Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2015 в 07:48, дипломная работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтарының проблемалары мемлекет қызметінің басты, тұғырнамалық қағидасы ретінде қарастырылуға тиіс. Журналистік қызметтің жемісті болуы журналистің құқтық және этикалық қағидаларды жақсы білуіне тікелей байланысты. Заңды және журналистік әдеп пен тәртіптің қалтарыс-бұлтарыстарын жете білмеуі қалам қайраткерінің адымын аштырмайды, кейде өкінішті қателіктерге ұшыратады. Қазақстан Республикасының Конститутциясында кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығы журналистің бүкіл қызметінің іргетасы, ұстанар құбылысы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3

Ι ТАРАУ. Құқықты журналистика
Журналистикадағы құқықты журналистиканың қалыптасуы.................. 9
1.2 Журналистик этиканың құқтық негіздері....... 19


ΙΙ ТАРАУ. Құқықты журналистика және сот ісі
2.1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң және журналистің құқығы...................................................................................................... 36

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқықтық журналистика ДИПЛОМ.docx

— 125.50 Кб (Скачать документ)

           Қазақстан Республикасының ақпарат құралдары туралы» Заңында оның «мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, жаттама, дыбысбейне жазбасы және бұқаралық ақпараттымен немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны», - болып табылатыны айқындалды (Қазақстан Республикасының «Бұқаралық  ақпарат құралдары туралы Заңы». 2005. 49 б.). Міне, журналист жауапкершілігінің артқандығының заң жүзіндегі көрінісі Мұнымен қатар, журналистің жеке басының тәрбие денгейін, мәдениеттілігін, әдептілігін қоғам алдындағы өзінің парызын қалай түсінетіндігін аңғартатын этикалық мәселелер бар. Этикалық талаптар, нормалар жазылмаған заң деп те аталып жүреді, олардың орындалуы не орындалмауының маңызы өте зор.

           Редакциялар мен журналистер жұмыс барысында түрлі нормативті актілермен бетпе-бет қалып жатады. Арасында журналистік құқықтарға ешбір қатысы жоқтары да кездеседі. Айталық,  ақпаратты жинау мен таратуда азаматтық құқықтармен кезігіп қалса; тұлғаның ар-ожданына қарсы әрекет еткен жураналистер қылмыстық іске тап болады; ұжымдағы қызметтік қарым-қатынастарда еңбек және әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін; редакцияның шаруашылық істерін жүргізуде қаржылық құқықтарға тәуелді болуы әбден мүмкін.

Журналистиканың барлық міндеттерінің ішінде - адамгершілік, шынайылық пен объективтілік, журналистің әлеуметтік ортада жүріс-тұрысын қадағалайтын этиклық нормалардың негізі болып табылады. Оларға қойылатын басты талап - тек қана шындықты жазу, оқиғаларды зерттеп-тергеуде ешқандай қателіктер жібермеу. Бұл талапты орындамаған журналист өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралының абыройын түсірмес бұрын, заңды Құқықтық жауапкершілікті жүктеп алуы мүмкін. Бәсекелестік күрес жағдайында әрі дұрыс қалыптаспаған ақпараттық нарықта көптеген журналистер мен редакциялар «БАҚ туралы заңды» дұрыс орындамай жүрген жайы да бар. Бұған қоса, біле тұра жіберілетін қателер де жоқ емес. Өйткені, соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының көмегіне жүгініп жауласатын топтар пайда болды.

          Мұнда БАҚ-тың билік тұтқасын ұстағандардың  қол шоқпарына айналып кету қаупі сөз болып отыр. 

Кейде журналистер дау-дамай туғызсақ, әйгілі болып  деген теріс пиғылды ойда жүреді. Мұндай заң бұзушылқ дәлелдеп шығу оңай емес. Өйткені журналист пен редакция  ақпарат көзін кұпия түрде ұстауларына құқылы екендігін жөн. Егер журналисттің немесе редакцияның кінәсі дәлелденіп  бұрынырақта жаза ретінде кешірім сұрап, талапкерді  шығатын екінші материал телерадио не баспасөз беттерінен көретін. Қазір бұған қоса, жәбірленушіге моральдық шығындар үшін айыппұл төленуі міндетті. Бұл айыппұл сол дау туғызған жриялымнан түсетін қаламақыдан бірнеше есе асып түседі. Әрине мәселені соттың қарауына дейін апармаған жөн. Дегенмен, мүлде ешқандай қателер жібермеуге тырысу керек.

