Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

     Тіл – жазушының  ең басты құралы. ОЛ барған  сайын ұстарып, ұшталып, қырланып, сырланып, жазған сайын бояуы қаныңа  түсетінін ескерсек, мүмкіндігі мол автордың алда алар әлі де талай асуы бар.

      Бірде оған  әзілдеп. «Ұстаның ұста баласы»  дегенім бар еді. Бүгінде оған  қол ұстасының баласы, сөз ұстасы  бол деп тілек айтқым келеді.

 

 

Сарбас Ақтаев.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері.

Жас Алаш газеті.1997 жыл 28 маусым.   

 

 

 

Түйін

Осы қазақтың мақал-мәтелiнiң астарында, Абай айтқандай, бiр кiлтипан бар. Мәселенки: “Әкеге тартып ұл тумас, шешеге тартып қыз тумас”, – дейдi де, сол шындық үшiн қымсынғандай, “игi едi” дегендi қосып қойып: “Әкеге тартып ұл туса игi едi, әке жолын қуса игi едi”, – деп сөздiң артын жұмсарта жөнеледi. Бұл өзiнiң ұрпағына өзiнiң көңiлi толмаған атаның айтқаны ма, әлде, ұлынан көңiлi қалған әкенiң айтқаны ма. Жоқ, өмiрiнiң екiндiсi ауып, ақшамы үйiрiле бастаған қамкөңiл қарияның аңсары ма? Кейде, осы заманның тiлiн бiлiп қалдық дейтiн бiздiң өзiмiзге, Құранды ежiктеп оқитындай ғана сауаты бар әкемiздiң бiлгенi мен түйгенi бiзден көп, әлдеқайда терең, данагөй, сол тәубешiл мейiрiмдi жанның ақылы жетпей тұрғандай сезiледi. Сондайда: “Шынымен сол қара шалға тартып тусам ғой, орны толмай жүрген талай өкiнiшке қалмас едiм,” – деп шарасызданатын сәттерiм есiме түседi.

Мүмкiн, солай да шығар, бiрақ, мен бiлгенде, қыздарды қайдам, ал әкеге де тартып, шешеге де тартып туған ұл болады және бар. Ол – өзiмiздiң жанымызда жүрген кәдiмгi Жанболат, Жанболат Аупбаев. Жоқ, нағашысының атын фамилия етiп жүрген Жанболат Аупбаев емес, он жетiге толар-толмаста қол алысып, қырық бес жыл бойы қолтықтасып келе жатқан жампоз Жанболат Әлиханұлының нақ өзi. Қырық жылдың iшiнде Жанболатты есiме алғанда, онымен әзiлдесiп тұрғанда, сыртынан көргенде, әсiресе, иығын қомдап қойып әңгiме айтқанда, менiң көз алдымнан қаршыға денелi қағылез қарт Әлихан қарияның бейнесi кеткен емес. Ал асықпай, (оның асықпай жүретiн кезi аз) пейiлi түсiп мейiрлене қалғанда, жандүниесiнен Нұрша анамыздың жан жылуы шуақ шашып шыға келедi. Бәрiмiз де атамызға тартып туғамыз, немеремiз өзiмiзден аумайды, сонда да Жанболаттың тегiнде бiр тартымдылық бар.

Мен осындай әсерге қырық жыл бөленiп, одан әлi де арыла алмай келемiн. Алғашқы журналистiк iссапар кез келген жас қаламгердiң есiнде ұзақ сақталатыны аян. Сол жолсапарды, Алматы облыстық “Жетiсу” газетiндегi тапсырмамды мен Нарынқолға барып бастаған едiм. Сонда “Лениншiл жаста” iстейтiн Жанболаттың сәлемiн малданып, үш күн Әлихан әкемiз бен Нұрша шешемiздiң аялы алақанында еркелеп, аунап-қунап қалғаным бар. Сондағы қарағайдан қиып салынған ағаш үйдегi отбасының тәртiптi де қалыпты тiршiлiгi әлi де ұмытылған жоқ. Ол тiршiлiк маған – бiр-бiрiн үнсiз түсiнiскен науша өмiрдiң жарасым тапқан бiрсарынды үндес ырғағы сияқты көрiндi. Өйткенi қос ғұмырдың сол бiр қарапайым қоңыр тiршiлiгiне өмiрдiң барлық мағынасы мен мақсаты, жаратылысы мен жарасымы, әдетi мен әдебi сыйып тұр едi.

