Қыпшақ хандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 17:14, реферат

Краткое описание

XI ғасырдың басында бұрынғы кимек, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл асай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Европа мемлекетімен тікелей белсенді қарым-қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың 2-ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан
оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дешті Қыпшақ мемлекет1.doc

— 150.50 Кб (Скачать документ)

           XI ғасырдың 2-жартысы - XII ғасырдың басында қыпшақ хандарының біршама орталықтануы мен бірлігі қыпшақ тайпаларының Хорезм жағына қарай, сондай-ақ Жетісудың солтүстік-шығысы мен Оңтүстік Қазақстан ауданына қарай одан әрі жылжуына себепші болды. XI ғасырдың 2-жартысының бас кезінде қыпшақтар Маңғыстау мен Үстіртте орнығып алды, бұл жерлерде олармен бірге оғыз тайпаларынң қалған қалған топтары (кешаттар мен чағрақтар) көшіп жүрді. Әл-Идрисидің «Кіші картасында» «Қыпшатар даласы» ( Сахра әл-қыфчақ) деген географиялық атау келтірілген. Бұл этнотопоним Каспий және Арал теңіздерінң арасында орналастырылған, мұның өзі XI ғасырдың 2-жартысына қатысты тарихи шындықты көрсетеді. Аса бағалы деректеме ретіндегі тарихи карталар жөнінде, атап айтқанда, этнонимияны картаға түсіріп бейнелеудің – көрсетілетін объектілердің немесе құбылыстардың мәнін мейлінше анық көрсетіп беретінін айту керек. Орта ғасырлардағы географиялық карталарды салыстыру әдісі осы карталар арасындағы тиісті уақыт кезеңі ішінде қоныстану географиясы үрдістерінің нәтижелерін бейнелейтін айырмашылықтарды атап көрсетуге мүмкіндік береді.

          Қыпшақ тайпаларының куман тайпаларымен бірлесе отырып, Еділден батыс бағытына қарай қозғалу мейлінше табысты болып шықты, соның нәтижесінде оғыздар мен печенегтер Еділден Днестрге ығыстырылып шығарылып, оған қыпшақ және куман тайпалары қоныстанды.

          Қыпшақтардың батысқа қарай қозғалуның бастапқы кезеңдері Махмұд Қашғаридің географиялық картасынан көрініс тапкан, онда олардың мекендеген жері Еділден батысқа қарай, Каспий теңізінің (Бахр Абискун) солтүстік-батысныда деп көрсетілген. Ортағасырлық ғалым Еділ өзенінің өзін қыпшақтар еліне жатқызған. Айта кетер мәселе, төменгі Еділ бойындағы өзі аттса орталығы болған Саксин аймағы XII ғасырдың 1-жартысында қыпшақтар бағындырып алғанға дейін дербестігін сақтап келген.

           Закария  Казвинидің (XII ғ.) «Аджаиб әл-махлукат» деген шығармасында келтірілген тарихи картаның деректері де XI ғасырдың 2-жартысына жататын болса керек, онда қыпшақтар орыстардан шығысырақ орналастырылған, ал ол кезде орыстардың жинақы қоныстанған аймағы Орталық Ресей шегінде болатын. Әл-Мустауфидің (XIVғ.) картасына сәйкес, қыпшақтар Еділдегі бұлғарлар мен Солтүстік Кавказды мекендеген черкестер арасында шоғырланған, Бұл да осы мәліметтер мерзімін XI ғасырдың 2-жартысы деп анықтауға мүмкіндік береді.

           Қыпшақ  хан.дары оңтүстігінде өз мемлекетінің  шегін кеңейтіп, Тараз төңірегіне  дейін жетті, онда Қарахандармен  шекарада Кенжек Сеңгір бекінісін салды. Орталық Дешті Қыпшақ пен Қарахан мемлекеті билеушідерінің үлестері арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл ойпатындағы көлдер болды. Қыпшақтардың шығыс шептері XI ғасырда Ертістің оң жағалауы мен Алтай тауларының беткейлерін қамтыды. Махмұд Қашғари имектерді (кимектерді) Ертіс аңғарына, олардың ертедегі «имек даласы» деп аталған негізгі

аумағына шоғырландырады. XII ғасырда қыпшақ тайпалары Алтайда наймандармен, қаңлылармен және керейіттермен шектесіп жатты.

         Солтүстік-шығысында қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің саян-алтай ошағымен байланысты болды, ал оны таратушылар қырғыздар, хакастар және т.б. болатын. Қыпшақ хандығының солтүстік шекаралары Қазақстанның кең даласын Батыс Сібірден бөліп жатқан орманды-дала өңірімен өтті. Солтүстік-батысында қыпшақтар Еділ бойымен Орал өңірінің тұрғындарымен этникалық-мәдени және саяси қарым-қатынас жасады. Қыпшақ тайпаларының ертедегі бұлғарлар және башқұрттар дүниесімен өзара әсері XI ғасырдың 1-жартысы – XIII ғасырдың басында көбінесе қыпшақтардың тіл және мәдениет жөніндегі ықпалы бағытында өрістеді. Оның бер жағында, Махмұд Қашғаридың анықтауынша, XI ға-

сырдың ортасына дейін башқұрт  тілі кимек тіліне мейлінше жақын  болған. Қыпшақтар кемелденгендәуірде қарым-қатынас жасалған этностардың қыпшақтану үрдісі жоғары өрлеп отырған.

           Қыпшақ  тайпаларының этникалық-асяси бірлестігі  шегіндегі этникалық жер аумағы,

XII ғасырдың 30-жылдарынан хоерзмшахтар едәуір белсенді саясат жүргізе бастаған оңтүстік-батыс шептерін қоспағанда, біршама тұрақты болды. Хорезмшахтар әулетінің өкілдері қыпшақ хандарының қолында болған Аралдың оңтүстік өңірін, Сырдария бойындағы қалалар мен Маңғыстауды қаратып алуға бар күшін салды. Хорезмшах Мұхаммед қыпашақтардың Сырдария бойындағы иеліктерін өзінің ықпал аясына қосып, сондай-ақ қыпшақ хандарының оңтүстік ордасы Сығанақ қаласын бағындырып алды. Бұл жеңістер орасан зор мұсылман дүниесінде бірінші болуға дәме білдірген хорезмшахтар мемлектеінің ең дәуірлеген шағына сәйкес келді. Алайда қыпшақ хандарының хорезмшахтармен тайталасының одан кейінгі барысын шығыстан төнген қаһарлы монғол күштері тоқтатты.

           Мұсылмандардың  жазбаша деректемелерінің мәліметтеріне  қарағанда, XI-XII ғасырларда қыпшақ тайпаларының халық саны бүкіл түркі тілдес халықтардың ішінде ең көбі, ал олардың қоныстанған аймағы ең көлемдісі болған. Сол арқылы ортағасырлық авторлар көшпелілердің қоғамдық және әлеуметтік өмірінің маңызды жағын – этникалық қоғамының иерархиялы екенін көрсетті. Этностар иерархиясы олардың этникалық жер аумағының иерархиясына сәйкес болатын. Күш-қуаты жағынан қыпшақтар қарастырылып отырған дәуірде Орталық Азияда алдыңғы қатарда болды.

           Қыпшақтардың  Қазақстан аумағындағы көшіп  жүретін аймағы Есіл мен Тобыл,  Нұра, Елек пен Сарысу бойында болды. Маңғыстау мен Үстірттегі қыстауларынан қыпшақ рулары жаздыгүні Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің аңғарларына кететін , Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан жаздыгүні Еділ, Бала мен Үлкен өзендерінің аңғарлары мен Оңтүстік Орал тауның етегіне көшіп баратын. Араб географы әл-Омаридің деректері қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу жолдары болғанын дәлелдейді: «Қыпшақтардың хандары қысты Сарайда өткізеді, ал жайлаулары, бір кездегі Тұран жайлаулары сияқты, Орал таулары аймағында». Қыпшақ тайпаларының бірқатар рулары Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақта қыстап, жаз кезінде солтүстікке, Қазақстанның орталық аудандарына кетіп отырған. Бірақ барлық жерде бірдей халықтың көпшілігі болған жоқ. Мәселен, Ертісте имектер (кимектер) жинақы мекендеді, Арал өңірінде адам саны көп қаңлы тайпалары орналасты, ал Жайық пен Еділ арасында куман тайпаларының едәуір топтары қоныстанды.Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанда оғыз және печенег тайпаларының қалған топтары мекендеді, Сырдарияның төменгі ағысы мен Маңғыстауда – түрікмендердің жекелеген топтары, этникалық жер аумағының шығысында наймандар, керейлер мен арғындар көшіп жүрді, ал Қазақстанның оңтүстігінен көшпелі және жартылай көшпелі имек, қарлұқ, жікіл, ұран, қай тайпаларының өкілдері мекен етті.

           Этникалық сана-сезімнің нығаюы әдетте этнос мүшелерінің өз жері мен мемлекеттік ұйымына ұмтылуымен ұштасады, олар да кері байланысты – этностың тұрақты тіршілік етуін қамтамасыз етеді.

           Жер  аумағы мен сол аумақты мекендеп, шарушылық жағынан игерген этнос арасындағы аса тығыз байланысты оның тұрғын халқы жақсы ұғынды. Қыпшақтардың өздері мекендеген аумаққа тарихи құқықтары бар екендігіне көзқарасын сырттан байқаушылар Алтайдан Еділге дейінгі жерді қамтып жатқан. Дешті қыпшақта, шынына келгенде, қыпшақтардың этникалық жер аумағы сақталып қалған.

           Қыпшақтардың  негізгі шаруашылық кәсібі мал  шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы  жазбаша деректемелерден қыпшақтардың  жылқы, қой,сиыр, өгіз, түйе өсіргенін  білеміз. Қыпшақтар малының  құрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды.

           Олардың  мал шаруашылығында ет пен  май қорын тез толтыратын қой  шарушылығының маңызы зор болды.  Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен  жылы киім дайындалды. Қыпшақтар  қойдың екі тұқымын өсірген. Олардың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ көшуге өте бейімделмеген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы төзетін.

           Көшпелі  тұрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік берген ерекше жылдадығы мен төзімділігі, соғыста және қаумалап аң аулауда пайдаланылатындығы арқасында жылқы аса бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан қыпшақтар тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлді. «Бұл даланың (Дешті Қыпшақтың) ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мұндай ерекшелік жоқ. Онда малдығ көптігі де сондықтан»,- деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута. Жылқы санының көп болуы әрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған.

            Кейбір жазбаша ескерткіштерде  қыпшақтар елінде он мың тамаш  жылқы иеленгендердің көп болғаны  жөнінде мағлұматтар бар. Орталық  Қазақстандағы қыпшақ тайпалары  мекендеген аумақтағы обалы қабірлерде жылқының екі тұқымы – басы кішкене, аяқтары ұзын әрі жіңішке, шоқтығы биік салт мінетін аттар байқалды, мұн.дай асыл тұқымдыларының сүйектері түркі тілдес бай шонжарлардың қабірлерінен кездесті. Сондай-ақ асыл тұқымды жылқымен қоса әдеттегі жылқылар: жатаған, басы үлкен, аяғы қысқа әрі мықты, өте төзімді көшпелі тұрмыста пайдаланылатын жылқылар өсірілгені анықталды.

            Қыпшақ жылқысы өте жоғары  бағаланды, оларға шектес және  алыс елдерде сұраным көп болды.  Мәселен, Дешті Қыпшақтан Үндістанға  апарылатын қарапайым жылқы «күміс ақшамен 100 динарға сатылған, ал жақсы аттың құны 500 динар және одан да артық бағаланған».

            Түріктер даласының жылқысы климаттың  қатаң болуымен сипатталатын  жергілікті жағдайларғ жақсы  бейімделген еді, сүтінің мол және еті мен майының сапасы жақсы болуымен ерекшеленеді. Қыпшақтар сиыр және қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаш, шипалы сусын – дайыдайтын.

            Жазбаша деректемелердің мәліметтеріне  қарағанда, қыпшақ қоғамында асыл  ьұқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлінген. Күш көлігі, тамақ көзі ретінде және салт мінуге арналған асыл тұқымды жылқылар көптеп өсірілген. Бұл салада ұрпақтардың сан ғасырлық тәжірибесі елеулі нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді. Мәселен, әрбір ру-тайпаның жылқылары өзінің бірегей түсімен ерекшеленеді. Кейде белгілі бір тайпаның атауы жылқысының түсі бойынша анықталған. Бұл жағынан батыс қыпшақ бірлестігінің құрамына «құла жылқылы» (кулабаоғлы) тайпасынң енуіне назар аударарлық, 1223 жылы монғол қолбасшысы Жошының өз әкесі Шыңғыс-ханға Дешті Қыпшақтан айдап әкелінген 20 мың қыпшақ жылқысын сыйға тартқаны мысал ретінде келтіре кеткен жөн. Қыпшақтардың эмпирикалық селекцияға байланысты шаруашылық қызметі туралы бағалы ақпарат көшпелі мал шаруашылығы қоғамының өндіргіш күштері дамуындағы негізгі тетіктердің бірін ашып көрсетеді.

            Қыпшақтар қой, жылқы шарушылығымен  бірге ірі қара өсірумен де  аналысты, бірақ саны жағынан  ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар  мен өгіздер көшкен кезде алыс  қашықтықта көп жүрісті көтере алмайды. Мұның өзі қыпшақ тайпаларының белгіл бір топтарынң тұрақты қыстаулары бар жартылай көшпелі тұрмыс салты болғанын көрсетеді. Этнографиялық зерттеулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр ұстағанын көрсетеді. Ибн Баттута қыпшақтардың арбаға жылқы жегетінін атап өтеді, сонымен бірге «арбаның ауыр-жеңілдігіне қарай оған өгіз бен түйе  де жегіледі» дейді.

            Қыпшақтардың Батыс Қазақстан  аудандарына ілгерілеуіне қарай  олардың жекелеген топтары түйе  шарушылығымен айналыса бастады.  Құмды және шөпсіз дерлерде түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары.

            Малды азықтандыру үшін орасан  зор жайылым қажет болды, сондықтан қыпшақтардың көші-қоны ғасырлар бойы орныққан маршруттар бойынша жүзеге асырылып отырды. «Әркім өз малын,- деп жазды Вильгельм Рубрук,- қыста, жазда, көктемде және күзде қайда жаятынын біледі».

            Қыпшақтарды аң аулау қосалқы  кәсіп болды. Әл-Джахизге сәйкес, «көшпелі түріктер аң аулағанда, әсіресе қарақұйрықтар мен құландарды қуған кезде ғажап төзімді».Махмұд Қашғари қыпшақтар даласында мекендейтін, сол жерде ауланатын жабайы ірі аң – бұлан аулауды көрсетеді.

            Қыпшақтар аң аулағанда садақ  пен жебеден басқа, олар аңға  құс салған, қоянды, түлкіні, тіпіт  қасқырды итпен ұстаған. 

            Араб-қыпшақ сөздігіндегі қыпшақтар аулаған жабайы аңдар мен құстардың аттары келтірілген Ғ сағыр киік – ақбөкен, құлан, бұғы, сусар, тиін, күзен, түлкі, қа құйрық және т.б. Осында аңғасалатын иттер (қылбарық, тазы) мен құстардың (лашын, бүркіт) аттары келтірілген.

            Қыпшақтар үшін бағалы аң терісі  басқа елдермен сауда жасаулың  маңызды көзі болды. Махмұд  Қашғаридың айтуынша, түріктерде  қымбат бағалы аң терісі иджұқ,  ал «Тәржіман» араб-қыпашқ сөздігінде – курс аталған.

            Аңды жеке шығып аулаумен мен қатар қыпшақтар қаумалап аулауды да ұйымдастырған, оның шарушылық жағымен бірге өзінше бір маневр, әскери өнер, жасақтардың жауынгерлік әзірлігін сақтау амалы болды.

            Жалпы алғанда, аң аулау дербес  сала болмай, шаруашылықтың негізгі  түрі – мал шарушылығына көмекші ғана болған.

             Аң аулаумен қатар қыпшақтар  негізінен ең кедей, өзен жағасында  тұратындарды балық аулаумен  де айналысты. «Диуани лұғат ат-түркте» және араб-қыпшақ түсіндірме сөздігіде қыпшақтардың балық аулағандағы еңбек құралдарының терминдері келтірілген, олар: арғақ-қармақ, ағ-ау, ұжан (ұлұқ) – кішкене қайық, кеме- үлкен қайық, және т.б.

             Орта ғасырлардағы нарративтік  деректемелердің бір бөлігінде  қыпшақтардың дәнді дақылдар  мен бұршақ дақылдарын өсіргендігі туралы айтылады. Қыпшақтар негізінен тары еккен. Әл-Омари былай деп атап өткен: «Оларда (қыпшақтарда) егістіктің көлемі өте шағын және бидай мен арпа аз себіледі». XII ғасырда Дешті Қыпшақты аралап өткен Петахья «бұл жерде нан жемейді, тек күріш пен тары жейді» деп көрсетеді. Қыпшақтар тарыдан басқа,өте аз болса да, бидай мен арпа еккен. Олар астықты Орта Азиянфң егіншілерінен мал шарушылығы өнімдеріне айырбастап та алып отырған. Қыпшақтардың кейбір топтары суармалы егіншілікпен айналысқан, мұны Ұлытау мен Торғай аудандарындағысуландыру жүйелерінің, көптеген бөгеттердің, құдықтар мен тоғандардың қалдықтары дәлелдейді.

             Кейбір дәнді дақылдардың қыпашқтар  шарушылығында дәстүрлі болғанын, қыпшақ тайпаларының ол атауларды  қолданғанын орта ғасырлардағы түсіндірме сөздіктер сақталған арнаулы терминдер көрсетеді. Бұл терминдердің бастапқы негізітүріктерден шыққанын атап өту керек, олар: экин – егіс, буғдай – бидай, арпа - арпа, тутарған –күріш, маржамақ – жасымық, тару – тары, ирдан – қырман, ашлық – астық және т.б.

Информация о работе Қыпшақ хандығы