Тікелей эфирдегі журналист шеберлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 16:12, реферат

Краткое описание

Тікелей эфирде көрерменнің көріп отырған жайларын қайталауға болмайды. «Сіздер көріп отырғандай, Петров өзінің қарсыласынан допты тартып алды да, қақпаға қарай бет алды.» Ия, көрермен көріп отыр. Оны қайталаудың керегі жоқ болатын. Одан да басқа бір мәліметті жеткізген жөн. Алайда. Осыдан он жыл бұрын Петровтың қалай доп соққаны, немесе оның әжесі туралы әңгімеге зейін қойып кетіп, доптың соғылғанын аңғармай қалсаңыз, немесе ерегесті сәттерді жіберіп алсаңыз, көрермендер тарапынан кешірілмейтін жайға душар боласыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тікелей эфирдегі журналистің ұстанымы мен шеберлігі..docx

— 51.08 Кб (Скачать документ)

2. Тікелей эфир ерекшеліктері

Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, «Тікелей эфир дегеніміз  не?» деген сауалдың жауабын іздестіруге  тура келеді. Ендеше тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Тікелей эфир– тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық–техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым–қатынастың айрықша тісілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс–әрекеттің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.

Біз кедергі пішін ретінде  қарастырылған тікелей эфирдің  өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесі, кері байланыс, студиядағы хабар, ток–шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды.Тікелей эфир–аудиториямен қарым–қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты.Бұл жөнінде зерттеуші В.Л.Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші–журналистің тікелей эфирдегі табысы–кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің,тамаша тапқырлықтың жемісі»

Ол рас, тек бұл тұжырымдама  тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескерілмеген. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші  болғанымен оның артында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір қимылдың қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс–әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек–бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға, келесі бір бөлігі студияға жазылып, бір рет таспаға түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып, содан кейін бастан–аяқ рет–ретімен жиналып, қайта көшірілетін. Уақыт та, адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады.Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын–ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм, ендігі жерде шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма–қол қарым–қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми–техникалық прогресс аясында енген технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отыры, тікелей эфирді пішін емес, тележурналистикадағы соны пішін деумізге негіз бар. Тікелей эфир тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келтіретін қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келім шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық тұрғыда жүйелеу арқылы айқындай аламыз.

 «Эфир» - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы «әуе толқыны».  Айтылған сөз айтылған жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық  тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім, құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан. Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни, монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме, тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері байланыс арқылы нақты пікір алмасуға айналдырғаны ақиқат.

«Айтылған сөз атылған  оқпен тең» деген халықтық нақыл  уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей  эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі  ережесі деуге әбден болады. Тікелей  эфир кезіндегі мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзеуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу – айрықша қабілеттіктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир – уақытқа тәуелді құбылыс. Ал екіншіден тікелей эфир дегеніміз – теледидардағы интерактивтілік. Интерактив деген не? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі кері байланыс, көрерменнен келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы. Енді сол кері байланыс орнататын құралдарға жеке-жеке тоқталсақ.  

Бүгінде БАҚ-тың ішінде көпшілік қатынасында маңызды рөлді телевидение  атқарады. Егер телевидениені программаның жиынтығы ретінде қарасақ, онда талдау жасайтын негізгі зат телевизиялық хабарламаның спецификалық құрылым  болып табылады. Ондай жағдайда зерттеуші  әрекетке мәтіннің қатыстылығын зерттеуін  семантика проблемасына, не болмаса  мәтіннің ішкі элементтеріне айтарлықтай  қатысы бар синтактикаға көңіл аударыд. Егер телевидениені көпшілік ақпарат  тарату предметі процесі түрінде  қарастырсақ, онда талдау предметі хабарламаны  жіберуші мен аудитория арасындағы қатынасқа негізделеді. К. Шенон, техникалық байланыс арнасының өткізу мүмкіндігін  зерттеген кезеңде, ол басты бес  компонентті айқындайды: «қайнар  көз, таратқыш, сигнал, қабылдағыш, адресат, әрі ақпаратты таратуға әсер ету  факторы ретінде бөгеуілді (шуды) атап көрсетті». /4.121 б. 4. Ворошилов В.В. Журналистка. Санкт-Петербург. 2000.- стр. 121./. Мысалы, мұнда телеграмманы жіберуші қайнар көздің хабарлаушысы, телеграфист-таратқыш, (кодировщик) байланыстың бірінші жағындағы және қабылдағыш (декоровщик) байланыстың екінші жағындағы, ал телеграмманы алушы – адресат рөлін атқарушы болып айқындалады.

