Ертеңгілік бағдарламалардың көңіл- күйге психо-эмоцианалдық әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 00:15, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбы: «Телекомментаторлардың кәсіби шеберлігі»
Жұмыстың гипотезасы: Еліміздегі тележурналистика саласындағы телекомментаторлардың рөлі мен мүмкіндіктері. Кадрдегі телекомментатордың кәсіби шеберлігі.
Жұмыстың мақсаты: Телекомментаторлардың кәсіби шеберлігін айшықтап, ғылыми бағытқа мейлінше негіздеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс жұмысы тележурналистика (Автосохраненный).docx

— 65.65 Кб (Скачать документ)
  • Сіздің  қаланың  тұрғыны   бүгін  Эвресті  бағындырды;
  • Банкротқа  ұшыраған  фабрика  жұмысын  тоқтатты;
  • Қала тұрғыны  гүлзарға өз еркімен  ағаш  отырғызды;
  • Қалада  инфаркт  сырқатына  қарсы  марафон  өтті;
  • Түнде  қала  сыртында   жарылыс  болды;
  • Полицейлер  БАҚ-тың  қатысуымен  рэкеттер  тобын  ұстады.

Бұрыс  нұсқа

Дұрыс нұсқа

Түнде  қала  сыртында   жарылыс  болды;

Полицейлер  БАҚ-тың  қатысуымен  рэкеттер  тобын  ұстады.

Банкротқа  ұшыраған  фабрика  жұмысын  тоқтатты

Түнде  қала  сыртында   жарылыс  болды;

Сіздің  қаланың  тұрғыны   бүгін  Эвресті  бағындырды;

Банкротқа  ұшыраған  фабрика  жұмысын  тоқтатты

Полицейлер  БАҚ-тың  қатысуымен  рэкеттер  тобын  ұстады.

Қала тұрғыны  гүлзарға өз еркімен  ағаш  отырғызды

Қалада  инфаркт  сырқатына  қарсы  марафон  өтті

Сіздің  қаланың  тұрғыны   бүгін  Эвресті  бағындырды;

Қала тұрғыны  гүлзарға өз еркімен  ағаш  отырғызды

Қалада  инфаркт  сырқатына  қарсы  марафон  өтті


Екінші  нұсқада  бірден  жарқ  етіп  көзге  түседі.  Онда  қызықты  бейнекадр  жетерлік. Әрі  қарай  шығарылым  материалдары  картинасының  қызықтылығына   қарай  ізбе-із  беріледі.

  1. Екпін  мен  ырғақ.  Телеарналар  үшін   маңызды  саналатын  осы  қағидаларды  редакторлардың  бәрі   де  біледі.   Бағдарлама  жалықтыратын  ырғақпен    берілмеуі   тиіс. Тіпті,  қатар  берілген  екі  сюжеттің  хронометражды(сюжеттің  ұзақтығы)  бірдей  болса  көрермен  жалығып  кетеді.  Өйткені,  үйлесім  жоғалады.  Бірнеше  қысқа  материалды  қатар  қойсаңыз  да  осылай  болмақ.
  • Қалалық  стадионды  салу  барысында  жіберілген  кемшіліктер;
  • Премьер-министр  Алматы  облысының  әкімін  орынынан  алып,  өңірге  жаңа  басшы  тағайындады;
  • Қоғамдағы  елеңдеткен  қылмыстық  іске  қатысты  сот  үкімі;
  • Санитарлық  талаптарды  бұзған   үш  базардың  жабылуы;
  • Қала  тұрғыны  адамдарды  жаяу  жүруге  шақырды. Сол  арқылы   экологияны  сақтап  қалуға   болады;
  • Нан  бағасының  қымбаттауы;
  • Ішек инфекциясы  өршіп  тұр

Екпін  мен  ырғақты  бұзу

Дұрыс  орналастырылған  нұсқа

Премьер-министр  Алматы  облысының  әкімін  орынынан  алып,  өңірге  жаңа  басшы  тағайындады;

Нан  бағасының  қымбаттауы

Қалалық  стадионды  салу  барысында  жіберілген  кемшіліктер;

Премьер-министр  Алматы  облысының  әкімін  орынынан  алып,  өңірге  жаңа  басшы  тағайындады;

Санитарлық  талаптарды  бұзған   үш  базардың  жабылуы;

Жаңа  әкімді  таныстыру;

Қоғамдағы  елеңдеткен  қылмыстық  іске  қатысты  сот  үкімі;

Қоғамдағы  елеңдеткен  қылмыстық  іске  қатысты  сот  үкімі;

Нан  бағасының  қымбаттауы

Санитарлық  талаптарды  бұзған   үш  базардың  жабылуы;

Ішек инфекциясы  өршіп  тұр

Ішек инфекциясы  өршіп  тұр

Қала  тұрғыны  адамдарды  жаяу  жүруге  шақырды. Сол  арқылы   экологияны  сақтап  қалуға   болады;

Қалалық  стадионды  салу  барысында  жіберілген  кемшіліктер;

Жаңа  әкімді  таныстыру

Қала  тұрғыны  адамдарды  жаяу  жүруге  шақырды. Сол  арқылы   экологияны  сақтап  қалуға   болады;


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кадрдегі  телекомментатордың  негізгі  қабілеті

Телекомментатор   өзінің  көңіл-күйін  жұмыс  құралы  ретінде  пайдалана        Телекомментаторлар  үшін  жұрттың   эмоциясына  әсер  етіп,  көңіл-күй  көтеру   оңай  емес.  Өйткені,  телекомментатор  да  шаршайтын,  кейде  ауыратын, өмірдің  қапалы  күндерін  бастан  кешетін  адам  ғой. Кеше  ғана  сүйген  қызыңмен  ренжісіп  қалып, бүгін  ғана  махаббат  туралы  айту, немесе  жаңа  ғана  біреу  көңіліңізді  қалдырған  кезде   сыйластық   туралы  әңгімелеу   екінің  бірінің  қолынан  келе  бермейтін  дүние. Бұл  оңай  емес. Көңіл-күй – ұстап  көруге  болмайтын  дүние, ол  материалдық  игіліктерден  де  маңыздырақ. білуі  тиіс. Бұл  жұмыстағы  бірінші  ереже- нашар  көңіл-күй  кадр  сыртында  қалуы  шарт. Ол жұмыс  халаты  іспеттес. Сіз  оны  киіп  микрофон  алдына  отырдыңыз.Микрофон  қосылған  соң  өзіңіз  туралы   ойлануды   доғарыңыз. Эфир  уақытында  сіз  тек  қана  өз  тыңдарманыңыз  туралы  ойлауға  тиіссіз.  Сіз  көптеген   адамды  бірнеше  секундта  өз  әлеміңізге  кіргізесіз.  Оларға  өз  әлеміңіздегі   ең  үздік  дүниені  беруге  тиіссіз  және   көрермендерге  барынша  берілуге  тырысыңыз.  Сонда  ғана  көрермен  сізге  риясыз  сенеді.  Тележурналистикада  көрермен  үшін  бірдей  маңызға  ие  екі  материал  келіп  түссе,  алдымен  дәл  қазіргі  сәтте  өтіп  жатқан  оқиға  туралы  баяндайтын  сюжет  туралы  беріледі. Егер  апатты  жағдайға  байланысты  жарықтың  сөндірілуі  немесе   көп  қабатты  үйдегі  өрт  ғарышкерлердің   жерге  қонуы  сынды  оқиғалар  бағдарлама   эфирге  шығып  жатқан   сәтте  орын  алса,  сол  оқиғаларды  көрсету  қажет  болады. 

Ақпарат  та  балық  сияқты, ескіртуге  болмайды

        Жаңа  әрі  маңызды  материалды  бейнекадр  болмаса  да  көрерменге  жеткізуге  болады.  Ол  үшін  тілшіні   тікелей  эфирге  шығару, сұхбат  алу,  мұрағат  материалдарын  пайдалану  тәсілдерін  қолданған  жөн. Ертең  бұл  тақырыпқа  қайта  оралуға  болады.Үйлесімділік  талабына  сәйкес,  ақпараттық  шығарылымның  басында  репортаждар  немесе  үлкен   проблемалық    материалдарды  беруге  болмайды. Телекомментатор  үшін  белгілі  мәселені  қозғау  үшін  жаңа   ақпараттық  желеу  қажет  екендігін  ұмытпаңыз. Егер  ақпараттық  желеу  немесе  тақырыптың  өзі  көкейтесті  болмаса  материалды  шығарылым  басында  беруге  болмайды. Біріншіден,  мұндай  материал  өткенге  шегініс  жасап,  түсіндіруді  қажет  етеді.  Яғни,  оның  хронометражы  2минуттан  асып  жығылады  деген  сөз. Екіншіден,  көрерменнің  ойында  материал  қайталанып  отырғандай  әсер  туындайды.

Тікелей эфирдегі шығармашылық қызметті талдау барысында мұндай төтенше жағдайларға төтеп беру үшін жүргізушілер қандай қасиеттерді бойына сіңіруі керек деген немесе кәсіби қызметтің қандай қырларын меңгеруге тиісті деген сұрақ туады. Біздің  ойымызша, тікелей эфирде жұмыс істейтін маман үшін ең маңызды мәселе дүниетаным деңгейі жоғары, білім терең, кәсіби шеберлігі шыңдалған белсенді маман ғана емес, сонымен қатар, ерікті, жігерлі, қайратты, белсенді, көңіл-күй тұрақтылығын сақтай білетін, ұстамды, орнықты, өз психологиясын өзі қадағалай алатын табанды адам болуы керек. Себебі, тікелей эфирдің осындай психологиялық қырларын меңгеріп, оны жұмыс процесінде кәдеге жарату – кәсіби деңгейі жоғары өз ісін жетік білетін үздік маманға қойылатын заңды да орынды талап. Эфирдегі хабар өзінің табиғилығымен, өнерге тән бейнелеу шеберлігімен құнды. Әр сөз, әр шумақ, әр дыбыс өмірдің өзінен алынса, өмірдің өзі болып естілсе ғана көрермен сөзіміне әсер ете алады. Кейіпкердің өз даусымен сөйлеуін, халықтық ән-күйлеріміздің өзіндік өрнекпен сөз ажарын ашып отыруын көрермен жоғары бағалайды. Өйткені, жеке адамның дауысы оның орталық жүйке жүйесінен келетін импульске байланысты. Адамның көңіл-күйін, ой –сезімін оның дауысы да білдіреді. Міне, бұл кейіпкердің жан-дүниесін ашып, образын жасаудағы ең маңызды құрал болып табылады. Біз өз тәжірибеміз бен зерттеу жұмысының нысанындағы хабарларға талдау жасай отырып, тікелей эфирдегі кәсіби шеберлікті шыңдауға байланысты схема ұсынамыз. Оны Б қосымшасынан көруге болады.  
Телжурналситің хабар дайындағанда алға қоятын негізгі мақсаты – көрерменін ішкі жан дүние әлемімен қоса үйіріп ала жөнелетін тамаша тәсіл тауып, айтайын деген ойын, мақсатын ұтымды әдіспен жеткізе білуінде. Бұл телехабар жанрларының қыры мен сырын жетік біліп, жеделдік танытатын, жалықпай ізденіп, кең алымдылық пен шалымдылыққа ие журналистердің ғана қолынан келеді. 
Эфир мерзімінің шектелуі – заңдылық. Қысқа әрі әсерлі ойға толы хабарларда сөйлесуші сөзінің  мәнді болғаны абзал. Журналист хабарға қатысушы сөзінің мәтінін қарағанда оның сөйлеу тіліне жақын, артық цифрлар мен терминдерден, жаргон сөздерден таза боуын ойластыруы керек. Автор өзіне тән стилін сақтаса ғана даралыққа ие болады. Кейіпкерлерді ағынан жарылтып сөйлете білу үшін оның көңіл кілтін таба білу қажет. Ал, бұл кілтті табудың жолы әрқилы. Журналист алдымен кейіпкерінің мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын, ой дүниесін байқап, ішкі сезім әлеміне кіре білгенде ғана оның жан сарайын бар қырынан жапрқырата аша алады. Өткірлік пен батылдық қатар қонақтап, тоғысып жатса хабар арқауы қиюласып, етек-жеңі жинақтала түседі. Жалаң ой мен сылдыр сөз, ұзақ сонар сірескен тіркестер көрерменді оп-оңай жалықтырып жібіретіндігін ұмытпағайсыз. Нақтылық пен фактіге құрылған дәлдік, серкесөз, көсемсөз, қысқалық және нысаналы ой ғана редакторға шабыт, жүргізушіге қанат бітіре алады. Тікелей эфир кезінде сан құрсаулы ой тізбегінің шебін бұзып, арналы ойдың нөпірінен малтымай шығуға да шын шеберлік керек. Сел дария жүректерден жыр дария болып төгіліп, атогй салған шақтардағы ой жарысының додасынан суырыла шыққан ой тамшыларына, жүргізуші тіліне үйіріле қалған сөз орамдарына не жетсін! 
Эфирдегі тербеліс пен тебіреністің жүргізуші бойынана құяр қуаты да тым тегеурінді. Баппен байыбына барлау жасап, жүрек пен миға салқындылық дарытып, шабыттың ойдың айдынынан қажеттісін ғана қармаққа іліндіру керек-ақ! Теледидар айдыны тереңдігіне орай аса жылылықты да, аса салқындықты да сүймейді. Теледидарға үш бірдей тұлға: редактор, режиссер, оператор ойы бір арнада тоғысып, бір-бірін нәрлендіріп отырғаны жөн.  Теледидар  тележурналистеріне көрікті келбет, толымды ой, шалқарлы шабыт керек. Осы үшеуінің біреуі олқы соқты дегенше көрермен көңілінен шығатын дүниелер тумасы анық. Эфир – ойын алаңы емес, ол – көрермен алдындағы өте жауапты сын, яғни олармен бетпе-бет келетін майдан іспетті. Тележүргізушінің жетістігі оның көрермендеріне қаншалықты әсер еткендігіне де байланысты. Үкілі үмітпен теледидар алдына жайғасқан сан мың көз бен құлақ сенен татымды ой, мәнерлі сөз мәйегін күтуі заңдылық. Ал халық асыға күтіп, ойына азық, жанына ләззат алатын талантты жүргізушілердің аздығы да өмірдің сайқымазақ бір заңдылығы шығар.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Телекомментатордың  образ  қалыптастыруына  қажетті  мінездер:

  • Тартымдылық -  адамның  табиғи  болмысында  көрінуі, яғни  өзін-өзі  игерген,  біреуді  қайталамайтын, жасандылығы  жоқ  адам. Адам  өзін-өзі  ұстау,жүру  мәнерін  зерттеп,өзіне-өзі  сын  көзбен  қарап  осы  арқылы  тартымдылыққа  қол  жеткізуге  болады.[16]
  • Әртістік  қабілет -  сөйлеудегі  шеберлік. Адамдармен  сөйлескен  кезде  табиғи  қалпынды  сақтай  отырып, ширақ,  көңілді  қалыпта   өз  рөліңді  ойнай  білуің  қажет.
  • Сенімділік –көпшілік  алдына  шығып  сойлегенде  жағдай  басқаша  сипат  алады. Бұл  ең  алдымен  үлкен  сенімділікті  жүктейді, екіншіден  көпшіліктің  бар  назарын  өзіңе  аударып, оларды  ортақ  әңгімеге  ортақтастыру  қажет. Ол  үшін  ең  бастысы  сенімділік  қажет.
  • Жылышырайлылық-адаммен  сөйлесіп  отырып  оның  бойынан  жақсы  қасиет  табуға  тырысыңыз.  Алғаш  тіл  қатқан  кезде  әрқашан  достық  пейілмен,  жылы  шыраймен   сөйлеңіз.
  • Шынайылық -  шұғыл,әрі  еш  қатесіз қабылданылатын  қабілет. Адамның  жасандылығы  оның  интонациясынан,  көзқарасынан,  мимикасынан  байқалады. Өзің  жете  білмеген  тақырыпты  біреуге  түсіндіру   де  шынайылыққа  жатпайды,ол -  алдау.
  • Қызығушылық – сенімділік, жылышырайлылық , шынайылық  қызығушылық  сияқты  қабілеттер  жұқпалы  яғни  маңайындағы  адамдарға  беріледі.[6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіби мамандармен  болған  сұхбат


Студент-журналист: Қазір  телекомментаторлар   интернеттен  алынған  мәліметтерді  көп  қолданатынына  ішінәра  куә  болып  жатамыз. Осы  дұрыс  па?

 

Есей  Жеңісұлы: Әрине, дұрыс  емес. Комментатор  болып  жатырған  матчтың  барысын  халыққа  әсерлі  етіп  жеткізуші  болғандықтан   интернеттен  алынған  мәлімет  комментаторға   лайық  емес  деп  есептеймін.  Сұрағыңыздың   жөні  бар  интернеттен   мәлімет  оқитын  арамызда  комментаторлар  кездесіп  жүр.

 

Амангелді  Сейтханов: Комментатор матчты  жүргізу  дегенмен  мәндес емес пе? Демек, доданы қыздыру  үшін, доданы қыздырғанда да көрермендерге қызық болу үшін  айташы  тартылады. Әлгінің біріншіден, футболды  білуі  шарт. Ең   бастысы, ойынды   түсінуі  тиіс, кейде  талдауға  барған да дұрыс шығар. Бірақ біліп барып  барғаны жөн сияқты. Реті  келгенде  деректерді де пайдалансын. Мынадай да ұғым  жүр: «Орыс комментаторының аузы дуалы». Ресей арналарынан футболды көп көреміз. Солар да ала-құла. Өткенде біреуі Қазақстанғ акелді. Орташа ғана комментатор. Бірақ біздікілер «өлді». Оны Несіп ағам он орап алады. Алайда Жүнісбаевты футбол білгірі деп біздер мойындай алмаймыз. Неге? Оны мен түсінбеймін. Қазаққа жағу қиын. Небір мықтылар жаға алмаған. Түсінігі өте терең халық болған соң, талабы, талабы болғанда да өз баласына деген талабы өте  қатаң   болған  соң да жаға  алмайсың. Сосын  ортада  біреулер  жүреді. Өте  пысық. Пысықтар  қазақ пен қазақтыңтүсінісе   алмай   жүруіне   өте   мүдделі.

 

Асхат  Сағынай:   Комментатор  жан-жақты  болып, болып  жатырған  жәйттердің  ешқайсысын  қалт  жібермеуі  тиіс. Сондықтан  мен  интернеттен  мәліметті  алу, керегінше  қажетіңе  пайдалану  дұрыс  деп  есептеймін.  Қате  түсінік  болмасын, бұл  барлық  мәліметті  интернеттен  алып  пайдалану  деген  емес. Жүргізіп  отырған  матчты  әсерлі  етіп  жеткізу  керектігін  сезіну  комментатордың   басты   ұстанымы  болуы  қажет.

 

Студент-журналист: «Жаман  айтпай  жақсы  жоқ» демекші   осы  қазақ  комментаторларына  түзету  керек қандай  кемшіліктерді  атай  аласыз?

Есей  Жеңісұлы: .Футбол немесе спорттың өзге де түрлерін жүргізгенде, монотонды дауыспен, үйде қоюлатып шай ішіп отырғандай әңгіме соғады. Гол соғылар сәтте де «Рональду қақпашыны алдап өтті, енді бос қақпаға теппегенде қайда тебер дейсің» деееп ыңыранып отырады. Елдің елеңдеп тосатыны - Чемпиондар Лигасынан берілетін тікелей эфир. Бәсі биік бәсекенің түн ортасы ауа басталарын бесіктегі бала да біледі. Міне, осы сәттерде біздің комментаторлармен футбол көру дегеніңіз ұйқымен жекпе-жек деген сөз. Теледидардың арғы бетінде -  бір сарынды, керенау, ұйқылары келіп отырған журналист, бергі жақта -  қаны басына шапшып, командасымен шабуылға шыққан немесе қорғаныстағы жанкүйер.  Қарасаң,  күлесің.  
 

Амангелді  Сейтханов:Біздің комментаторлардың   кемшін тұсы  - тікелей эфир барысында тарих айтып, айдалаға кететіндері. Алаңдағы жан алысып, жан берісіп жатқан ойын да, рингтегі қан майдан да жайына қалады. Ол ойыншының қай жылы туғанынан бастап, өмірбаянын бір шолып өткенше матч орталап,  бокс пен күрес болса аяқталып қалады. Дерек берген де  дұрыс-ау, бірақ тікелей эфирден тікелей  хабар таратқанға не жетсін?! 

 

Асқат  Көшкінбай:Мен соңғы кезде отандық телеарналардан құлдықтың елесін көріп жүргендеймін. Бір емес, екі емес спорт комментаторларының аузынан «өзіміздің «Зениттік», біздің «Динамо»»  деген сөз саптауларын еститін болдық. Бір арнада «өзіміздің астаналық «ЦСКА-ның» шабуылшысы Думбиядай қайдан болсын» дегенін естіген құлақта жазық жоқ. Ау, «ЦСКА» Мәскеулік команда екенін төрткүл дүние біледі. Ал Мәскеу қашаннан бері бізге астана?

 

 

 

Студент-журналист: Тележүргізушілік  яғни, телекомментаторлық  кәсіпті  дамытуда қажет  басты  құндылық  не  деп  есептейсіз?

Тахир Сұлтан: Мен  өзім  жүргізетін  бағдарламаның  жүргізушісі  етіп  алған, продюсер   Сабина  Саякова   менің  балалардың  тілін  тез  тауып,  оларды  баурап  алатын  қабілетімді   байқап  таңдаған  деседі. Алайда,  жүргізушілік  кәсібімнің   дамуы  үшін  мен  көбіне  психолог-мамандармен  кеңесемін.

Информация о работе Ертеңгілік бағдарламалардың көңіл- күйге психо-эмоцианалдық әсері