Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі
Дипломная работа, 12 Января 2015, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Журналистік қызметтің жемісті болуы журналистің құқтық және этикалық қағидаларды жақсы білуіне тікелей байланысты. Заңды және журналистік әдеп пен тәртіптің қалтарыс-бұлтарыстарын жете білмеуі қалам қайраткерінің адымын аштырмайды, кейде өкінішті қателіктерге ұшыратады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығы журналистің бүкіл қызметінің іргетасы, ұстанар құбылысы болып табылады.
Содержание
КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3
Ι ТАРАУ. Құқықты журналистика
Журналистикадағы құқықты журналистиканың қалыптасуы.................. 9
1.2 Журналистик этиканың құқтық негіздері....... 19
ΙΙ ТАРАУ. Құқықты журналистика және сот ісі
2.1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң және журналистің құқығы...................................................................................................... 36
Прикрепленные файлы: 1 файл
құқықтық журналистика ДИПЛОМ.docx
— 125.50 Кб (Скачать документ)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Нуралиева Аяулым
Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мамандығы 050400 – Журналистика
Алматы, 2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді _____________________
с.ғ.д., профессор Г.Сұлтанбаева (қолы, күні)
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі
Орындаған:
____________________ Нуралиева
А.
(қолы, күні)
Ғылыми жетекшісі:
____________________ Жұмабекұлы С.
(қолы,күні)
Норма бақылаушы:
____________________ Майкотова
Ғ.
(қолы,күні)
Алматы, 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..........................................................................................................
3
Ι ТАРАУ. Құқықты журналистика
Журналистикадағы құқықты журналистиканың қалыптасуы.................. 9
1.2 Журналистик этиканың құқтық негіздері....... 19
ΙΙ ТАРАУ. Құқықты журналистика және сот ісі
2.1 «Бұқаралық ақпарат
құралдары туралы» Заң және журналистің
құқығы......................................................................................................
36
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
51
СІЛТЕМЕЛЕР КӨРСЕТКІШІ.......................................................................
53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................
57
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Журналистік қызметтің жемісті болуы журналистің құқтық және этикалық қағидаларды жақсы білуіне тікелей байланысты. Заңды және журналистік әдеп пен тәртіптің қалтарыс-бұлтарыстарын жете білмеуі қалам қайраткерінің адымын аштырмайды, кейде өкінішті қателіктерге ұшыратады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығы журналистің бүкіл қызметінің іргетасы, ұстанар құбылысы болып табылады. Заң жүзінде берілген бостандықты дұрыс және толық пайдалана білу, журналистік құқық пен жауапкершілікті бірдей түсіну әрбір саналы азаматтың борышы болуға тиіс.
Тақырыптың өзектілігі. Құқықтық журналистика және журналист құқықтарының проблемалары туралы диплом да, дицертацияда қорғалмаған тек кітаптарда қосымша ретінде мәліметтер берілгені болмаса. Өзін өркениетті санайтын ірбір мемлекет сияқты Қазақстанда да БАҚ саласындағы мемлекеттік реттеу үдерісі бар. Бізде бұл мәселе мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі ретінде, ұлттық қауіпсіздік саясатынан ажырағысыз білікте қарастырылады. Мұнда Қазақстан Республикасы Конституциясының сөз және баспасөз бостандығы туралы қағидалары түсіндіріліп берілді. Қазақстан Республикасындағы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң және оған кейін енгізілген қосымшалар, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері, журналистік қызмет тәжірибесі, сот тәжірибесінен мысалдар ұсынылып отыр. Диплом жұмысында журналистік құқық мәселесі кеңірек қамтылып, оның көпке түсініксіздеу жағдайлары талданды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік, Азаматтық, Қылмыстық Кодекстерінің баспасөз қызметкерлерінің кәсіби мендеттерін атқаруғ байланысты жағдайлары біраз түсіндірілді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Журналистиканы, құқықты журналистиканы, журналистің құқығын зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі негізгі теорияға сүйеніп, ҚР құқық туралы Заңдарын қарастыра отырып құқықты журналистика туралы барлық жазылған мақалаларды, отандық арналарды мысалға ала отыра жаздым. Сонымен қатар, басылым беттеріндегі, интернет сайттарымыздағы мақалаларды пайдаландым.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмысымның мақсаты бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі туралы жазылған мақалалармен, материалдарды талдап, баға беру болатын.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бітіру жұмысында қазақ журналистикасында орны бөлек, қазіргі кезге дейін дұрыс, толық түрде зерттеліп бітпеген «Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі» жайлы толыққанды талдау жасалған. Зерттеу барысында танымдық телетуындылар, мақалалар және жарнама саласындағы журналистің құқықтық кодекстері қаралып, ұлттық көзқарас тұрғысынан сарапталады.
Зерттеу тәсілдері. Жұмыста баяндау, шолу, салыстырмалы талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды. Бітіру жұмысының негізгі бағыты – зерттеу, ғылыми, журналистік сипатта өрбіді.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тілді БАҚ тармен телеарналар. Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Отандық және шетелдік телевизия саласына маманданған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, құқықты журналистиканың қалыптасу, даму ерекшеліктері зерттелді.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелерден тұрады.
Құқықтық мемлекетте бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет етуінің негізгі ақпарат бостандығымен тікелей байланысты. Бірақ ешбір бостандық шектеусіз болмайды, ол құқықтық және этикалық жауапкершілікпен шектелуі тиіс. Журналистиканың қоғамдық өмірге әсерінің мүмкіндіктері мен іс-әрекет–ернің бостандығы көбірек болған сайын, оның жауапкершілігі де арта түседі. Әрбір журналист кәсіби парызын ақтағанда, журналистикаға тиісті талаптарға өзінің шығармашылығымен, шыншыл әрі объективті жарияланымдарымен жауап қайтаруы тиіс. Ең бастысы журналистің жоғары мәдениеті болып, этика кодексін жіті сақтауы қажет. Сонымен бірге, әр елдің өзінің «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңы болады. Бұл әрбір елдің журналистикасының басты нормативті құжаты болып табылады. Онда журналистердің құқықтары мен міндеттерінің сипаты, редакция мен құрылтайшылар арақатынасын айқындайтын мәселелер, сондай-ақ, баспагерлер, бұқара, азаматтар ақпарат көздерімен арада болатын жайлар қарастырылады.
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫ ЖУРНАЛИСТИКА
1.1 Журналистикадағы құқықты журналистиканың қалыптасуы