БАҚ жүйесіндегі кері байланыс процесі аудиториямен түсіністік байланыс орнатудың бірден бір тиімді жол  болып табылады. Кибернетикадан БАҚ-қа келген «кері байланыс» ұғымы  бүгінде көпшілік-ақпарат өндірісінің  тәжірибесінде ұйымдастырудағы  орталық элементтердің біріне айналды. Ол, жалпы көріністе өмір сүру элементінің  жүйесі және пайда болу механизмінің белгісі ретінде, өзін-өзі реттеу теу мен ішкі үйлестірудің икемсізделуінсіз өз мәнін жояды. Көпшілік қатынасында  кері байланыс, белгіге жауап ретінде  – аудитория реакциясын білу немесе халық пен БАҚ арасындағы байланысты жандандырушы рөлін атқарады. Бұл  реакция жайлы білу тек іскерлік қатынаста ғана жемісті емес, ол эмоциональды-психологиялық жағдайда да керек. Кез келген шығармашылық натура өзінде сезім мен ойдың қарсылық әрекетін туындатады. Хабар жасау мен тарату және оны аудиторияның қабылдауы кезінде әрі оған әсер ететін қандай да бір жағдайлардың бәрінде де басқару процесі бар. Алайда, барлық басқару элементтерінде аса бір қажеттілік, ол кері байланыс процесі болып табылады. Сондықтан, коммуникатор өзінің қызметінде үнемі аудиторияның реакциясын және әрбір хабарламаны соның ыңғайына сай етіп жасауды әрдайым есепке алғаны орынды болар еді. Басқару қашанда ақпаратты тарату арқылы жүзеге асады. Ал, ол хабар әрбір студияға таратылуы үшін, коммуникатор кодировкалауды жасап, содан кейін ғана аудитория алынған мәтінді кодировка жасайды. Осы жерде маңызды бір сұрақ туындайды. Ол көпшілік ақпаратты хабарлау кезінде қай фактордың пайда болған шуылға әсер ететіндігі. Егер таза техникалық жағдайды есепке алмасақ, онда коммуникатор мен реципиентке әсер ететін қандай да бір параметрлермен байланысты факторларды ескеруіміз керек. Ақпарат кодировкасына көпшілігінде әсер ететін, әрі хабарлау кезінде мәнге ие болатын: а) сенім, бағалалықтан хабардар болу, қондырғы; б) хаардарлық (білім), шеберлік (ақылдылық), шығармашылық машық; в) қажеттілік, қызығушылық себепкер екендігі келіп шығады.  

Журналистикада аудиториямен тікелей байланыс аса маңызды. Ол өзінің өмір сүру уақытынан бері өзіне  аралық қатынас мүмкіндігін иеленді. Ұзақ мерзім бойына газетегі жарияланым не радиодағы берілім бір жақты  қатынас түзілім болып табылып  келді., себебі автор оқырман не тыңдарманнан кері байланыс импульсін ала алмады. Бүгінде радио тыңдарманы сол  сәтінде студиядағы жүргізушімен бірлікте сұхбатқа араласып, өз пікірін білдіріп, не қойылған сұраққа жауап беріп  жататын мүмкіндікке толықтай ие болып отыр. Егер біз шын мәнінде  радио не теледидарда сұхбатқа дайындалсақ, онда сыртқы әлеммен байланыстағы коммуникатор рөлін күшейтуге тиіспіз. Кері байланыс процесі кезінде мына мәселелерді  әрдайым есте сақтаған жөн.

1.    Көрермен әрқашанда  хабардың көңіл-күйге жағымды  әсер етуін қалайды. Олар экраннан  зорлық-зомбылық, өлім мен жәбірлеу, кемсітушілік секілді хабарламаларды  көруге құлықсыз. Олар үшін күнделікті, қарапайым өмірдегі жай нәрселер  қызғылықты. Көпшілігінде көрерменді  ел көлеміндегі игілікті істер  мен өмірдің түрлі саласындағы  күрделі мәселелердің шешілу  жолдары жайлы ұсыныстар қызықтырады. 

