Ж Аупбаев - журналист, публицист

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:03, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сай диплом жұмысының алдына мынадай негізгі міндеттерді шешу мәселелері қойылды:
- Жанболат Ауытбаевның журналистикаға келіп, баспасөз ісіне араласуына, публицист ретінде қалыптасуына әсер еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи факторларды анықтау;
- Жанболат Ауытбаевның журналистік қызметінің хронологиялық кезеңдерін саралап, қазақ баспасөзінің дамуына қосқан үлесіне баға беру;
- қаламгер публицистикасының қоғамдық-саяси салмағы мен идеясын, тақырыптық сипатын қазіргі заман шындығымен байланыстыра, сабақтастыра талдау;
- журналистің публицистикалық шығармаларының қоғамдық-саяси мәні өткір, мейлінше өзекті екенін бүгінгі заманның талап-талғамы тұрғысынан бағалап, дәлелдеу;
- Жанболат Ауытбаевның публицистикалық еңбектерінің басты сипатын, басқа публицистерден дараланатын негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- публицист шығармаларының жанрлық әр алуандылығын, стильдік, тілдік ерекшелігі мен образ жасаудағы журналистік әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігін саралау;
- журналистің көркем-публицистикалық очерктерінің әдеби, публицистикалық тіл кестесіне талдау жүргізу;

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-6
1 Ж. Ауытбаевтың журналистік ғұмырбаяны..............................................7-31
1.1 Журналисттік қызметтегі алғашқы қаламгерлік ізденістер.........................7
1.2 Облыстық, республикалық басылымдардағы публицистикаларының проблематикасы.....................................................................................................15
1.3 Қазақ баспасөзін өркендетудегі публистистикалық еңбектерінің мәні....................................................................................................23
2 . Ж. Ауытбаевтың журналистикасы......................................................32-58
2.1 Қаламгер журналистикасының тақырып ауқымы, мазмұн тереңдігі..................................................................................................................32
2.2 Ж. Ауытбаев көсемсөздерінің жанрлық түр алуандығы, стильдік айшықтары.............................................................................................................40
2.3 тілши сухбаттары мен мақалаларындағы әдеби-көркем, публицистикалық тіл кестесінің ерекшеліктері......................................................................48
Қорытынды..............................................................................................59-60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................61-63

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жандос Аупбаев журналист.doc

— 537.50 Кб (Скачать документ)

Ұлы ағартушы-демократ Ш.Уәлиханов публицистиканы проблемалық-талдамалы сипатта дамытты да, оның публицистикалық еңбектерінде сөз болған заманада мәселелерді ақиқат тұрғысынан шешудегі кедергілерге жан-жақты талдау жасалып, олардың себеп-салдары жай ғана әлеуметтік-саяси тұрғыда ғана емес, өмірден алынған тәжірибелік, танымдық, имандылық жағынан ашып көрсетілді. Сыншылдыққа негізделген, әшкерелеуші қуаты мол, фельетон, памфлет белгілерімен де айшықталған Шоқан публицистикасының тілі уытты, орағытып түйреумен, мысқылдаумен ерекшеленіп, өз кезінде жұрт көкейінде жүрген түйткілдерді мемлекеттік деңгейдегі ауқымды мәселе етіп көтеруімен әсер-ықпалы мол болды, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жалпыхалықтық, демократиялық деңгейде қойып, батыл да ашық айтқан ой-пікірлерін бұқара халық мүддесімен ұштастыра білді, халқымыздан шыққан тұңғыш публицист ретінде ағартушы-ғалым қазақ әдебиетін көркем публицистиканың хат, суреттеме, очерк сияқты түрлерімен байытып, өз еңбектерінде саяси-әлеуметтік күрделі мәселелерге ғылыми-тарихи тұрғыдан терең талдау жасай алды.

Ыбырай Алтынсарин өз тұсында жарық көрген қоғамдық-көпшілік мерзімді баспасөз бетінде, әсіресе, қазақ тіліндегі тұңғыш газеттердің бірі — «Дала уәлаятының газетінде» халқымыздың тұрмыс-күйі, тарихы мен мәдениеті, оқу-ағарту жайынан сыр шерткен терең ойлы публицистикалық туындылары алдыңғы қатарлы қауымға қозғау салып, ойландырып-толғандырған.

