Ә. Бөкейханов - өскен орта

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 18:28, курсовая работа

Краткое описание

Әлихан Бөкейханов – жұртшылықтың, халықтың қаламгері. Оның публицистік шығармашылығы ұлт тағдыры мен болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол бағыт-бағдарда, сол мұрат-мақсатта еңбек етіп келе жатқан публицист. Ол өз буын, өз ғұмырнамасын жазушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Сондықтан болар оның қаламынан туған кез-келген туындыны оқырман ыждаһатпен қабылдайды. Өйткені ол қай жанрда жазса да барлығын дерлік өзіндік қалыптасқан дара стильмен, көркем шұрайлы тілмен жазады.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
1. Ә. Бөкейханов - өскен орта...............................................................................5
2. Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханов....................................................................10
3. Ә. Бөкейхановтың қазақ жұртшылығына сіңірген еңбегі.............................18
Қорытынды............................................................................................................24 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................26

Прикрепленные файлы: 1 файл

курс.doc

— 128.50 Кб (Скачать документ)

1916 жылы жер аудару  мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор  келген Әлихан бірден қаланың  қоғамдық, саяси өміріне араласып  кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары  атынан қалалық думаға сайланады. 

Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті  ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет  партиясының көсемдері қазаққа  автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде  де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, басшыларын қуғынға салады. Ә.Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен өлім жазасына кеседі.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына  арнаған аяулы азаматтың соңғы  демі біткенше сол мақсат жолында  жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей  жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері  съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармагы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға [8, 62-67бб.].

Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында  отырған халқының ауыр тағдыры қатты  толғандыра бастайды. Қараңғылық пен  надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Оқуын бітіріп, Омбыға оарлғанда Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің капиталистік қоғамның қанау тетіктерін ашып берген экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Халық бостандығы» партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады.

Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсеі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.

Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар  күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Ол Ақпан төнкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады.

Оның үстіне олармен  жер мәселесі жөнінде ды ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады.

Бірақ көп ұзамай жеңіске  жеткен большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, басшыларын қуғынға  салады. Ә.Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған  Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен өлім жазасына кеседі. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармагы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға [9, 15-20бб.].

Алашорда үкіметіне  сайланғандарға жеке-жеке тоқталғанда  алдымен ауызға алынатындардың арасында, әрине, сиез сайлаған оның төрағасы – Әлихан Бөкейханов болып табылады.

Замандастары мен халқы  қадірлеп «Әлекең» деп атап кеткен Әлихан Бөкейханов – бүкіл саналы өмірін қазақ халқының ұлттық саяси  бостандығы мен дербестігі үшін арнаған  аяулы ұлы тұлғамыз. Ата тегі жағынан төрелер тұқымынан екені мәлім.

1866 жылы 5 наурызда (өзінің  тергеуде берген жауабынан) бұрынғы  Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын  болысының 7-ауылында туған. Әлекеңнің  туған жылы туралы деректер  әр түрлі. Дегенмен де бұл  дерек дұрыс болар дейміз. Себебі оның жасы туралы келтірілген ең алғашқы архивтік дерек ҚР орталық архивінде сақталған құжатта Әлекеңнің Қарқаралы ерлер приход училищесінің дайындық бөлімінде 1878/79-жылының 1-ші жарты жылдығында оқып жүрген 23 қазақ баласымен бірге оқу үлгерімі туралы ведомосіндегі деректе, Әлекең училищеге 1878 жылы 16 қыркүйекте түскенде жасы 11-де деп көрсетілген. Яғни туған жылы 1867 болмақ. Бұл жыл Әлекеңнің өзі көрсеткен 1866 жылға жақын. Сондықтан оның 1866 жылы туғаны күмән туғызбаса керек.

1886-1890 жылдары Омбы техникалық училищесінде оқып шығып, 1894 жылы Санкт-Петербург орман институтының экономика факультетін бітірген. ЖОО бітірген соң училищеде математикадан сабақ береді.

Қазақ даласының қонысының  жер жағдайын зерттеген, яғни өкіметтің  қазақтың «артық жерін» заң жүзінде негіздеу үшін құрылған Ф.А.Щербина экспедициясының құрамында болып, қазақты жерге орналастыру мәселесімен түбегейлі танысып, зерттейді.

Ә.Бөкейханов Ресейдің көрнекті экономист, географ ғалымдарымен бірлесе  отырып, «Россия біздің отанымыздың жалпы географиялық сипаттамасы» атты көп томдық еңбектің 1903 жылы шыққан қазақ өлкесіне арналған 18 томның тарауларын жазуға қатысқан. Әлекең қазақтар туралы шынайы мәліметтер келтіріп, қазақтарды асқақтатады. Қазақтың ой-өрісі мен дүние танымы, ежелгі мәдениеті мен тарихы сияқты қасиеттері анағұрлым озық тұрғанын аңғартады.

Абайды алғаш рет  орыс оқырмандарына таныстырады, оның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын  бағамдайды.

1905 жылы Семей облысынан  1 Мемлекеттік Думаға депутат  болып сайланып, Дума таратылар алдында ғана үлгереді [10, 11-19бб.].

Әлекеңнің саяси өмірге белсене араласуы осы кезден басталады. Орыс баспасөзінде қазақ даласындағы  патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелейтін мақалалар жариялайды. Әр түрлі саяси жиналыстарға бел-сене қатысып, қазақ кадет партиясын құруды көздейді.