2.    Көрерменді саясаттан  да гөрі, халықтың әл-ауқатын жақсарту  жолындағы басты тетік экономикалық  мәселелердің ел көлеміндегі  жағдайы мен тарих, тәрбие, өнер, мәдениет, қоршаған орта, тағам сапасы және тағы да басқа маңызды мәселелер толғандырады.

3.    Бүгінде әлем  елдерінің көпшілігінде дерлік  алдыңғы кезекке этикалық және  мәдени проблемасы мәселесі шығып  отыр. Сондықтан осы бағыттағы  ашық пікірталасқа көрерменнің  өздерінің жиі әрі көптеп қатысқандары  орынды.

4.    Көпшілігінде  эфирден балалар мен жастар, тәрбие  мәселесі сирек беріліп жүр.  Әрі қоғамдағы технологиялық  жаңарулар да қызғылықты тақырып  болып табылады.

Кері байланыс арқылы тікелей  эфирде өтіп жатқан хабардың рейтингін, яғни таралымы мен көрілімін еш қиындықсыз аңғаруға болады. Егер хабарға қатысып  отырған қонақ қоғамдағы күрмеуі  шешілмеген мәселені талқылап жатса, оған халық тарапынан да қойылар сауал  аз болмайды. Ал, тек белгілі бір  топқа ғана қызық болып көрінетін, көпшілік аудиторияның сұранысына ие болмайтын тақырып халықты да, тіпті журанлистерді де қызықтырмауы мүмкін. Сондықтан тақырып таңдау журналист үшін бірінші нысан. Жүрізуші келген қонаққа халық тарапынан  қойылар сауалға жауап бермейтінін  де ескертіп қойғаны жөн. Теледидар  арқылы жүзеге асатын, көпшілік ақпарат  процесіндегі кері байланыс процесінің жүру барысы туралы доцент Құдайберген  Тұрсын жасаған схеманы А қосымшасынан көруге болады.

2.3 Тікелей эфирдегі жүргізуші  қызметі.

Тікелей эфирдегі жұмысты  жүзеге асыру сипаты өндірістегі  жоғарғы қарқынды еңбек ырғағына ұқсайды. Осыған орай тікелей эфирді шығармашылық-өндірістік процесс ретінде  қарастыруға болады. Ғылыми зерттеулер көрсетіп бергендей, тікелей эфирдегі жүргізушінің қызметі айрықша, кейді  тіпті, төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі кезекте тікелей эфир шығармашылық-техникалық сипаттағы  күрделі психологиялық процесс. Сондықтан да, тікелей эфирді жүргізетін тележурналистке кәсіби деңгейдегі даярлықпен қатар, арнайы психологиялық  дайындық қажет. Негізінде, тікелей  эфирдегі психологиялық ахуалды  қалыптастырудың іргетасы камера алдына барғанға дейінгі даярлық кезінде  жүзеге асатын нақты әрекеттер мен  тынымсыз ізденістер нәтижесінде қаланбақ.  Тікелей эфир жүргізетін журналистің  негізгі нысанасы-көрермен назары. Адамның назарын аудару - өте күрделі  құбылыс. Көрерменнің көңіл-күйін  басқару үшін оларды қажетті бағыттағы  әрекетке талпындыру қажет. Бұған көрерменнің психологиясын, мұқтажын, ұстанған көзқарасын, талпынған бағыт-бағдары мен әдет-ғұрпын қарқынды түрде зерттеу жолымен қол жеткізуге болады. Журналистің тікелей эфирдегі жұмысы табысты болуы үшін оның өз аудиториясын жақсы білгені жеткіліксіз. Ол сонымен қатар өзін көріп отырған жұрттың бұл хабар туралы, онда сөз болған мәселе жөніндегі көзқарасынан, пікірінен хабардар болу керек. Олардың ойының өз көзқарасымен дәл келетін тұстарын, керісінше, қай мәселе төңірегіндегі олармен дауласып, нақты деректер ұсыну керектігін, қайсібір шақта олардың сезіміне тікелей әсер ету арқылы айтылған ой аясында ойланып-толғануы қажеттігін болжап алғанда барып, көрерменге емін-еркін тіл қатып, телефон желісіндегі әңгімеге етене араласып, тікелей эфирді ұршықша үйіріп әкетеді. Тележурналистің хабары эфирге шықпастан бұрын, оған жұрттың міндетті түрде назар аударатынына сенімді болуының өзі оның белгілі дәрежедегі даярлық деңгейін көрсетсе керек. Әлбетте, көрермен назарын аудару үшін бейнероликтер немесе көтеріліп отырған тақырыпқа сай бейнесюжет әзірлеп, таңғажайып мәліметтерді пайдаланып,  студияға халыққа танымал тұлғаны шақыру арқылы журналист жүргізіп отырған хабарын ғана емес, өзін де танымал етеді. Тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың тағы бір кілтипаны – көрерменді өз сөзіңе сендіре білу. Бұл тәсіл қалай жүзеге аспақ? Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ташкентте өткен Азия-Африка жазушыларының конференциясында сөйлеген сөзін былай деп бастаған екен: «Естігенімді айтсам өтірік болар, көргенімді айтайын». Міне, осы «көргенімді айтайын» деген сөздің астарында үлкен жауапкершілік, батыл да айбарлы сенім жатыр. Демек өзгені өзіне сендіру үшін адам ең әуелі өзіне сенімді болуы керек. Олай болса, журналист өз тақырыбын тым болмаса сол хабар аумағына қажетті көлемде жетік, әрі жан-жақты меңгеруге тікелей міндетті. Табиғаты толық танылып болмаған, әйтсе де тележурналистканың күнделікті жұмыс процесіне айналып кеткен тікелей эфирдің мұндай психологиялық аспектілерін теориялық еңбектерге сүйеніп негіздеп, тәжірибе жүзінде соған мән берген жүргізуші-журналист эфирдің эстетикалық деңгейін арттырып, көрерменді өзіне біртабан жақындата түсері анық. Бірақ бұл процестің бәрі эфирге даярлықты қамтиды. Осының бәрін елеп-ескеріп, екшеп алған жүгізушінің эфирі өз деңгейінде жүзеге асуы шарт. Мұның өзі жүргізуші-журналистің шығармашылық интуициялық қарым-қабілетінің есебінен оң шешімін таппақ. Белгілі тележүргізуші, «Хабар» телеарнасының дикторы Қымбат Досжан тікелей эфирді «мылтықсыз майданға» теңепті. Сөзінің жаны бар. Тікелей эфир жүргізушісі экстремальды жағдайда жұмыс істейді. Бұл туралы белгілі зерттеуші Жидегүл Әбдіжәділқызы «Тікелей эфир табиғаты» еңбегінде былай деп жазады:

«Тікелей эфирдегі жүргізушінің жұмысы айрықша, төтенше, яғни, экстремальды  жағдайда жүзеге асатынын ескеріп, ең алдымен, экстремальды факторларға  талдау жасауымызға тура келеді. Бұл, біріншіден, жұмысты жүзеге асыратын орындағы физикалық жағдай, (өте  күшті электромагнитті сәуленің шығарылтындығы, қолайсыз температура, ылғалдың бөлінуі, тағы сол сияқты). Екіншіден шектен тыс аса жоғары жауапкершілік, үшінші қауіп, қорқыныш, үрей. Ендігі жерде, айрықша «экстремальды» қызметтің өзіне тән ерекшеліктеріне  назар аударған абзал. Олар:

а) адамның жүйкесі, психикасы  тарапынан күш-қуаттың жұмсалатындығы, яғни энергияның шығындалатындығы,

ә)  өзінің резервтік мүмкіндіктерін іске қосатындығы,

б)  физикалық немесе психикалық жағынан қалжырауы.

Мұндай ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы жүргізілген зерттеу  жұмыстары нені көрсетті: «Атап айтқанда, Т. Немчиннің жүйкеге түсетін  ауыртпалық жөніндегі Д. Спилбергердің  ахуалдық алаңдаулық мөлшері бойынша, М.Люшердің түрлі-түсті тестілеуден  жасалған психологияны қадағалау әдістерінің  нәтижесінде жүргізушілер, шолушылар, комментаторлар эфирге шығар алдында  жағымсыз психикалық ахуалды бастан кешірген екен. Бұл әлдекімдерден  ашулану, тітіркену ретінде аңғарылса, кейбіреулерден тұйықталу, шектелу, жаншылу  сипатында көрініс табады. Көпшілігіне  алаңдаушылық, сәтсіздіктен үрейлену әсері тән. Олардың тән қызуы, қан қысымы көтеріледі. Жүргізушілер көңіл-күйіндегі алаңдаушылықтың  негізгі себептері уақыттың тығыздығынан, күтпеген жағдайларға тап болудан, өзін-өзі жеткілікті дәрежеде мойындамаудан, мейлінше қатаң қадағалаудан, өзін-өзі  барынша шектеуден туындайды. Ендеше, олар өздерін қолдауды және мақұлдауды қажет етеді». /5.59 б./. 5. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы. Қазақ университеті 2003.- 59 бет.