Ұлы ағартушы-педагогтың көсемсөз жанрында жазылған мақалалары «Оренбургский листок» газетінде жиі жарияланып, негізгі тақырыбы қазақ халқының отаршылық қыспағындағы ауыр халін кеңінен әңгімелейді, қазақ шаруаларының құнарлы жерінен айрылып, бейшара күйге түскен жағдайын бүкпесіз айтып, жоғарғы өкімет орындарына қарапайым халықтың мұңшерін жеткізеді, жұртшылық қамын ойлап, тез арада көмек көрсетілуін талап етіп қояды. Оның қай публицистикалық мақаласы, яки жазысқан көсемсоз үлгісіндегі хаты болсын, халықтық мүддеден туған, өз дәуірінің ең негізгі мәселелерше арналған.

Ы.Алтынсариннің белсенді публицистік қызметі таза қазақ тілінде тұңғыш газет шығаруға ниет еткен зор талпынысына ұласты. «Қазақ газеті» деп аталған газеттің Ыбырайдың өз қолымен жасаған бірінші санының үлгісінде алдын ала ойластырылған материалдардың дені көсемсөз үлгісінде жазылғанын 1880 жылғы архив деректері айғақтайды. Бас мақала іспетті жазған қалың жұртшылыққа арнаған үндеуінде: «Қазақ халқы көшіп-қонып, шаруашылық қылып, болашақ күнді ойламай бейпіл жүріп, бұл күнде бөтен қатар жұрттардан әрбір ісі кемге соғып жүр. Қазақтан бөтен Ақ патшаға қарап тұрған жұрттардың қай-қайсысы болса да, еш болмаса өз мұңын, арызын өзі айта біледі: болмаса қағазбен жазып көрсететін адамдары бар» деп бастап халқының білімнен артта қалғанын тілге тиек етіп, сауатсыздықтың кесірін нақтылы мысалдар дәлелдейді, «Өнерлі өрге жүзеді» деген мәтелді негізгі арқау етіп алып, елді оқу-білімге шақырады[3,7].

Ұлы ағартушының қазақ тіліндегі тұңғыш газетті шығару талпынысының жарқын белгісі болған бұл үлгі бастамасы кейін қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Дала уәлаяты газетінің» шығуына жалғасып, XX ғасырдың басында алғаш рет тек қана ана тілімізде бүкіл елге тараған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті сияқты ұлттық баспасөз ізашарларының қараңғы елді оятып, оқу-білімге, бостандыққа үндеген, сөйтіп, шынайы халықтық басылымдарға айналған ізгі іске ұласты.

Абай қазақ әдебиетінде публицистикалық прозаның негізін салып, көсемсөздің очерк, эссе, мақала, памфлет сияқты түрлері кеңінен пайдаланылған қарасөздерінде өз кезінің көкейкесті мәселелерін көтеріп, адамгершілік, иманшылық мұраттарын үндеді. М.Әуезовтің Абай қарасөздері туралы: «Оның қара сөзбен нақылдай айтылған бұл әңгімелерінің түр, мазмұн жағынан қандай жанрға жататынын кесіп айту өте қиын. Ақынның бұл әңгімелерінде пәлсафалық — мораль, қоғамдық-публицистикалық мысқыл — сын мәселелері бірдей кездеседі. Шебер қиыстырып, мейлінше тапқырлықпен айтылған бұл нақыл сөздерде кейде күнбе-күнгі тіршілік жайы, кейде кекті мысқыл немесе жабырқап — қайғыру сарындары естіледі. Абайдың бұл сөздері аз айтып, көп мағына беретін өткір тілді өнегелі өсиеті болып табылады» деп айтқандай[4,171] «Феодалдық қоғамның кертартпа салт-санасына қарсы сын айтты. Өнербілімге үндеді. Көрші орыс елінің мәдениетін үлгі етті»[5,231].

