Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2015 в 07:48, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Журналистік қызметтің жемісті болуы журналистің құқтық және этикалық қағидаларды жақсы білуіне тікелей байланысты. Заңды және журналистік әдеп пен тәртіптің қалтарыс-бұлтарыстарын жете білмеуі қалам қайраткерінің адымын аштырмайды, кейде өкінішті қателіктерге ұшыратады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығы журналистің бүкіл қызметінің іргетасы, ұстанар құбылысы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3

Ι ТАРАУ. Құқықты журналистика
Журналистикадағы құқықты журналистиканың қалыптасуы.................. 9
1.2 Журналистик этиканың құқтық негіздері....... 19


ΙΙ ТАРАУ. Құқықты журналистика және сот ісі
2.1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң және журналистің құқығы...................................................................................................... 36

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқықтық журналистика ДИПЛОМ.docx

— 125.50 Кб (Скачать документ)

          Газет жарнамасының негізгі құралы  — сөз. Сөз құдіретімен белгілі  бір тауар немесе қызмет көрсету  түрі суреттеледі, оқырман санасына  жетеді. Газет жарнамасындағы сөздің  басты міндеті оқырман назарын  өзіне аудару, қызығушылығын тудырып, ойына әсер ету.

         Жарнама стилі көпқырлы болып  келеді. Өйткені, тұтынушыға өз қызметі  не тауарын мүдделі жарнама  берушілер үшін қатып қалған  жарнама жасаудың заңы жоқ. Оларда  толық шығармашылық еркіндік  бар.

         Ал, жарнамада көп кездесетін стилистикалық қателер сөзді дұрыс қолданбау, лексикалық бірлікті бұзу, сөйлемнің құрылмауы себептерінен туындайды. Жарнама мәтінін жазғанда автор ең алдымен, сөздердің орындылығын, сөйлемнің синтаксистік тұтастығына басты назар аударуы шарт. Осы тұста К.Федин: «Сөздің дәлдігі - стиль ғана емес, пікірдің басты талабы  деп атап өтеді (Федин К. Писатель, искусство, время. М., 1961) Өкінішке орай, мұндай талаптар көп жағдайда орындала бермейді. Мысалы, «Әсем-ай» компаниясының минерал суы зауыты әзірлеген Сарыағаш шипалы суы ыдысына (бөтелкесіне) жапсырылған қағазында (этикеткасында) мынадай жазулар бар: Сары Ағаш 1956 Асем-ай Сапа кепілдігіне 5 жыл!

         Осындағы елімізге кеңінен танымал болған атақты Сарыағаш курортының атына байланысты шығарылған емдік қасиеті мол Сарыағаш минерал суы неліктен «Сары Ағаш» болып жазылған? Сарыағаш минерал суы халыққа арнап шығарылатындықтан, сөздерінде қате болмауы тиіс. Сондай-ақ, қазақ «әсем» дейтін әдемі сөзді ешуақытта «Асем» деп айтпаған (Түркістан, - 2003. 6 ақпан.  Шымкент өнімдеріндегі шылықтар мен былықтар). Қандай жарнама болмасын ол тұтынушыға арналады. Ал, тұтынушы дегеніміз бұл - халық. Сондықтан да, жарнаманың сәтті болуы мәтінінің сауатты жазылуына да байланысты. Жарнама саласында қызмет атқаратын журналист тіл маманы болуға тиіс. Жоғары тіл мәдениеті белгілі бір ой білдіру үшін әрбір сөзді үнемді, нақты әрі орынды етіп қолдануы қажет. Яғни, белгілі бір ой, пікір айту үшін әрбір сөзді салмақтап, саралап, зерттеп, оған өзі түңіліп, көңілі толып, содан кейін барып жазуы тиіс. Жоғары тіл мәдениеті әрқашан лексикалық варианттар мен грамматикалық ережелерді дұрыс сақтауға көмек береді. Сөйлеу мәдениеті мен тіл шеберлігін меңгеру үшін әдеби тілді міндетті түрде білу қажет. Әдеби тіл нормасы деп пікір, ой айтуға жеңіл, қолайлы әдіс-тәсіл айтылады. Осы норманың бұзылуы жарнама тиімділігін кемітетін тілдік қателер тудырады. Жарнаманың көп жерлерінде тұрақты сөз тіркесінің бұзылуынан пайда болған тілдік қателер де кездеседі. Осы ретте публицист А. Смаил: «Ең алдымен, қате жарнамалардың жіберілмеуіне, ілінбеуіне әкімдіктер мен тіл басқармалары жауап  беру керек. Үлкен калаларда, облыс орталықтарында кайта-қайта қате жарнамалардың ілініп жатуы әкімдіктегілердің өз міндеттерің дұрыс атқара алмай отырғандығынан. «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңда да жарнама мәтінін сауатты жазу мәселесі қарастырылған. Тек грамматикалык қателер ғана емес, рухани қателерді жібермеу мәселесі де назардан тыс калмаған. Жарнамада жіберілген қателер үшін заңда тиісті жауапкершілікке тартудың жолдары да көрсетілген. Негізінен, жарнамамен айналысатындар қазақша сауатсыз. Әсіресе, тарихи тұлғаларға қатысты атаулар, қазақтың байырғы сөздері өрескел атемен жазылады. Сондай-ақ, жер-жердегі дүкен, мейрамханалар  секілді мекемелердің атауларын да Тіл басқармасы қадағалауы керек», - деп атап өтеді (Алаш айнасы. 2010.31 шілде. А. Сенбаева. Тиісті заңдар бола тұра, қазақ тіліндегі қате жарнамалардың жойылмай отыруының сыры неде?).

