WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 13:54, курсовая работа
Краткое описание
Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Microsoft Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық кестенің алғашқы ұғымдарымен және жұмыс істеу тәсілдері туралы айтсақ, Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады.
Содержание
Кіріспе
• WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы
• EXCEL программасы туралы жалпы мағлұматтар
Негізгі бөлім:
• Программасын іске қосу
• Менюмен жұмыс атқару
• Ұяшықтардағы мәліметтер
• Мәтін енгізу
• Сандарды енгізу
• Формуларды енгізу
• Бағаналар енімен жолдар биіктігін өзгерту
• Ұяшықтағы мәліметті түзету
• Жолдармен, бағаналармен, блоктармен операциялар орындау
• Орын ауыстыру
• Көшірме алу
• Жою, тазалау операциялары
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер
Прикрепленные файлы: 1 файл
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Д.doc
— 226.50 Кб (Скачать документ)
EXCEL программасын іске қосу үшін «Пуск» менюінің «программы» тобынан «Microsoft Excel» таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel:
1- меню жолынан тұрады, яғни «Файл», «Вставка», «Правка», «Вид» және т.б.
2- Стандартты аспаптар тақтасы
3- Форматтау аспаптар тақтасы
Excelде құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т.б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өндеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады немесе меню командалары қолданылады.
4- Формула жолында біріншісі- төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да көрсеткіш тұрған ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б мәндерді көрсетеді. Егер ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады. Одан төмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі жағында Excel жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол дайын режимінде болып, режим индикаторы «готов» сөзін көрсетеді.
Excelде мәлімет енгізу және қорғау
Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:
1. Сан
2. Текст
3. Дата (мерзім)
4. Формула
1. Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.
2. Текст- Excel санға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.
3. Дата – Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, А2 клеткасына 1 май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.
4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады.
Арифметикалық операция белгілері:
+ (қосу), - (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң «Enter» басып шығамыз. Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін ерекшелеп аспаптар тақтасындағы «автосумма» кнопкасын қолданасыз.
Excelде курсорды бір клеткадан басқа клеткаға жылжытып отыру үшін, курсорды басқару клавишалары (клавиши управления курсором) қолданылады, немесе Shift+Enter клавишасын басса курсор жоғарғы клеткаға, Tab+Enter клавишасын басса төмен қарай, Tab клавишасын басса оң жақ клеткаға жылжып отырады.
Таблица арқылы мәлімет енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп алып, «Данные» «Форма» командасы арқылы форма жасап, мәліметтерді таблицаға содан енгізіңіз. Егер «добавить» кнопкасын басып формада жаңа мәлімет енгізсе, ол мәлімет таблицаның астыңғы жағына автоматты түрде пайда болады. Мәліметтерді бөгде адамдар бүлдірмес үшін «Сервис» «защита» командасы арқылы парақты, не толық кітаптың өзін пароль қойып қорғауға болады.
Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі
Клетканың адресін түсіндіру үшін, мына таблицаны келтіруге болады: Мекемеден қызметкерлер 1 айға 5% өсімімен қайтаруға қарыз алған. На месяц бағанасында өсімі есептелген. Яғни қарыз сомасын В6 клеткасына (5%)көбейткен. Егер мен Е9 клеткасына =D9*B6 деп жазып, басқа төмендегі клеткаға толтыру маркері арқылы көшіре бастасам, В6 адресі В7, одан төмен В8 болып өзгертіле бастайды. Ал бұл клеткалар өздеріңіз байқап отырғандай бос тұр. Формула жазғанда клетка адресі өзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула жолында көрсетілгендей $ символын қолдану қажет.
Клеткалардың адресін (атын) өзгертуге болады. Мысалы В6 клетка адресін өзгерту үшін оны түртіп, «Вставка» «Имя» «присвоить» командасын орындап, процент атын береміз. Енді жоғарыдағы формуланы =D9*процент деп жазып, ешқандай $ символын қолданбай толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре аламыз.
Excel—де функция қолдану.
Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді есептеуде функция өте көп көмек береді. Математические, статистические, логические, финансовые бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция қолдану үшін аспаптар тақтасындағы мастер функций кнопкасын басыңыз немесе «Вставка» «функция» командасын таңдаймыз. Мастер функций- шаг 1 из 2 сұхбат терезесі ашылады. Қажетті категорияны таңдап, ондағы функция бойынша қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін көрсетеміз. Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып есептеулер жүргізілген. Мысал ретінде 16 саны алынса, бұл функциялар математикалық есептеулер жүргізгенде өте қолайлы.
Бұл программада басқа да математикалық функциялар бар. Олар: ACOS, ABS, ASIN,ATAN, ATANH, TAN, TANH, MOБP, МУМНОЖ, НЕЧЁТ және т.б.
Анықтама алу. Excel-дегі көмекші
Excel-де кейбір сұрақтарыңызға жауап алу үшін аспаптар тақтасындағы «помошник» кнопкасын басыңыз немесе F1 клавишасын басыңыз. Анықтама бөлімінің бүкіл бөлімін қарап шығуыңызға мүмкіндік бар. Төменде көрсетілгендей анықтама бөлімі ашылады. Қажетті бөлімді ерекшелеп алып, «Enter» клавишасын басамыз.
ҚОРЫТЫНДЫ:
«Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерге өндеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланады. Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай – ақ, оқып – үйренуде, ғылыми – зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Microsoft Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық кестенің алғашқы ұғымдарымен және жұмыс істеу тәсілдері туралы айтсақ, Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады.
Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды.
Excel-дің жұмыс парақтары құжаттарды даярлау үшін қолданылатын болса, онда оны қате енгізілген мәліметтерден сақтау қажет. Мәтінді енгізгенде қателерді қарап шығып, түзетуге болады. Сандық мәліметтерді енгізгенде жіберілегн қателер жай көзге көрінбейді. Көбінесе Excel-дің жұмыс парақтарының өзі қате өрнектерді қамтитын формулалардан тұрады.
Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді есептеуде функция өте көп көмек береді. Математические, статистические, логические, финансовые бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция қолдану үшін аспаптар тақтасындағы мастер функций кнопкасын басыңыз немесе «Вставка» «функция» командасын таңдаймыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Информатика» Байжұманов М.Қ., Жапсарбаев Л.Қ. Алматы 2004жыл.
2. ИнфоWINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы.
3. «Жаңа информатикалық технологиялар» Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов Алматы – 2003жыл.
4. «Информатика» Асаубаев А.Қ.,Тұяқбаев Қ.С. Алматы 2003 жыл
5. «Информатикалық технологиялар»
Алматы 2001 жыл
6. «Информатика» Рамазанов Е.Т., Тоқанов С.Т.,Сайлаубаев Қ.Н. Алматы 2004 жыл
7. «Жаңа информатикалық технологиялар» Қасенов А.А., Рысқұлов Т.Н. Алматы 2000 жыл
8. . «Информатика» Тайжұманов С.Т., Хасенов А.К.,Асанов А.А. Алматы 2002 жыл
9. «Информатикалық технологиялар»
10. «Информатика» Айдосов А.А., Манатов С.Д., Санатбек С.А. Алматы 2000 жыл