          Журналист кызметі - кауіпті. Көптеген шет елдерде соғыстар  жүріп жатады, соның зардабын журналистер де шегеді. Мысалы, «Экспресс К» газетінде жазылғандай, Алжирде үшінші ақпан күні террористік істің нәтижесінде француз журналисі қаза тауып, австралиялық  журналист ауыр жарақаттанды. «Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Алжирде мерт болған шетел азаматтарының тізімінде француз журналисі жиырма сегізінші болды...», - деп жазады. Ресейде шығатын «Известия» газеті фотосурет және мәтін жариялады, одан үзінді келтіріп жіберейік: «Жалпыға бірдей сайлау алдында Оңтүстік Африка Республикасы үшін үйреншікті болып кеткен АНК және «Инката» арасындағы қарулы қақтығыс кезінде Йоханесбург маңында фоторепортер Кен Остербург қаза тапты...». Немесе әлемнің «ыстық нүктелерінің бірі - Словакияда «Еркін Еуропа» радиостанциясының үш кор- респонденті өз жұмыстарын атқару үстінде соққыға ұшырады.

          Кез-келген мәселенің ушығып, өршіп тұрған жағдайында қызуқандылыққа салынып, баспасөз беттеріне, радио мен телевидение арналарына журналистердің берген қарама қайшы хабарлары қоғамдық тіркеудің қалыптасуына кері әсер тигізетіні белгілі. Сондықтан журналистердің мұндай жағдайдағы басты мақсаты бұқаралық аудиторияға рухани біртұтастылықты қамтамасыз ету болып табылады. Басылым бетіндегі әр мақаласымен, телевизиялық әр кадрымен, радиода айтылған әр сөзімен әділеттіліктін идеяларына қызмет етіп, жұртшылықтың сұранысын қанағаттандыруы тиіс.

Осы орайда редакция ұжымы, бас редактор, журналист шындыққа жанаспайтын біреуге кері әсер тигізетіндей ақпараттарды таратқаны үшін:

1. Міндетті мәлімдемелерге  қатысулы болса.

2.Ақпарат агенттіктерінен алынса.

3. Мемлекеттік құрылымдардың, кәсіпорындардың, ұжымдарыдың т.б. баспасөз қызметтерінің материалдарында немесе сұрау салынған ақпараттың жауабында көрсетіліп өтсе.

4. Отырыстарда депутаттардың, съезде делегаттардың, мемлекеттік ұйымдарда лауазымды адамдардың сөйлеген сөздерінен алып сөзбе-сөз қайталанса.

5. Редакциялануға жатпайтын  мәтіндерде немесе эфирге бірден  беретін авторлық шығармаларда  кездессе. 6. Басқа бұқаралық ақпарат  құралдары таратқан материалдардың  дәлме-дәл көшірмесі болса жауапқа  тартылмайды.

Бүгінгі таңда журналистердің конституциялық қүқықтары жиі бұзылады. Мысалы, бірнеше жыл оппозициялық БАҚ-та жұмыс істеген әріптестерімізді мемлекеттік БАҚ-тар жұмысқа қабылдамай жатады. Бір өкініштісі, сол жұмыссыз журналистер газет редакциясына берген өтінішінің екінші данасын сотқа апаруды біле бермейді. Яғни, еңбек кодексінде «Журналистердің еңбек ету кұқықтары» деген бөлім жоқ. Шетелдердегі сияқты қазақстандық журналистердің де жеке өміріне, жақын-жуықтарының өміріне қауіп төнеді. Бұл жерде де журналистерді қорғайтын заңдық негіз жоқ.

