Тікелей эфирдегі журналист шеберлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 16:12, реферат

Краткое описание

Тікелей эфирде көрерменнің көріп отырған жайларын қайталауға болмайды. «Сіздер көріп отырғандай, Петров өзінің қарсыласынан допты тартып алды да, қақпаға қарай бет алды.» Ия, көрермен көріп отыр. Оны қайталаудың керегі жоқ болатын. Одан да басқа бір мәліметті жеткізген жөн. Алайда. Осыдан он жыл бұрын Петровтың қалай доп соққаны, немесе оның әжесі туралы әңгімеге зейін қойып кетіп, доптың соғылғанын аңғармай қалсаңыз, немесе ерегесті сәттерді жіберіп алсаңыз, көрермендер тарапынан кешірілмейтін жайға душар боласыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тікелей эфирдегі журналистің ұстанымы мен шеберлігі..docx

— 51.08 Кб (Скачать документ)

     Тікелей эфирде көрерменнің көріп отырған жайларын қайталауға болмайды. «Сіздер көріп отырғандай, Петров өзінің қарсыласынан допты тартып алды да, қақпаға қарай бет алды.» Ия, көрермен көріп отыр. Оны қайталаудың керегі жоқ болатын. Одан да басқа бір мәліметті жеткізген жөн. Алайда. Осыдан он жыл бұрын Петровтың қалай доп соққаны, немесе оның әжесі туралы әңгімеге зейін қойып кетіп, доптың соғылғанын аңғармай қалсаңыз, немесе ерегесті сәттерді жіберіп алсаңыз, көрермендер тарапынан кешірілмейтін жайға душар боласыз.

     Кадрден тыс комментарийде екі дауыстың қатысқаны жақсы. Әрине, мәселенің байыбына баратын маман болғаны дұрыс.

     Тікелей репортаж көрермендерді өзіне көп тартатын жанр түрі. Оқиғаның тікелей куәгері болу, оқиғаны алдын – ала болжау, жанкүйер болу көрермендерге ерекше сезім сыйлайды. Тікелей репортаждың құрылымы өзгеріп отырады. Мысалы, Медеуге конькимен жарысушылардың сап түзеуі, жарыстың ашылу салтанаты. Сонао соң көрермендерді ескертеді, кейбір хабарлар көрсетіледі, ал тікелей репортаж кез келген сәтте қосылады де. Ал, көрермен болса әшейінде көрмейтін хабарлардың бәрін көруге мәжбүр болады. Арасында аса толқулы сәттерді көрсетіп қояды да, тағы басқа хабарларға орын береді. Аздан кейін жарыстың соңғы сәттері, қорытындылар, сұқбаттар көрсетіледі.

     Тікелей репортажда станционарлык камераларға қосымша иыққа ілетін қабылдағыш қондырғылар қолданылады. Бұл жарыстан тыс көріністер – аққан беттер, қобалжып қорытындыларды күтіп отырған туыстары, толқып отырған жаттықтырушы, орамалды, ауыздарына салып жатқан апельсин түйірлері т.б. адами сәттерді түсінуге арналған. Бұндай кадрлер жарысқа қосымша рең береді, аса тартыспен өтіп жатқанынан хабардар етеді.

     Қабылдағышты жылжымалы камера көбінесе дельтопланға, тікұшаққа, автораллиге орналастырылады. Қашықтыққа арналған жарыстарды түсіруде таптырмайтын құрал. Әрине, күні бойы сол жарысты трансляциялап қоймай, әдеткі хабарларды көрсете отырып, арасында жарыс, күнделігінен ақпарат беріп отырған жөн.

      Тікелей репортаждар бізде көп беріледі, алайда тек республика көлемінде ғана. Еуропаға, Америкаға, дүниежүзіне репортаждар беру жолға қойылмаған. Ал, рекордтар дүниежүзілік деңгейде талап етеді. Сондықтан, тамаша жанр – репортажды жандандырумен қатар, оларды тікелей әрі ғаламдық дәрежеге көтеру отандық журналистердің міндеті.  [ «Телевизия: Бизнес әлде Билік?» М.Барманқұлов. Алматы: «Қазақ университеті», 2007. - 175 бет.] 

