Ертеңгілік бағдарламалардың көңіл- күйге психо-эмоцианалдық әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2014 в 00:15, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбы: «Телекомментаторлардың кәсіби шеберлігі»
Жұмыстың гипотезасы: Еліміздегі тележурналистика саласындағы телекомментаторлардың рөлі мен мүмкіндіктері. Кадрдегі телекомментатордың кәсіби шеберлігі.
Жұмыстың мақсаты: Телекомментаторлардың кәсіби шеберлігін айшықтап, ғылыми бағытқа мейлінше негіздеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс жұмысы тележурналистика (Автосохраненный).docx

— 65.65 Кб (Скачать документ)

Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті

Журналистика  факультеті

Баспасөз  және  электронды  БАҚ  кафедрасы

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ   ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ертеңгілік  бағдарламалардың  көңіл- күйге  психо-эмоцианалдық  әсері»

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Орындаған:  Қарашаш  Есенбай, 101-топ

                                Ғылыми  жетекшісі: Клара  Қабылғазина 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Жұмыстың  тақырыбы: «Телекомментаторлардың  кәсіби  шеберлігі»

Жұмыстың  гипотезасы:  Еліміздегі  тележурналистика   саласындағы  телекомментаторлардың  рөлі  мен  мүмкіндіктері. Кадрдегі  телекомментатордың  кәсіби  шеберлігі.

Жұмыстың  мақсаты: Телекомментаторлардың  кәсіби  шеберлігін  айшықтап, ғылыми  бағытқа  мейлінше  негіздеу.

Жұмыстың  міндеттері:  Телекомментаторлардың  кәсіби  шеберлігін  айшықтау  мақсатында  жұмысқа  мынадай  міндеттер  жүктелді:

  • Алдымен, телекомментатор  сөзіне   түсінік  беру;
  • Телевизиядағы  телекомментаторлардың  рөлін  анықтау;
  • Телекомментаторлардың  ақпарат  жеткізу  ерекшеліктерін  типтерге  бөліп  қарастыру;
  • Телекомментаторларға  сай  қабілеттерді  зерттеп, топтастыру;
  • Телекомментаторлардың  кәсіби  шеберлігіне  тұжырымдама  беру.

Тақырыптың  өзектілігі: Телевизияны  телекомментаторларсыз  елестету  әрине, мүмкін  емес. Сондықтан, телекомментаторларлың  кәсіби  шеберлігін  зерттеу  болашақ  тележурналисттер  үшін  өзекті  мәселе.

Жұмыстың  ғылыми  жаңалығы:  Телекомментаторлардың  кәсіби  шеберлігінің  шыңдалуына  оларға  тән  6 қабілет  әсерін   тигізеді.

Негізгі  тұжырымдар:Тележурналистканың  бұл  саласының  кәсіби  мсшеберлігі  журналистиканың  білікті  мамандарының  еңбектері  мен  ұтымды  мақалалар  негізінде  тұжырымдалды.

Негізгі  сөздер:

      Журналистика,  телекомментатор,  тележурналистика,  журналистік  зерттеу, диктор, интервьюер, режиссер, автор, БАҚ, тікелей  эфир,  бағдарлама,  жүргізуші,  «сары басылым», кадр, оператор, бағдарлама, тақырып.

 

Кіріспе

Курс  жұмысымның  кіріспесін   мына  бір  қызық  диалогпен  бастағым  келеді:

Оқытушы:-Тележурналистикаға  неге  келдің?

Студент:- Халық  пен  билік  арасына  көпір  орнатқым  келеді, аға!

Оқытушы:- Құрылысшылар  жәй   көпір  салу  үшін  қанша  тонна  цемент,  қанша  арматура   керек  екенін  біледі. Сен  айтқан  көпірді салу  үшін  не  керек?

Студент:-?..