Қазақстанда журналистердің соққыға жығылуы, пышақталуы соңғы кездері көбейіп кетті. Мұны Қазақстанның қоғамдық қауіпсіздік саласының немқұрайдылығынан көруге болады. Әйтпесе журналистеріміз өз кызметін мүлтіксіз істеп отыр. Яғни, халыққа еркін ой, еркін пікірлерін берді. Осы ретте интернет желісінде хабар тарататын «Азаттық» радиосының директоры Е. Мағауин: «Тапа-тал түсте журналистердің пышақталуы жай жағынан айтсаңыз да, кездейсоқтыққа жатпайды. Сондай-ақ, мұндай әрекеттер елдегі белгілі бір саяси үрдістің көрінісі іспетті. Бұны жеке бөліп қараудың қажеті жоқ. Өйткені бұл бір ғана  журналистерімен  шектеліп отырған іс емес. Басқа да қызметкерлерін қамтып отыр ғой. Мәселен, жуырда «Общественная позиция» газетінің тілшісі Бақытжан Нұрпейісов соққыға жығылды ғой. Сондықтан да мұны жай кездейсоқтың ісі деп айта алмаймын», - дейді (Тасжарған. - 2009. - 1 сәуір. Е. Мағауин, журналистің пышақталуы - елдегі саяси үрдістің көрінісі...).

Енді заңнамаларымызды салыстыру үшін, Ресейді мысалға алайық. 2010 жылы Ресей презнденті жанындағы азаматтық қоғам мен адам құқықтары институттарын дамыту жөніндегі кеңес РФ Қылмыстық Кодексінің 144-бабына («Журналистердің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру») жаңа бөлім қосуды ұсынды. Яғни журналистер мен құқық қорғаушыларға шабуыл жасағандар 6 жылға дейін темір торға қамалуы мүмкін. Онымен қоса, Мемлекеттік Думаның депутаты Борис Резник журналистерді соққыға жыққаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын палатаға ұсынды. Яғни ол РФ-ның ҚК-нің 277-бабына тиісті өзгертулер енгізіп, журналистерді мемлекет пен қоғам қайраткерлеріне теңестіру керектігін айтты. Қылмыстық кодекске сәйкес, БАҚ өкілдерінің өміріне қауіп төндірген адам 12-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, не өмір бойы түрмеге қамалады.

Отандық журналистер мемлекет қорғауына қатты зәру. «БАҚ туралы» заңда БАҚ қызметі реттелгенімен, журналистердің құқықтары толық қорғалмаған. Отандық журналистер біріккен кәсіподақ құрып, «Журналистердің мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеуі керек. Содан соң, заң жобасын еліміздегі барлық журналистердің назарына ұсынып, олардың ұтқыр ұсыныстарын қосып, соңғы нұсқасын ел Парламентіне жіберу керек.

2011 жылдың маусымында  қазақстандық бұқаралық ақпарат  құралдары бас редакторларының  алғашқы форумы болып өткені  белгілі. Оған қатысушылар баспасөз  қауымдастығын көптен алаңдатып  жүрген көкейкесті мәселелерді  ортаға салып  қазақстандық бұқаралық  ақпарат кұралдарын іс жүзінде  қолдау қажеттігі жөнінде арнайы  мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Бұқаралық  ақпарат құралдарын мемлекеттік  қолдау туралы» жаңа заң қабылдау, отандық баспа және электрондық  бұқаралық  ақпарат құралдары  үшін қосымша қүн салығын толық  алып тастау, БАҚ қызметкерлерін  әлеуметтік қолдауды іске асыру, атап айтқанда, журналистерді әлеуметтік  жеңілдіктерді пайдаланатындардың тізіміне қосу (сыйақы, баспана беру, ипотекалық жеңілдіктер), зейнетақы тағайындағанда кәсіби санатын анықтау қажет делінген. Осындай орынды талаптарды қолдай отырып, тағы бір өткір мәселе  журналистердің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аудару қажет.

Қоғамымыздағы сөз бен шығармашылық еркіндікке конституциялық кепілдіктің берілуі бұқаралық ақпарат құралдарының шапшаң дамуына жол ашты, оған деген мемлекеттік монополияны жойды, жаңа бағыт, жаңа сарындағы  БАҚ нарығын дүниеге әкелді. Нәтижесінде мемлекеттік БАҚ-пен қатар, оппозициялық, тәуелсіз және салалық сипаттағы БАҚ өзара бәсекелестікке түсті, журналистердің белсенділігі артты. Міне, осындай жағдайда елімізде болып жатқан оқиғаларды шынайы жазу, ақиқатты айту, кәсіби міндетін адал атқару  журналистердің абыройлы борышы.