     Теледидарда «тікелей» эфирде көбіне жиі кездесетін репортаждар-оқиғаның өзі. Осы жердегі репортердің рөлі сөзсіз жоққа шықпайды. Ол оқиғалар жинағынан сол немесе өзге жағдайлардың ықпалында, қоғамдық ұстанымнан, берілу ерекшелігінен көрініс табады. Кейде оқиғаның бөлшегі толық суреттеледі. Газетте бұл болған оқиға жайындағы әңгіме ретінде саналады. Оқиғадан оқырман қаншалықты әсер алса, репортердің сол жердегі рөлі соншалықты болғаны. Теледидарда тек репортер ғана емес, көрерменнің өзі де оқиғаға тікелей куә болады. Репортер ол кезде көрермен ретінде оқиғаның қыр-сырына қанығады. Газетте оқырман репортердің басшылығымен жазылған жағдаймен танысады. Онда дыбыстық та, көріністік те құрылғылар кездеспейді. [ «Телевизия: Бизнес әлде Билік?» М.Барманқұлов. Алматы: «Қазақ университеті», 2007.  -  163 бет.]   

 

Жаһанданудың бір сипаты осы идеялардың еркін ағымында жатыр. Ал идеяның басты элементы не? Әрине, ақпарат. Ақпарат таратудың тегеурінді тетігі не? Әрине, телевизия! Оның өзі  бас-аяғы 60-70 жылда әлемнің адам танымастай өзгеруіне тұтқа болады. Бүгінгі жаһандану үрдісіне телевизиясының рөлі орасан, ол соның қуатты тетіктерінің  бірі.[«Қазақ журналистикасы». Н.О.Омашев. Алматы: «Таймас»,2008.- 31 бет.]

Қазақ телевизиясының жарты  ғасырлық тарихының өң бойында талай  майталман дикторлар проза мен  поэзия немесе шағын телесюжет пен  көлемді телеочерк оқығанда да алуан  мағыналы сөзді бейнекөрініске айналдыра  әрі кадрдан тыс оқылатын мәтінді  де көрерменнің көкейіне қондыра жеткізіп, телеэкран туындысының сөзі мен кадрдағы бейненің мағынасын ажырамастай тұтастырып, жылдар бедерінде осы үрдісті сақтап, айтып келеді. Осы қасиет дикторлардың өзіндік үлгісі, хабар жүргізудегі төл мектебі болады. Теледидардағы жүргізушілік не оқу мектебінің талабы бойынша сөзді тістенбей айту, әңгімелегенде қоңыр дауыспен баяндау, ресми хабарларды оқығанда әуелете көтере сөйлеу, көмейден күмбірлетіп үн шығару, жезтаңдайда тақылдатып термелеу, міне, осының бәрі хабар жүргізушілік техниканың арсеналдары болатын. Бірақ, қалай айтқанда да, диктор мәтіннің сөзіне мықтап көңіл бөліп, кадрдағы образды сөзбен, тіл құдіретінің бар мүмкіншілігімен жеткізе білетін.

Қазақ тілі өзінің дыбыс  құрамы жағынан әлемдегі ең әуезді, үнді, құлаққа жағымды естілетін  тілдердің бірі. Біздің тіліміздің бұл қасиеті біріншіжен – оның жалғамалылық (аглютинативті) сипатына негізделсе, екіншіден– фонемалық құрамында дауысты дыбыстардың молдығына, дауыссыз дыбыстардың үнді яғни сонор, ұяң дыбыстардың қолданыс жиілігіне, сондай–ақ буын үндестігі тәрізді ассимиляциялық заңдардың әсері мен дыбыстардың өзара гармониялы болып келуіне байланысты. Осы жайында тіл маманы әрі институтта оқып жүріп радиода диктор болып төселген Л. Қалиұлы өзі тәрбиелеген шәкірттеріне осы істің қыр – сырын әрқашан тәптіштеп, түсіндіруден жалықпайтын. «Тіпті, тікелей эфирге шығу кезінде кеткен сөз сөйлеуде, сөзге екпін түсіруде, дауыс ырғағындағы кейбір кемшіліктерді жұмыс үстінде талқылап жататынбаз, – дейді. – Бүгінде жоғары оқу орындарында қазақ тілінің фонетикалық жүйесі арнайы курс ретінде оқытылмайды. Диктордың дауысын қою, сөйлеушілік шеберлікке баулу жұмысы орыс тілінің бес дауысты формасы негізінде жүргізіледі. Содан барып қазақ тіліндегі қысаң дауысты дыбыстарды сөзге қосып дағдыланбаған жас дикторлар «сүйген сәулем» секілді фразаларды айтқанда, «ү», «ә» фонемаларды дәл бере алмайды. Сөйтіп, мәтіннің нықышы бұзылады. Басқаша айтқанда, бұндай жүргізушілер орыс–қазақ тіліне ортақ а, е, и, о, у дыбыстарын әуенге салып еркін сөйлей алады да, тек қазақ тіліне ғана тән ә, і, ы, ү, ұ дыбыстарын, әсіресе жоғары регистрге келгенде, өзіне таныс басқа дыбыстармен ауыстыруға мәжбүр болады. Бұл, әрине, оқу техникасын үйретуші мамандардың кемшілігі», – деп, бүгінгі кадр даярлау мәселесіне көңілі толмайтындығын білдіреді. Мұны біз эккімге ранда ширек ғасырдан астам ана тілінің қаймағын қалқып ішкен, сөйлеу мәнері көркем, дауыс ырғағы құбылмалы кәнігі диктордың бүгінгі экран төріндегі көрікті келбетке, көркемдеп оқудың жете алмай, өзектестік таппай жатқанына деген назы деп ұқтық. [«Қазақ журналистикасы». А.Бейсенқұлов. Алматы: «Таймас»,2008.- 183 бет.]

