Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.
Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер алынып отыр:
Ұлы Жібек жолы тақырыбын жан жақты зерттеу барысында ғылыми деректерді және бұхаралық хабарлама құралдары мен баспасөз материалдарын барынша тиімді қолдану.
Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау
Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді құралы болуы ықтимал «Ұлы Жібек жолының» қыр-сырын жан-жақты зерттеу

Содержание

Кіріспе .................................................................................3-4

І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі ..............5-32
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы .................................5-7
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы
Ұлы Жібек Жолының рөлі ......................................................8-11
1.3. Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдары ..............12-18
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары ..................................................................................19-32
ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы пайда болған
ортағасырлық қалалар .......................................................33-52
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы ......................................................33-42
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы ..........................43-49
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары ......................................50-52
ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан
территориясындағы қалалар .........................................53-69
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және
Шымкент қалалары ...........................................................53-58
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы ......................................................................54-69
Қорытынды ......................................................................70-72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................73-74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Ұлы-Жібек-жолындағы-ортағасырлық-қалалар.doc

— 321.50 Кб (Скачать документ)

Ұқсас ортасында  суаты бар квадраттағы бөлінген тік бұрышты төртбұрыш болып келген бау-бақша отырғызу жобасы Шаһарлық төңіректерінде және Сол жағадағы Хорезмдегі Дэвкескенде кездеседі.[10] Ал бақшалардың молдығы Жаңадариядағы ХҮІІІ-ХІХғ.ғ. түркімендер тұрған жерлерде байқалады. [11]. Жеке қоныс аудандары әртүрлі. Ішіндегі ең ірілерінің өлшемдері 150-110, 180-90м. және алатын орны 1,5-1,8га. Орташа қоныстың ауданы 1га-ға дейін, ал кішілері 0,5ға-дан аспаған. Орташа қоныстар саны басымырақ. Барлығы – Сауранның ауыл шаруашылық аймақтарының аэрофотосуреттері негізінде жасалған болжалды есеп бойынша – 350 қоныс шамасында.

Көтерім материал – керамика, тиындар Сауран маңайындағы  жеке қоныстардың өмір сүрген уақытын ХІІІ-ХІҮ және ХҮ-ХҮІІІ ғасырлармен кезеңдеуге мүмкіндік береді.

Алда айтылғандай  қаланы сумен қамтамасыз ету және қала төңірегіндегі бақтарды суғару кяриздер көмегімен жүзеге асырылған. Кяриздердің қалдықтары басында  қаланы самолеттен қарап шыққанда байқалған, соңынан аэрофотосуреттерде белгіленген. [12].

Кяриз күрделі  және орасан зор еңбекті қажет  ететін бина. Оның құрылысы мен тазартылуы тек ауыр еңбекпен ғана емес, өмір үшін де зор қауіп-қатермен сыбайлас болған. Жер қазушыларға үстеріне жер опырылып құлау, шахта газдарына тұншығу, кенеттен су атқылап шығу қатерлері әрдайым төніп тұрған. Васифи Сауран кяриздері туралы былай деп жазған: «Бір уақытта құдық ішіндегі ауа бұзылып, жұмыс істеуге болмайтын жағдай туды. Сонда құдықтың бір жағынан оның түбіне дейін мөлшері кішірек арықтай жол қазып, оның ішінен былғарыдай ұстаның көрігін орналастырды да ауа шайқады, ал жер қазғыш шеберлер жұмыс істеп жатты. Су фонтаны болып атқылап шыққан жағдайда батып кетпес үшін жер қазушылар белдеріне 2 асқабақтан байлап алып жұмыс істеді». [13]

Орта Азия мен  Қазақстан территориясын кяриздер арқылы суару Туркменияда кең  өріс алған. Онда жақын уақытқа дейін, тіпті қазірдің өзінде де бірнеше  кяриздер қолданылып келеді. Олардың  ішінде ұзындығы 2,8 шақырым құдықтарының ең тереңі 19,9м. Ал су кірісі секундына 20,5 Исберзен, ұзындығы 2,36 шақырым, 70 құдығы бар және су кірісі секундына 176л. Хан-кяриз, Дэв. Ишан және т.б.

