Сараптамалық бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 18:49, реферат

Краткое описание

Стандартизаци, сертификация және метрологияның халықтық жүесінің артта қалуы, ішкі және сыртқы рынокта ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманға сай бәсекелестік шартында, отандық өндірістер бастан кешетін қиындықтарды тудырады. Аз уақыт аралығындағы стандартизация, сертификация және метрология саласын жетілдіру бойынша тым жауапкершілікті болады және онымен бірге отандық өнеркәсіп мекемелерінің тәжрібиелерінде аса көрінерлік оңтайлы өсуге жетті.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................
I Теориялық бөлім
1.1 Қ.Р-да метрологияның даму тарихы...........................................................
1.2 Қ.Р-да өлшем бірлік қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі..................
1.3 Физикалық шамаларды өлшеу.Өлшеулердің жіктелуі..............................
1.4 Өлшеу түрлерінің сипаттамасы...................................................................
II Сараптамалық бөлім
2.1 Өлшеулерді орындау әдістемелерін әзірлеу тәртібі....................................
2.2 Өлшеуді орныдау әдістемесі,оларды өңдеу.................................................
2.3 Тапсырма бойынша өлшеулерді қолдана отырып тапсырмаларды шешу және мысал келтіру.............................................................................................
2.4 Өлшеу нәтижелерін өңдеу............................................................................
Қорытынды..........................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 41.68 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................................

I Теориялық бөлім

1.1 Қ.Р-да метрологияның даму тарихы...........................................................

1.2 Қ.Р-да  өлшем бірлік қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі..................

1.3 Физикалық шамаларды өлшеу.Өлшеулердің жіктелуі..............................

1.4 Өлшеу түрлерінің сипаттамасы...................................................................          

II Сараптамалық бөлім

2.1 Өлшеулерді орындау  әдістемелерін әзірлеу тәртібі....................................

2.2 Өлшеуді орныдау әдістемесі,оларды  өңдеу.................................................

2.3 Тапсырма бойынша өлшеулерді  қолдана отырып тапсырмаларды шешу және мысал келтіру.............................................................................................

2.4 Өлшеу нәтижелерін өңдеу............................................................................

Қорытынды..........................................................................................................

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Кіріспе 

Қазақстан Республикасындағы эканомиканың тұрақсыздығы, саяси факторлар мен эканомикалық рыноктың қалыптасу жолындағы мемлекет қозғалуының қиын процессі, стандартизация, сертификация және метрология саласының жұмысына әсер етті. Халықаралық эканомикалық қатынастар мен әлемдік шаруашылықтың тең құқықты қатысуышы болуы үшін, әлемдік тенденциялар мен жетістіктерді есепке ала отырып, мемлекеттік эканомиканы жетілдіру керек. 
 
Стандартизаци, сертификация және метрологияның халықтық жүесінің артта қалуы, ішкі және сыртқы рынокта ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманға сай бәсекелестік шартында, отандық өндірістер бастан кешетін қиындықтарды тудырады. Аз уақыт аралығындағы стандартизация, сертификация және метрология саласын жетілдіру бойынша тым жауапкершілікті болады және онымен бірге отандық өнеркәсіп мекемелерінің тәжрібиелерінде аса көрінерлік оңтайлы өсуге жетті.  
 
Стандартизация, сертификация және метрология бойынша жаңа концепцияның қабылдануы, Қазақстанның ВТО-ға кіру мүмкіндігін одан әрі жақындатады. Стандартизация, сертификация және метрология бойынша ережелер мен аспектілердің негізін өзгертуі, осы шарттардың негізгі түбегейлі құқықтық өзгерістерді анықтайды. 
 
Жетілдіру процессі шексіз. Мемлекетте TQM (Total Quality Management) мәселесі шешілмей, көкжиекте әлуіметтік-этикалық сипаты бар критерийді орнататын SA – 80002 халықаралық стандарты пайда болды. 
 
Стандартизация, сертификация және метрология бойынша кейбір актуальды салалар, ұйымдастыру жоспары және құқықтық жағынан едәуір алға жылжып, мемлекетіміздің эканомикасына да әсерін тигізді. 
 
Қазақстан Республикасының эканомикалық рынокка өтуі, ішкі және сыртқы рыноктағы ұйымдар мен өндірістер, отандық фирмалары үшін жаңа талаптарды анықтайды. 
 
Әртүрлі бағыт пен деңгей бойынша халықаралық келісім шартпен құпталған Халықаралық қызметтестік нормалардың халықтық және халықаралық ережелердің гармонизациялауын талап етеді. Бұндай түрдегі стандартизация, сертификация және метрология, жоспарлы эканомиканың жаңа жұмыс шарттарына сәйкес келмей, Ресейдің мәдени эканомикаға интеграция мүмкіндігін тежейді. Біздің мемлекетімізде жоспарланған ГАТГ/ВТО-ға кіру шарты осыған жарқын мысал болып табылады. 
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы», «Стандартизация туралы», «Өнім мен қызметті сертификациялау туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңдары, эканомика саласының  
әрекеттері үшін маңызды, осы ұйымдастыруға жаңалықтар еңгізу үшін қажетті құқықтық базасын құрады. 
 
Шет елдерінің механикалық тәжрібиесін біздің отандық шарттарымызға ауыстырып алуға болмайды, бірақ біздің мамандарымыз олар туралы хабарда болуы керек, себебі қажетті деңгейде елімізбен шет елдерінде жүзеге асыруды, қызмет көрсетуді және өнім өндіруге көмектесетін жаңа прогрессивті шешімдерді қабылдауға көмектеседі. 
 
Стандартизация және сертификация жұмыстарды жүргізудің негізі - өлшем дәлдігі мен бірлігін қамтамасыз ететін метрология болып табылады. 
 
Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң, құқықтық-эканомикалық және ұйымдастыру негіздерін орнатады, метрология саласында мемлекеттік басқару органдар мен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы, метрологиялық ызмет саласындағы қатынастарды реттейді және ол азаматтармен Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін өлшеулердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғауға бағытталған. 
 
Курстық жұмыстың мақсаты метрология саласындағы заң шығарушы базаны талдап, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің (МӨЖ) қазіргі күйі мен оның әр түрлі даму жолдарын қарастыру болып табылады. 

 

    1. Қ.Р-да метрологияның даму тарихы

          Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады. 
     1925 жылы Семипалатинск бөлімінің аты Өздік жеке салыстырып тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары жататын. Қазақстанның қалған териториясы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне жататын (Саратов, Оренбург және Орта Азия өлшем және таразы палаталары) . 
   1929 жылы 1 қазанда Семипалатинсктін өлшем және таразы палатасының аты Қазақстанның аймақтық өлшем және таразы салыстырып тестеру палатасына өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарған. 
Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі. 
Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар: таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған. 
Қазақстандағы өндіріс пен мәдени-эканомикалық өмірдің дамуы, салыстырып тексеру органдардың санының өсуі мен приборлардың тексеру номенклатурасының кеңеюіне әкелді. 
1931 жылы Қазақстанның Аймақты салыстырып тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақты стандартизация палатасына ауыстырылды. Аймақты бюроға метрология мен стандартизацияның қолдану маштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылықтың барлық салаларындағы сапа мен өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды. 
1933 жылы Қазақстанның аймақты стандартизация бюросының аты Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразының өкілетті басқару орталығының басқармасына ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті басқару комитетіне ауыстырылды. 
Басқару құрлымы орталық аппараттан және өлшеу құралдары мен өлшем істері бойынша 14 облыстан құралады. Жұмысшылардың саны облысты қоса отырып 129 адам болған. 
Соғыс жылдарынан кейін халық шаруашылығы қалпына келіп, өлшеу құралдарының парк сандары көбейді. 
1995 жылы бірінші разрядты иеленген Алма-Аты мемлекеттік қадағалау лабараториясы ұйымдастырылған, кейін оның аты Республиканың мемлекеттік қадағалау лабараториясына (РМҚЛ) өзгертілді. 
Қазақстанда метрологияның қарқынды дамуы 60-шы жылдарда басталды. Осы жылдарда жабдықтандыру жағынан көрсеткіш құралдар мен көмекші құралдарға сәйкес келетін 2-ші, 3-ші разрядты, облыстық лабараторияның қарқынды құрылысы басталды. 
    Алма-Атының мемлекетік қадағалау лабараториясында, механикалық, бұрышты-сызықтық, теплотехникалық, электрлік өлшеу түрлері бойынша спекторіне кіретін салыстырып тексеру бөлімі құрылды. 
   1971 жылы ақпан айында КСРО-ң Қазақтың республикалық мемлекеттік стандарт басқармасы құрылады. Басқару функциясын анықтайтын жаңа жағдай еңгізіледі. Жаңа жағдаймен бірге жаңа мақсаттар мен міндеттер анықталып, стандартизация және метрология саласындағы КСРО-ң мемлекеттік стандарт құқығы кеңейеді. 
    КСРО-ң Мемстандарттың негізгі мақсаттарының бірі, мемлекеттегі стандартизация мен метрология жүйесін жасап, негізгі даму бағыттарын анықтау, өнімнің сапасы мен өндірудің техникалық деңгейінің