Таңғы сағат тура жетiде: “Балам, тұра ғой”, – деген Нұрша анамыздың мейiрiмдi даусы естiледi. Қасымда самауырынның буы бұрқырап, дастарқан сондай бiр жарасымды қазақылықпен жайнап, жасаулы тұрады. Ананың ептi мейiрiмi осындай-ақ болар. Шыны-аяқтың шылдыры емес, ерте тұрған екi дегдардың аяқ сыбдыры бiлiнсешi. Өзгенi былай қойғанда, екi-үш жас мөлшерiндегi “меншiктерi” Ардақты да дыбысын шығармай киiндiрiп, тап-тұйнақтай етiп томпитып қояды. “Сен әлi ұйықтап жатырмысың?” – дегендей, әлде бiр алыстағы жақын жандарының жылуын менен сезгендей құпия жымиыспен қарап тұрады бүлдiршiн. “Жанболаттың жүзi мен жүрiсiнен бала мiнезiнiң кетпегенi осындай мейiрiмнен екен-ау. Ептi басқан жеңiл жүрiсi де тартқан-ақ екен әке-шешеге. Тiптi ол мiнезi мына Ардаққа да сiңiп қалыпты”, – деп iштей қуланып, екеумiзге ғана белгiлi бiр құпияны бiлетiнiмiздi сездiргендей боп Ардақтың маңдайынан сипап сыртқа шыққанда, есiк алдындағы ұста дүкенiнен тық-тық еткен балғаның дыбысы естiледi.

Көрiктегi көмiр де қызара бөртiп тұрады. Бықсымайды, қоздап жанбайды, тек қызара бөртiп қана түрады. Өрiске қосатын малы бар ма, жоқ па, оған назар аудармаппын. Сонда да Әлихан ұста таңғы тiршiлiгiн ұстаханасынан бастағаны анық. Менi көре салып көрiктiң көмейiнiң жан-жағын тиянақтай жинақтап, қоламтасын көсеп, ысырып қойып: “Ә, балам, тұрдың ба?” – деп үстi-басын қағып, үйге беттейдi. Демек, Әлихан ақсақал таңғы алтыдан бастап менiң оянуымды күтiп жүрген.

– Таң атпай баланың ұйқысын қашыра ма деп едiм. Әйтеуiр бүгiн балғаның дыбысы естiлмедi. Жақсы болды, – дейдi Нұрша шешемiз.

Шай үстiнде қоянның көжегiндей сүп-сүйкiмдi әжесiнiң баласы Ардақ та апасының тiзесiне жайғасады. Әлихан ұста кесесiнiң түбiнен шөкiмдей ұстап үнсiз қызыл күрең, ыстық шайды сызылта сораптайды. Нұрша шешей болса бүгiн мен аралайтын тау-тастың табиғатын, ескi аңыздарды, соған орай баяғыдағы бiр өтiп кеткен оқиғаны әңгiмелеп айта бастайды. Әйтеуiр, Жабыр атты бұйратты жотаның жыры таусылмайды. Күндiз қойшыларды аралағанда сол әңгiменiң пайдасы тиедi. Оларға жер мен ел тарихын бiлетiн адам боп көрiнемiн. Дәл межелi мезетте шай да аяқталады, көлiк те келедi. Таңғалатыным, кешегi қойшылардың қорасындағы сарысуға шыланған аяқ киiмiм тап-таза боп жұтынып тұрады. Әрине, шешемiздiң қолы тиген.

