Тіл – жалпы азаматтық құндылық.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Тіл – қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Сондықтан қоғамды дамытудың басты ұстанымы – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Адам ойының жемісі, тіршілігінің көзі болып табылар бұл ерекшелік бүгінгі тіл білімінің де, әдістеме ілімінің де басты мәселелелерін құрайды. Осыған орай тілді тек құрылымдық негізде ғана емес, әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан талдап түсіндіру қажет. Тілді әлеуметтік проблемалар қатарында әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру, оның қоғамдағы орны мен қызметін анықтау бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып саналады. Оған тілдің әлеуметтік сипатын саралау, әдеби тіл мен диалектілердің арақатынасын қарастыру, тілдік форма мәселелеріне көңіл бөлу, т.б. жатқызылатындықтан, қазақ тілін оқыту негіздерін де бұл проблемалардан сырт қалдыруға болмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тіл жалпы азаматтық құндылық.doc

— 140.50 Кб (Скачать документ)

Тіл мәдениті жөніндегі  теориялық және практикалық пікірлерді дамытушылардың бірі - И.И.Срезневский. Ол тілді оқушының ойлау дағдысымен тікелей байлансытыра отырып, баланы қысқа әңгімелер түріндегі жаттығу  жұмыстарына бейімдеу пайдалы дей келіп, «Важен для приучения отличать более важное от менее важного и неважного вникать в те основы слов и выражений которыми изображаются основные мысли ... как безотносительно к форме, в которой та или другая мысль выражается так, и с объяснением самой форм выражении, чтобы заставить детский ум оценить форму»,- деп балалардың жұмыстарында, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде синонимдерді барынша кеңінен қолдану қажеттігін айтты.

Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерді талдау барысында бұл  мәселені көптеген ғалымдар зерттеп-қарастырғаны  белгілі  болды.   Солардың  ішінен педагогикалық  сөздікте берілген   мынадай   анықтама   көңілімізден   шықты:   «Оқушылардың   тіл мәдениеті – оқыту  үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән». Ал бұл мәселені жан-жақты зерттеген Л.И.Ожегов: «Тіл мәдениеті -бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл  коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» - деп тұжырымдайды.

Тіл мәдениеті  ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында  мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті - кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшкліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады.».

Жалпы анықтамаларды  қарастыра келе, тіл мәдениеті  дегеніміз сыпайы, ізетті, сауатты сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл айта білу, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана алу шеберлігі, - деген пікірге тоқталдық. Халықтың ұшан-теңіз сөз байлығының ішінен ең қажетті, ең ұтымды тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ой мен мәтіннің мазмұнына, мақсатына сай етіп тіркестіре алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді.

Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың  берген түрлі анықтамаларын саралай  отырып, біз өз зерттеуімізде тіл  мәдениеті дегеніміз – оқыту  үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігін айтамыз. Әр полимәдениетті дамыған жеке тұлғаның ерекше маңызды қасиетінің бірі - тіл мәдениетін игеру. Сондықтан бүгінде жас ұрпактың тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесі ерекше орын алып отыр.

1.2 Тіл мәдениетінің  өлшемдері мен оған қойылатын  талаптар

«Ана тілін  жақсы білу - әркімнің азаматтық  борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды М.Балақаев. Көптеген зерттеуші, ғалымдардың еңбектерін, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдай келе, оқушылардың тіл мәдениеті деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама, әңгімелесу, байқауларды негізге ала отырып, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық, көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыға келдік. Зерделеудің келесі кезеңінде қазіргі оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейінің төмен болу себебін іздестірдім. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әтейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар", - десе, И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:

1. Ортаның әсері;  а) оқушының сөйлеуіне жергілікті  тіл немесе басқа тіл әсер  етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт тіл), б) пән тілінің  нормаларын жақсы меңгермеген  мұғалімнің әсері;

2.    Сөйлеу    дағдыларының    жоқтығы    (мектептің    тіл    дамытуға немқұрайлы қарауы);

3. Жекелеген  оқушы тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)» - деп  көрсетеді.

Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н. Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының себептері деп, төмендегілерді сараладым:

1.   Көркем  әдебиет  оқуға деген  оқушылардың  қызығушылығының төмендігі.  Тіл     мәдениетіне     жастарды     тәрбиелеу     көркем     әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады;

2. Мәдени  орталықтарға бару,  ол туралы  пікірлесудің  өте  сирек кездесетіндігі;

3. Ата-аналардың     балаларының     тіл     мәдениетіне     жете     мән бермеушілігі;

4. Тілдік ортаның  әсері;

5.  Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ тілі сабағына міндеттеп, басқа пәндерді бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;

6.    Бастауыш   сыныпта   казақ   алфавитін   терең   меңгермегендігін ескермей, орыс тілі, шетел тілі пәндерін қосып үйрету. Бірнеше тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;

7.  Кей мүғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің төмендігі. Мұғалімнің оқушы алдында сөйлейтін сөзін ешбір оқулықпен айырбастауға болмайды. Оқушы мұғалімді тыңдағанда одан білім алумен қатар сұлу, көркем, анық, түсінікті сөйлей білуге үйренеді;

8.  Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;

9. Мұғалімдердің  көпшілігінің бұл мәселеге арнайы  көңіл бөлмеуі т.б.  
Жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптар қандай, әрбір мәдсниетті адам мәдениетті сөйлеу, қарым-қатынас жасау үшін нені меңгеруі керек деген сұрақтар туындайды. Зерттеушілер өзінің тіл мәдениетін тереңінен зерттеген еңбектерінде тіл мәдениетінің негізгі принципі деп сөйлемдердің, жеке сөздердін тыңдаушыға, оқушыға бірден түсінікті болу керектігін көрсетеді. Зерттеуші жазуда, сөйлеуде адам ойына қажетті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшелігтерін ескеруді айтады. Тілдік норманы қалыптастыру, сауаттылық, тіл тазалығы, сөздерді дұрыс айтым, дұрыс жазу тіл мәдениетінің басты талаптары ретімде тұжырымдалады.