Осы ретте кезінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жарасбай Сүлейменов ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдаған еді. Депутат өз сауалында: «Журналистер тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, өмірде болып жатқан құбылыстарға өз бағасын беруге,  ақтыақ,  қараны - қара деп, оқырманға, қалың елге жол көрсетуге тиіс. Әрине, осы талап үдесінен көріну оңай емес, екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қоғамда шындықты бетке айтатындарды ұнатпайтындар да, олардан еш алғысы келетіндер де жоқ емес. Міне, сондықтан да журналистерді қудалау, тілшілердің заңды кәсіби қызметіне бөгет жасау, ақпаратқа қол жеткізуді шектеу әрекеттері әлі тиылмай келеді. Баспасөзді саяси ойындарға немесе Каржы-өнеркәсіп топтарының өзара текетіресіне тарту әрекеттері де елімізде өркениетті ақпараттық кеңістік қалыптастыруға кері әсер етуде. Осындай әрекеттердің салдарынан Қазақстанда да журналистиканың қауіпті мамандыққа айналып бара жатқаны жасырын сыр емес. Соңғы он жылда ғана елімізде түрлі себептермен қырыққа жуық журналистің қаза болғаны бізде журналистердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жағы ақсап жатқанын, басқа мамандықтардың иелеріне қарағанда, олардың мемлекеттің қорғауына өте-мөте мұқтаж екенін көрсетеді», - деп атап өтті.

Datkz. - 3. 2011. — 4 маусым. Ж. Сүлейменов, Журналистерді қорғайтын Заң керек). Шындығында да БАҚ өкілдеріне қай тараптан болмасын кысым көрсетілмеуге, сыртқы күштер журналистер  өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқаруларына жағдай жасауға әрі шындықты айтуға, ізденуге, ақпаратты табуға мүмкіндік берудері тиіс. Я Қазақстан Республикасында сот төрелігін жүзеге асыру ісін жүргізудің ашықтығы, айқындығы және жариялылығы принциптеріне негізделген. Бұл міндеттер сот жүйесінің кызметі жөнінде оң қоғамдық  пікір қалыптастыруға, халықтың сотқа сенімін арттыруға бағытталған және соттар мен бұқаралық  ақпарат құралдарының өзара қарым-қатынасының негізін құрайды. Сондықтан да, сот тақырыбына арналған жарияланымдардың сапасы, кәсіби деңгейі, ақпараттардың ақиқат болуы сот жүйесі үшін өте маңызды. Өйткені, соттың жұмысы туралы ақпарат тарататын, сол арқылы қоғамдық пікір тудыратын хабар көзі - бұқаралық ақпарат құралдары. Негізінен, сот пен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы қарым-қатынасқа біржақты қарауға болмайды, ол өзара түсіністікке негізделіп, екіжақты жүруі тиіс. Өйткені сот адамдардың тағдырына араласса, бұқаралық ақпарат құралдары олардың санасына ықпал етеді. Егер соттан әділеттілік талап етілсе, бұқаралық ақпарат құралдарынан әдептілік, шыншылдық талап етілуі тиіс. Өзгенің пікірін сыйлау үлгісін бұқаралық ақпарат құралдары өздері көрсетсе жөн болар еді. Жалпы журналистер Жоғарғы сот пен облыстық соттардың веб-сайттарымен жиі танысып отырса, өздеріне қажетті көп ақпарат алар еді. Мәселен, 2009жылдың қорытындысы бойынша, республика соттарынан 77 судья өз еркімен және басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан кетсе, 45 судья отставкаға кеткен (Алаш айнасы, 16 кыркүйек, 2010. Ж. Әбдиев, Сот әділ, ақпарат құралдары шыншыл болса керек).

2009 жылы шілде айында  Қазақстан Президенті Интернет  желісіне қосымша қадағалау орнатқан  «Ақпараттық- коммуникативті желілер  туралы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заңға сәйкес, барлық Интернет-ресурстар (сайттар, блогтар, чаттар, форумдар, интернет-дүкендері мен т.б.) БАҚ теңестіріледі, ал олардың иелері журналистермен қатар қылмыстық, азаматтық және жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, Заң  Интпровайдерлер  сайт иелерін Интернет-ресурстарына келу кезінде жазылатын Интернетті пайдаланушылар мен Рнттердің жеке мәліметтерінің бәрін екі жыл бойы сақтауға міндеттеді. Сондай-ақ, осы заң бойынша кез- келген БАҚ тоқтату жабудың жаңа негіздері енгізілген.

2009 жылы желтоқсан айында  «Азаматтардың құқықтарын қорғау  және жеке өмірлеріне қол сұқпаушылық  мәселелері бойынша заңнамалық  актілерге өзгертулер мен толықтырулар  енгізу туралы» Заң қабылданды. Заң бойынша тұлғаның жеке  өмірі тура лы мәліметтерді  заңсыз жинау және БАҚ арқылы  тарату үшін бес жылға дейін  бас бостандығынан айыру туралы  жаза енгізілген.

Дүниежүзінің барлық елдерінде, оның ішінде сөз бостандығы дамыған мемлекеттерде журналистердің қызметін реттеп отыратын, журналистиканың халықтың сеніміне, құрметіне бөленуін қамтамасыз ететін этикалық талаптар бар. Олар журналистиканың беделін көтеруге, сайып келгенде, бүкіл қоғамға қызмет етеді. Озық елдерден біздің жаңадан қалыптасып келе жатқан еркін журналистиканың үйренері көп.

   Бұқаралық ақпарат     құралдарындағы жарнама мәдениеті заман талабына сай адамдар өресі күн санап тоқтаусыз өсуде. Сонымен  бірге,  қажеттілік көлемі сұранысты ұлғайтып, ерекше бір қызмет түрін яғни, жарнама ұғымы пайда болды. Жарнама анықтамасына келетін болсақ: «Жарнама - спектакль, концерт, лекция немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі» (Қазақ Совет Энциклопедиясы, Т. 4. 1982). Келесі бір анықтамада: «Жар- нама  адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез-келген нысанда, кез-келген құралдардың көмегімен таратылатын  және орналастырылатын ақпарат», - деп көрсетілген (Жарнама туралы Республнкасының Заңы. - 2003. 19 желтоқсан) Қарап отырсаңыз, жарнама белгілі бір қызмет көрсету түріне, тауарға оқырманның қызығушылығын ояту мақсатын көздейді.

Жариялануына қарай жарнама ақылы және жанама деп бөлінеді. Жарнаманың жеке адамдарға керекті хабарландыру, құлақтандыру, сақтандыру секілді түрлері болады. Бүгінгі таңда белгілі бір кәсіпорынның өнімін жарнамалау өте кең тарап отыр. Ол үшін сол өнімнің қасиеттерін көрсетеді. Яғни, ақпараттық сипаттағы жарнама болады. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарында қандай бір сұраныстағы тауарды, көрерменге немесе тыңдарманға жеткізу, қарапайым кажеттілік ретінде қарастырылады. Адамдар өз керегін іздемей-ақ, алдын-ала ақпарат ала алады. Бүгінгі күні жарнаманың ерекшеліктеріне келетін болсақ: біріншіден, қоғамдық сипаттама; екіншіден, үгіттеуге қаражат сатып алушы өз хабарын бірнеше рет қайталай алады; үшіншіден, мәнерлілік, түс, дыбыс, шифр арқылы тауарды тартымды көрсете алады; төртіншіден, иесіз, яғни жарнама монолог түрінде жасалады. Міне, осылардың бәрі бүгінгі күнгі жарнаманың бойында жатыр. Бірақ елең етерлік ұсақ-түйектер жарнамамыздың бойынан көптеп кездесіп жатқандары анық байқалады. Осы тұста журналистердің мәдениеті, қатаң қадағаланатын талаптары аса қажет сияқты.

Информация о работе Бүгінгі қазақ журналистикасындағы құқықты журналистика және сот ісі