Қыпшақ хандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 17:14, реферат

Краткое описание

XI ғасырдың басында бұрынғы кимек, қыпшақ және куман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл асай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Европа мемлекетімен тікелей белсенді қарым-қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың 2-ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның төменгі және ортаңғы аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан
оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дешті Қыпшақ мемлекет1.doc

— 150.50 Кб (Скачать документ)

        Әл-Бағдадидің  мерзімі 1182 жыл деп көрсетілген  мәліметтері бойынша, Мәлік-шах  тек Женттің, Рибат пен Баршылыкенттің  ғана емес, сонымен қатар қыпшақтардың  әкімшілік-саяси орталығы Сығанақтың билеушісі деп аталған. Алайда бұл деректер аймақтағы саяси жағдайдың ара-тұра көрінісін ғана бейнелеген. Ол жағдай жалпы алғанда хорезмшахтар өздерінің тәуелсіз қыпшақ ұлысының негізін шайқалтуға бағыттап жүргізген саясатының мақсатында туғызып, қолдап отырған мейлінше тұрақсыздығымен сипатталады. Бұл үшін олар қыпшақ ақсүйектерінң өкілдерінен хорезмшахтардың ниеттерін қолдайтын шектеулі әскери сословие құрды. Мұндай бағыттың идеологиялық негізі қыпшақтарды, ең алдымен олардың шонжарларын ислам дініне енгізу болды. Солай бола тұрса да, қыпшақ тайпаларынынң едәуір топтары XII ғасырдың аяғына дейін ислам дінін мойындамады. Жент

пен Фараб арасындағы байтақ жер XII ғасырдың аяғына дейін пұтқа табынатын қыпшақтар аймағы деп саналған. «Осындай кейінгі кезге дейін, - деп атап  өтті В.В. Бартольд, - исламды қабылдамаған қыпшақ мемлекетінің болу мүмкіндігі халықтық эелементтің қаншалықты күшті болғанын көрсетеді».  

      Хорезм билеушілерінде қызметте жүрген қыпшақ тайпалары көсемдерінің Дешті Қыпшақтағы далалық тайпаластарының жағына шығып кетуі сирек кездеспейді. 1195 жылы Сығанақ пен Жент билеушісі қыпшақ ханы Қадыр-Буке-хан қасиетті соғыс сылтауымен аттанысқа шыққан Текештің әскерімен шайқасты. Шайқастың нәтижесі ұран тайпасынан шыққан қыпшақ ұландарының хорезмшах қосынынан Қадыр-Буке-хан жағына өтуі нәтижесінде шешілді. Талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралды.

        XII ғасырдың ортасында қыпшақтар мен кимектердің әскери қолдраы Еділ бойында орналасқан Саксин мен оның төңірегіне жорық жасады. Осы оқиғалардың нәтижесінде Саксин тұрғындары Қыпшақ хандарына тәуелді екендіктерін мойындады, сөйтіп қыпшақ хандары оған өз басқақтарын тағайындады. Орныққан дәстүрге сәйкес, Хорезм билеушілері қаңлылар мен қыпшақтардың хандарының руынан әйел алатын болатын. Біріккен қаңлы тайпалары XII ғасырдың 2-жартысы - XIII ғасырдың басында өзін-өзі билеуге ұмтылған және сол арқылы Қыпшақ хандығының саяси бірлігііне жәрдемдеспеген үлкен саяси күш болды. Хорезмшахтардың негізгі әскери тірегі қаңлылар мен қыпшақтардың топтары болғаны мәлім. XIII ғасырдың басында хорезмшахтар сарайында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік үлкен ролб атқарды, ал оның қызын хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед алған еді. Хорезмшахтар мелекеттік және әскери лауазымдар берген қыпшақ ақсүйектері хорезмшахтардың мүдделерін қорғады. Қыпшақ қоғамында қыпшақтардың едәуір топтарының Хорезмді жақтаған бағыт ұстауы, сондай-ақ жоғарғы билік үшін бақталастықтың орталықтан аулақтану сарындары туғызған ішкі қайшылықтар күшейді. Осы жағдайда хорезмшахтар қыпшақтар көсемдері арасында шеберлікпен араздық отын тұтатып, қолдап отырды.

        XII ғасырдың аяғында Қадыр-Буке-хан мен оның жиені Алып-Дерек дауласып қалды. 1198 жылы Текештің Ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен бірге Далаға жорық жасады. Қадыр-Буке-хан талқандалып, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі Алып-Дерекке көшті, ол хорезмшахтарға тәуелсіз саясат жүргізді. Қыпшақ ханынң одан әрі күшеюінен қауіптенген Текеш Қадыр-Буке -ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін берді де, оны Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Соның нәтижесінде Алып-Дерек талқандалды, алайда Қадыр-Буке-ханның өзі Хорезмшахқа тәуелді болып қалады.

      XIII ғасырдың басында мұсылмандық Азияда бірінші болуға дәмеленген хорезмшах

Мұхаммед (1200-1220) мемлекетінің құрамына Сығанақ аймағы кірді. Сығанақ иелігінен айырылғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы табанды күрес жүргізуін жалғастыра берді. Женттен Мұхаммед солтүстікке қарай Дешті Қыпшақтың қыпшақтарына қарсы талай рет жорық жасады. 1216 жылы Қадыр-ханға қарсы бір соғыс жорықтары кезінде ол Ырғызға дейін дейін жетіп, онда Торғай даласында монғолдардан қыпшақтар еліне қашқан меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғыс-хан әскерімен мүлдем күтпеген жерде қақтығысып қалды. Сұлтанмен шайқастан кейін монғолдар түн жамылып шегініп кетті. Бұл Қазақстан жеріне монғолдардың алғашқы келуі болатын, ол қыпшақтардың хорезмшахтармен ұзаққа созылған бақталастығын тоқтатты.

        Қыпшақ мемлкеті  құлады, алайда оның даму үрдісін  XIII ғасырдағы ауыр оқиғалар біржола күйреткен жоқ, тек қана тұншықтырып тастады, сөйтіп XV ғасырда, қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу кезеңінде қайта шықты.                               

       XI ғасырдың 1-жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде – Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде де күшті әулеттік елбөрілі руы заңдастырды.

       XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ және куман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың 2-жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атп өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл кумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналар ажыратылмаған.

       Жазбаша (ертедегі орыс) ескерткіштеріндегі мәліметтерді түсіндірген кезде белгілі қиындықтардың тууы содан. Орта ғасырлардағы Византия тарихнамасына да байланысты істің нақ осындай. 1078 жылы византиялықтар өздерінң батыстағы көршілерінің шын этни-калық атауы кумандар екенін бірінші болып біліп, бұл атауды Дешті Қыпшақтың барлық түрік тайпаларына таратты. Бұл дәстүр Византия әдебиетінде тура XIV ғасырға дейін сақталды.

         «Половец даласының» шегі ертедегі орыс жылнамаларында Еділ мен Днепр аралы-ғында деп белгіленді. Ал, мұсылман деректемелеріне сәйкес, Батсы Дешті Қыпшақ әлдеқайда көп жерді алып жатқан. Мәселен, араб географы әл-Идрисидің (XII ғ.) мәліметтері кумандардың көшіп жүретін жерлері Днестр мен Днепр аралығында орналасқан, ал Днепрден шығысқа қарай қыпшақ тайпаларынң ордалары жатқан деп санауға мүмкіндік береді. Батыс бірлестігі қыпшақтардың тайпалық құрамы он бір тайпа-дан: тоқсоба, йеиоба, бұржоғлы, елбөрілі, қаңғароғлы, анджоғлы, дурут, құлабаоғлы, жартан, қарабөріклі, қотан тайпаларынан тұрған

         Біршама  біртектес этникалық құрамы атп  өтіледі, оған түрік тайпалары:  қыпшақ куман және печенег тайпалары кірген. Қыпшақ тайпаларының батыс конфедерациясындағы жетекші әулеттік тайпа тоқсоба мен бұржоғлы болған. Қазақстан аумағында құрылған Шығыс Қыпшақ бірлестігінде этникалық байланыстардың даму және тереңдеу дәрежесі, сондай-ақ қыпшақ этносының қалыптасу деңгейі Шығыс ұлыс қыпшақтарының тайпалық құрылымы бойынша әжептәуір айқын анықталады. Араб ғалымдары Ахмет ат-Тыни (1235-1318) және ад-Димашкидің (1301-1349) еңбектерінде Шығыс ұлыс қыпшақтарының рулық-тайпалық құрамы туралы нақты деректер бар. Ол 16 этникалық компоненттен тұрған. Олардың 8-і негізгі тайпалар болған да, одан кейінгі 8 этникалық компонент неғұрлым ұсақ бөлімшелер болып табылады. Қыпшақтардың он алты тайпалық конфедерациясы тізімінің өзі ретсіз кездейсоқ сипатта болмағанын атап өту маңызды. Керісінше, әлеуметтік және саяси орны деңгейіне сәйкес қатаң реттелген.