Соңғы кезде осы кемшіліктерге  қоса, дикторлардың сөйлеушілік шеберлігіне  тағы бір ақау қосылғаны байқалады. Ана тілін жете меңгерген, жатық  сөйлейтін жүргізушілердің өзі  де сценарий мәтінінің қағазға түскен қалпын, яғни орфографиялануынбұзбай айтамын деп « қара көз, қара кесек, меңді қыз» тәрізді сөз тіркестеріндегі  ішкі үндестікті ескермейді, яғни жазылу нормасына қарсы айтылу нормасын бұзады.

Сонау артта қол бұлғап қалған бұл жастық шақ, есейген кездердегі екінші үйіндей болған Қазақ телевизиясы осында істеген кім – кімге де қашанда ыстық. Өзіміз шыққан биіктен, біз алған асудан бүгінгі талапкер жас асып түссе, одан да биікке көз салса дейді. Іздегенін таба алмаса қашаннан беймаза Ләскер аға маған телефон шалып: – Құдайберген, байқадың ба, кешегі дикторлық мамандықтың орнын басқан бүгінгі жүргізушілер эфирден қалай болса, солай сөйлеп, қоғамды, ұрпақты бұзатын болды. Олар мектепте оқитын жастардың дикторларға қарап бойларын ғана емес, ойларын да түзейтіндерін білмей ме, әлде соған өрелері жетпей ме, мен осыларға таң қаламын. Мектепте сонда бұлар орфоэпия ережелерін оқымаған ба? Ал жұмыс орнындағы бақылау жасайтын осы топтың жетекшісі жұлдыз санап отыр ма? «Бұрын телевидениеде істеген, қазір құрметті демалыстағы режиссер – Сәлима Естемесова, Сапарғали Шәріпов сынды апа – ағаларымыз алдын ала дикторлармен репетиция жасайтындығын жиі еске аламын. Тіпті Сәлима апай көңілінен шықпаса, бірнеше рет қайталайтын. Хабар беріледі дегеннен–ақ алдын ала материалды қалай оқу керектігін ойланумен болатынбыз.Сәлима апайдан сөз естімеуге тырысатынбыз. Сөйтсек, бұл үлкен жауапкершілік екен, –дейді. – Шындығында, режиссер мен диктор арасындағы осындай қарым–қатынас ауадай қажет. Режиссер–сирек талант, ол бөлек творчествалық тұлға, жан–жақты қабілет иесі болуы керек. Сонда ғана олар басқаларды да үйрете алады. Бірақ қазір мұндай шығармашылық одақтар кемшін соғуда.

Ләскер ағамен жиі кездесе, сырласа жүріп, бірде: – Эфирге шыққанда қандай сезімде боласыз? –деп сұрақ қойғанымда, –Дикторлардың эфирге шығуы біз үшін–бүкіл халқымыздың салт–дәстүрінің, мәдениетінің, мінез құлқының айнасы іспетті сияқты. Сондықтан да киім кию, шаш қою, камера алдында өзіңді ұстайдың мәні ерекше. Дауыс ырғағы, көңіл күй, артикуляция, дикция дегендердің бәріне сақадай сай болуың керек. Әрбір күнгі хабар мен үшін толғаныс, ерекше көңіл күймен әсерлі, даусың ашық та сазды болуы қажет. Үлкен сынға түсетіндей үнемі толқимын. Хабарды өткізген соң ғана көңілім бір сәт жай табады, –деді. Диктор қай кезде де телевидение хабарының хабарының бас дирижеріндей әрі әр хабардағы мақсат–мазмұнына сай көрермен жүрегіне жол тапса дейсің. Бұл да диктор өресінің кеңдігіне, ой тереңдігіне байланысты. Әрбір сөз арқылы айтпақ болған ой–пікірді мейілінше дәл жеткізудің әдіс–тәсілі көрермендердің талап–талғамын зерттеу болып табылады. [«Қазақ журналистикасы». А.Бейсенқұлов. Алматы: «Таймас»,2008.- 184 бет.]

Адам пенде болғаннан  кейін артына өшпейтін із, соңына жақсы  сөз қалдырсам дейді. Бұл табиғаттың бұлжымас заңы. Ләскер аға мен Мәриям апайдың телевидениеде, радиода  істеген жылдар ішіндегі еңбек жолдары 65 жылға жуықтайды екен. Бір адамның  ғұмыры. Алпыс бес жыл бойына сан  миллиондаған көрерменнің көзайымына айналған, домбыраның қос ішегіндей болған «дикторлар отбасы» көрермендер алдында ылғи да байсалды әңгіме қозғап, олардың ішкі жан сарайларын желпінтіп отырды. Жүрек түкпірлеріне жасырынған нұрлары ылғи да жүздерінен байқалып тұратын ерлі  – зайыптылар осы мерзім аралығында қазақ теледидарында «дикторлық мектептің» тұтастай «бір дәуірін» жасап, өздеріне болашақ ізбасарлар да даярлап үлгерді. «Мен өзім Рәбиғадан үлкен үміт күтемін. Екі тілге бірде, дикторлық өнердің шеберлігін меңгерген ол аз уақыттың ішінде–ақ өзін жақсы қырынан көрсете білді. Қазақ қыздарына тән ибалығы, рухани жан–жақтылығы сүйсіндіреді. Дикторлық өнерде–ең бастысы талант дер едім. Студияға бала болып келіп, бүгінде өздері әріптеске айналған В.Иванов, В.Орлов, Т.Өтебаев, Ж.Тоқпанова, А.Леанович, Ә.Бөлебаев, Б.Ермановалар «көгілдір экранның» бағына айналды, теледидардың бағын жандырды», –деп тебіренеді Л.Қалиұлы. Адам баласына шәкірт тәрбиелеп, өзің еккен талдың алып бәйтерекке айналғанын көруден асқан бақыт бар ма?!

Өзі елге танымал диктор бола тұра, Ләскер Қалиұлы өмір бойы Қазақ радиосының дикторы Әнуарбек Байжанбаев пен Орталық телевидениенің дикторы Юрий Левитанды құрмет тұтып  келді. – Ән–ағаң, жарықтық, радиодан хабар оқығанда кеудеңдегі жүрегің тулап, қос өкпең алқымына тығылып, ерекше бір тебіреніс күй кешетінсің. Ресми хабарларды оқуға республика дикторларының ішінде ол кісінің алдына түсетін адам жоқ еді ғой. Жаратқан ием өзіне де құлаққа жағымды қоңыр дауысты, сыбызғының үніндей сазды үнді, оқуға деген мәнер мен тыңдарман жүрегіне жол табар машықтықты аямай бойына қондыра салған. Жаратылыс та мұншалықты кең болар ма? Эфирсіз жай сөйлегенінің өзі құлаққа майдай жағатын. Көзі тірісінде осы асылдың бойындағы бар қасиет–қарымының ашылуына жағдай жасай алдық па деп әлі күнге дейін ойланамын, –дейді. – Өнер иесі мен сол өнердің киесінің арасындағы тартылыс заңын білмей тұрып, оған баға беру де қиын–ау! Сондықтан болар, бізде өнер жолына бар өмірін арнаған тұлғалардың талантын тұсамай, жарқырай көрінуіне кейде сараңдық танытып жататынымыз да жасырын емес. Болмаса Ә.Байжанбаевтың радио арқылы шартарапқа тараған «қоңыр дауысы» бүгінде бар өмірі халқымен бірге мәңгілікке жасасып келе жатса да, көзі тірісінде Одақтағы жоғары атақтардың бірі әрі бірегейіне қол жеткізе алмады–ау!? [«Қазақ журналистикасы». А.Бейсенқұлов. Алматы: «Таймас»,2008.- 185 бет.]

Юрий Левитанның жеке–дара «дарыны» бәрінен де бұрын «таңғажайып» деген ұғыммен астасып әрі астарласып жатыр. Оның дауысы ешкімге де ұқсамайтын әрі қайталанбайтын «айрықша» үндік қасиетке ие. Өз бақыты жолында аянбай тер төгіп, соншалықты биікке көтерілу қандай ауыр болса, ал сол биікті өмір бойы ұстап тұру қиынның қиыны. Бұл аса күрделі және өте ауыр процесс. Кей сәттерде Ю.Левитаннан қолдан келмейтін нәрселердің өзін жүзеге асырудың талап етілгені–ақиқат. Ал сен осындай сәтте сәл ғана әлсіздік танытып, өзіңді бос ұстасаң болды, онда өзің иеленген орынды өзгелерге босатуың керек. Ондай жағдайда табиғат сыйлаған қайталанбас дарынның өзін де жоғалтып алуың ғажап емес. «Ол өзінің бойына біткен қайталанбайтын дауысын оқу кезінде аса үнеммен әрі тіркестерді құруға жұмсап отыратын. Әрі дикторлық өмір жолында ұстанған басты принципі: қай кезде де аудиторияға түсінікті болу. Өнердің кез келген түрінде бәрі де әдемі, алайда ең бастысы – жүйкені тоздыратын басы артық тіркестерден аулақ жүру. Осы талап аясында дикторлық шеберлік те, сөзшеңдік пен ресмилік те қатар келіп қонақтайды. Ал осының бәрі–бәрі бір Ю.Левитанның ғана бойынан табылады», –деп, ол кісімен жолыққан, одан үйренген сәттерін еске алады Л.Қалиұлы.

Өмір көшінің өн бойындағы  толассыз ағындар арасынан кейде  уақыт тауып, аға мен апаның ақ дастарқанынан дәм тата жүріп, бірде: – Екеуіңіз де жасынан асып, Алланың берген денсаулығының арқасында ел–жұрттың алақанында жүріп жатырсыздар. Кеше өздеріңіз негізін қалаған, қабырғасын қатайтқан шаңырақтың түтінінің түзу шыққаны әсіресе сіздер үшін тым ыстық. Дегенмен бүгінде орындарыңызды басып, эстафетаны қолдарына алған телеэкрандағы жүргізушілерге қандай талап–тілектеріңіз бар, – деген сұрақты қойған едім. – Экранда сөйлеу және хабарды жүргізу кезіндегі шеберлік туралы қояр талаптарымыз мыналар: а) қазақша хабар жүргізетін тележүргізуші, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстарын мүкіссіз айта алатын, яғни артикуляциялық базасы жетілген болуы тиіс; ә) қазақ тілінің ауызекі сөйлеу немесе орфографиялық заңдылықтарын жүргізуші бұлжытпай орындауы керек; б) орфоэпия заңдылықтарын бес саусағындай білуі шарт, –деген болатын олар. [«Қазақ журналистикасы». А.Бейсенқұлов. Алматы: «Таймас»,2008.- 186 бет.]

Дәл күні бүгін үш талап  орындалғанның өзінде де біз эфирде көп нәрсеге қол жеткізер едік. Дикторлар ертеректе тек «Жаңалықтарды» не «Соңғы хабарларды» ғана оқып қоймайтын. Мәселен, Л.Қалиұлы «Сәлем» атты хабарды телеэкраннан он бесжыл жүргізсе, Мэриям апай бүлдіршіндерге арналған «Кел,балалар,көрелік!» хабарын ұзақ жылдар жүргізіп, балалардың сүйікті апайына арналған. Бұдан бөлек, олар концерттер жүргізетін, басқа республикаларда өткізілетін Қазақ телевизиясының күндерінде бірге барып, басынан аяғына дейін қатысатын. Көретін, олардың іс–тәжірибелерін үйренген. [«Қазақ журналистикасы». А.Бейсенқұлов. Алматы: «Таймас»,2008.- 187 бет.]

Информация о работе Тікелей эфирдегі журналист шеберлігі