Міне, Әлихан Бөкейхановтың  осындай белсенді саяси қимылдары  патша өкіметін сескендіріп, оны  қазақ даласынан аластап, Самара қаласына жер аударады. Әлекең, онда 1908-1917 жылдары тұрып, қазақ қоғамының  тыныс-тіршілігінен қол үзбей «Қазақ» газетіне «Қыр баласы» деген атпен ел тіршілігінің өткір де түйткіл мәселелеріне ден қойған мақалалар жазады.

Ақпан төңкерісінен соң, оңтайлы саяси ахуалды қалт жібермей пайдаланып қазақ елдігінің дербестігі үшін белсене қимылдайды.

1917 жылдары шілде және  желтоқсан айларында өткен жалпы  қазақтық сиездерді ұйымдастырып, онда «Алаш» партиясы мен «Алашорда»  үкіметін құруға қол жеткізеді.  Алашорда үкіметінің төрағалығына  сайланады.

Азамат соғысы жылдары  қазақ халқының ақ пен қызылдың теке тіресінде тектен-текке қосақ арасына кетпеуіне күш салады. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.

Кеңес кезеңінде өкімет орындары Қазақстанда тұрғызбай, Мәскеуде ұстайды, саясатпен айналысуға мүмкіндік  бермейді. Жаңа жағдайға байла-нысты, бұрынғы  алаш зиялылары өздерінің күрескерлік жолын өз хал-қының сауатын ашу үшін оқулықтар жазып, фольклорлық әр түрлі жинақ-тар шығарып, ғылыммен шұғылданып, аудармалармен айналысып, қазақ шаруашылығын ұйымдастыруда басқа жұрттың озық мәдени түрлерін пайдаланудың жолдарын көрсетіп насихаттауға бағыттайды.

Кеңес орындары Әлихан Бөкейхановқа тыныштық бермей, 20-жылдары екі рет  тұтқындап, онда амалсыз босатып, ақыр аяғында 1937 жылдың науқанында қанды  шеңгелге алады [12, 58-67бб.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Әлихан Бөкейханов – жұртшылықтың, халықтың қаламгері. Оның публицистік шығармашылығы ұлт тағдыры мен болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол бағыт-бағдарда, сол мұрат-мақсатта еңбек етіп келе жатқан публицист. Ол өз буын, өз ғұмырнамасын жазушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Сондықтан болар оның қаламынан туған кез-келген туындыны оқырман ыждаһатпен қабылдайды. Өйткені ол қай жанрда жазса да барлығын дерлік өзіндік қалыптасқан дара стильмен, көркем шұрайлы тілмен жазады.

Публицистикасы тақырыбының  ұлт қамын жеген, ел болашағына алаңдаған  ойларын көптеген мақалаларынан білеміз. Журналистік және жазушылық екі түрлі мамандық, екі ұдай қызмет болса да, иесі бір көзқарастан – ұлттық идея, ұлттық санадан ешқашан айнымаған.

Отыз жылға жуық мерзім ішінде Ә.Бөкейхановтың шығармашылық жолы қазақ баспасөзінде қалыптасқан, сол арқылы қалың оқырманға жете таныс болған.

         Журналист кез-келген материалды – корреспонденциядан бастап ең ақыры өлеңге дейін жаза алуы керек. Ол әдеби деректерді, әсіресе, газеттік әдебиетті білуі қажет.

Ал Ә.Бөкейханов қаламынан туған көркем публицистикалық жанрдың қай-қайсысынан да публицистің жазу техникасын әбден меңгеріп, төселгені, аз сөзге көп мағына, көп жайтты сыйдырып жіберетін шеберлік қыры оның шоқтығын биіктетеді.

Қорыта айтқанда, Ә.Бөкейхановтың публицистикасының басты қасиеттері мынадай: біріншіден, қандай жанрда қалам тербесе де ұлттық идея,ұлттық рухты нысанаға алуы, екіншіден, публицистикасы тақырыбының проблемалығы және ондағы заман мен қоғамның ащы шындығы.

          Ә.Бөкейханов публицистикасы қазақ баспасөзінің дамуына ғана емес, қоғам санасының өрлеуіне де зор үлес қосты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1. Хализев В.Е. Теория литературы. – М: Высшая школа, 2005.
  2. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – М: Просвещение, 1971.
  3. Шаймерденов С. 4-томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1996. - Т 2.
  4. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.
  5. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992.
  6. С. Өзбекұлы «Арыстары Алаштың» А., 1998 ж.
  7. М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов шығармалары» А., 1994 ж. .
  8. С. Өзбекұлы «Арыстары Алаштың» А., 1998 ж.
  9. М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов» А., 1994 ж.
  10. К. Нүрпейісов «Алаш һәм Алашорда» А., 1995 ж.
  11. Төлебаев «Алаш» партиясы // Егемен Қазақстан 2001 ж. 7 желтоқсан
  12. М. Қойгелдиев «Ә. Бөкейханов шығармалар» А., 1994 ж.
  13. К. Ахметова «Алаш партиясы туралы бірер сөз» // Ақиқат. 1995 ж. 7 шілде
  14. «Алаш азаматтары жайлы деректер» Ақиқат.1993 №4
  15. Әбжанов «Қазақ интелегенциясы мен мәдениеті туралы» Алматы 1992ж .
  16. Құл - Мұхаммед «Алаш ардагері. Ақбаевтың саяси құқығының көзқарастары» Алматы
  17. www.google.kz.
  18. www.mail.ru
  19. www.yandex.ru
  20. www.nur.kz

 

 



Информация о работе Ә. Бөкейханов - өскен орта