жоғарлауының тиімді амалдары ретінді стандартизация мен метрологияның қолдану маштабтарын кеңейту және оның жұмысының эксплуатациясы мен өндірудің шығынын азайту болып табылады. 
    70-ші жылдарда Алма-Атыда физикалық шама бірліктерді сақтап қайталауға, оларды эталоннан өлшеу құралдарының корсеткіштеріне және салыстырып тексеру сызбаларына сәйкес, жұмысшы өлшеу құралдарына беруге арналған арнайы мекемені салу жоспарланды. 
    1974 жылы құрлыстың аяқталуы мен мекемелерді салыстырып тексеру құрылғылармен қамтамасыз етуден кейін, аккустикалық өлшеу құралдарын салыстырып тексеру бойынша, жоғары қуатты өлшеу құралдары бойынша, селкілдеу (вибрация) мен жылдамдық бойынша, жоғарғы және төмен темпиратура бойынша, қысым мен 100 мыңға дейін баратын күш және жоғарғы жиілік бойынша жаңа лабараторияларды құрды. Бұндай салыстырып тексерулер Қазақстанның өндірістері мен ұжымдардын ғана емес, сондай-ақ Орта Азия мен Батыс Сібір мемлекеттерді де қамтамасыз етеді [10,130]. 
1972 жылы Қапчағай қаласында радиоциондық қадағалау құрылғыларын салыстырып тексеру бойынша лабаратория құрылды. Бұл лабаратория көрсеткіші ерекше құрылғылармен қамтамасыз етіліп, изатоптарды сақтауға барлық мүмкіндікті жасап, альфа - , бетта - , гамма – сәулеленудің энергиясы бойынша өлшеу құралдарының толық диапазонын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді. 
      1996 жылға дейін ол дозиметриялық және радиометриялық аппараттарын мемлекеттік салыстырып тексеруді қамтамасыз ететін жалғыз лабаратория болған.70-шы жылдардың басында Өскемен, Целиноград, Шымкент, Жамдыл қалаларында лабараториялар құрылды. Олар 2-ші, 3-ші разрядтары бойынша салыстырып тексерудің ең жаңа құрылғыларымен қамтамасз етілді. 
1975 жылы өлшеу техникасы мен стандарттар бойынша Қазақ республикасының тарту қадағалау лабараториясы Қазақ республикасының стандартизация мен метралогия орталығы негізінде (ҚазРСМО) қайта құрылды, ол өнім өндіру мен жасауды метрологиялық қамтамасыз етудің күйі мен шығарылатын өнімнің сапасының стандарттары мен еңгізулерді сақтап, мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға міндетті.  
1971 жылы Қазақ КСМ мен бүкіл КСРО республикасында өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қадағалаудан өлшем бірлігін қамтамаыз етуге өтуіне байланысты үлкен жұмыс істелді. 
Республикадағы өндірістермен шығарылатын және жасалынатын өлшеу құралдары мемлекеттік сынаудан өткізіледі, өндірістің бірлік өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды ұйымдастырады, өлшеуді орындау бойынша аттестациялаудың методикасын жасау жұмыстары басталады. Осындай жұмыстар халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы өлшем күйлерінің анализін өткізуге түрткі болды. 
1977 жылы КСРО-ң Мемстандарт тапсырысы бойынша Алма-Атының стандартизация және метрология орталығында (АСМО) түсті металдарға арналған мемлекеттік стандарт үлгілері (МСҮ) жасалды. Барлық Кеңестердің Сверловск филиалының метрологиялық ғылыми-зерттеу институтында МСҮ үшін арнайы техникалық құрылғы жасалды. МСҮ-ң реестрдің 35 түрі Орталықпен жасалып жүргізілді және МСҮ-ң 9000 данасы жасалынды [10,135]. 
Республикада 8 млн. астам өлшеу құралдарының эксплуатациясы болды. Осындай метрологиялық қамтамасыз ету үшін Басты стандарт үлгілерінің орталығы мен Басты мемлекет эталондар орталығының АСМО базасы негізінде эталондық база құрылды. Республика 17 жұмыс эталондағы 13 мың жоғарғы сапалы өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен (ӨҚК), соның ішінде 1-ші разрядтың бастапқы 500-ден, 2-ші разрядтың 700-ден астамымен қамтамасыз етілді. 
1992 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, бұрынғы КСРО мен барлық қатынастарын үзіп, Мемстандарттың жүесі мен республиканың эканомика құрлымында едәуір өзгерістер бола бастады. 
    Республиканың Мемстандарт алдында қиын жағдайлар қалыптасты, олардың негізгілері республикада қол жеткен өлшеу деңгейін сақтап, Қазақстанның мемлекеттік эталондар базасын құрып жасау, халықаралық талаптарға сай келетін нормативтік құжаттарды дамыту болып табылады.Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін 1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкімімен «Өлшем бірлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданады, ол метрологиялық инфрақұрлымның басқармасының заңды принціптері мен қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік берді.Республика үкімімен «Өлшем бірлігінін мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» қабылданды, одан өлшеу деңгейінің көтерілуін тосқан.

       1994 жылы  Қазақстан Республикасы Халықаралық  заң шығарушы метрология ұйымына  тең құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесі  болып және ТМД мемлекеттері  «Стандартизация, метрология және  сертификация саласында келісілген  саясатты жүргізу» туралы келісім  шартқа қол қойды 

       Республикадағы  метрологиялық қызмет 2000 жылы 7 маусымда  метрологиялық қызметтердің атқару  талаптарымен, нормаларын анықтайтын  метрологиялық нормативті қжаттар  мен ҚР Үкіметінің қаулысымен  қабылданған ҚР «Өлшем бірлігін  қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес жүргізілді.

      2007 жылдың 2 қарашасында Австралияның Сидней  қаласында өткен Азия –Тынықмұхиттық  Бас Ассамблеяның (АРМР) метрологиялық  ұйымның 23 мәжілісінде ҚР-нан «ҚазМетрИн»  РМК АРМР-дың ассоциацияланған  мүшесі ретінде қабылданды.

 

1.2  Қ.Р-да  өлшем  бірлік қамтамасыз етудің мемлекеттік  жүйесі. http://kze.docdat.com

      Өлшем бірлігі – бұл берілген ықтималдықтың бекітілген шекарасында орналасқан өлшеу қателігі және өлшеу нәтижесі мен шама бірлігінің заңды түрде берілуді сипаттайтын өлшем күйін айтамыз. 
Яғни бұл өлшем бірлігін қайталап өткізуге қажетті орындалатын көп түрлі өлшемдердің барлық нәтижелерін, олар талап еткен дәлдіктін кепілі мен оның нақтылығымен қабаттас жүреді. 
      Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз – заңды актілерге сәйкес өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер [9,111]. 
     Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының эканомикасы мен халықтың құқықтарын дұрыс емес нәтижелер салдарынан сақтау болып табылады (Қазақстан Республикасының 4-ші бабының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының формулировкасы туралы ойлансақ, ол салдардан емес, ол дұрыс емес нәтижелерінен сақтау). 
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттары (1 Қосымша): 

  • ғылыми жұмыстар мен іргелі зерттеулер кезіндегі өлшемдердің дұрыстығы
  • материалды және энергетикалық ресурстар есебінің дұрыстығы;
  • қоршаған ортаны қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін қадағалау, диагностика мен ауруларды емдеу кездегі өлшеу нәтижелерінің дұрыстығы.
  • қызмет пен процесстердің, мемлекеттік және импорттық өнім сапасының қауіпсіздігі;

     ӨБҚ – заттардың құрамы мен қасиеттері, табиғи құбылыстардың қасиеттері, қоршаған ортаның күйі мен адам денсаулығын қорғау, хабарласу құрылғылары  мен көлік жұмыстарының сапасы туралы, өлшеудің дұрыс мәлімет алудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының эканомикасы мен халықтың құқығын дұрыс емес өлшеу нәтижелерінің салдарынан қорғау кепілі болып табылады. 
     Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамтамасыз ету жүесі (ҚР МӨЖ) бұл – Қазақстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілер, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерінің мемлекеттік басқару жүесі. 
     Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттер және мемлекеттік басқару жүесін құру мен еңгізу үшін салмақты алғышарттар болды: 

  • біріншіден, өлшеу адам әрекетімен жасалған жаппай өнім болып табылады, және де еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қадағалау, өнім қауіпсіздігі мен сапасын қадағалау, материалдық және энергетикалық құндылық ресурстарының есебі, ауруларды емдеу диагностикасы және т.б. қадағалау шарттары негізінде жыл сайын оларға деген сұраным өседі;
  • екіншіден, өлшем адам әрекетінің ең негізгісі болып табылады, және оның сапасының талаптары (яғни дәлдікті) үздіксіз өсіп отырады;
  • үшіншіден, халықаралық ынтымақтастықтың дамуы (сату, ғарышты танып білу жөнінде бағдарламаларды бірігіп зерттеу, медицина саласы, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара сенімділікті талап етеді.

    Өлшеу мәліметтерінің дұрыстығы мен нақтылығын жоғарлату мәселесін метрология шешуі керек, және халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылатын оның нәтижелерінің шешімі, мемлекеттік шешу мәселелерінің біріншісі болып қалады. 
    «Өлшеудің мәліметі» ұғымы – техникалық құралдарды қолдануымен, тәжіребиелі жолмен алынған құбылыстардың, процесстердің, өнімдердің, бұйымдардың, материалдар қасиеттерінің өлшемдік сипаттамасы туралы кез-келген мәліметті қамтиды. 
    Өлшеу жолымен алынған мәлімет, халық шаруашылығының барлық дерлік басқару органдарының әрекетіне негізделген. Бірақ бұл өлшем бірлігінің шарты кезіндегі өлшеу мәліметі (өлшеу нәтижесі) оның дәлдік көрсеткіш мәнінің бағалауы мен бекітілген бірлік түрінде берілсе ғана мүмкін [10,152]. 
Осының нәтижесінде өлшеу мәліметінің анықтау, қамтамасыз ету бірдейлігі мен дұрыстығына бағытталған метрологиялық әрекет өлшем бірлігін қамтамасыз ету ретінде анықталады. 
     Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесін еңгізер алдында ҚР метрологтары өзінің әрекеттерін өлшеу құралдары мен өлшемнің бірдейлігін қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылған, яғни олар нормаларға сәйкес келетін, мемлекетте бекітілген бірліктер мен олардың метрологиялық сипаттамаларда барлық градуировканы иеленуді қадағалайды. 
     ҚР МӨЖ-ні жасау мен еңгізу, метрология дамуындағы жаңа негізгі деңгейлер әкелуді болжады. Осылай алғаш рет салаға заңды түрде өлшеу нәтижелері мен метрологиялық қызмет процессінің әрекеті қосылып, оның өлшем бірлігін қамтамасыз ету негізінде өлшеу құралдары мен өлшемнің бірдейлігін қамтамасыз етудің мәні мен мақсаты өзгертіледі. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мәніне, құрама бөлігі ретінде, өлшеу құралдары мен өлшеудің бірдейлігін қамтамасыз ету кіреді. 
     Өлшем бірлігін қолдауына бағытталған, талаптар мен нормалардың ережелерін бекіткен, нормативтік құжаттардың комплексі ретінде, өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүесі (МӨЖ), мемлекетте 1966 жылы КСРО-ң стандартизация және метрология жөніндегі комитетпен қабылданады, ал 1971 жылы өлшемді орындау методикасының метрологиялық аттестацияны, өлшеу құралдарының мемлекеттік және ведомстволық тексеру мен өлшеу құралдарының мемлекеттік сынауды өткізу тәртібі мен ұйымдастыруды анықтайтын МӨЖ нормативтік құжаттар қатары шықты. Бірақ МӨЖ нормативтік құжаттар ретінде қазіргі заманға сай метрологиялық әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етпейді. 
Сондықтан қазіргі кезде МӨЖ-ні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерін басқарып, оның нәтижесі берілген ықтималдықта, белгіленген шекарасынан шықпайтын өлшемнің қателігі мен заңды өлшем бірлігі күйіндегі мемлекеттік жүесі деп түсінеді. 
ҚР МӨЖ-сі өлшем бірлігін қамтамасыз ету негізінде субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлері өзінде қамтитын бағынышты жүені құрастыруды қарастырды. Мысалға ҚР МӨЖ жүесіндегі ҚР Ст 2.11 сәйкес Қазақстан Республикасындағы бағынышты жүесіне калибрлеу жүесі орнатылған [10,159]. 
      ҚР МӨЖ объектілері мен құрлымы 2 Қосымшада көрсетілген. ҚР МӨЖ-ң негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін, нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау болып табылады. 
     ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады (3 Қосымша): 
шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру;

Информация о работе Сараптамалық бөлім