты жоқ, пайдалану нұсқамалығы және қауіпсіздік сертификаты жоқ  құрылғыларды пайдалануға  тиым салынады.

Жұмыс басталғанға дейін техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілуі керек.

Аппаратураны монтаждау мен жөндеуге қатысты барлық жұмыстар, оны сөндіріп барып жасалуы тиіс.  Коммутациялық  кілттерге арнайы плакат ілінеді.

Дәнекерлеу жұмыстары  сақтық шаралары сақталып және өртке қарсы шаралар, құрылыс нормалары мен  ережелері сақталып, орындалуы керек. Өлшейтін приборлар жерлендірілуі керек (бұл үшін  тіректегі клеммалар қолданылады).

Оптикалық интерфейстер платасындағы берілістің  оптикалық портын тікелей көзбен қарауға тиым салынады, әсіресе бұл оптикалық күшейткіш блогына (OAU) қатысты. Күшейткіштердің имеют жоғары шығыс оптикалық қуаты бар, және көрінбейтін   инфрақызыл сәуле  көздің көру қабілетін зақымдауы мүмкін.

Оптикалық  порттарды бүлдіруге жол бермес үшін  қолданылмайтын оптикалық интерфейстер шаң өтпейтін қақпақшалармен жабылуы керек.   Олар   интерфейсті қарау кезінде көздің қорғанысын қамтамасыз етеді. Бұл қақпақшалар шаңның оптикалық интерфейске түсуіне жол бермейді.

Шаңның түсуі беріліс  оптикалық портының шығыс оптикалық қуатының төмендеуіне әке соғады және қабылдайтын оптикалық порттың сезімталдығын азайтады. Күнделікті техникалық қызмет көрсетуді өткізіп тұрғанда қолданылмайтын талшықты- оптикалық қосылыстар шаң өтпейтін қақпақшалармен жабылуы керек.

Аппаратты шлейфті  таратқыш пен қабылдағыш арасында орнатқанда   оптикалық аттенюатор қосылуы керек. Кері жағдайда    оптикалық  қабылдағыштың модулі зақымдануы мүмкін  ( қабылдаудың өте жоғары оптикалық қуатында).

Талшықты-оптикалық қосылыстарды және оптикалық порттарды тазарту үшін   платаларда мақта-маталарын пайдалану қажет.

Жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезінде компоненттердің бұзылуына жол бермес үшін статикалық электрден қорғау  бойынша шараларды қабылдау керек.  Платаны ұстау керек болатын барлық жағдайларда да антистатикалық білезік киілуі керек. Сонымен қатар, антистатикалық білезіктің сенімді жернелдіруін қамтамасыз ету керек. Алынған  қолданылмайтын платаларды антистатикалық орамада сақтау керек.

Платаны орнату/ алудан бұрын, барлық талшықты -оптикалық кабелдерді осы платадан ажырату керек. Жалғанған талшықты -оптикалық кабелдермен Платаны орнату/ алуға тиым салынады.

Оптикалық  ретранслятор (OTU) блогының платасын өз бетінше алмастыруға болмайды, себебі, платалардың әрбіреуіне шығыс оптикалық сигнал толқынының өзінің ұзындығы сәйкес келеді. Сондықтан,  OTU блокта платаны алмастырғанда  толқынның сол ұзындығы бар плата пайдаланылады. Мультиплексордың/ демультиплексордың, оптикалық күшейткіштің, FIU және ITL платаларының түрлі типтері бар, бұлар өткізудің түрлі жұмыстық жолағына сәйкес келеді. Алмастырғанда бір типті платаны орнату керек.

Қосымша платаларды сақтағанда температура мен ауаның ылғалдығы сияқты факторларды ескеру қажет. Жалпы жағдайда, антистатикалық қорғаныс орамасына ылғал жұтқыш  орнатылады, ол ораманың ішіндегі ауаның  құрғатылуын қамтамасыз етеді.   Плата ылғалдығы төмен және температурасы төменгі ортадан ылғалдығы  жоғары және температурасы жоғары ортаға тасымалданғанда, платаны орамасыз 30 минуттай ұстай тұру керек.  Кері жағдайда платаның үстінде конденсат түзілуі мүмкін, бұл платаның зақымдануына әкеп соғады.

NM жүйесін  қалыпты пайдалану кезінде жабуға кеңес берілмейді. NM жүйесін  жабу желілік  трафиктің үзілісіне әкеп соқпайды, алайда, бұл жүйе жұмыс істеп тұрғанда, желінің жұмыстық сипаттамаларын мониторингтеу мүмкін емес.

Компьютерлік ойындарға және бөтен бағдарламалық қамтаманың инсталляциясына тиым салынады. NM жүйенің компьютерлік вирустарға шалдығуына жол бермес үшін, сәйкес бағдарламалық құралдардың көмегімен оқтын- оқтын вирусқа қарсы тексеруді өткізіп тұру керек.

Қуаттандыру қосылып тұрғанда қоректендіру кабелдерін ажыратуға немесе қосуға тиым салынады (ON белгісінде). Қоректендіру кабелдерінің тоқ жүретін элементтері өткізгшітермен жанасқанда электр ұшқыны немесе доғасы  пайда болуы мүмкін. Бұл өртке, көздің жарақаттануына немесе ауыр жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан,  кез-келген қоректендіру кабелдерін ажыратып немесе қоспас бұрын, қоректендіру сөндіргішінің «выключено» күйінде тұрғанына көз жеткізу қажет. Сонымен қатар, кабелді қоспас бұрын кабель мен кабелдің маркіленуі орнату бойынша нұсқаулықта көрсетілген мәндерге сәйкес екендігіне көз жеткізу керек.

Қоректендіру кабелдерін  сигналды кабелдермен қатар төсеуге тиым салынады.

Адам денесі арқылы  тоқ өткенде зиянды термиялық, биологиялық және   электролиттік әсер етеді.

Электр тоғымен зақымданудың негізгі себептері:

1. кернеу астында тұрған тоқ жүретін бөліктерге қауіпті қашықтықта болу немесе кездейсоқ жанасу;

2. электр жабдықтың  металлды конструкциялық бөліктерінде кернеудің пайда болуы;

3. адамдар жұмыс істейтін сөндірілген тоқ жүретін бөліктерде, қате қосылыстың салдарынан кернеудің пайда болуы;

4. сымның жерге тұйықталуы нәтижесінде жер қабатындағы  адымдық кернеудің пайда болуы.

Электр қондырғылардың  металл бөліктерімен   алдын ала жермен немесе оның эквивалентімен электр қосылысын орындау қажет. Жерлендіретін құрылғылар ретінде  ең алдымен табиғи  жерлендіргіштер қолданылады. Жерлендіретін құрылғылардың  жанасу және кедергісінің рауалы кернеуі  жылдың кез-келген мерзімінде  қамтамасыз етілуі керек. Жерлендіретін  өткізгіштер  осы мақсат үшін арнайы  арналған өткізгіштерді, сондай-ақ, металлды құрылыс, өндірістік  және  электр монтаждау  конструкцияларын пайдаланады. Жерлендіргіштің  және жерлендіретін өткізгіштердің  Материалы, конструкциясы мен көлемі пайдаланудың барлық кезеңінде  механикалық, химиялық, және термиялық әсерлерге  беріктігін  қамтамасыз етуі тиіс.

Информация о работе Цифрлық беру жүйелеріндегі синхрондау әдістерін зерттеу