...Содан Нұрша апай  Ардағын жетелеп алып, тура көлiкке дейiн шығарып салады. Бейне бiр қоштасып тұрғандай, кешке келмейтiн адам сияқтымын. Сол кезде әлгi дәлдiк пен табиғат туралы әңгiменiң әсерiнен шыға алмай, кекiлi желпiлдеп жүрген Жанболаттың жетiншi сыныпта жазған:

Сай-сала сағым басқан қыр, төбенi,

Заңғардан далаға күн нұр төгедi.

Қоңылтақ қоңыр желi табиғаттың,

Қаңғып кеп жусандарға сүйкенедi, –

деген өлеңi есiме түсiп, дәлдiгi де, елгезектiгi де, табиғатты сүйсiне мәнерлеп әңгiмелеуi де анасына, яғни, нағашысына тартқан екен деген ой келедi.

Шындығында да, әке мен шешеге тартып туған ұл осындай-ақ болар. Жiгiт ағасы жасына келсе де, қыры сынбаған киiм, қара мақпалдай жылтырап тұратын туфли киедi, шашын бiр жағына жантайта тарайды демесеңiз, Жанболаттың да тiршiлiгi тура осылай басталады. Таң атпай ұстаханасына – жазу бөлмесiне кiрiп, кешегi түнгi он екiде қойған кiтабы мен қағазының, қойған қаламсабының орны ауыспағанын көрiп, жылжыған орындықты алға итерiп қойып, ойланып тұрады да дәлiзге беттейдi. Ондағы өзiнiң де, қонағының да, негiзiнен үйiнде үш айлап, тiптi жарты жылдап жататын Төлеген мен Тұрсынның аяқкиiмдерiнiң таза тұрғанына көз жiберiп, жуынып-шайынуға беттейдi. Әрине, Ләззат жұмысқа ерте кетсе, сол арада шайды да қойып үлгередi. Дастарқан жасалып болғанда: “Жә!..” – деп баппен оятады. Содан кейiн шай үстiнде бүгiнгi өзiнiң, сенiң жұмысыңның кестесiн сағаттап бөлiп, тура пәленбай сағатқа пәленбай минут қалғанда үйiнен шығады, сенi де жолға шығарып салады. Өзi ұстаханасына – редакциясына кетедi. Үйiнде бiр күн жат, бiр жыл жат, не бес, он жылдан кейiн қайтып кел, бәрiбiр, ол осы әдетiнен жаңылмайды. Мiне, бұл – әке-шешеден қалған тәлiм. Әкесi Әлиханның үлгiсi, шешесi Нұршаның әдебi.

Ал қазақтың әлгi: “Әкеге тартып... шешеге тартып ... тумас”, дейтiнi қайда?!.

Мiне, мен бiлетiн қырық бес жылдан берi Жанболаттың ата-анасы Әлихан мен Нұршаның құйған қалыбынан шығып көрген кезiн көрмеппiн.

Әлқисса, әңгiменiң басына қайырылып оралайық. Сонымен, Хантәңiрiнiң аңғары мен Жабырдың жоталарындағы қойшылардың ауылын аралап, қараңғы үйiрiлгенде, кейде одан да кеш тау-тасты кезiп болып Әлихан әкемiз бен Нұрша шешемiздiң үйiне қайтып ораламын. Аңғал жымиып Ардақ шығады алдымнан. Әрине, атасы мен әжесiнiң баласына “жуымаймын”. Ардақтың мұрнымен жарыса пысылдап самауыр келедi. Мiне, осы кезде Жанболаттың екiншi тегi – ата-бабасы суыртпақталады. Шынашақтай ғана Әлихан әкемiздiң саусақпен санағандай жыл мен жылын, күн мен күнiн, сағат пен сағатын, минут пен минутын дәл түртiп көрсетiп айтқан әңгiмесi басталады. Әсiресе, көшпелi гауһар туралы айтқанда, оның көзi де гауһардай жалтылдап, жалынданып кететiнi ғажап құбылыс! Тянь-Шань тауларында жасында алтын шайқап, алмас шағып, гауһар терiп өскен машығын еске алғандағы, әсiресе, өмiрiнде бiрiншi рет көшпелi алтынды көргендегi және сусымалы құм гауһарын тергендегi хикаялары таңғажайып әңгiме едi. Тура сол сәтте көшпелi гауһар өзiнiң қолынан жаңа ғана сусып кеткендей берiле бейнелегенде, өңi нұрланып кететiн. Содан кейiн сәл саябырлап барып өзiнiң ұсталық өнердi қалай үйренгенiн айта келiп, әңгiме көрiктi тартқанда шығатын қызған көмiрдiң жалынына ауысқанда түсi тағы да құбылып сала бередi. Сөйтсем, жалынның түсi де адамның өмiрi сияқты қас-қағым сәттерге бөлiнедi екен. Темiрдi балқытқанның бәрi жалын емес, жай қорытпаны ерiтетiн шоқ көрiнедi. Әңгiменi өзi де берiле айтады, сенiң де дымың шықпай берiле тыңдағаныңды ұнатады. Әлихан әкемiздiң көмiрдiң жалыны туралы әңгiмесiне қызыққаным сондай, кейiн адал да аңғал, ақкөңiл жездемiз Дүйсенбайдың Мақаншыдағы жабылып қалған ұстаханасын ашқызып, екi-үш күн жалынның өзгеру сәттерiн қызықтағаным бар. Шындығында да “сарыбелден сарғайып атқан таңның арайы”, “кешке жақын қызарып батқан күннiң шапағы”, “терiстiктiң шұғыласы” мен жауыннан кейiнгi кемпiрқосақтың сағымы сияқты мың құбылып тұратын, жүз мезетке бөлiнетiн ғажайып әлем екен. Жалынның әр түсi әр нәрсенi балқытуға арналатын болып шықты. Есiмде сақтағаным, алдаспанды балқытатын жалынның түсi – көгiлдiр әрi мөлдiр, әйнек сияқты бер жақтан қарағанда ар жағы көрiнiп тұратын жұп-жүқа (иә, жұқа) сағым сияқты болады екен. Алдаспанның сапасы сол сиқырлы көгiлдiр жалынды қызартпай, бозартпай, жалындатпай бiр қалыпта пәленбай қас, қағым мезет тұрақты ұстап тұратын көрiкшiнiң шеберлiгiне байланысты дейдi. Бабына келгенде ғана темiр қорытпасыз балқып, алмасқа, кем дегенде болатқа айналады екен. Ал алдаспанды суарудың өзi жатқан бiр хикая көрiнедi.

Мiне, мұндай қорытпасыз мiнез, өзi де әңгiменi қорытпасыз айтатын, сенiң сөзiңдi де берiле баяндайтын, Мекке мен Мединенi аралап келгендегi ұлан-ғайыр әсерiн “үтiр мен нүктеге” ғана сыйғызатын Жанболатта да бар. Әкесiнiң нағыз өзi, аумайды-ау, шiркiн, аумайды. Бозөкпе кезiнен қызықты, хикаялы кiтаптарға құмар боп өскен, “Капитан Гранттың балалары”, “Робинзон Крузо”, “Сүлеймен патшаның кенiшi”, “Том Сойердiң басынан кешкендерi”, “Даурия” “Могиканның соңғы тұяғы”, “Дерсу Узала”, “Жұмбақ салт атты”, “Менiң атым – Қожа” сияқты шытырманды шығармаларды сүйсiне әңгiмелейтiн бозбала Жанболат, солар туралы айтқанда, оның өзi мұхиттың астына сапар шегiп келгендей, аралда жалғыз қалғандай, зәңгiлермен бiрге қазына iздегендей, үндiстер мен мәнжулерге тәржiмәшi болғандай күй кешедi. Ал Қожа дегенiңiз қазiр Талдықорғанда мұғалiм екен, ана “Балалық шаққа саяхаттағы” пәленбай дегенiңiз Нарынқолдағы малақайының құлағы салпаңдап жүретiн кәдiмгi Мұқамәди деген шал екен. Өзi көзiмен көрiптi. Осы екi аралықта Стефан Цвейг, Эдгар По, Соммерсет Моэм, Жорж Сименон қосылып кетедi. Ал бiз оқыған Анатоль Франс, Томас Манн, Фейхтвангер сияқты классиктердiң шығармаларының оқиғалары жер бауырлап жататын. Сондықтан оларды жеңiл-желпi сөздерге айналдыра алмайтынбыз. 70-жылдардағы студенттiк кезде кiтапханаға барар жолда, қайтар жолда айтылатын бұл әңгiмелер сонда кәдiмгiдей көңiл сергiтiп тастайтын.