          Ең бірінші жетекші, таңдаулы тайпа бөрілілер (басқа деректемелер бойынша, елбөрілілер) болып, қыпшақ хандары ұрпақтан ұрапққа солардың қатарынан шығып келген. бөрілі терминінің семантикасы «қасқыр» мағынасымен байланысты. Тарихи және этнографиялық әдебиетте бірқатар түрік этносының аңызға айналған негізін қалаушы ретіндегі қасқырға табыну және түрік тайпаларының ертедегі даму сатылырындағы қасқырдың тотемдік роль атқаруы кеңінен белгілі. Екіншісі – тоқсоба, ол да «тоғыз тайпалы» деген мағынаамен таңдаулы тайпаларға есептеледі. Одан әрі йетиоба , яғни жеті тайпалы (жетіру), содан соң «төрт тайпалы» дегенді білдіретін дурут тайпасы (туртоба) келеді. Бесінші тайпа әл-арс аталады, олар аландарға туыстас иран тайпасы астар деп саналады. осының қарағанда, Арал теңізіне көршілес мекендеген түркі тілдес астардың (арстардың) жекелеген топтары қыпшақ тайпаларының құрамына енсе керек. Одан әрі бұржоғлы тайпасы келеді, олар басқаларымен қатар оңтүстік орыс далаларында қыпшақ қоғамының үстем тобын құрып, ал Мысырда өз ортасынан мамлюк-сұлтандар әулетін шығарған. Жетінші етіліп манқұроғлы тайпасы көрсетіледі, олар, тегінде, кимек тайпаларының біреуіне жататын болса керек. Бірқатар деректемелердің мәліметіне қарағанда, кимектер елінде Манқұр таулуары болған. Тотем ретінде, сірә, таулардың аты кимектер конфедерациясының жекелеген топтарына берілген болса керек. Соңғы ірі тайпа ретінде имек тайпасы – мұсылман тобының көптеген жазбаша деректемелерде кимек атауы енді аталмай, олөзінің диалектілік түріндегі имектерге толық орнын босатып берген. Қыпшақтар мен имектердің этникалық-саяси және этникалық-мәдени асқан тығыз байланыстарының топтасудың жоғары деңгейіне жеткені соншалық, Махмұд Қашғари (XIғ.) дәуірінде имектерді қыпшақтар деп атаған, ал қыпшақтар болса өздерін басқа атаумен атаған.

           Тайпалардың қарастырылып отырған тізімі тұрғысынан алғанда, ад-Димакши имектер жөнінде: «ал олар (имектер) сол кезде-ақ хорезмдіктерге айналған еді» деген мазмұндағы ескертпе жасайды. Бұл арада ең алдымен имек ханының қызы, хорезмшах Текештің әйелі Теркен-қатынның қызметінде болған 10 мың адамдық имек әскерінің контингенті айтылып отыруы ықтимал.

          Ұсақ бөлімшелер арсында бірінші кезекте тағ этнонимі аталған.Ертедегі оғыз аңыздарына қарағанда, тағ тайпасы оғыздардан шыққан. Содан соң ертедегі башқұрт тайпасы – жекелеген топтары X ғасырда Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларына қоныстанған башқұрттар айтылады. Соның ізінше куманлу этнонимі, яғни куман ±лу (билеу немесе қатынас аффиксі) тайпасы аталады. Бұлар, сірә, кумандардың негізгі көпшілігі Шығыс Европаға көшіп кеткеннен кейін Қазақстан аумағында қалған куман тайпаларының топтары болса керек. Одан соң екі тайпа: базанақ (бажанақ) және бажна тайпалары айтылады, ал олар башқұрттармен бірге печенег тайпаларының одағы кірген. IX ғасырдың 1-жартысында олар оғыздардың, кимектер мен қарлұқтардың одағынан жеңліп, содан кейін іле-шала негізгі бұқарасы Арал теңізі, Жем мен Жайық аймағынан батысқа ауып көшуге мәжбүр болған еді.

          Жазбаша  деректемелердің көрсетіп отырғанындай, аталған түркі тілдес үш тайпаның  жекелеген бөлімшелері Батсы  Қазақстандағы қалып, қыпшақтар  бірлестігінің құрамына кірген. Осыдан кейін қарабөріклі аталады, олар да Арал өңірінің печенег тайпаларына жатады. Семантикасы жағынан тайпа қарақалпақ тайпасының атауына сай келеді. Содан соң ұз, шындығында оғыз тайпасы келеді, өйткені халық оларды осылай атаған. Қыпшақтар құрамында ең соңынан аталатыны – жортан (шортан) этнонимі. Бұл сөздің «шортан» деген мағынадағы семантикасы оның түрік негізінде екенін көрсетеді.

          Демек,  конфедерацияға кимек (имек, манқұроғлы), оғыз (ұз және тағ), печенег-башқұрт  (башқұрт, бажанақ, бажна), ас, куман(куманлу, бұржоғлы және жортан) тайпалары мен қыпшақ тайпаларының өздері (бөрілі/елбөрілі, тоқсоба, йетибоа және төртоба) енген, оларды атап көрсетудің әсіресе қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасу жолы туралы мәселені қарастыру кезінде принципті маңызы бар.

          Қыпшақтар  конфедерациясы тайпалық құрамының  XI-XII ғасырларға қатысты құрылымы оның күрделі және әр текті болғанын барынша айқын көрсетеді. Қыпшақ конфедерациясы өзінің қыпшақ тайпаларымен қоса, түркі тілдес кимек, куман, печенег, ертедегі башқұрт, оғыз тайпаларын, сондай-ақ иран тілдес этникалық жіктердің түркі тілдес элементтерін жинақтаған. Ал мұның өзі иерархияға және оған қоса әлеуметтік организмдер болатын. Тегінде, топтасу және бірігу негізінде туыстас қыпшақ тайпалары одағынан халық болып үйісу үрдісі жүріп жатқан болса керек. Қыпшақ мемлекетіне ұйымдасқан қыпшақтар халықтың қалыптасу сатыысында бірқатар жағдайрада өздерінің қоластындағы халықты сіңістіре отырып, кең-байтақ аймаққа таралуға қабілетті болып шықты.

          Қыпшақ  қауымдастығының қалыптасуына аталған тайпалармен қоса, XII ғасырдың 2-жартысында шағын топтары Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларының шегінде этникалық-аумақтық бірлестік құрған көп санды қаңлы тайпалары пәрменді түрде қатысты.

          Зертеу  әдебиетінде қаңлы этнонимінің пайда болуы туралы мәселеде бірнеше пікір бар. Бірқатар зертеушілер қаңлыларды кангарлар (печенегтердің таңдаулы тайпасы) деп санайды. Сонымен қатар қаңлылар печенег тайпалары бөлігіінің қыпшақтармен сіңісуінің нәтижесінде деп қарастырылатын болжам бар.Үшінші бір жағдай да бар, онда қаңлы этнонимі кимек-қыпшақ тайпаларының Сырдария мен Арал өңіріндегі ертедегі печенег-оғыз тайпаларын жаулап алуына байланыстырылады. Қаңлы этнонимінің біршама кейінгі кезде, XI ғасырда пайда болуы туралы атп өтілген ұйғыр елшілерінің Алтай аймағында, басмылдармен, тоғыз-ғұздармен және қарлұқтармен көршілес ьолған қара қңлы (немесе қар қаңлығ) этнонимін айтуы туралы фактіні ескергенде оны түсіндіру қиындай түседі. Оғыз-хан туралы тарихи аңыздарда қыпшақтармен, ұйғырлармен, қарлұқтармен бірге қаңлылар ежелгі түрік халықтары ретінде аталады. Жеке адам этнонимі ретінде қаңлы атауы жөнінде XI ғасырда Махмұд Қашғари былай дейді: «Қаңлы – қыпшақтардан шыққан ұлы адамның аты».

          Сонымен бірге қыпшақтардың этникалық құрамына Қазақстан аумағына Шығыс Түркістаннан X ғасырда келген ұрандар, сонан соң баяттар, сол сияқты азкиштер мен түргештер сияқты түркі тілдес тайпалар енген. Соңғы екі тайпаның XII ғасырда Қара теңіз өңірінде пайда болуы, тегінде, қыпшақ тайпаларының, солармен бірге азкиштер мен түргештердің солай қарай қоныс аударуына байланысты болса керек. Қыпшақтардың этникалық компоненттерін сондай-ақ қарлұқтар- жікілдер- қайлар да құрады.

          Қазақстан  аумағында қыпшақ халқының қалыптасуының  этникалық аумақ, шарушылықты жүргізу түрлерінің біртектестігі, қоғамдық қатынастар жүйесі мен тіл бірлігі жәрдемдескен этникалық-мәдени белгілердің жымдасу үрдісі жеделдете түсті. Қыпшақтардың әр түрлі этникалық топтармен өзара тығыз іс-қимыл этникалық қауымдастыққа әсер етті. Қыпшақтарды саяси салмағының барған сайын артуына байланысты көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бітұтас этносқа жататындығын ұғынып, қыпшақ этнонимін қабылдады және өзін-өзі қыпшақтар деп атай бастады.

           Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты.

           Кимек  қағанатының қол астында болған  кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарарының қолынга көшті. Кимек тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен Батысында Еділ мен Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дйінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өңірі далаларын Қыпшақ хандығының қоластына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының биленушілеріне айналды.

Информация о работе Қыпшақ хандығы