Тікелей эфирдегі журналист шеберлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 16:12, реферат

Краткое описание

Тікелей эфирде көрерменнің көріп отырған жайларын қайталауға болмайды. «Сіздер көріп отырғандай, Петров өзінің қарсыласынан допты тартып алды да, қақпаға қарай бет алды.» Ия, көрермен көріп отыр. Оны қайталаудың керегі жоқ болатын. Одан да басқа бір мәліметті жеткізген жөн. Алайда. Осыдан он жыл бұрын Петровтың қалай доп соққаны, немесе оның әжесі туралы әңгімеге зейін қойып кетіп, доптың соғылғанын аңғармай қалсаңыз, немесе ерегесті сәттерді жіберіп алсаңыз, көрермендер тарапынан кешірілмейтін жайға душар боласыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тікелей эфирдегі журналистің ұстанымы мен шеберлігі..docx

— 51.08 Кб (Скачать документ)

Телевидение тек мәліметтер арнасы ғана емес, сондай-ақ, өнер өрісі  болып әрдайым қала бермек. Адамзат  тіршілігін бейнелеуді телевидениенің өзіне ғана тән, тек соған ғана берілген орасан зор мүмкіндіктері  бар. Эфир жүргізушісі айтылар ой барысындағы дауыс ырғағын, сөз  алдындағы және сөзден кейінгі үн үзілісін, екпін түсіру тәсілін, дыбыстардың  айтылуын, алуан түрлі атаулар  мен ұғымдардың түсінікті, анық жеткізілуін  қадағалауда өз өнерін ой-өрісін, білім  деңгейін жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтіп, шеберлігін шыңдаған үстіне шыңдап, күннен күнге тәжірибесін молайтып, кемелдене  түсуге талпынуы хақ.

Иә, жүргізуші журналисті мокрофонмен қауыштырып, көрерменмен  табыстырып жіберетін бір фактор – оның дауысы. Әйтсе де кез-келген дауыс, тіпті күнделікті өмірдегі әдемі  дауыстың өзі микрофоннан ауқымды, әуезді, жағымды болып естілуі  мүмкін. Қалай болғанда да, тек қана дауыстың телевидениеге тән болуы  барлық мәселені бірден шеше алмайтыны  анық.

Тележурналист үшін ауызекі  сөйлеу тілін қалыптастыра білудің  маңызы ерекше. Әдемі сөйлеу мәнері, дұрыс қойылған дауыс ырғағы, екпіннің қажет жерде түсірілуі, тіл қату кезіндегі жағымды әсер, әңгімелесуші адамды сөзге тарта білу, өзінің не айтып, не қойғанын жіті қадағалау  журналистің кәсіби сапасының негізгі  қырлары болып табылмақ.

Микрофонда жұмыс істейтін адам – дыбыстық әрекетті эфир заңы бойынша, талапқа сай, уақытқа сәйкес үйлестіріп, яғни хабардың бастауына  да, одан әрі өрбіп жалғасуына да, аяқталуына да жауап беретін, сол  прцесс барысында әрі оператордың, әрі режиссердің тетік тегершігінде жұмыс істейтін қызметкерлердің  кез-келгенінің роліне ену нәтижесінде  біртұтас күрделі шаруаны ұйымдастырушы.

Рас, эфирге дейін тақырып  таңдалады, нысан анықталады, уақыт  белгіленеді, алдын-ала шығармашылық байланыстағы қызметкерлермен келісім  жасалады. Бірақ, солай бола тұрса  да, хабарды сол жоспарлаған қалпында жүзеге асырып, көздеген мақсатқа жету қиынның-қиыны. Демек сахна сыртында қалатын басқа қызметкерлердің  еңбегін еш етпестен, тәп-тәуір тамаша тықырыптың берекесін қашырмастан  мәнді де сәнді етіп, тыңдарманға  жеткізу, жүргізуші-журналистің парызы. Соны түгел дерлік ішкі толғаныспен  ой елегінен өткізіп, өзін-өзі алдын-ала  даярлап, қысылтаяң шақты қолдануға лайықты азды-көпті сөз қорын әзірлеп, күні бұрын барлық жағдайды келісіп қойғанның өзінде жүргізуші-журналист қандай да бір қателік жіберіп, сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Себебі эфир заңы – қатал. Оның үстіне тікелец эфир қолма-қол ретке келтіруге мүлде мүмкіндік бермейтін өзгеше құбылыс.

Теория мен тәжірибені ұштастыру негізінде тележурналистиканы зерттеп-зерделеп жүрген Құдайберген  Тұрсынов өзінің «Сөз сиқыры» деген  кітабында микрофон алдында сөйлеудің  ең жауапты сәтін сезіну тұрғысынан жүргізуші-журналистке мынадай кеңес  береді: «Дауыстың діріліне, әрі  үніне, сұлу сөздің сиқырлығына мән  бере біл! Өзіңнің табиғилығыңды  таныта біл, қазақтың шетсіз де шексіз дариядайтолқын сөздің нақышын, бай  ойнақылығын, қорғасындай салмақтылығын, алмас қылыштай алғырлығын кәдеңе жарат. Әр сөздің мәні бар, сөйлемдегі тұрған орнында өзіндік екпіні бар. Соларды  іздеп тап та, сол кілтипанды табанда  тап баса біл». /8.112 б./. 8. Тұрсын Қ. Сөз сиқыры. Алматы: Қазақ университеті, 1998. 112 бет.

 

2.4. Эфир этикасы

Хош, біз тікелей эфир кезіндегі техникалық саланың қырларын жалпы шолып өттік. Ендігі ең басты  назарда ұстайтын жайттың бірі –  тікелей эфир жүргізушісінің этикасы.  Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық  талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын  ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы  өмір сүру нормалары мен бір-бірімен  қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады.  Еңбексүйгіштілік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай  білу, жақсы мінез – осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы  алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист  те осындай қасиеттерге ие болу керек  екені түсінікті.  Өйткені журналистің  кәсіби мамандығы – мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын.  Этикалық нормалардың заңды жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сан-сезімімен  ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал  мен азаматтық парыздан туындайды. Журналист өз борышын адал атқаруы  тиіс.

Қазір телеарналарда тікелей  эфирде өтетін ток-шоулар көп.  «Шоумен» деген ұғым қазақстандық көрермендер  санасына еніп үлгерді. Әзірше шоумендікке  актерлер тартылуда. Бір жағынан  ол да дұрыс шығар. Бірақ актер  журналист емес. Ток-шоуды жақсы  жүргізіп шығу емес, онда көтерілген басты  тақырыпты аша білу керек. Өйткені  «ток-шоу-таза журналистік шығармашылық». Оның үстіне тікелей аудармасы – «әңгіме-думан». Әңгіме сұхбатқа құралады. Ал сұхбатты тек арнайы мамандығы бар журналист қана өз деңгейінде жүргізе алады. Сұхбат сәтті шығу үшін журналистке қойылар талап та жоғары. Ол табанды, зерек, әсершіл, жинақы, тапқыр, байқампаз, назаршыл, есте сақтау қабілеті жоғары, психологиялық тұрақты болу керек. Ал актерлер тек жазып бергенді ғана оқып шықпай ма? Сондықтан ток-шоулардың көбінің жасанды шығып жататыны сол. Шоумен-актерлердің кейбірі ғана импровизациялық қабілеттеріне сенеді. Солардың ішінде Қазақстан халқына жақсы таныс ресейлік Леонид Якубович (Поле чудес) пен Дмитрий Нагиев (Окна), Николай Поречников (Запретная зона). Якубовичтің шектен тыс қуақы қылықтары мен Нагиевтің «дау-дамайындағы» анайы қимылдары сырттай жарасымды сияқты, бірақ көрермендер оны жай қалжың ретінде қабылдаса керек. Шоумен-әртістер бізде бар. 2ОО1 жылы НТК арнасында тікелей эфирде «Саз сандық» атты интерактивті ойын-сауық бағдарламасы жүрді. Эфир билігін қолына ұстаған Нұрлан Албан сөзінің мағынасыздығымен және ойының шұбалаңқылығымен көрермендерді ығыр ететін. 2ОО3 жылы Қазақстан Ұлттық арнасында таңертеңгілік «Таңсәрі» бағдарламасына да жүргізуші болып Нұрлан Албан шықты. Әртіс, әнші ретінде халыққа танылып жүргенімен, шоу-мен, тікелей эфир жүргізушісі ретінде еш қырын көрсете алмады.  Әрине, актерлік шеберлік журналистің бәріне бітпейді. Бірақ оған үйренуге, үйретуге болады. Тіпті алысқа бармай-ақ көрші Ресейдің тіршілігіне көз салсақ жетіп жатыр. Оларда тіпті репортерларға дейін актерлік шеберлікті меңгеруде. Өйткені Москвада арнайы тележүргізушілерді дайындайтын институт бар. Онда актерлік және журналистік шеберлік деген пән оқытылады. «Әдемі қозғалыс» деген пән бар екен. Ток-шоуларды дайын актерлерге жүргіздіре бергенше, осындай бір шеберлік мектебін бізде де ұйымдастыруға болады. Шоумен – журналиске керек басты қасиетердің бірі- тіл мәдениеті. Ал тіл мәдениетінің өзі көп аспектілі түсінік. Жақсы тіл-дұрыс, қарапайым, мәнерлі болу керек. Тіл мәдениетіне де арнайы үйренеді. Жоғарыда айтылған тележүргізушілердің институтына жетекшілік ететін белгілі тіл стилисі Светлана Макарованың алдына тілдерін дұрыстауға тіпті саясатшылар мен депутаттарға дейін келеді екен. Ол институтта сөйлеу техникасы, эфирде сөйлеу шеберлігі деген сабақтар жүргізіледі.   