Бұл  өте  заңды  үнсіздік.  Үлкен  идеалдардың  материяға  айналатын  механизмдерін   жас  буын  қайдан  біледі?  Тек  ол  үнсіздік  ары  кетсе  жарты  жылдан  аспауы  керек.  Сонда  ғана  заңды.  Асса,  қазақ  журналистикасының  қасіреттерінен  құралған  шырмау  торға  тағы  бір  шала  тілші  ілінбек.  Сен  алдыңа  ертең «тележурналист  боламын»  деген  үлкен  мақсат  қойдың.                                                                               

              Совет  Масғұтовтың  тұжырымымен  дәлелдейтін  болсақ: телекомментатор-  әрі  диктор,  әрі  режиссер,  әрі  редактор,  әрі  автор. Кең  мағынада  алсақ  комментатор-  әрі  репортер,  әрі  жүргізуші, әрі  интервьер.  Бір  сөзбен  айтқанда, ол  кадрде  жұмыс  істейтін  журналист.  Жасыратыны  жоқ,  қазір  қандай  жетістігіміз  болмасын  қандай  кемшілігімізді   болмасын    айтқанда   Ресейге  сүйенетініміз  белгілі.  Арнаның  жаңалықтарына  қарап-ақ,  оның  жалпы  аяқ   алысы  мен  ұстанған  саясатын,  қаншалықты  өткірлігі  мен   турашылдығын   аңғаруға   болады.  Алайда,  арнаның  өткірлігі  мен  турашылдығын  аңғартатындар  -   телекомментаторлар  болып  табылады.  Телекомментатор  үшін  ең  алдымен  материалындағы  бейне  аса  маңызды.  Ал  ол   бейнені  қалай  түсіру  қажет  екендігі  жөнінде   көп  тележурналисттер  бас  ауырта  бермейді.  «Өйткені,  оны  түсіретін  оператор  бар  емес  пе?», - деп  ойлайды   олар. Бұл,әрине  қате  пікір.  Сенің  жаныңдағы  оператордың  не  түсіргені,  телекомментатор  үшін  өте  маңызды  болуы  шарт!

 

 

 

Телекомментаторлықтың  әдіс-тәсілдері

              Журналистке  жүктелетін  міндет  -  кезең  тынысын  дәл  басып,  уақыттың  жаршысы  болу  ел  өміріндегі  істерге  араласа  отырып, оларды көрермендерге   шыншыл  баламасыз  жеткізу  болып  табылады.  Журналистер  қоғам   өмірінде  маңызды  рөль  атқарады дейміз, яғни  олар  ұлт  мүддесі  үшін   күресте  жүріп  өздерін  айналасындағыларға,  жалпы  халыққа  мойындатулары  қажет  емес пе?  Ал  бұл  оңай  шаруа  емес. Ендеше  бұл  сұрақтарға  жауапты  алаш  көсемі  Әлихан  Бөкейхановтың  ізгі  ойларын  сұрыптап  алдық. Ең  алдымен  мына  пікіріне  құлақ  салайық: «Заманына  қарай  адамы» деген. Бұл  заманда  жылап  мұратқа  жету  аш  түйенің  күйсеуі  болады. Атқыштық  асығы    деген. Талас-тартыс,ақылмен  шешен  сөзбен, көлденең   келген  көк  атты  құлағына  тағарлық  дәлелмен. Жарыс, күрес  байымы  -  бәйге ,  мұның  гүлі  -  хұқ. Хұқ  құрдастығын  алатын  өзге  тіл  жоқ».

          Яғни,  қазіргідей  еліміздің  ақпарат  кеңістңгінде  әр  түрлі  идеологияның   қақтығысы,  мүдделер  қайшылығы  толассыз  жүріп  жатқан  кезде  күресу  керек.  Амалымыз  білім  мен  білік  болу  керек.  Құр  айғаймен  бос  байбаламмен  ештеңе  істей  алмаймыз, талас-тартыс, ақылмен,  шешен  сөзбен,  көлденең  келген  көк  атты  құлағына  тағарлық  дәлелмен   ұпайымызды  түгендеуіміз  керек.

       Әлихан  Бөкейханов  ағамыз  айтқандай  қазіргі   таңдағы  қазақ  журналистерінің   ең  басты  міндеті -  ақылды  сөз  қылмақ, яғни  ел  құлақ  асарлық, ел  ойланарлық  көсемсөзді   қару  ету. Ал  ойлы  сөзді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тарата  отырып, оны  іс  жүзіне  асыра  асыруға  болады, жүйелі  сөзге  елді  ұйытып,  құлақ  асуға   оның  пәрменділігі  мен қауқары   жетсе  журналист   кәсібінің  шынайы  болмысы  сонда  танылады. [1].

     Н.Омашевтың  пікірінше: « Қазіргідей  капитал  мен  олигарх  топтарға  тәуелділігі   арта  түскен  БАҚ-тарда  қызмет  ету, ондағы   журналистерге  ар-ождан   кодексін   сақтай  білу   үлкен  сын  болып  тұр.  Бізге,  қалам  қайраткерлеріне  осылардың  бәрінен  биік  тұратын  ұстаным  керек.  Өткінші   саяси  ойындардың  ықпалынсыз,елшіл ,  отаншыл,  рухта  жазылған  дүниелер  ғана  оқырманға  ұсынылмағы  лазым!» [2].

Совет  Масғұтовтың  тұжырымымен  дәлелдейтін  болсақ: комментатор-  әрі  диктор,  әрі  рижиссер,  әрі  редактор,  әрі  автор. Кең  мағынада  алсақ  комментатор-  әрі  репортер,  әрі  жүргізуші, әрі  интервьер.  Бір  сөзбен  айтқанда, ол  кадрде  жұмыс  істейтін  журналист.  Комментатор  ең  алдымен  сөйленетін  сөзінің  мағынасы  мен  мазмұнына  мән  беруі  қажет.  Көпшілік  алдында   сәтті  сөйлеу  үшін  белгіленген  тақырып  бойынша  кітаптар  мен  әдебиеттерді  оқу,қызықты  ақпараттар  мен  дәлелді  дәйектер  жинастырып  ой  түю  жеткіліксіз.  Жинаған  ақпараттарын  жүйелеп,  орынды  қолдануды  білу  керек.  Комментаторлардың   алдына  қоятын  талаптары:

  • Сөзді  дұрыс  бастау;
  • Басталған  сөзді  дұрыс  сабақтау;
  • Тыңдаушының  назарын  аудару  және  оны  сөз  соңына  дейін  қалыпты  деңгейде  сақтау;
  • Сөзді  дұрыс  аяқтау.

            Журналист  кадрларын  бәсекеге  қабілетті,  бүгінгі  күн  талаптарына  сай  сапалы  етіп  дайындауда  біздің  алдыға   қойған  бірінші  мақсатымыз  -  білікті  маман  даярлау  болып  табылады.  Журналистикаға  телекомментаторлар, білікті  телекомментаторлар  өте  қажет.  Қазіргі  қоғамда  телекомментаторлардың  қозғайтын  тақырыбы  қандай  алуан  болса, көтеретін  жүгі  де  сондайлық  ауыр  болатынында  шек  жоқ.  Іс  тетігін маман  шешеді  деген  сөз  бар. Өмірде  өзін-өзі  дәлелдеген   іскер-  сөз. Журналистика  саласы  адам  табиғатының  жаңалыққа  жаңа  ақпаратқа  құштарлығынан  туындаған.  Адамзат  дамып, заман  өзгере  келе  бұл  сұрақты  қанағаттандыратын  журналистика  саласы  пайда  болды. 

      Телевизияда   мынадай  пікір  қалыптасқан: «Жүз  рет  айтқанша,  бір  рет  қолмен  ұстап  көр  деген  жарнамаша  айтсақ, мына  екі  мысал  жеткілікті.  Ертең  сен  телерепортер  болып  жұмысқа  орналассаң  журналистердің  екі  түріне  кездесесің.  Бір  тілшілер  алдымен  бұрқыратып  мәтін  жазып  тастайды  да,  оператордың  түсіріп  келген  бейнематериалын  артынан  немқұрайлы  қарай  салады.  Екінші  бір  топ  бар. Олар  сөз  жазбас  бұрын  алдымен  қолда  бар  бейнематериалын   жіті  зерттеп  алады.  Бейнеге  қарап  артынан  мәтін  жазады.  Егер  Батыстық  стильде  репортаж  жазғың  келсе,  алдымен  бейнематериалды  қарап  алуға  тура  келеді.  Infotaiment  технологиясының  ең  алғашқы  талабы  осы.

        Егер  Кеңестік   стильде  қала  беремін  десең,  онда  көп  әуреленудің  қажеті  жоқ. Мұнда   бастысы  біздің   бай  тіліміздің   түрлі  иірімдерін,  қалтарыстарын,  кітаптан  оқып  алған  ақылы  сөздеріңді  қосып  құлпырған  қатқан  мәтін  жазып  шығу.  Бірақ  сенің   сол  қатқан  мәтініңді  ауылдағы  қарапайым  көрермен  түсіне  қояр  ма  екен?  Қазіргі  қазақ  журналистикасының    қасіретін   білдіріп  тұрған  ең  үлкен  сұрақ  осы.  Қазір  телекомментаторлардың  журналистік  зерттеу  жанры   қазақстандық  арналарда  да  кеңірек  қанат   жая  бастады.  Ал,  қазақ  журналистикасына  жасқаншақтамай,  ойын   іріктей  ашық  айтатын   жалынды   жастар  легінің   де  қосылып   жатқанын  ескерсек,  бұл  жанрдың  болашағынан   көп  үміт  күтуге  болады.  Ең  бастысы  жастарды  тәрбиелейтін  дұрыс  бағыт  беріп,  жол  сілтейтін   қазақ  журналистикасының   мектебін  қалыптастыру  керек.  Бұл   әлемдік  тәжірибеде   бар.  Логикалық  тұрғыдан  алғанда  да  олардың  алдында  тәрбие    беретін  аға  буын    болмаса  соңғы  бұтақтың  да  қисая  беретіні  сөзсіз. 

     Көп  жағдайда  журналистік  зерттеудің   соңы  сары  түске  еніп,  әлемдік   журналистикадағы  «сары  баспасөзге»  айналып  кетеді.  Ал,  «сары  басылымдар»  мен  сол  секілді   жеңіл-желпі  үстірт  жасалған  материалдардың  соңынан, яғни, сенсация  қуалаған   ақпарат  құралының  ғұмыры   да  ұзақ  болады [3].

Біріншіден: басылымның  немесе  телеарнаның  салмағы  болмайды.

Екіншіден:  сол  жеңіл-желпі   дүниелер   жасап   жүрген  журналистің  де  соншалықты   беделі  болмайды.

Үшіншіден:  және  ең  бастысы  да  әрі  қәуіптісі: осындай  дүниелер  жасап   жүрген  журналисттің  өзі,  аз  уақытта   рухани  «мүгедекке»  айналады.                   Арзан  атақ  пен  жалған  әрі  уақытша   беделді  малданып  қалмау  керек.  Шын   журналист  шынайы  ақпарат  іздеп,  ақиқатқа  көз  жеткізуге   ұмтылу  арқылы  ғана   шыңдалады.  Өкінішке  орай,  біздің  қоғамда   журналистке  ондай  жағдай  жасалынбаған. Әрине,  ондай  мүмкіндікті  ешкім  жасап  бермейтіні  де  рас.  Журналист  өзі  іздену   арқылы  сол  нәтижегелерге  қол  жеткізуі  тиіс. Алайда,  жалпы   шығармашылық  адамдардың  жұмыс  істеуіне  кедергі  көп, ол  билік   тарапынан  болса  да,  тіпті  арна  басшыларының  ұстанған  саясаты   жағынан  болса да.  Міне,   осылардың   бәрі  журналисті  амал   жоқ   биліктің  өзі   жасап  қойған  қалыпқа  түсуіне, сол  шеңберде  ғана   жұмыс  істеуіне  мәжбүрлейді.[4].

Телекомментаторлар  үшін  маңызды  қағидалар:

  1. Бағдарлама  көрермені  үшін  маңызы. Алдымен  ақпараттың  не  екенін   еске  түсіріңіз.  Ол  білуді  қажет   ететін,  көрерменнің  білуі  тиіс,  оны  қызықтыратын  дүние.  Белгілі  бір  жаңалықтың  көрермендер  үшін  маңызы  да  әр  түрлі.
  2. Тақырып. Бағдарлама  ішінде  тақырыптық  жағынан  бір-бірінен  жақын  сюжеттерден(медицина,қаржы,және  т.б.)  тұратын  блоктар  құрылады.

Мысалы  сіздің  қолыңызда  төмендегідей  материалдар  бар:

  • Доллор  бағамының  төмендеуі;
  • Жүрекке  операция  жасауға  қажетті  жаңа  аппарат  сатып  алу;
  • Мұғалімдердің жалақысын  өсіру;
  • Мектепке  жаңа  пәндер  енгізу;
  • Астыртын  наубайхананы  жабу;
  • Ипотекалық  несиенің  пайыздық   мөлшерлемесін  төмендету

Блок  тақырыбы

Материалдарды ретімен  орналастыру үлгісі

қаржы

Ипотекалық  несиенің  пайыздық   мөлшерлемесін  төмендету

 Доллор  бағамының  төмендеуі;

білім

Мұғалімдердің жалақысын  өсіру;

Мектепке  жаңа  пәндер  енгізу;

денсаулық

Астыртын  наубайхананы  жабу

Жүрекке  операция  жасауға  қажетті  жаңа  аппарат  сатып  алу;


 

  1. Мағыналық  жағынан  байланыстыру(көпір). Енді  тақырып  жағынан  бір-бірімен  байланысы  жоқ,  бірақ  белгілі  бір  оқиғалары  ұқсас  келетін  материалдар  қатар  орналастырылады. Мәселен: ҰБТ  кодтарын ұрлауға  қатысты  дау  мен  жемқор   шенеунікті  тұтқындау  жөніндегі  материал.
  2. Араластыру  және  эмоция.  Бір-біріне  байланысы  жоқ  материалдарды  да  қатар  қоюға  болады.  Оларды  эмоциялық  бояуына   қарай  орналастыруға  болады.  Мәселен, құрылыс  қожайындарының  салғырттығынан   қаза  болған  құрылысшы  жайындағы  материал  мен  балаға  шұғыл  операция  жасау  үшін  ақша  жинап  жатқан  адамдар  туралы    сюжетті   алайық.  Мынаған  назар  аударыңыз: жағымды   сюжеттен  кейін  адамның еңсесін  түсіріп  жіберетін  материал  жіберілсе  алдыңғысы  қалыптастырған  көңіл-күй  жойлады. 
  3. Бейнекадрлер.Телевизия- бұл  сурет,бейне, картина. Бірақ,  барлық  материалдардың  бәрінің  бірдей  картинасы  тамаша  болуы  мүмкін  емес.  Егер  сіздің  қолыңыздағы  маңызды   материалдың  бейнекадрлық  жағы  нашар  болса, оның  қасына  бейнекартинаны   тартымды  сюжет   қойған  дұрыс.

Информация о работе Ертеңгілік бағдарламалардың көңіл- күйге психо-эмоцианалдық әсері