Шынында да мұндай қателерге бой алдырмау үшін мәтіннің тек грамматнкалық жағына ғана назар аудармай, әр жеке сөздің басқа сөздермен байланысын да тексеріп отыру қажет. Көп жағдайда лексикалық тұтастық пен сөйлем бірлігіне назар аударылады. Ал, сөйлемнің синтаксистік құрылымынан қате кетсе, тіпті ақпарат, айтылар ой мағынасы өзгеріп кетуі де мүмкін. Жарнама тілінің кемшіл тұстары, стилистикалық қателер көп қырлы. Олар жарнаманың ақпараттылығы мен әсерін төмендетіп, оқырман қабылдауына кедергі келтіріп, тіпті кері әсерін туғызуы ықтимал. Дұрыс, орынды, анық сөз — жарты табыс. Егер журналист стилистикалық құралдарды жарнаманың өзіндік табиғатына сай дұрыс қолдана білсе, оның тиімділігі әлдеқайда жоғары болмақ.

           Жарнама мысалы көп. Бір мысал: «Егер спортшы жетістікке жетем десе, жақсы спорттық формасында болуы керек» (Спорт киімдері сататын дүкен жарнамасы). Кейде аударма сөздер де ұтымды қолданылуы мүмкін. Мысалы, «кофе» араб тілінен аударғанда «адамға нәр беретін», «шаршағанда дем алдыратын» деген мағына береді. Шынында да, бұл хош иісті сусын жаныңызды сергітіп, көңіл-күйіңізді жақсартады (Белгілі бір марқалы кофенің жарнамасы).

         Журналист Кәмшат Тасболатованың «Айқын апта» газетіндегі «Көзқарас» айдарында жарық көрген «Жынойнақтың ордасы немесе Ресей прокуратурасының қаһарына үшыраған «Дом- 2» Қазақстанда неге кадағаланбайды?» (18-қыркүйек, 2008)мақаласында: «Елімізде сол баяғы ұлттық идеологияның жоқтығынан отандық БАҚ-тар эфир уақытын толтыру үшін ресейдің қалған-құтқан бағдарламаларын қазақ көрермендеріне тықпалаумен келеді. Отандық БАҚ-тарда «нені көрсетуге болады, нені көрсетуге болмайды» дегендей ортақ ұстаным жоқ. Содан болар, елімізде шетелдік телеарналар көрсетілімінің ретрансляциясы 20 пайызға дейін қысқартылса да, 70 жыл бойы орыстың телевидениесіне тәуелді болып келген кейбір арна басшылары әлі де «бұл тәуелділіктен» қол үзгісі жоқ», - деген шынайы пікір білдірсді. Шынында да, ресейлік «Дом-2» бағдарламасындағы жастардың іс-әрекеті біздің менталитетімізге сай келмейді. Релитишоуға қатысушы ұл-қыздардың аузынан шығатын былапыт сөздер мен бір-бірімен жанжалдасып жататындары сорақы дүние екені даусыз.

         «Дом-2» бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» заңын өрескел бұзуда. Аталмыш Заңның 13-бабына сәйкес: «Темекі және темекі бұйымдарын, алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында жарнамалауға тыйым салынады». Ал бұл бағдарламада неше түрлі темекіні шегіп, ашық түрде жарнамалайды. Бұл - біздің қазақы салтымыз бен мұсылмандық ұстанымымызға қарсы келетін, еш үлгі бермейтін әрекет.

           Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 3-тарау, 14-бабына көз жүгіртсек, елімізде алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынған болатын. Сондай-ақ, темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады. Мұнымен мәселе шешіліп кеткен жоқ. Бірақ, қазір көше бойы мен теледидардан бұрынғыдай спирттік ішімдік пен темекі өнімдеріне қатысты Қаптаған жарнамалар легін байқамаймыз. Есесіне, кейбір ілініп тұрған спирттік ішімдіктердің жарнамаларының тұсына «алкогольсіз» немесе «табиғи ауыз суы деп» жазып, жымиған қызыл киімді славян қызының бейнесімен қоса іліп қояды. Егер тағы сол Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына сүйенетін болсақ, 7-баптың 14-тармақшасында жалған жарнамаға арналады. Яғни, жарнама берушінің өз жарнамасын ақылмен зерделей отырып, жарнама тұтынушысын алдап, адастыратындай мақсатта пайдаланса, ол жарнама жалған болып есептеледі. Бұл жарнама қатарына жатқызылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Баспасөз бостандығы – халықтың бостандығы деген сөз. Сондықтан да ақпаратты ел ішінде, сондай-ақ мемлекеттік шекаралар арқылы шетке бөгетсіз таратуды көздейтін принциптер елдегі демократиялық институттарды дамытуға және қорғауға мүдделі барлық күштердің қолдауына ие болуға тиісті. Өйткені, теледидар, газет ең күшті насихат құралы.  Жалпы – журналистика халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Журналистиканың халыққа қызмет етуі – сол халықтың нақты қажеттерін өтеу үшін, оны прогерске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. 

Баспасөз күн сайын жаңарып, толығып отыратын қоғамдық сананың белсенді түрі. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдары туралы бүгін қабылданған заң, тәртіп ережелері ертең талапқа жауап бере алмайтындай болып қалуы мүмкін. Ал, журналистер қауымы бұл жаңалықтар мен өзгерістерді сергек сезініп отырмаса, өмір көшінен кеш қалады.

Өмір өз орнында тұрмайды, қоғам өзгереді. Мемлекеттің тәуелсіздік алуына байланысты тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өмірге келуіне мүмкіндік туды. Азаматтардың сөз, баспасөз, шығармашылық бостандығы Конститутциялық деңгейде жария етілді, цензура жойылды. 

Айтуға ғана оңай болғанымен, бұрын тәуелсіз баспасөз дәстүрі, тәжірибесі жоқ мемлекетте сөз бостандығын, баспасөз бостандығын қалыптастыру өте күрделі әрі қиын мәселе екенідігі күн сайын алдан шығады. Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат туралы заң, Қылмыстық, Әкімшілік, Азаматтық кодекстер журналистердің өз құқықтрын неғұрлым толық пайдалануына мүмкіндік беріп отыр. Алайда, нақты өмірде ішкі цензура қалыбынан арылмаған қлам иелері, баспасөздің қоғамдағы маңызды орнын түсінгісі келмейтін мемлекеттік билік иелері әлі де болса, Қазақстандағы сөз бостандығының деңгейін көтере алмай келеді.

Осы орайда болашақ журналистерге, сонымен бірге еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында қызмет ететін журналистерге арнап қазақ журналистикасының құқықтық негіздерінен мүмкіндігінше сол хабар беретін оқулықтар мен материалдар бізге көп керек. Қазіргі таңда дәл осы тақырыпта жазылған оқулықтар жоқтың қасы десек артық айтқандығымыз емес. Осы себепті бітіру жұмысымды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстар айтамын:

  1. Қазақстанда БАҚ туралы Заң қайтадан қабылданып, журналистердің құқығы толығымен қорғалу;
  2. Журналистерге өз құқықтарын жете түсіндіретін мамандар даярлау;
  3. Құқықтық журналистика саласында зерттеулер мен кітаптар көптеп басылып шығару; 
  4. Журналистке этикалық  құқықтарды түсіндіретіндей оқулықтар даярлаунегіздерін түсіндіру;

 Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйіні, адам құқығы мен бостандықтарына кепілдік берілген Қазақстан Республикасында баспасөз бостандығы – басты құндылықтарының бірі болып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы 15-16 жылының өзінде Әлемдік қауымдастықтың толық өкілетті мүшесі болған республикамызда тәуелсіз баспасөз қалыптастыруға барлық жағдайлар бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ

 

  1. Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 230 бет.
  2. З. Тайшыбай. Журналистиканың құқықтық негіздері. П.,2008
  3. Құқықтық журналистиканы дамыту — заман талабы.// Заң газеті. 2012. 15-ақпан
  4. Құқықтық журналистиканың дамуы: кемшіліктер мен кедергілер.// Заң газеті. 2012. 30-наурыз
  5. Журналист үшін 7 кеңес.//massaget.kz
  6. Құқықтық журналистика ҚазҰУ-де талданды.// Алматы ақшамы.2012.16-ақпан
  7. Судьялар мен журналистердің мақсаттары мазмұндас.//Айқын.2012.15-ақпан, №1
  8. Елордада құқық қорғаушылар мен журналистер бас қосты.//Astana TV
  9. Журфак жаңа бастамаларға жол ашуда.// theNews.kz
  10. Құқықтық журналистика мәселесі сөз болды.//Ана тілі.2014.10-сәуір 11. «Ислам тәлімдері», Мұхаммад Юсуф. 2-басылым. Алматы, 2007. 23 б.
  11. Алексеев С, Философия права. 1997. 54 б.
  12. Журналист. - 1993. №10. 48 б. Школа Американской журналистики
  13. Журналист. - 1990. №10. 74 б. Фере Г. «Свобода» без грима.
  14. Журналист. - 1993. №10. 48 б. Школа Американской журналистики.
  15. История русской журналистики. Хрестоматия. 1991. 13 б.
  16. Журналистің кәсіптік этикасының Кодексі. Журналист. - 1991. №6.12 б.
  17. Куда вы теперь, казаки? Неделя. - 1994. - № 14. Зуев В.
  18. «Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы» Заң.

Егемен Қазақстан. -1991.-21 қазан.

  1. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық  ақпарат құралдары туралы Заңы». 2005. 49 б.
  2. Е. Мағауин. Журналистің пышақталуы - елдегі саяси үрдістің көрінісі// Тасжарған. - 2009. - 1 сәуір.
  3. Ж. Сүлейменов, Журналистерді қорғайтын Заң керек// Datkz. - 3. 2011. — 4 маусым.
  4. Ж. Әбдиев, Сот әділ, ақпарат құралдары шыншыл болса керек.//Алаш айнасы, 16 кыркүйек, 2010.

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстанның тіл туралы заңы//Егемен Қазақстан, 15 шілде. І997.
  2. Қазақстанның Азаматгық кодексі. — А., 1994.
  3. Қазақстанның Қылмыстық кодексі. - А., 1997.
  4. Закон и практика СМИ зарубежом. - М., 1996.
  5. Бекниязов Т. БАҚ, заң жэне ұлттық рухани тәрбие болмысы. ҚазМУ хабаршысы, журналистика среиясы, №4, 1998.
  6. Сэндидж Ч., Фрайбургер В. Реклама: теория и прак- тика. -М., 1989.
  7.   Аврамов Д. Профессиональная этика журналиста. - М., 1991.
  8. Менделеев А. СМИ в современном обществе. - М., 1993.
  9. Прохоров Е. Журналистика. Государство. Общество. - М., 1996.
  10. Ромат Е. Реклама. - Киев, 1996.
  11. Блажанов Е. Паблик Релейшнз. - М., 1994.
  12. Гуревич С. Редакционный менеджмент. М., 1995.
  13. Ворошилов В. Право и этика СМИ. - М., 1999.
  14. Котлер Ф. Основы маркетинга. - М., 1999.
  15. Краткий юридический справочник для журналистов. - М., 1997.
  16. Айзенберг М. Менеджмент рекламы. - М., 1993
  17. Бахтин М. Эстетика словесного творчества. - М., 1979.
  18. Кузин В. Психологическая культура журналиста. - М., 1997.
  19. Системный анализ журналисткой деятельности. - М., 1993.
  20. Теплюк В. Этика журналистского творчества. - М., 1980.
  21. Средства массовой информации в современном общес- тве. - М., 1995.
  22. Блэк С. Паблик Релейшнз. Международная практика. - М., 1997.
  23. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жі.ин ).< 30 тамыз (2007.21.05. берілген өзгерістер мен толықн.) руларымен). - А., 2007
  24. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақшціін құралдары туралы Заңы». - А., 2005.

Информация о работе Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі