Қыпшақ хандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 17:14, реферат

Краткое описание

XI ғасырдың басында бұрынғы кимек, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл асай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Европа мемлекетімен тікелей белсенді қарым-қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың 2-ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан
оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дешті Қыпшақ мемлекет1.doc

— 150.50 Кб (Скачать документ)

Қыпшақ хандығы

        XI ғасырдың басында бұрынғы кимек, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл асай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Европа мемлекетімен тікелей белсенді қарым-қатынас орнатуға жеткізді.

        XI ғасырдың 2-ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан

оғыз жабғуларын ығыстыруына  экономикалық та, саяси себептер болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге

қыпшақтардың өзін-өзі  билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған болған жоқ. XI ғасырдың 1-жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Европамен жалғастырып жатқан жолдың бұл учаскесі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.

        Қыпшақтар  билігінің Арал өңірі мен Сырдария  бойындағы аймақтарға таралуына  байланысты этникалық-саяси жағдайдың  өзгеруіне қарай XI ғасырдың 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар    даласы» (Дешті Қыпшақ) деген ату пайда болды. Маеңғыстауды, сондай-ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді.

XI ғасырдың ортасында кумандародың негізгі бұқарасы мен билеуші тоқсоба және бұржоғлы руларының қоластындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теңіз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударды. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этно-аумақтық екі бірлестікке: Еділ

өзені бөліп жатқан Шығыс Қыпшақ және Батыс Қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді. Қазіргі Қазақстан аумағаның көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болды.

        Қыпшақ ақсүйектерінің шығыс Дешті Қыпшақ тайпалары қоныстанған аумақты едәуір кеңейтуіне мүмкіндік берген XI ғасырдың 1-жартысындағы қаулаған қауырт оқиғалар Сырдариядағы оғыздар державасымен, Орта Азиядағы салжұқтар, хорезмшахтар және қарахан әулеттерімен соғыстарға және қақтығыстарға әкеп соқты. Сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі де роль атқарып, ол қыпшақтар мемлекетінң құрылуына объективті себеп болды.

         Ғылыми  әдебиетте қыпашақтарда мемлекет  болу проблемасына 2 көзқарас бар.  Олардың біріншісін жақтаушылар  қыпшақтарда бір жажағдайда –  бұрынғы ммемлекеттік құрылым ретінде, ал екінші жағдайда атап айтқанда, хорезмшахтардың мәдени ықпалы барысында қыпшақтардың мемлекеттік болған деп санауға бейім.

         Екінші пікір бойынша, мемлектетің болу мүмкіндігінің өзі бекерге шығарылады.Мә-

селен, қыпшақтардың саяси құрылысы Ұлы Далаға мемлекетсіз үйренісудің үлгісі ретінде анықталады. Алайда, екі жақтың да көзқарасындағы айтарлықтай олқылық проблеманы кимектер мен қыпшақтар арасындағы сабақтастық байланыстар тұрғысынан қарастыруды

ұнатпаушылық болды. Айта кетелік, мұндай мұндай мүмкіндік кимектерде мемлекет болғаны анықталғаннан кейін ғана туды. Жазбаша деректемелердің мәліметтері қыпшақтарды Кимектер мемлекетінң толық мұрагерлері болған деп санауға мүмкіндік береді.

          Қыпшақ  хандығының саяси негіздері қыпшақ  және куман тайпаларының едйуір топтарының шығыс Дешті Қыпшақта орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едйуір нығайды.

          XI ғасырдың 2-жартысынан XII ғасырдың 1/3-не дейін қыпшақ хандарының саяси бірлігінде  де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен деректемелерде ең елеулі екі билеуші – «құдіретті» билеуші және «ең үлкен құрметке ие патша» бөліп айтылады.

          Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно-әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.

          Қыпшақ  хандарының билігі әкесінен баласына  мұраға қалып отырған. Елбөрілі  әулеттік ру саналған, хандар  солардан шыққан. Тарихшы Джузджани  (1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшақ ханының әлеуметтік руы туралы мынандай құнды мәліметтер келтіреді: жас кезінде Қазақстан аумағынан Үндістанға монғолдардан қашып барған «(ұлы)ханның асқан ұлы ұлығы», Дели сұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі болды. «Ұлық-ханның әкесі де,- деп жазады одан әрі Джузджани, -

Елбөрі тайпасының арасында күшті  кісі болған және хан атағымен аталған», Ал оның атасы Абар-ханның ұрпағы саналады. Демек, Абар-хан қыпшақтардың әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеолгиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім емес.

          Осыған байланысты Махмұд Қашғаридың қыпшақтар арасындағы Табар-хан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табар-хан Жөнінде ешқандай қосыша мәліметтер келтірілмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда, Табар-хан мен Абар-хан бір-ақ адам. Осыны негізге ала отырып, Табар-хан (немесе Абар-хан) XI-XII ғасырдың басындағы Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.

          Орда  депаталған ордасында ханның  мал-мүлкі мен хан армиясының  басқарған ханның басқару аппараты  орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасу ықтимал оң қанатқа және хан ордасы Сығанақ қаласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бөлінді. Неғұрлым күштісі оң қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы Торғай далаларында болса керек. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйелеріне ерекше мән берілді, өйткені олар көшпелі тұрмыстың ерекшелігін көрсетті және көшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болды.

          Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатң иерархиялық жүйесі (хандар, тархандар, югурла, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетіледі, сонымен қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінді. Орталық Азияның көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпалардың қатаң иерархиясы қоғамдық және мемлекеттік дамудың негізгі принципі болды.

          Қыпшақ  хандығында мемлкеттік істер  жүргізіліп, ақсүйектер көршілес  және алыстағы елдердің билеушілерімен  хат жазысып отырды. Жазба деректерде, қытай, үнді, ұйғыр ғұламары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне  тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.

          Қыпшақ  көшпелі қоғамы өркениетінің ерекшелігі – оларда байланыс желісінң жетілдірілгендігі болып табылады. Қыпшақтар елінде қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің «техникалық» прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін. Осыған байланысты XI-XIII ғасырдың басындағы қыпшақтардың этникалық аумағының кең-байтақ кеңістігі олардың қоғамының коммуникациялық мүмкіндіктеріне сәйкес болғанын атап өту жеткілікті.

          Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқы басты байлық саналды. Орта ғасырлардағы авторлардың хабарлағанындай, қыпшақтар елінде көптеген адамдар бірнеше мың жыылқы иеленген, ал олардың кейбіреулері он мың жылқы және одан да көп үйірлі жылқыны иеленген.

          Қыпшақ  тайпаларының көшіп-қонуы тез малшы топтары жүздеген, ал кейде мыңнан астам шақырым жерге көшіп жүреді. Олардың көшетін аумағы тарихы дәстүрлерге, байлық  дәрежесіне және табиғат жағдайларының сипатына қарай әртүрлі болып отырды. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары, сан ғасырлық тәжірибе ұрпақтардың бойында қалыптасты. Осыған байланысты «отан» (этникалық аумақ) ұғымына «жайылымдық жер»,  «жайлау» және «қыстау» ұғымдары арқылы ой жүгіртуге болады. Тұрақты көшу жолдарын елеулі экономикалық, әлеуметтік немесе саяси себептер ғана өзгерте алатын. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды, дағдылы құқықтың (төре) орныққан нормалары бойынша жазаланды деп есептелді. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер (таңбалар) салынды. Малынан айырылған, демек, көшу мүмкіндігін жоғалтқан еркін қауым мүшесі отырықшы тұрғандар-жатақтар (ятұқтар) қатарына өтті. Кедей ятұқтар жеткілікті мөлшерде мал пайда болысымен-ақ, ол қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысыпотырды. Қыпшақ қоғамында ең құқықсыз топ соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып отыратын құлдар болды.Этникалық аумақ шептерінң көптеген ерекшеліктерін басқа халықтарымен этникалық-саяси қарым-қатынастар анықтады. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлектетерімен, әсіресе хорезмшахтармен ерекше табанды күрес жүргізді. Егемендікті тану, әдетте, вассалдардың билеушілерге адалдыққа ант беріп, алым төлеуінен, оның соғыс жорықтарына өз қолдарымен қатысуынан көрінді. Салжұқтар әскерінің құрамы көбінесе қыпшақ көсемдері бастаған тайпалық топтармен толықтырылып отырды.

          XI ғасырдың 2-ширегінде хорезшахтар салжұқтардың өктемдігііне қарсы қыпшақ және оғыз тайпаларынан тұратын әскер қолдарын қызметке кең көлемде тартты. 1065 жылы

салжұқтардың билеушісі Алып Арслан хорезмшахтарды бағындырып, қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасады, онда қыпшақтардың жақсы бекінген қамалы орналасты. Қыпшақтарды бас идіруге көндірген Алып Арслан оғыздардың шағрақ тайпасына шабуыл жасап, олардың 30 мыңдық әскерін талқандайды. Осыдан кейін салжұқ сұлтаны Жент пен Сауранға жорық жасады. Осы соғыс науқанының нәтижесінде қыпшақ тайпаларының бір бөлігі уақытша Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. Сірә, осы тайталастар барысында қыпшақтар оғыз-салжұқтардың алабұлақ тайпасын тұтқынға алса керек, бірақ соңғылары, Махмұд Қашғаридің айтуынша, олардан құдайдың көмегімен құтылып кеткен.

          XI ғасырдың осңғы ширегіні ңаяғында Маңғыстауда және Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізді, оларға оғыз және түрікмен тайпаларының жекелеген топтары саяси жағынан тәуелді болды. 1096 жылы «құдіретті» хан

бастаған қыпшақ бірлестігінің  тайпалары Хорезмге жорық жасады. Алайда хорезмшахтардың қамқоршылары салжұқтар оларды Маңғыстауға қайтуға мәжбүр етті.

          Махмұд  Қашғаридың жанама мәліметтеріне қарағанда, қыпшақтардың әскери-көшпелі шонжарлары қарахандар әулетінің билеушілерімен саяси жағынан күрделі өзара қатынастарда болды. Қарахандар қыпшақ ұлысының шығыс шектеріне жорықтар жасады, ал кимектер. Қыпшақ хандары өз жерінің оңтүстік-батысында, Тараз аймағында Қарахандар мемлекетімен шекаралық мекен ретінде Кенжек Сеңгір бекінісін салды.

          XI ғасырдың аяғында Жент, Жанкент және төменгі Сырдарияның басқа да қалалары қыпшақ көсемдерінің қолында қала берді. Алайда XII ғасырдың 1-жартысында бұл аймақ қыпшақ хандары мен оны қайткен күнде де иеленуге тырысқан Орта Азияның мұсылман әулеттері арасындағы табан тірескен күрес өңіріне айналды. Кутб ад-дин Мұхаммед билеген кезеңде (1097-1127) қыпшақтар хорезмшахқа пәрменді қарсылық көрсетіп, төменгі Сырдария мен Арал және Каспий теңіздері аралығындағы далалық жерлерді өздеріне сақтап қалды. Қыпшақ билеушілері Мұхаммедтің мұрагері, ұлы Атсызды (1127-1156) күшті де алғыр қарсылас деп білді. Хорезмшах билігінің алғашқы кезінде Санжарға адал бодан болып қала берді. Сол екі арада, көп кешікпей ол өзінің бүкіл ой-ниетін ең алдымен шектес жатқан қыпшақ тайпаларын бағындыру арқылы өз күшейтуге бағыттады. Исламды таратуды желеу еткен хорезмшах Атсыз Жентке жорық жасап, оны жаулап алды да, сонан соң солтүстікке аттанып, Маңғыстауды өз иеліктеріне қосты.

         Қырға бойлай еніп, бірнеше сәтті жорықтар жасай отырып, хорезмшах Тасыз 1133 жылы «дінсіздер арасында зор құрметке ие болған» қыпшақ ханын жеңді. Деректемелер жоғарғы қыпшақ ханының өз өз ұлысы шегінде алғаш рет ірі жеңіліске ұшырауының себеп-тері туралы ешқандай қосымша мәліметтер келтірмейді. Шынына келгенде, қыпшақ хандығының бытыраңқылығы сол кезден (XII 2-жартысынан) басталып, күшейе түседі, оны бірқатар себептер туғызды, олардың негізгілері: қыпшақ тайпалары арасында, ең алдымен олардың ақсүйек топтарында Хорезмді жақтайтын бағдардың қалыптасуы, қаңлылардың ірі бірлестігінің құрылуы, билік жолындағы әулеттік өзара қырқысқан күрестің күшеюі болды.

         Атсыздың дербестікке ұмтылудан туған тәуелсіз қимылдарына Санжар ескерту жасап, Хорезмге жорық ашты және хорезмшахты Хорезмшахты өзіне бағынғандығын білдіруге мәжбүр етті. Жазбаша деректемелердің хабарлауына қарағанда, қыпшақтардың әскери-ақсүйек шонжарлары 1145-1152 жылдарда Атсызға Жентті 3 рет беруге мәжбүр болған. Хорезмшах Жентті «әлемнің ең басты жері және исламның аса ұлы шекаралық шет аймағы»

деп білді, сондықтан бұл қаланы иеленуге ерекше мән берілді. Жент пен Маңғыстауды өз иеліктеріне қосу арқылы ол көршілес тайпаларды Хорезмге тәуелді етті. Атсыз өзінің үлкен ұлы Әл-Арсланды Жентке билеуші етіп тағайындады.

         XII ғасырдың 2-жартысынан бастап, әсіресе Текеш билік құрған кезде (1172-1200) қыпшақ шонжарларымен жақындасуға нысаналы саясат жүргізді. Қыпшақтардың, қаңлылардың, кимектердің тайпалық топтарының басшыларын хорезмшахтар қызметке тарта бастады. Қыпшақ бірлестігі мен хорезмшах әулетінің билеушілері шонжарлары бір-бірімен туыстық байланыстар орнатты.  Қыпшақ ханы Жанкеші өзінің қызы Теркен-қатынды хорезмшах Текешке берді. Орта ғасырлардағы қатынастар дәстүрлеріне сәйкес ртүрлі деңгейлердегі этникааралық байланыстарда «татулық пен туыстық одағы» сияқты қасиеттертердің ерекше зор маңызы болды. Олар екі жақты қоғамдық-саяси қолдаудан көрінген нақты жжәне көбінесе тығыз байланыстардың тұтас жүйесін туғызды.

        Ұран тайпасынң  көсемі Алып Қара бастаған  қыпшақтар 1181 жылы Женттің шекарасына  келіп, хорезмшахқа қызмет етуге  тілек білдірді. Алып Қара өз  ниетінің шын екенін дәлелдеу үшін үлкен ұлы Қыранды оғландарымен (бектердің балаларымен) бірге хорезмшахқа қызмет ету үшін Гурганджға жіберді. Текеш жіберілген адамдарды лайықты қарсы алып,  Қыранға өз қызын ұзатады. Көп кешікпей Текештің ұлы Мәлік пен Алып Қара-

ның біріккен әскерлері қарақыталарға қарсы аттанды. Осы бірлескен қимылдардың нәтижесінде Таразға дейінгі жер азат етілді. Текеш Иран мен Азербайжанның билеушісі атабек Жиһан Пехлеванға (Қыран оның да қызына үйленген еді) жазған хатында өзіне Түркістанның барлық түкпірлеріндегі қыпшақтардың сансыз қолы қызмет ететінін хабарлаған.

Информация о работе Қыпшақ хандығы