Теледидардың басқа өнер түрлерінен негізгі артықшылығы  миллиондаған адамның назарын өзіне  аудара білуінде. Осы артықшылық, яғни, жаман-жақсы танымдылық оны басқа  өнер түрлерінен бөле-жара ерекшелендіріп тұрады. Ақпарат арнасының кез  келген бөгеуді жарып өтер ең қуатты ағысы болғандықтан теледидар мен интернет салаларының ана тілімізде сауатты түрде игерілуі ең маңызды мәселе. Қазіргі күні тәубә дейік, телеарналардың тілі біраз «түзеліп» қалды. Бірақ әлі де болса кей хабарларды бірден сөйлеу мәдениетінің төмендігі көзге түседі.  Оларды мынандай басты екі түрге бөлуге болады: «тіл бұзарлық»-журналистің тіл маманы ретіндегі сауатсыздығы және сөйлеу техникасының негізгі заңдылықтарын білмеуден, әрі туа біткен тіл мүкістігінен сөздің анық айтылмауы. Бір қызығы, «тіл бұзарлардың» көпшілігі ауылда, қазақи ортада өскендер. Олар сөздің әуелі орысша баламасын тауып, қазақшаға аударады. Осыдан келіп, «орын алып отыр-имеет место», жұмыс орнын жоғалтып алды-поерял рабочее место», ағымдағы жылы-в текущем году», «күтілуде-ожидается», «өз жұмысын бастады-начал свою работу», «өз кезегінде-в свою очередь», «белгілі болғандай- как стало известно», «нәтижесінде-в результате», «болып табылады-является» деген сяиқты «шедеврлер» шұбырып кете береді. Сөзід мағынасына қарамай, кез келген жерге қыстырып жіберетініміз тағы бар. Тағы бір «ауру» орынды-орынсыз мақалшылдық, ұйқас қуып тақпақтап кету. Тіл мәдениетіне қатысты журанлист Ғалым Боқаш мынандай тамаша пікір айтады. «Осы «болып табылады» деген жасанды күрделі етістік бірте-бірте  қазақ тілінде есім сөзден кейін міндетті түрде ағылшынның to be етістігінің баламасына айналып кететін тәрізді. Келесі ғасырдың әліппесінде «мынау-бала, анау-дала» деген сияқты тіркестер «мынау бала болып табылады, анау дала болып табылады» немесе «сіз мұғалім болып табыласыз» деп жіктеліп тұрмасына кім кепіл? Бірақ ортаңқол тележүргізушінің, я тележурналистің кемшілігі лексико-синтаксистік ауытқуларда ғана жатсажақсы ғой... Шет елдік, қала берді өзіміздегі орыс тілді салмақты ақпарат құралдарынан байқағаным, әр салаға бөлек мамандандырылған кәсіпқой журналистердің көптігі». /9.6 б./. 9. Ықсан А. Қазақ теледидарының үні неге құмығыңқы? //Қазақ әдебиеті. 2001. 24 тамыз. 4 бет.