Тіл мәдениетінің жоғары болуына мынадай талаптар койылады:

- сөздің жүйелі, анық, түсінікті болуы;

- сөздің тілдегі  орфоэпиялық, грамматикалық, лексикалық  нормаларға сай дұрыс құрылуы;

- сөздердің  қажет еткенде бейнелі, көркем, эмоциялы болуы;

- сөздердің  тыңдаушы немесе оқушының жағдайына, ортаның қажеттілігіне сай болуы.

Осы сияқты көптеген зсрттеушілер, ғалымдар, педагогтардың  ой-тұжырымдары мен пікірлсрін қарастыра  келе тіл мәдениетіне қойылатын  талаптарды төмендегідей сараладық:

- сөйлегенде  тілдегі дыбыстарды дұрыс, анық айту;

- сөйлеу әуені,  қарқыны, дауыс күші мен кідірісті  сақтау;

- екпіннің түсуін, үндестік заңын сақтау;

- сауатты, қатесіз  жазу;

- жазба мәтіндерде  тыныс белгілерін сақтау;

- әріп таңбаларын  дұрыс, түсінікті жазу;

- дұрыс айтып,  сөздердің тізбегін табиғи заңдылықтарымен дыбыстау;

- сөйлегенде  сөз тұлғаларын, түрленуін сақтау, қосымша, көмекші сөздерді дұрыс,  өз орнында қолдану;

- сөздерді өз  мағынасына қарай қолдану, мағыналарын  анық біліп отыру;

- сөйлемдерді,  әсіресе, күрделі ойды білдіретін кұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыру;

- керекті сөзді  сөздік құүрамның ішінен іріктеп,  әдеби вариантын қолдану, ретсіз  енген, баламасы бар кірме сөздерді, жергілікті тілге тән диалектілерді,  жаргон сөздерді тұс-тұстан қолданудан  қашық болып, реттеп отыру;

-  тілдегі ауызекі, ресми іс-қағаздарды, публицистикалық, көркем поэзиялық, ғылыми стильдердің әрқайсысының ерекшелігін сақтап отыру;

- сөйлеу әдебінің  сақталуы;

- тілдегі көркемдік  құралдар, тіл байлығын, оның мүмкіндіктерін  пайдалану;

- сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтау;

- сөйлегенде  ойдың көлемі, мазмұндық құрылымы, хабардың жеткізу жүйесін реттеу.

Өз алдыма тіл  мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы анықталатындығын айқындау міндетін қойғандықтан, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдай отырып, тіл мәдениетінің мынадай көрсеткіштерін белгіледім: тілдің тазалығы, дәлдігі, анықтылығы, ойлылығы, орындылығы, мәнерлілігі, байлығы, әсерлілігі, жүйелілігі, түсініктілігі, мазмұндылығы, нақтылылығы, дұрыстығы, тілдік нормаға сай болуы, мағыналылығы, әдебі.

Егер осы  айтылған көрсеткіштер адам бойында  дамып, жетілсе, онда осы адамның  тіл мәдениеті жоғары деп санауға  болады. Сондықтан  мұғалімдер оқушыларға тілдік тәрбие бергенде тіл мәдениетінің көрсеткіштері мен талаптарын үнемі басшылыққа алып отырулары керек.

Жұмыстың келесі кезеңінде  тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын анықтауға тырыстым. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зсрттеу, бір жүйеге келтіріп, талдау төмендегідей қорытындыға әкелді.

Тіл мәдениетін қалыптастыру тілді оқыту негізінде  жүреді. Тілді оқыту - тілдің дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын  оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, оқытуда сөйлеу тілін дамыту тіл  білімінің толық саласынан оқушыға  білім беру арқылы жүргізіледі. Тіл материалдарын игеру дегеніміз, оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну әрі дұрыс қолдана білу дағдысын игере білу деген сөз. Олай болса тіл мәдениетін қалыптастыру, тіл дамыту тәсілдері мен әдістері, амалдары мен жолдары осыны ескере отырып белгіленуі керек.

Жалпы тәрбие үрдісінің  дұрыс бағытта жүруінің кепілі - педагогтар мен ата-аналар арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы. Сондықтан тәрбие үрдісінің басым  бөлігін ата-аналармен, балалармен бірлесе ұйымдастыру керек. Бұл  тіл мәдениетіне де қатысты. Тіл мәдениеті шыңына жету жолы ұзақ әрі қиын. Ол отбасынан, балалар бақшасынан басталады, мектепте ана тілі жүйелі оқытылып, тіл дамыту, сауатты жазу үйретіледі. Оқушының мектептен алатын тіл сабақтары отбасы мен айналаның «тіл сабақтарымен» ұштасып жатуы керек. Мектеп ұжымы жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдаса, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен нәтижелерге ие бола алады.

 

Өнер  алды − қызыл тіл

Ана тілі дегеніміз – сол тілді  жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.

Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ  сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ  тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл  әкенің тілі, туған халықтың тілі.

Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.

Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп  сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін  айрықша қорғайды.

Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.

Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?

Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Тіл – атадан балаға мирас болып  қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл  – еліміздің іргетасы, «Ұлттың  қуаты тілінде».

Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі».

Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді  жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.

Информация о работе Тіл – жалпы азаматтық құндылық.