Академик З.Ахметов: «Абайдың қарасөздері қазақ прозасының, публицистикасының, әсіресе әдеби тілдің прозалық жанрларында өркендеуіне ықпалын тигізді. Сондықтан қарасөздер Абайдың шығармашылық мұрасының салмақты бір саласы және әдебиет тарихында елеулі орын бар дей аламыз» деп айтқан пікірі[6,391] ұлы ақынның публицистикалық мұрасына берілген орынды баға дей аламыз.

Үшеуі үш мұнарадай болған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ұлы ағартушылардың қазақ публицистикасының негізін қалаушылар сапында болғандығын баса айтқанымызбен ұлттық көсемсөз қалыптасуының бастауында осы алтын желінің ортасында аталуға тиіс тұлғаның бірі - әмбебап ғалым, публицист Мұхаммедсалық Бабажанов есімін есте ұстау керек. Орынбордағы Неплюев кадет корпусын 1851 ж. үздік бітірген қазақ офицері патша үкіметінің отарлау саясатына ашық қарсы шығып, Санкт-Петербург, Орынбор, Астрахань қалаларында шыққан газет-журналдарға халық мұңы мен мұқтажын жеткізген. билік орындарының қарапайым жұртшылыққа көрсетіп отырған зорлық-зомбылығын аяусыз сынап әшкерелеген публицистикалық сипаттағы мақалалар жариялайды. «Қазақтың көпшілікке шағымы», «Қазақтың өз хал-ахуалы және оның туыстарының тағдыры туралы», «Қырғыздың қырғыз туралы жазбалары» және т.б. публицистикалық еңбектерінде отарлық жүйені сын қыспағына алып, патша шенеуніктерінің оспадар қылықтарын бүкпесіз айтады, мектеп ашу мәселесіне баса назар аударып, қазақ балаларын оқыту, мәдениеттілікке тәрбиелеу туралы ойларын жеткізеді.

Қазақ публицистикасының туу, қалыптасу тарихын жете зерттеген әдебиеттанушы ғалым М.Н.Фетисов өзінің «Зарождение казахской публицистики» атты іргелі монографиялық еңбегінде Шоқан, Ыбырай, Абай публицистикасы туралы жеке-жеке әңгімелей келіп: «Чокан Валиханов, Ибрай Алтынсарин и Абай Кунанбаев заложили прочные основы казахской демократической публицистики. Сделанное не прошло бесследно, а пробудило сравнительно широкий общественный интерес к публицистике, как к средству выражения и защиты народных интересов, освещения казахской жизни. Круг казахских публицистов, разных по дарованиям и масштабам социально-политической действительности, медленно, но неуклонно расширялся в последние предреволюционные десятилетия» деп[7,313] ХІХ ғасырдағы қазақ публицистикасының даму тарихына әділ қорытынды жасап, ХХ ғасыр басындағы ұлттық көсемсөз өнерінің мақсат-міндеттерін былай ашып көрсетеді: «Казахские просветители не только оставили ценное литературное наследие, поучительные образцы вдохновенных выступлений, но и создали боевые традиции молодой публицистики казахского народа»[7,313].

Шынында да талым атап өткендей XIX ғасырда қалыптасып, XX ғасырдың басында үрдісті даму сатысына шыққан «Жас қазақ публицистикасы» ұлт зиялыларының «қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып... халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылтаң»[8,724] қам-қарекеттеріне қызмет етіп, олардың өз халқын отаршылдық құлдықтан азат ету жолындағы күресінің саяси-мәдени құралына айналды. Бұл күресте «Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады»[9,724-725].

Ұлт-азаттық идеясы жолындаты мақсат-мұраттарын жүзеге асыру үшін олар қолдарына қалам алып, саясат, оқу-білім, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қамтыған көкейкесті публицистикалық мақалалар жазды. Алаш зиялыларының, жазушы-ақындары мен журналистерінің бұл игі мұратына алғашқы қазақ газеттері жемісті қызмет етті. XIX ғасырдың соңында пайда болған қазақ тіліндегі алташқы баспасөз қарлығаштары «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 – 1882), «Дала уәлаятының» газеті (1888 – 1902) патша үкіметі тарапынан шытып, отарлаушы басқару орындарының жарлықтары мен заңдық-құқықтық нормативтік актілерін, әкімшілік істерін қазақ даласына жеткізу мақсатымен шығарылса да, бұл басылымдарда қазақ халқының мұң-мұқтажын, арман-тілегін қозғаған алғашқы публицистикалық мақалалар жарияланды. Қоғамдық-саяси мәні зор, көркемдігі жағынан ықпалы мол болтан бұл көсемсөз мақалаларының авторлары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Ж.Көпеев, Д.Сұлтантазин және т.б. ұлттық көркем публицистиканың одан әрі дамуына зор әсер етті.

Қазақ көркем публицистикасының жаңа үрдісте, жаңа екпінде дамып, XX ғасырдың басындаты демократияшыл бағыттағы әдебиеттің негізгі бір арнасына айналып, ұлт зиялыларының азаттық жолындағы қуатты сөз құралы болып шыңдалуына осы кезеңде таза қазақ тілінде шыққан алғашқы қазақ газеттері мен журналдарының рөлі үлкен болды.

Қазақ көркем публицистикасының қалыптасып дамуындағы XX ғасыр басындағы ұлттық баспасөз басылымдарының рөлін айтқанда қазақ тіліндегі шын мәніндегі тұңғыш газет – «Серке» газеті ойға оралады. Олай дейтін себебіміз: осыған дейін айтылып жүрген «Гүркістан уәлаятының газеті» «Дала уәлаятының газеті» ұлттық баспасөздің алғашқы басылымдары болып есептелгенімен бұл газеттер көбінесе аударма нұсқасында, қазақ және орыс тілдерінде шықты да, патша үкіметінің тікелей органдары ретіндегі үнқағаз болып есте қалды. Әрине, бұл газеттердің қазақ баспасөз тарихындағы орнын жоққа шығармаймыз, екі газет те алғашқы ұлттық баспасөз басылымдары болып қала береді.

Ал «Cepкe» газетіне келсек, ғұмыры ұзақ болмағанымен таза қазақ тілінде шыққан демократиялық бағыттағы алғашқы газет ретінде ұлттық баспасөз тарихындағы орны ерекше. «Үлкен совет энциклопедиясының» 1-ші басылымында бұл газет қазақ баспасөзінің тұңғышы ретінде атап өтілген болатын[10,590]. Өзінің халықтық рухымен, бостандық сүйгіш идеясымен жарқ етіп көрінген «Серке» газеті Санкт-Петербургте татар тілінде шығып тұрған «Үлфәт» газетіне қосымша ретінде 1907 жылы шыққан[11,9-10]. Ресейдің II Мемлекеттік думасының мүшесі Шәймерден Қосшұғыловтың басшылыгымен жарық көрген газеттің үш-төрт нөмірі басылған соң тоқтап қалған[12,47]. Ш.Қосшұғылов газеттің басты мақсаты және аты туралы: «Серке бір отар қойды боранда дұрыс жолға алып шығады, олай болса «Серке» газеті езілген қазақ халқына дұрыс жол көрсететін, оның ұлттық сана-сезімін оятатың жолбасшы болу керек» деп өз естелігінде жазыпты[11,9].

Осы газеттің 2 нөмірінде «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған М.Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» атты мақаласында патша өкіметінің Қазақстандағы отарлық саясатының асқынған, шегіне жеткен түрі — мындаған мұжықтарды қазақ даласына күштеп қоныстандырып, қазақтарды шұрайлы жерінен айырудың халық құқығын қорлаумен пара-пар екендігін айтып, «Қазағым менің, елім менің» деп туған халқына наз айтады, «Ең алдымен қазақ халқы - Россияға тәуелді халық. Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады» деп халық күйзелісін жан-тәнімен сезініп, "Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді» деген ашу-ызасын білдіреді, «Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға, біздің молдаларға ғана тиісті жеке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды» деп билік орындарының шектен шыққан өктемдігін ашық көрсетіп, отарлық жүйенің қазақ жеріне қомағайлықпен сұқтана қарағандығын: «Енді бұл чиновниктер қазақ даласына мындаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерді арқаланған олар өздеріне жайлы қазақ жерін еркін иемденуде. Тұтас ауыл болып келсе бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде» деген жолдар арқылы ащы шындықты жайып салады[11,31].

М.Дулатовтың бұл мақалаласы патшалық Ресейдің отарлық жүйесін тұтастай алып, қарапайым халыққа тигізер кеселді жақтарын жер-жебіріне жете әшкерелеген памфлет түрінде жазылған көркем-публицистикалық шығарма. Көсемсөзші өзінің прозалық памфлетінде патша өкіметінің қазақ даласындағы отарлау саясатына тән типтік кеселдердің әлеуметтік-саяси астарын ашып, самодержавиелік зорлық-зомбылықты, шенеуніктердің жергілікті жерлердегі озбыр әрекеттерін ащы мысқылмен аямай сын тезіне алу арқылы көркем-сатиралық жинақтау жасайды.

«Біздің мақсатымыз» мақаласының жоғарғы билік орындарына ықпал еткені соншалық, памфлет мазмұнынан қылмыстық белгілер көрінеді», — деп қауіптенген Петербург баспасөз істері жөніндегі комитеті «Үлфәт» және «Серке» газеттерін тәркілеп, жауып тастайды. Тиісті бақылаушы орындар «Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды» деп ресми жауап берген[12,48]. Осы мақалаға байланысты әдебиеттанушы-ғалым Ж.Ысмағұлов Міржақып Дулатовтың бес томдық шығармалар жинағы жайлы «Сәулесі жарық жолға ұмтылған» деген зерттеу мақаласында: «Ал осы газеттің жарық көре алмай кеткен екінші санында М.Дулатов қаламынан туған «Біздің мақсатымыз» атты мақала бар екен. Газеттің шықпай жатып тұншықтырылуына басты бір себеп те сол болса керек» деп ақиқатын айта келіп: «Демек, айтылмыш мақаланы сол кездегі қазақ қауымында қалыптасып келе жатқан қоғамдық ой-пікірдің, қазақ даласында анық бой көрсеткен әлеуметтік қозғалыстың көрінісі деп жазуға болатын еді. Патшалық әкімшіліктің зәресі кетіп, үріккені де сондықтан болатын» деп салмақты ой қорытады[13].

Қазақ көркем публицистикасының қалыптасу жолында «Қазақстан» газетінің де өзіндік орны бар. Газет 1911 жылы 16 наурызда Орда қаласында шығуы басталып, 27 мамырда екінші нөмірінен кейінгі сандары шықпай жыл соңына дейін тоқтап қалады. Осы аралықта газет редакциясы Орал қаласына орын ауыстырып, 15 қарашадан бастап қайта шығады. Барлығы 18 нөмірі шыққаннан кейін 1913 жылы шілде айында жұмыс істеуі тоқтатылады[12,49]. Газетті шығарған редактор ақын Елеусін Бүйрин, оны қаржыландырғандар алаш зиялылары Бақытжан Қаратаев, Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қарашев, Сейітқали Мендешев, Мәжит Шомбалов болды. Газеттің шығуына басқа да ондаған мұғалім, дәрігер қаржылай үлес қосқан.

Газеттің бар ауыртпалығын өзі көтеріп, түгел дерлік редакциялық мақалаларды өзі жазған Е.Бұйрин басылымның беташар нөмірінде: «...Бізді бір тілек, бір ниетке жиятұғын зат... - біздің басшымыз!.. - біздің достар алдындағы көркіміз! Дұшпандарға қарсы құралымыз!.. - білмегенді көрсететін ұстазымыз!.. Қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз!» деп газет маңызына зер салып, «Заман өзгереді, заман шаруаны, адамды өзгертеді. Өзгермесе, жаңаға ыңғайланбаса, ол кейін қалады. Заманымыз өзгеріп отыр, біз де өзгерейік» деп ұран тастайды[14].

Информация о работе Ж Аупбаев - журналист, публицист