Тіл – жалпы азаматтық құндылық.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Тіл – қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Сондықтан қоғамды дамытудың басты ұстанымы – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Адам ойының жемісі, тіршілігінің көзі болып табылар бұл ерекшелік бүгінгі тіл білімінің де, әдістеме ілімінің де басты мәселелелерін құрайды. Осыған орай тілді тек құрылымдық негізде ғана емес, әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан талдап түсіндіру қажет. Тілді әлеуметтік проблемалар қатарында әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру, оның қоғамдағы орны мен қызметін анықтау бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып саналады. Оған тілдің әлеуметтік сипатын саралау, әдеби тіл мен диалектілердің арақатынасын қарастыру, тілдік форма мәселелеріне көңіл бөлу, т.б. жатқызылатындықтан, қазақ тілін оқыту негіздерін де бұл проблемалардан сырт қалдыруға болмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тіл жалпы азаматтық құндылық.doc

— 140.50 Кб (Скачать документ)

Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында  қазақ халқының басында талай  қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің  болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.

Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге  деген мейірім, махаббат сезімін  білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.

«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге  дейін мән-мағынасын жоғалтпаған  қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.

Үзілмей келе жатқан осындай даналық  дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі  ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.

Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ  тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда  орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.

Қазір көптеген жастар ана тілін  дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.

Қазақ тілінің жанашыры болған сатирик  ақын Шона Сымаханұлының бір шумақ  өлеңінде осындай жағдайды сипаттайды:

Қазіргінің баласы,

Көп білем деп көкиді.

Әкесінің жазғанын

Аудармадан оқиды.

«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.

Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді  сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. Ақын Оразақын Асқар «Тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде:

Көрінесің көзге шыққан сүйелдей,

Сұрақтар да шаншу болып тиер кей.

Құтылмайсың барлық тілді білсең де,

Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей...

Ана тілінде ата-баба сыры бар,

Аудармадан түпнұсқадай кім  ұғар.

Өсе келе құстың тілін білсең де,

Ана тілсіз оның қандай құны бар, - деп өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге басты тірек екенін баяндаған.

«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық.

 

_______________________________

 


Информация о работе Тіл – жалпы азаматтық құндылық.