Бiрiншi курста араб тiлiнiң әлiпбиiн меңгерген соң, курстасымыз Шәйiмнiң Айтуғанының жетектеуiмен кiтапхананың сирек қорына барып, “Айқап”, “Қазақ”, “Таң”, “Әйел теңдiгi” (онда “Ақбiлектiң” бiрiншi бөлiмi жарияланған), “Ақ жол” сияқты басылымдарды парақтаймыз. “Қыр баласының”, Жүсiпбектiң, Мағжанның, Мiржақыптың шығармаларын оқимыз. Екiншi курсқа көшкенде Жанболат сирек қорға өте сирек баратын болды. Бiр жолы Мағжанның “Шал” деген өлеңiн көшiрiп алып, дәрiс үстiнде қолына ұстата қойдым. Iле тура сол өлеңнiң қасына: “Жұртбаев! Менiң осы тiнтiнектегенiм де жетедi. Бұл менiң қолым емес екен. Мен басқа жолды таңдадым. Өлеңдi де, прозаны да қойдым. Ендi бұл тақырып туралы менiң басымды қатырма. Аупбаев”, деп жазып жiберiптi. Iшiм тыз ете қалды. Өйткенi, оның мектепте, алғашқы курстарда жазған әңгiмелерiнде натурализм мен романтизм қатты бiлiнiп тұратын.

Сөйтiп, Жанболат көркем шындықтың емес, өмiрлiк шындықтың өршiл қаламгерлiк жолын таңдап алды және ол тақырыпты керемет энтузиазммен қапысыз игердi. Оның қызықты тағдырлар иесi туралы жазғандарын тамсана оқып, сол жолды таңдаған қазiргi ересек тартқан журналистердiң санының өзi бiр беттi толтыратындай болды. Егерде, ұлының орнына қажыға әкесi барып келсе, Әлихан қарияның әңгiмесi де көңiлдiң көрiгiнде әбден пiсiп, тура баласының “Құбылаға қара!” деп тақырып қойып жазғанындай, “Үтiр” мен “Нүкте”, “Леп белгiсi” және “Жақша” секiлдi (жолжазбаларының аты) түйiн-түйiн дүние боп шығар едi. Баяндау мәнерi сондай жеңiл әрi әрi нақ, артық-ауыс қорытпаның барлығы күлдiкке айналған, саф болат қана. Шiркiн, көңiл үшiн болса да, iшiнде бiр тамшы көркем қиял болсашы. Тiптi алтынның өзiнде мыңның бiр бөлшегiндей темiр болады екен. Ал әкелi-балалы екеуiнiң сөзi найзағайға суарылған болат сияқты. Мұны, “түйiн” дейдi ұсталардың тiлiнде. Сол түйiннiң бiрi – ұстаның ұлы Жанболат. Атының өзiн де: “жан, болат” деп, мағынасымен алғанда, “түйiн” деп қойғаны да сондықтан болса керек. Ал нағыз көгiлдiр жалынға тап болғанда болат та жанады екен. Ондай сәулелi болаттың жанғанын көрген ұстада арман болмаса керек. Әлихан ұста – темiрдiң де, өз жанының да болатының жанғанын көрген ұста.

Ұстаның дүкенiндегi әр дүңгiршек пен үңгiршектiң, тауша мен тоспаның өз мiндетi бар. Көлденең жатқан темiрдi алып қабырғаға сүйеп қоюға, оң жақтағы балға мен сол жақтағы қысқаштың орнын ауыстыруға болмайды. Өйткенi ол ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қатаң тәртiпке негiзделген дәстүрлi тәртiп. Мысалы, Жанболаттың алдындағы екi қарындаштың орнын ауыстырып, өзiн оқшаулау алып барып сөзге тартыңызшы. Оның құлағы – сiзде, көзi – әлгi қарындаштан кетпейдi. Ебiн тауып: “Қазiр”, – деп жүгiрiп барып қарындашты бұрынғы қалпына қойып, көңiлiн орнына түсiрiп барып: “Ал, айта берiңiз...” – деп қасыңызға келедi. Сондай-ақ, жыл мезгiлiне, ұсталық ыңғайға, жарыққа, темiрдi салқын не суытып балқытуға байланысты қалыптасқан қағидаттар бар. Өйткенi ұсталар қысты күнi болат семсер соқпайды. Ауаның құрамы басқа, суыту қиын. Сондықтан да ұста үшiн мезгiлдiң де мезгiлi бар.

Мiне, ұста әкенiң тiршiлiк қарекетiне бейiмделген Жанболаттың да “меншiктi мезгiл мерзiмдерi” бар. Маусымның ортан белiнен асқанда кейiпкерiмiздi қаладан да, даладан да iздеп сандалудың қажетi жоқ. Күнi кешеге дейiн, анықтап айтсақ осыдан он жыл шамасы бұрын оны сол жаз айларында Хантәңiрдiң алқымындағы Қайшы сайының беткейiнен көрер едiңiз. Басына қағаз қалпақ киiп, қолындағы шалғымен шалғынды ұстарадай қырып бара жатқан қайыс қараны көрсеңiз болды, арқасынан қағып жөн сұраңыз. Қырық жыл бойы естiп, сiңiстi болған жай ғой, Жанболаттың жөнiн мен де жатқа айтып бере аламын. Сонымен... жыл сайын әкесi мамыр айында Қайшының сайына барып, өзiне тиесiлi бәйекке қазық қағып кететiн болған. Iле арбаның құрсауын бекiтiп, шентемiрiн салып, қамытын күрмеп, күпшегiн жөндеп, дөңгелегiн майлап, дәртесiн түзеп, аулаға қаңтарып қояды екен. Содан кейiн қора-қопсысын тазартып, шарбақтарды түзеп, қақпаның қиюын келтiрудi де ұмытпаған. Маусым басталғанда арқанның үзiгiн жалғап, айыр мен күректi саптап, шалғыны кайрап, жүзiн жанып, босағаға iлiп қоятын болған. Содан кейiн Қайшыға барып бәйектi шолып қайтып, шөп басының жарылып, пiскенiн көредi. Мiне, осы кезде пәленбай шалғы салыпты, түгенбай ертең бармақ, деген хабар тиедi қаладағы ұлға. Соны ести сала, Жанболат саусағын санап отырып пәленбай күнге рұқсат сұрап, кейде демалыс алып, ауылға тартады. Таулы аймақта шөп қат болады. Сондықтан да кемпiр-шалдың ет пен сүтiн, қатығын ажырататын тоқты-торпақ пен жалғыз сиырдың кыстық азығын қамдауға кiрiсiп жатқан бетi осы. Содан шөптi пәлен күнi шауып бiтiредi, пәлен күн кептiредi, пәлен уақыт тасиды, пәлен күнi қораға әкелiп маялайды, пәлен күнi отынға барады, пәлен күнi оны арамен кесiп, балтамен жарады. Пәлен күнi ... бiтедi. Сосын “уһ” деп демалып, пәлен күнi қалаға қайтады. Асығыс. Уақыт аз. Үлгеру керек.

Жоғарыда айттым ғой, осыдан қырық жыл бұрын мен көрген Жанболаттың осы “жөн-жоба дәстүрi” күнi кешеге дейiн, 2000 жылдың басына шейiн үзiлген жоқ. Жанболаттың бойына шыр бiтпейтiнi де сол “шалғышылығы” шығар. Зады, таулы жердiң күлгiн шуағы термен араласқан терiсiн бұлшық етiмен қосып қақтап, сүрлеп, қазақша айтқанда, бiр түйiр артық майын шыжғырып жiберетiн болуы керек.

Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист