Білім алу жолы ауыр жол

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2014 в 10:25, доклад

Краткое описание

Бүгінгі фоторепортажды Қытайдың Генгуан ауылының мектептері жайлы болмақ. Көріп отырғандай Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында Бицзедегі мектептеріне балалардың қалай баратыны. Күнделікті жолдың қиындығына қарамастан білім алуға деген құштарлықтары адамды таңғалдырады. Банпо бастауыш мектебі таудың жоғары жағында орналасқан. Оған бару үшін жерасты өткелдері мен құзды жолдарды кесіп өту керек. 40 жыл бұрын пайда болған бұл жол өте тар. Бірақ бұл жолдан бөлек қауіпсіз айналма жол да бар. Алайда ол 2 сағатыңызды алады. 49 оқушының ата-анасы сенім артқан жолсеріктер, балалардың мектепке жетуіне көмектеседі. Дана қазағымыз "Білім алу инемен құдық қазғандай " деп айтқаны тектен тегін емес. Сондай-ақ бұл суретке қарасаңыз мұсылман қыздардыңда басына орамал тағып мектепке кетіп бара жатқанын көресіз. Бұлда кім-кімді де қуантарлық жәйт.

Прикрепленные файлы: 1 файл