WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 13:54, курсовая работа

Краткое описание


Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Microsoft Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық кестенің алғашқы ұғымдарымен және жұмыс істеу тәсілдері туралы айтсақ, Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады.

Содержание


Кіріспе
• WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы
• EXCEL программасы туралы жалпы мағлұматтар
Негізгі бөлім:
• Программасын іске қосу
• Менюмен жұмыс атқару
• Ұяшықтардағы мәліметтер
• Мәтін енгізу
• Сандарды енгізу
• Формуларды енгізу
• Бағаналар енімен жолдар биіктігін өзгерту
• Ұяшықтағы мәліметті түзету
• Жолдармен, бағаналармен, блоктармен операциялар орындау
• Орын ауыстыру
• Көшірме алу
• Жою, тазалау операциялары
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Д.doc

— 226.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ

Ақпараттық техника және энергетика факультеті

Математиқалық және компьютерлік үлгілеу кафедрасы

 

 

 

                 Информатика пәнінен

                  РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы:  WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы

Орындаған:  Турумова А.

Қабылдаған:  Бельдеубаева Ж.

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен   2011 жыл

Мазмұны:

Кіріспе

  • WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы
  • EXCEL программасы туралы жалпы мағлұматтар

Негізгі бөлім:

  • Программасын іске қосу
  • Менюмен жұмыс атқару
  • Ұяшықтардағы мәліметтер
  • Мәтін енгізу
  • Сандарды енгізу
  • Формуларды енгізу
  • Бағаналар енімен жолдар биіктігін өзгерту
  • Ұяшықтағы мәліметті түзету
  • Жолдармен, бағаналармен, блоктармен операциялар орындау
  • Орын ауыстыру
  • Көшірме алу
  • Жою, тазалау операциялары

Қорытынды

Пайданылған әдебиеттер

 

 

 

 

Excel программасы туралы жалпы мағлұматтар

«Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерге өндеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланады. Кестелерді өңдеуге жататын іс – әрекеттер:

  • Фунциялар мен формаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.
  • Түрлі – түсті факторлардың құжаттарға тигізетін ісерін зерттеу.
  • Тиімді ету мәселелерін шешу.
  • Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратынмәліметтер жиынын таңдап алу.
  • Графикатер мен диаграммаларды тұрғызу.
  • Мәліметтерді статистикалық талдау.

Электрондық кестелердің  құндылығы, олардағы мәліметтерді өңдеу  тәсілдерін пайдаланудың қарапайымдылығы  болып табылады.

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ, Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтер базасын    даярлап, олармен жұмыс іздеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай – ақ, оқып – үйренуде, ғылыми – зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдыңда  бірнеше жаңа ұғымдарды енгізерлік.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жолдардың максималдыұ саны 16384 – ке, ал бағаналар саны 256 – ға тең.

Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді енгізеді.

WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы

Кестелік құрылымды  құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.  Microsoft Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық кестенің алғашқы ұғымдарымен  және жұмыс істеу тәсілдері туралы айтсақ, Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі - түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

Excel даярлайтын құжат «Жұмыс кітабы»  деп аталады. «Жұмыс кітабы» жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

Бағандар мен  жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.

Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. 
Мәліметтер типі.  Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

• Сан

• Формула

• Мәтін

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы  символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі  сан болса, онда оны сандық типке  жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.

Мәліметтерді  енгізу «Enter» пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін «esc» пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз. Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.

Сандық пішім. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады:

  • кәдімгі сандық пішім;
  • қаржылық;
  • мерзімдік.

Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандық шамаларды  жазуға арналған. Мысалы: қайсы бір  тауардың санын, пайызын, жас мөлшерін және т.б. Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады.

Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар:

  • регистрациялық нөмірлер;
  • поштаның индексі;
  • телефонның нөмірі.

Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар (Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады. Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көз салу керек.

Ұяшықтарда адрес көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады.

Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады:

• біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады;

• екіншіден, қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады.

Салыстырмалы сілтеме.  Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.

Абсолют сілтеме. Абсаолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақтыы болып қалады. Формулаларды редактерлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсалют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.

Әдетте кестелер қайталатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар. Оларға жататындар автотолтыру, формулалармен автотолтыру.

Автотолтыру. Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін автотолтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.

Сандарды автолтыру. Сандармен жұмыс істеген кезде автолтыру әдісі пайдаланады. Ағымдығы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні кішкентай крест тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автолтыру жүзеге асырылады.

Прогресия бойынша толтыру. Ол үшін Түзету > Толтыру > Прогрессия (Правка > Заполнить > Прогрессия) орындау керек. Ашылған прогрессия сұхбат терезесінде прогрессияның тегі, қадам мөлшері, шектік мәні таңдап алынады. ОК батырмасын басқаннан кейін Excel программасы берілген ережелер бойынша ұяшықтарды автоматты түрде толтырып береді.

Формулаларды автолтыру. Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге асырылады. Автотолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшінші «С» бағанында мәні «А»  және «В» бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндерінің қосындысына тең формула есептелсін. С1 ұяшығында =A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формаланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барлық ұяшықтарына көшіреміз. Excel программасында стандарт функциялар тек формулаларда ғана қолданылады. Функцияны шақыру ішін формулада функцияның атын көрсету қажет. Функция егізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі. Параметр ретінде сан, ұяшықтар немесе басқа да бір өрнектер алынады.

Формулалар. Егер формулаларды Функцияларды өзгерту (Изменить функций) батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру > Функция командасын жүзеге асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функцялар шебері (Мастер функций) аты сұхбат терезе ашылады.

 

Ал оның анелінде функциялар тізімі ашылады. Оның категория  бөлімінде ең соңғы пайдалынылған  он функция және төменірек басқа  функциялар бөлімі бейнеленеді.

Функция шеберін қолдану. Функция шеберінің категория тізімінен қажетті функцияны категориясы бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен берілген категория бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен кейін, қажеттіфункцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілген жақшалардың арасына орналасады.

Функцияның парамерлерін енгізу. Функияның параметрлерін енгізі кезінде формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе, онда бұл параметрді міндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты жай қаріппен көрсетілетін болса, ол параметрді тастап кетуге болады. Формулалар терезесінің төменгі жағында функцияның қысқаша көшірмесі сиппатамасы мен параметірлерінің өзгеру аралықтары беріледі.

Қорытынды есептеулер. Шебердің көмегімен алынатын көптеген функциялардың көп бөлігі ғылыми есптеулерге арналған. Қаржымен байланысты есептерді орындауға арналған қаржы функциясы өз алдына бір категорияны құрайды. Экономикалық және бухгалтерлік есептеулерде негізінен қорытындылау функциялары қолданылады. Бұл функцияларға ортақ қасиет, олардың параметрлерінің тізіміне енетін параметрлер саны алдын-ала белгісіз болуы мүмкін, өйткені олар әр жағдайда әр қалай, ал нәтижесінде барлық параметрлерді сипаттайтын ортақ бір сан алынады. Осы типтес нақты функциялар әр түрлі категорияларда орналасқан, соның ішінде көп бөлігі Математикалық және Статистикалық категорияларында орналасқан.

Қосындылау функциясы. Қортындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – автоқосынды (автосумма) батырмасы.  Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды. Автоматты түрде таңдалынып алынған ауқымды қайтадан өзгертіп, функцияның қосымша параметрлерін беруге болады.

 

Қортындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар функцияларды өзгерту батырмасы немесе функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т.б. жатады.

Информация о работе WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы

Похожие темы