 

 

 

 

Журналист – эфир – аудитория тізбегінен келіп, кәсіби этика – кәсіби деңгей – рейтингтік көрсеткіш сабақтастығы туындайды. Себебі, журналист тікелей эфирді жүргізгенде кәсіби этиканың принциптік негіздеріне сүйенеді. Ал тікелей эфирдің дәрежесі, жеткен биігі кәсіби деңгеймен өлшенеді. Шығармашылық шеберлік, технологиялық жүйелілік, техникалық сапа – соның сан-салалы тармақтары болып табылады. Техника дегенде, журналист үшін ең қажет құрал - микрофонға ерекше тоқталуға болады.     

Микрофон дегеніміз грек тілінен аударғанда «микро»-шағын, «роне»- дыбыс деген сөз. Ал аудиотехника тілімен айтқанда, ол дыбыстың тербелісті электрлік тербеліске айналдыратын бірден-бір құрал. Шығармашылық тұрғыда  микрофонның кілтін табу - әрбір  журналист үшін қиын да, күрделі  іс. Өйткені, шағын дыбыс деген  мағынаны білдіргеніне қарамастан, бұл  құралдың эфирде негізгі тетігі ретінде  атқаратын қызметі ұшан-теңіз. Әлбетте, теле, радио саласындағы журналист  өзінің сабақтаған ойын, жұптаған сөзін  көрерменге микрофон арқылы жеткізетіні  белгілі. Сондықтанда, жүргізуші шеберлігінің бір қыры оның микрофонды қаншалықты дәрежеде меңгергендігінде болса керек. Микрофон-өте сезімтал құрал. Ол жүргізушінің  көңіл-күйін, ішкі жан тебіренісін, тіпті, денсаулығының жағдайын, яғни тамағының ауырғанын, мұрнының бітіп  қалғанын- соның бәрін әп-сәтте  қағып алып, тіркеп қояды. Одан әлденені жасыру қиян-ақ. Тегінде «сөйлеуші  үшін микрофон- жүрек, жүйке, ми қызметінің ахуалына әсерлі із қалдыратын айрықша  толқу әрекетінің қайнар көзі». Мейлі  тікелей эфирде болсын, мейлі алдын-ала  студияда жазылған хабар болсын микрофонмен  бетпе-бет келгенде кім-кімнің де бұл  күйді бастан кешіретіні анық. Олай болса тікелей эфирде хабар жүргізетін журналист-жүргізуші эфир басталмас  бұрын психологиялық жағынан  алдын-ала арнайы ахуал қалыптастыруы  қажет екенілігін ескергендігі ләзім. Демек, жүргізуші өзінің микрофоннан  айтатын сөзінің мән-мағынасын, мазмұнын, тақырыптық ерекшелігін, соған сәйкес таңдалып алынған дауыс ырғағын, тіл қату мәнерін, дыбыс реңкін кәдімгі  сценарийлік жоба тәрізді ой елегінен өткізіп, іштей әзірленуі тиіс. Сонымен  қатар тікелей эфирде уақыт санаулы. Әңгіме ауаны бір бағыттан келесі бір бағытқа ауысуы мүмкін. Сондықтан  да тікелей эфирдегі хабардың даму желісіне мұқият көңіл бөлген жөн. Басқасын былай қойғанда, хабар басталған  кезде асығып –аптығып, әрең үлгеріп  келеген жүргізуші ентігін басып  болмастан эфирге шықса, міндетті түрде  соның бәрі байқалып тұрады. Әрине, жылдар бойы тікелей эфирге бойы үйреніп, микрофон алдына келгенде түк болмағандай  қаннен-қаперсіз қалыпқа түсіп, микрофонды өзінің жан дүниесінің сенімді серігіне айналыдып, сергек те сезімтал көңіл күймен күнделікті өзінің жұмысына кірісіп кететін жүргізуші некен-саяқ. Мұндай тапқырлық эфирге қызмет ететін журналистердің әрқайсысының маңдайына жазыла бермесе керек.

Информация о работе Тікелей эфирдегі журналист шеберлігі