Соңғы жылдары қазақ тіліндегі  телехабарларда үндестік заңының бар  екені мүлдем ұмытылған сияқты. Дауыс  ырғағы мен өзін-өзі ұстау қабілетін, әртістігі мен қимыл-ишара өнерін жетік меңгерген қазақтілді талантты тележурналистер мен жүргізушілердің  аздығы жоғары оқу орындарындағы  тіл маманы болып шығатындар, әсіресе, телевидение, радиоға баратындар дұрыс  сөйлеудің қыр-сырын үйрететін, қарапайым  ақпараттық мәтіннен бастап, көркем шығарманы  дұрыс оқуға машықтандыратын  мамандардан дәріс алуы керек. Ал ондай мамандар саны республикамызда  бір қолдың саусағындай-ақ. Сол сияқты тележүргізушілердің арасында еліктеу  де басым. НТВ, ОРТ- ның белгілі жүргізушілерінің сөйлеу нақышы, қимылдарының көлеңкесі кейбір тележурналистерімізден көрініп тұрады. Тілдің бұзылуына тосқауыл қоюдың бір жолы-журналистерді жыл сайын аттестациядан өткізу. Ілгері ұмтыламын деген адамға бір жыл деген көп уақыт. Эфирге шығатын адамдар жан-жақты сұрыптаудан өтуі тиіс. Халық алдына шығар ұл-қыздар тіл тазалығымен бірге «бұдырайға екі шекелі, қарақат көзді» дегендей ұлттың эстетикалық талғам биігінің белгісіндей кескін-келбеті келіскен, бүгінгі күн адамы да болғаны керек. Лос Анджелесте Теледидар мен Кино өнері ададемиясы бар. Сол сияқты алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігінде телехабарларын өнер туындысына айналдыра білген шебер жүргізушілер мен режиссерлер жетерлік. Қазақстандық теледидарды өнер ортасына айналдыру үшін әлі де жетпей жатқан тұстар көп. Мұның себебін тележурналист Асылбек Ықсан былай түсіндіреді: «Өнер шабыттан туады. Журналистер де осы шабытану құпиясына қалай қаныққанына байланысты бірі ала, бірі құла болып келеді.Мәтіндерді «қара жаяу» оқып беретіндер де бар, тақырыбы, жанры сәт сайын өзгеріп отыратын әр қилы ақпараттардың ішіне кіріп, әр оқиғаны көз алдынан өткізіп, өзі көре отырып, ой елегінен екшеп, «пісіреп» бере алатын журналистеріміз бар. Осындай журналистердің арқасында теледидар өнерге айналады деп айта аламыз. Батыстың даңқты, ақшалы артистері қолдары босай салса психо-физикалық жаттығуларға кіріседі. Сондықтан да олар көңіл-күйлерін қалаған кезде сынапша сусытуға үйреткен. Бұл тікелей эфирде жұмыс істейтін тележүргізушілер үшін таптырмайтын құрал. Тележүргізушінің де күн сайын кәсіби шеберлігін шыңдап отыратын жаттығулары болуы керек. Сонда кешегісін бүгін қайталау, бір ізді шиырлай беру болмайды. Бүгінде бұрынғыдай біреудің жазғанын мәнерлеп оқып беріп отыратын дикторлардың заманы өтті. Қазіргі дикторлар- бағдарламаның авторлары. Тележүргізушілерді әртістік шеберлікке қатысты кино мен театр актерларына қарап тағы бағалауға болмайды. Актрелер белгілі бір мектептен өткен, жан-жақты кәсіби дайындығы бар адамдар. Тележүргізушілер де өзінше образ жасайды. Актер қаншама кейіпкер бейнесіне кіргенімен, актер мен образ ешқашан бірігіп кетпейді, арасында саңылау қалады. Кәсіби тележүргізуші де экраннан көрінер бейнесін ой-қиялында сомдаған идеалдық бейнесіне бағыттап, күнбе-күн қырлап, сырлап отырады. Тележүргізушілер актерлердей емін-еркін қимыл-әрекет жасай алмайды, экранға «байлаулы». Бұл ішкі дайындықты, жалғыз ғана бет-әлпет қимылын игеруде үлкен шеберлікті талап етеді. Тележүргізушінің бір артықшылығы осында. Экран алдындағы көрерменді өңменінен итеретін олқылықтардың бірі-журналистің қимыл-ишарасының тақырып желісінен бөлек «сөйлеуінде». Бізде көбінесе бар салмақты сөзге салып, ал қимыл-ишара айтылған ойды долбарлап қайталаумне шектеледі. Ақпараттың  6О пайызы қол, көз, бет-жүз, дене қимыл иишаралары арқылы жететініне ескерсек, қазақ теледидарына осы жан-жақтылық сырын кәсіби тұрғыда ұғындыра алатын мамандар ауадай қажет. Жест- адамның темпераментіне байланысты- флегматик холериктің қимыл-әрекетіне еліктесе, өз мінез-құлқынан тумаған соң ол Марк Твен айтпақшы, «сарафан киген түйенің тайраңдағанындай» әсер қалдырады. Сөз өнері мен қимыл-ишара өнерінің қыр-сырын меңгерген адамды шын «жұлдыз» деп мойындауға болады». /10.5б./. 10. Боқаш Ғ. «Теледидар тілі оңай шағылатын жаңғақ емес. //Ана тілі. 2004. 16 сәуір. 2 бет.


Информация о работе Тікелей эфирдегі журналист шеберлігі