Ертеңгілік бағдарламалардың көңіл- күйге психо-эмоцианалдық әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 00:15, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбы: «Телекомментаторлардың кәсіби шеберлігі»
Жұмыстың гипотезасы: Еліміздегі тележурналистика саласындағы телекомментаторлардың рөлі мен мүмкіндіктері. Кадрдегі телекомментатордың кәсіби шеберлігі.
Жұмыстың мақсаты: Телекомментаторлардың кәсіби шеберлігін айшықтап, ғылыми бағытқа мейлінше негіздеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс жұмысы тележурналистика (Автосохраненный).docx

— 65.65 Кб (Скачать документ)

Асхат  Садырбай: Тележүргізуші  әрі  бағдарлама  продюсері  болғандықтан  бастысы  көрерменмен  ой  бөлісу. Өзімді  де  көрермен  ретінде  сезініп,  бағдарламаның  өрге  басуына, көрермен  көңілінен  шығуына  жұмыстану. Көрермендермен  жиі  байланыста  болу  үшін   бағдарламаларымның  жеке  блогын  да  жарияладым.

Гүлмира  Ахметова: Әрине, көпшілік  үшін  бірде  жағып, бірде  жақпайсың. Алайда,  тележүргізушінің  көксегені  бұл  болмау  қажет. Ол, жүргізіп  отырған  бағдарламада  көрерменге  ақпаратты  ашық-анық   жеткізу  оның  кәсібіне  табыс  әкеледі. .    Көрермен әрқашанда хабардың көңіл-күйге жағымды әсер етуін қалайды. Олар экраннан зорлық-зомбылық, өлім мен жәбірлеу, кемсітушілік секілді хабарламаларды көруге құлықсыз. Олар үшін күнделікті, қарапайым өмірдегі жай нәрселер қызғылықты. Көпшілігінде көрерменді ел көлеміндегі игілікті істер мен өмірдің түрлі саласындағы күрделі мәселелердің шешілу жолдары жайлы ұсыныстар қызықтырады.  Көрерменді саясаттан да гөрі, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы басты тетік экономикалық мәселелердің ел көлеміндегі жағдайы мен тарих, тәрбие, өнер, мәдениет, қоршаған орта, тағам сапасы және тағы да басқа маңызды мәселелер толғандырады.

Майа  Веронская: Тележүргізушінің  шынайылығы  мен  жылышырайлылығы  оның  көрерменге  ақпарат  жеткізу  мақсатының  алғашқы  қадамы. Бастысы  тележүргізушінің  жан-жақтылығы, олай  дейтін  себебіміз  ол  оқып  тұрған  ақпаратты  көрерменге  жеткізбес  бұрын  тақырып пен  ақпаратты   өзі  білуі  және  анық  жеткізуі  тиіс.Көпшілігінде эфирден балалар мен жастар, тәрбие мәселесі сирек беріліп жүр. Әрі қоғамдағы технологиялық жаңарулар да қызғылықты тақырып болды.  
Кері байланыс арқылы тікелей эфирде өтіп жатқан хабардың рейтингін, яғни таралымы мен көрілімін еш қиындықсыз аңғаруға болады.

 

 

Студент-журналист:Тележүргізуші  ретінде  өзіңізге  қажетті  қандай  газеттерді  оқисыз, соңғы  оқыған  мақалаңыз  қалай  аталады?

 

Мәдина Сәдуақасова: Жалпы журналист болу үшін   ерекше талант керек. Ерекше  дарын  иесі болу керек. Тиіп-қашып   ешкім журналист бола алмайды. Жақсы журналист болу үшін  бүкіл  өміріңді  арнау  керексің. Осыған дейін оқығандарымның барлығымаған тележүргізуші ретінде өте  қажет. Газеттердің барлығын оқимын деп айта алмаймын. «Жас қазақ» газеті  жақсы жазады. Мақалалары да тәп-тәуір. «Айқын» газетін де оқып  тұрамын.

– Жаздырып алып  оқисыз  ба?

– Жоқ, жаздырып  алмаймын. Дүңгіршектерден  сатып аламын. Жаздыратын болсам оны күнде    оқуға тура келеді. Ал менде   оқып  отыру   оңтайлы  емес.

 

Нұрлан ӘЛІМЖАН, актер, әнші, сазгер, ақын, тележүргізуші:

– «Жас   қазақ», «Қазақ   әдебиеті», «Жас   Алаш», «Алматы  Ақшамы», «Алаш» анда – санда «Егемен   Қазақстанды» оқып  тұрамын. Жолға шыққанда қолыма «Караван», «Свобода слова» түседі.

– Жалпы   журналистикаға   қызығасыз ба?

Жоқ, мен актерлікке   қызығамын. Мен просто тележүргізуші   болып істеймін, а так, журналистикаға қызықпаймын. Бірақ журналистердің еңбектерін   бағалаймын. Өз басым  журналистикаға   икемім   жоқ.

– Соңғы   оқыған  мақалаңыз  есіңізде  ма?

– Ойбай, қайсысын  айтайын. Жаңалық   деген көп   қой.

 

 

 

 

Азамат САТЫБАЛДЫ, актер-тележүргізуші:

– Ананы оқимын, мынаны оқимын деп бөліп-жаруға болмайды. Көңіл-күйге байланысты. Мүмкіндігінше «Айқын», «Жас қазақ», «Жас Алашты» оқып шығуға тырысамын.

– Осы аптада газет оқыдыңызба?

Осы аптада... жоқ, оқығанжоқпын.

– Ал осы аптаға  дейін  оқыған   газеттерде    қандай  мақала  есіңізде қалды?

Көп  қой... (ойланып, біразтұрды) «Заң» газетінде Орынбасар  деген жігіттің ҚазҰУ-дің заң факультетіндегі ғалым туралы «Жетпістегі жетістік» деген мақаласы есімде   қалыпты.

– Жалпы  журналистикаға  қызығасыз ба?

Жоқ, қызықпаймын. Журналистикадан   керек   ақпаратымды  ғана  аламын.

– Бірақ    тележүргізушілікке    қызығасыз, иә...

Ол менің хоббиім деп айтсам болады. Әр адам өзінің қолынан келетін жұмыспен айналысқаны дұрыс. Журналистика менің қолымнан келмейді. Кәсіби маман емеспін. «Аяз би әліңді біл» дегендей, әлімнің келетін, қолымнан  келетін   жұмыспен  ғана    айналысамын.

 

Айгүл ИМАНБАЕВА, актриса, әнші, «Кеш жарық» бағдарламасының жүргізушісі:

– «Алаш айнасын» жақсы көремін. «Халық сөзін» де оқып тұрамын. Кейде мүлдем газетке қарауға уақыт болмай қалады.

– Солардың ішінде қандай мақалалар есіңізде қалды?

– Жаңалықтарды оқып-оқып кетемін, бірақ анау есімде қалыпты деп айта алмаймын мен. «Жас Алашта» тұлғалар туралы мақалалар көп шығады. Соны өзім үшін сақтап қоямын.

– Осы аптада газет оқыдыңыз ба?

– «Жас қазақ» газетін оқыдым. «Жамағат» деген группировка пайда болған ба? Біразын ұстапты, бірақ мемлекет тарапынан ешқандай қозғалыс жоқ деп жазылыпты. Менің өзі, памятым байқұс, нашар. Сіз де қызық сұрақ қойдыңыз ғой...

 

ЖАЗИРА мен ЖАНБОЛАТ: «Бәрі есімде» бағдарламасының жүргізушілері:

– Оқимыз, кейде ұшақта оқимыз. Оның өзінде қазақтілді газеттер болмайды. «Айқын», «Жас Алаш», «Жас қазақтар» болады. Уақытымыз бола бермейді. Ұшақта да орыстілді газеттер басым. Қазақтілді газеттердің таралымы көп болса дейміз.

– Осы аптада газет оқыдыңыздар ма?

– Шыны керек, жолға да шыққан жоқпыз, газет те оқыған жоқпыз. Баламыздың демалыс күндеріне байланысты ауылға жіберіп, ауылдан алып келіп, қонақтар күтіп уақытымыз болмай кетті.

– Қандай мақала естеріңізде қалды?

– Соңғы рет не оқып едік?.. (көп ойланды) Өнер адамы болғаннан кейін көбіне өнер саласына қатысы бар тақырыптарды оқимыз. Саясат, экономика тақырыптарына аса мән бере бермейміз. Бірақ сайлау кезінде халықпен бірге ат салысуға тырысамыз. Ең бастысы әр маман өзінің өнерін шыңдау керек деп ойлаймын. Өнеріміздің биік шыңына шықтық деп есептемейміз. Мысалы сіздер барлық жағынан ақпараттанғансыздар. Ал біздер тек өнер жолында ғана ізденеміз. Біздің дәрежелеріміз сіздердікіндей емес. Біз өзімізді журналистпіз деп санамаймыз.

 

Түйін: Бұл  сұхбаттар   әнші-әртіс  өнер  жұлдыздарының   білімі  мен  білігін  тексеру  емес. Болашақ  әріптес  ретінде  тележүргізушілікке, яғни  журналистикаға  деген  жауапкершіліктерімен  бөлісу  болатын.

 

 

 

 

 

 

 

Студент-журналист: Телекомментатор  ретінде  адамдардың  бойындағы  қандай  қабілеттерді  жоғары  бағалайсыз?

Қымбат  Досжан: Адамдардың бойындағы жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті, ізгілікті бағалаймын. Жалған сөйлейтіндерге жаным қас.

Құрманбек Қазанбасов: Адамдардың бойындағы жауапкершілік пен еңбекқорлықты бағалаймын.

Аружан  Саин:  Адам бойындағы инабаттылықты, адалдық, мейірімділік, ізгілік қасиеттерді бағалаймын. Қу, ақылсыз адамдарды  сүймеймін.

Гауһар  Көпбасарова: Адамдардың бойындағы шынайылық пен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс қасиеттерін бағалаймын.

Меруерт Бердалина: Адамдардың бойындағы шынайылық пен қарапайымдылықты бағалаймын. Жалған сөз бен ақымақтыққа жаным қас.

 

Түйін: Зерттеуіміздің  ғылыми  жаңалығын  тәжірибе  жүзінде  дәлелдеу  телекомментаторлардың  жас  ерекшелігі  мен  кәсіби  тәжірибесіне  орай   сұхбат  жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнематериалға  талдау

Тележүргізуші: Гүлнәз  Әлімгерей

Хабар  атауы:«Жаңалықтар желісі»

Арнасы:  «Қазақстан» ТРК

Жүргізу  аудиториясы:  жаңалықты  тікелей  эфирден  тамашалаушы көрермендер

Ұтымды  сөздер:  Қазақстан  ұсынған   жаңа  жоба, игілікті  шара,  жұртшылық  жанашыры, жасампаздық, ресми

Жүргізуші  тартымдылығы: Жинақы  щаш  үлгісі  мен  көрер  көзге  жеңіл  жасыл  жейде  мен  қанық  түсті  жинақы  костьюм.

 

Көрермен  назарын  аударуы:Ашық  қоңыр  үнмен  маңызды  жаңалық  айтатынын  білдіріп , бірден  ақпараттың  кіріспесін  баяндады.

ЗКТ:Кіріспесімен  қызықтырған  соң, көрермен  назарына  ЗКТ   ұсынылды.

Ұтымды  шумовой:Көпшіліктің  жиналып, ортаға  Нұрсұлтан  Назарбаев  пен  Барак  Обаманың  келуі  форумның  маңыздылығын  аңғартады.

Ұтымды сұхбат(синхрон): Осы  арада  Нұрсұлтан  Назарбаевтан  алған  сұхбат  ішпыстырарлық  дүние  болар  еді. Көрермен  өзіміз  ұсынған  жобаға  өзіміз  баға  бердік  деген  ойға  қалар  еді.  Синхронның  ұтымдылығы  Барак  Обаманың   Қазақстанның   халықаралық  жобаны  ұсынғандығы  туралы  айтуы.

 

Репортаж   формуласы:Кіріспе(ЗКТ-ШУМ-СХР-ШУМ)

 

 

 

 

 

Тележүргізуші:   Ержан  Жүніс

Хабар  атауы:«Жаңалықтар»

Арнасы:  «Хабар» арнасы

Жүргізу  аудиториясы:  жаңалықты  тікелей  эфирден  тамашалаушы көрермендер

Ұтымды  сөздер:  Бірлігіміз  жарасқан,  Қазақстан  халықтары, мемлекеттік  тіліміздің  мәртебесі

Жүргізуші  тартымдылығы:   Костьюмнің  қою  түсінің   түсқағазбен  үйлесімділігі  көрермен  көзіне  жағымды  әсер  етеді.

 

Көрермен  назарын  аударуы:Ашық  қоңыр  үнмен  маңызды  жаңалық  айтатынын  білдіріп , бірден  ақпараттың  кіріспесін  баяндады.

ЗКТ:Кіріспесімен  қызықтырған  соң, көрермен  назарына  ЗКТ   ұсынылды.

Ұтымды сұхбат(синхрон):   Ұйымдастырылып  отырған  шараның  халық  игілігіне  екеніне,  берері  мол  шара  екенін   қарапайым  халықтан  алған  сұхбаттан  аңғаруға  болады.

Репортаж   формуласы:Кіріспе(ЗКТ-СХР-ЗКТ-ШУМ-ЗКТ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тележүргізуші:   Мейіржан  Әлібекұлы

Хабар  атауы:«Жаңалықтар желісі»

Арнасы:  «Қазақстан» ТРК

Жүргізу  аудиториясы:  жаңалықты  тікелей  эфирден  тамашалаушы көрермендер

Ұтымды  сөздер:  Қазақстан  ұсынған   жаңа  жоба, игілікті  шара,  жұртшылық  жанашыры, жасампаздық, ресми

Жүргізуші  тартымдылығы:   Қарапайым  үлгідегі  костьюм  мен  жейденің  тартымды  жарасуы   көрермен  назарын  аударады.

 

Көрермен  назарын  аударуы:   Айтар  сөзінің  маңызды  тұстарында  ұтымды  екпін  түсіреді.

ЗКТ:Кіріспесі  мен ЗКТ  арасын    үзбей  жеткізді.

Ұтымды  шумовой:  Тұсаукесерге  жиналған  жұртшылықтың   қызуғышылығын   ашып  жеткізді.

Ұтымды сұхбат(синхрон):   Компанияның   жаңа   технологияға  деген  көз-қарасын  оның  директорымен  болған  сұхбатпен  жеткізе  білген.

 

Репортаж   формуласы:Кіріспе(ЗКТ-СХР-ЗКТ-ШУМ-ЗКТ)

 

 

 

 

 

 

 

 

Тележүргізуші:   Боқанова  Меруерт

Хабар  атауы: «Сізбен  бірге»

Арнасы:  «Қазақстан-Қостанай»  арнасы

 Бағдарлама  бағыты:    Рекреативті  бағытта

Жүргізу  аудиториясы:  Бағдарламаны  тікелей  эфирден  тамашалаушы көрермендер

Ұтымды  сөздер:  Қазіргі  қоғам  тынысы,  сізді  мазалайтын  сұрақтар, апта  жаңалығы

Жүргізуші  тартымдылығы: Жинақы  щаш  үлгісі  мен  көрер  көзге  жеңіл  белдемше  мен  қызғылт  түсті  жейде

 

Көрермен  назарын  аударуы:Ашық  қоңыр  үнмен  сөзін  бастап,  еркін  үнмен  аудиторияны  баурап  алады.

Ұтымды сұхбат:    Облыс  әкімінің  орынбасарымен  сұхбат  барысында   да  ресмилікке  бой  бұрмайды.  Еркін,  ашық,  тартымды  сұхбат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

        Қорыта  келе, оймақтай  ойымыздың  тобықтай  түйінін  айтар  болсақ, телекомментаторлардың  кәсіби  шеберлігі   бағдарламаның  немесе  жобаның  қандай  дәрежеде   екенін  айқындап  береді.  «Миллиондаған  Қазақстандықтар  сөзіне  сеніп  отырған  сіздерден   мен   болмысты   боямалап  көрсетіңіздер  деп  өтінгелі  отырған  жоқпын.  Сонда  да  мына  нақты  өмірге   көздеріңізді  жұма  қарамаңыздар,  ілгерішіл  өзгерістердің  тынысына   құлақ  түріңіздер,  адамдарға  шындықты  жеткізіңіздер» - деп, Нұрсұлтан  Әбішұлы  айтқан  мына  сөздер  журналист  қауымына  осы  курс  жұмысымның негізгі  өзектілігін  жеткізе  алады  деп  ойлаймын.

      Комментаторлық  өнердің  өз   құпиясы,  оның  ерекшелігі  аз  уақытты  үнемдеп,  әрбір  сөзді  қас-қағым   сәтте   жүйелі   түрде   жеткізу,  күнделікті  сан-салалы   оқиғалармен   көрермендерді  таныстыру   асқан   шеберлікті  талап  етеді. Хабардың  түрлі  жанрда  болуы -  телекомментатордың   шеберлігін   шыңдап,  диапазонын   кеңейтіп,  ампуласын   тереңдетеді. Бір  ауыз  сөздің  өзімен  көп  нәрсені  аңғартуға   болады.  Әрине,  ол  оқып  отырған  мәтінге  байланысты.  Шынында  телевизия  телекомментаторы  қандай  болу  керек?,-  деген  сұраққа  жауап  беру  қиын.  Экрандағы   көптеген  нәрсе   телекомментатордың   білігі  мен  парасаттылығына, тіпті  жұртшылық  алдындағы  мәдениетіне  де  байланысты.   Эфирдегі  сөздің  мазмұны   түсінікті  болуымен   қатар,  оның  өзіне  тән   табиғилығын  сақтай  отырып аудиторияға   жеткізу  де  келекомментаторлардың  басты  кәсіби  шеберліктерінің  бірі  болып  табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Журналистика  туралы  жиған-тергендер

 

 

    • Журналист  жортса -  табады, жазса – шабады
    • Дәні  бар  хабардың   мәні  бар.
    • Ойы  бар  журналист  отырмас.
    • Ұйқысы  бұзылған  журналисттің рахаты мол.
    • Талантты  журналист  тақымын  суытпайды.
    • Лездеме – нөмірге  берілетін  мінездеме.
    • Корректор  көргіш  болса, кезекші  сезгіш  болса – құп.
    • Сөйлемі  олақтың  ойы  олақ.
    • Сауалына  қарай  сұхбаты
    • Түннің  арғы  жағында  күн  бар, сөздің  арғы  жағында  үн бар.
    • Көзден  қорықпайтындар,сөзден  қорқады.
    • Макет-  газеттің  сүйегі, тақыры-  мазмұнның  тиегі.
    • Бұрқыратып көп жазғанша,шындықты шырқыратып аз  жаз.
    • Бәрін  жазу  міндет емес,әрін  жазу- міндет
    • Газеттің  меншікті  тілшісі,  ел  ішіндегі  елшісі.
    • Қарымды  журналисттің  ойы  да шалымды.

Информация о работе Ертеңгілік бағдарламалардың көңіл- күйге психо-эмоцианалдық әсері