Бұхара хандығында кяриздер Нұрат өңірінде қолданылған. Әзірбайджанда жақынға дейін кяриз саны 812 болған.Кяризбен суғару жұмысы әбден жетілдірілген Иран жерінде ұзындығы 50 шақырымға дейін кяриздер болған. Сонымен, Сауран кяриздерін соларға ұқсас биналармен салыстыру олардың кең өріс алғанына және Сауран аймағында кяриз арқылы суарудың зор маңызы болғанына куәлік етеді. Көне Сауран қаласы, өзінің биік, қазірге дейін жарым-жартылай бүтін қалған қабырғаларымен, тұрғын кварталдары және қоғамдық ғимараттары қаусырықтарымен, уникальды кяриздермен, төңірегіндегі қоныс-жайларының қалдығымен және ежелгі егінді жерлерімен Қазақстанның аса құнды археологиялық және архитектуралық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Бұл Қазақстан және Орта Азия халықтары ата-бабаларының еңбегі мен мәдени өмірінің ерекше музейі. Сауранды қорғау әрекеттерін жасау және жоспарлы түрде зерттеу – ғалымдарының, Совет органдарының, бүкіл республика жұртшылығының алдында тұрған актуалды міндеттерінің бірі.

2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары

Оғыздар державасы  Орта Азия мен Европаның саяси  және соғыс тарихында маңызды  роль атқарған. Оғыздар Орта Азияға шапқыншылық жасаған, Хорезм және құдыретті Хазариямен бақталас болған. Тарихи дәректер оғыз патшасы мен Киев князі Святослав арасында 965 жылы хазарларға қарсы әскери келісім жасалу фактісін мәлімдейді. Олар да, бұлар да нақты саяси мақсаттар мен экономикалық пайда көздеген.

Назар аударарлық мәселе – қыпшақтардың ХІ-ХІІІ ғғ. Орта Азияның ең құдіретті мемлекеттерінің бірі болған Хорезммен ара қатынастары. Хорезм мен қыпшақтардың әскери соқтығыстары бітім жасаумен және қыпшақ хандарының хорезмшах вассалдары болуымен аяқталған. Алайда көп кешікпей қыпшақ ақсүйектері өз қолдарына шешуші әскери мансаптарды шоғырландыру арқылы сарайдағы ең күшті топқа айналады. Оның үстіне, қыпшақтың бір қожасының қызы Тұрқанхатун соңғы хорезмшах Мұхаммедтің анасы болған. [14]

ХІІІ ғасырдың басында  Хорезмшах Мухаммед қыпшақтарды  әбден бағындырып алды.

Оғыздан, онан соң қыпшақтар иелік еткен қалалар қазір археологиялық ескерткіш қала қалдықтары ретінде тұр, оларды зерттеу және қазбалау жұмыстары құлашын әлі де кең жая алған жоқ. Сондықтан қазір олардың көбінесе сыртқы топографиясы мен материалдық мәдениетінің кейбір жақтары белгілі.

Жанкент атауымен белгілі Яншкент қаусырықтары Сырдарияның  оң жағалауында Қазалы қаласынан  алыс емес жерде жатыр. Көне қаланың  сыртқы пішіні өлшемдері 375х255м. тік бұрышты төртбұрышқа ұқсас болып келген. Солтсүтік-батыс бұрышында өлшемдері 100х100м, және биіктігі 7-8м, ішкі қамал орналасқан. Қаусырықтардың топографиясында шығыс және батыс қабырғаларындағы қақпаларды байланыстыратын негізгі үлкен және кіші бағыты оқылады. Мұнда б.д.д. бірінші ғасырлардан ХҮІІІ ғасырларға дейін жерлеу жүргізілген. Бір уақыттарда майолик плиткалар және кірпіштер мен қапталған тозығы жеткен ХІІІ-ХІҮ ғғ. Мавзолейлері назар аударарлық, Жанкенттің Сырдариядағы бұзылған ескі қала қалдықтарының ең ірілерінің бірі және археологиялық зерттеулер үшін перспективалы екендігі даусыз. Бұны Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеушілері де өте жақсы түсінген. Жанкентке П.И. Лерх, суретші В.В.Верещагин назарларын аударған. Верещагин бұл жерде тіпті кішігірім қазба жұмыстарын да жүргізген. Белгілі орыс ғалымы В.В.Стасов: «...Неліктен Жанкенттің жанындағы көне қалаға біздің Помпей болмасқа!» - деп жазған.

Ескерткіштің  маңыздылығын қала қалдықтарына 1867 жылы күзет ұйымдастырған, қаусықтардың арасынан күйдірген кірпіштерді талан – таражға түсіріп тасымалдаумен күрескен орыс офицерлері де түсінген. Жанкент б.д. бірінші – ХІІІғғ. даталанған. [15]

Жанкенттің  қасында Сырдарияның ең төменгі  сағасында тағы бірнеше оғыз қалаларының  қаусырықтары жатыр.

Оғыз және қыпшақ қалаларына Жент-Жаңқала жатады. Оның қаусырықтары Жаңадрияның оңтүстік жағасында, Қызылордадан солтүстік-батысқа  қарай 300 шақырымдай жерде орналасқан. Көне қала бекініс қабырғасымен қоршалған және ауданы 40 га шамасында. Қаланың солтүстік батыс бұрышында квадрат төбе ұсқынды ішкі қамал орналасқан. Қала айналасындағы бекініс қабырға кейбір жерлерінде 8м биіктігінде сақталған. Женттің айналасында каналдар арналары, ирригациялық тораб, бау-бақша қалдықтары, құрылыс іздері сақталған. Қала І-ХҮІІІғғ.-мен кезеңделген, алайда көтерме материалдарға қарағанда, қала әсіресе интенсивті түрде Х-ХІІІғғ.-да өмір сүрген. ХІІІ ғ. Жент қыпшақ мемлекетінің астанасы болған.

Қалада осы  уақытта тиын соғылған деген деректер бар, қалай болғанда да «Жент» деген жазуы бар күміс дөңгелек бір қазнаның құрамында табылған.

Сығанақ қаласы туралы алғашқы рет Хғ. жазбаша  деректерінде айтылған, ал ІХ ғ. оны Махмұт Қашқари оғыз қалаларының ішінде атап өткен.

ХІІ ғасырда  Сығанақ қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің  астанасы болады.

Сығанақтың  айналасында Сырдариядан Төмен-арық және Бұзғыл-Ұзақ арқылы шығарылған каналдармен  және Қаратаудан ағатын Мыңбұлақ, Шолақ, Арсланды, Қызыл-тала, Келте-Шалғыз тау  өзендерінен шығарылған арықтармен суғарылып айдалған жерлер жатқан. Ол каналдар мен арықтардың көне қала маңайында әлі күнге дейін сақталған.

Қала, басқа  да көптеген Сырдария қалалары сияқты, ХІХғ. Орта шенінде иесіз қалған, бірақ осы күнге дейін бұл  және Сырдарияның басқа қалалары туралы Ұлы Жібек жолы трассасындағы  ірі сауда орталығы ретінде халық аңыздары мен ертегілері сақталған.

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар

3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және Шымкент қалалары

Ұлы Жібек жолының  қазақстандық бөлігіндегі бірегей  ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстардың барлық жер-суы – шығыста Талас-Шуға дейін, солтүстік-батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты.

Испиджаб жазба  деректерде сонау ҮІІ ғасырдың бас  кезінен белгілі, Сюань-Цяньнің Сапарнамасында ел «Ақ өзендегі қала» деген атаумен еске алынған.[16] Өзге емес дәл осы Испиджабтың атауының аталу сыры көп кейінірек Махмуд Қашқаридің ХІ ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті. «Сайрам-деп жазды ол, - Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың /Ал-Мединат ал-Байда/ атауы. Оны Сайрам деп те атайды». [17] Испиджаб атауы соғды тілінде «Ақ су» мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса «Ақ өзендегі қала» - «Испиджаб» «Сайрам» деген атауларының түп – төркіні бір екендігіне осының өзі айғақ бола алады.

Орта ғасыр  дәуіріндегі Испиджаб – Сайрам Х ғасырмен ХІІІ ғасырдың бас кезінде Қазақстанның Оңтүстігіндегі ең ірі қалаға айналды.

Испиджаб округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын, Қаратаудың солтүстік бөктеріндегі Баладж мен  Берукей қалаларын: Жетісудың Тараз, Құлан, Мирки /Мерке/, Суяб қалаларын қамтыды.

Х ғасырдың географы Ибн Хаукаль былай жазды: «Испиджаб – шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала. Ол мединадан /орталықтан/, қамал мен рабадтан тұрады. Камал күйреген, ал медина мен рабадта тұрғындар тұрады, медина дуалдармен қоршалған рабадты да ұзындығы фарсахқа таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабадтан өз бағы мен суы бар. Ол  тегіс жерде жатыр». Бұл адамы құжынаған, ауқымды қала, бүкіл Хорасан мен Мавреннахрда осы Испиджабтан басқа харадж /салық/ төлемейтін бірде-бір қала жоқ.[18]

Қалада сауда  құрылыстары – керуен сарайлар мен «тимдер» көп болды. Керуен сарайлар /рабаттар/ Нахшеб, Бұхара, Самарқант көпестерінің иелігінде еді. Халықаралық сауда Орта Азия мен Шығыс шығарған және Испиджабтың өзінде ХІ-ХІІ ғасырларда шекілген жергілікті теңгелермен қару-жарақ, семсерлер, мыс пен темір жеткізіліп тұрды. Қала құл сату орталығы ретінде де бүкіл Шығысқа әйгілі еді – одан сол кездегі қырқысқан қыруар соғыстарда әр түрлі түркі тайпаларынан қолға түскен тұтқындар сатылып, әкетіліп жатты.

Испиджаб төңірегінде  көптеген қалалар мен қыстақтар  болған, ол туралы Х ғасырда ал-Истархи  былай жазады: «Оның құрылыстары саз балшықтан жасалған. Оның базарлары жеміс-жидекке тұнып тұр, онда түрлі өнім көл-көсір және сан-алуан пайдалы заттар да көп. Оның айналасы толған қалалар мен қыстақтар». [19] Жазба деректер олардың ішінде Макент, Джумишлаг, Газгерт, Харлуг атауларын атайды.

Өз округі мен  іргелес қалаларды қосып алғанда  Испиджаб – Сайрам халқы өте тығыз  орналасқан аудандардың бірінен саналатын. Археологтардың есептеуінше қаланың өзінде және қала маңында 40 мыңға тарта халық тұрған. Қала халқының саны көшпенді жұртшылықтың тұрақты түрде отырықшылана бастауы есебінен өсіп отырады.

Жазба деректерде сақталған естеліктерге қарағанда Мұхаммед Сайрам бекінісінде шағын жауынгерлер тобын қалдырған тәрізді, өйткені «Сайлан /Сайрам/» бекінісін қоршауға алған монғолдардың қабырға бұзғышты қолдануларына тура келген». Дегенмен, басқа қалаларға жасалған шабуылдар нәтижесін қарағанда, бұл қала қатты қирамаған тәрізді, өйткені 1221 жылы Сайрам арқылы өткен даос сопысы Чань-Чунь қаланы жақсы күйінде тапқан және шәкірттерімен бірге бұл жерде бірнеше күн болған. Қайтар жолында Чань-Чунь 1223 жылы тағы да Сайрамның үстімен өтеді және оны «Үлкен қала» деп атайды. [21]

Қала өз заманына қарай жақсы бекітілген ХҮ-ХҮІ  ғасырлардың тарихшысы, «Мехман наме-н Бухара» шығармасының авторы Рузбихан Исфагини былай жазды: «Қаланың негізгі бөлігі қоршалған дуалдардың биіктігі сонша, иемденіп алмақшының қолы оның қабырғасына тез жете қоймас: оны айнала қазылған ордың тереңдігі сонша, одан аттауға да қазақтың аяғы да бармас». Сайрам сыртындағы ор Хафиз-ге Танышемнің ХҮІ ғасырдың аяқ шеніндегі оқиғаларды сипаттап жазған шығармасында да еске алынады. Кейінірек қаланы қазақтар қолға алған кезде ол Бұхара мен Самархандқа сол жерден жасалатын жорықтардың тірек қорғанына айналды.

Қала деп  аталатын қалдықтары Сайрам селосының  орталығында сақталған күйреген ескі Сайрам қаласының жұрты қазір  де көргеннің көңілінде таңданыс әсерін қалдырады. Мұның өзі тік бұрыш кескінді биік оба, оның биіктігі 6,5-11 метр, көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 метр, ал шығыстан батысқа қарай 500 метр. Барлық қабырғаларымен жарыса созылып жатқан биік жал бар – бұл бұрынғы қамал дуалдары, оның сыртында батпақты шұңқырға айналған ордың үздік-үздік қалдықтары сақталған. Жұмыр өркешті қабырғалардың кей жерлеріндегі қалдықтары ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басына дейін сақталып келген. Қамал шығыс беттегі бұрышта болған. Күні кешеге дейін дерлік Қала бекініс ролін атқарады және орта ғасырлық шығыс қаласына тән құрылыс жобасын сақтады. Жазба деректер бойынша, ескі қаланың бір-біріне қарама-қарсы салынып, қаланы көктей өтетін тура көшелермен жалғасып тұрған төрт қақпасы болған.

Орта ғасырдың аяқ шеніндегі қалалар, сол бұрынғысынша, саяси, экономикалық және мәдени орталықтар болып қалды әрі Қазақ хандығы өмірінде маңызды роль атқарды.

Сайрам халқының этникалық құрамы әр түрлі болатын. Қалалықтар құрамында иранша да, түрікше  де сөйлей алатын ежелгі қалалық тұрғындар әулеті де сондай-ақ қалада тұрақты отырықшылана бастаған көшпенділер де бар еді. Көшпенді малшылардың кедейленіп қалған топтары отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысты. Ал 1598 жылғы грамоталардың бірінде Сайрам уәляй-атының тұрғындары құрамында отырықшылар-«қышлақништер» және одан көшіп жүргендер-«сахаранишндер» атаулары болған. Қаладағы қазақтар саны тұрақты түрде өсіп отырды.

ХІҮ-ХҮ ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез  дами бастады да Қазақстанның оңтүстігіндегі бас қала ролі бірте-бірте соған ауыса берді.

Шымкент – елді мекенінің атауы алғаш рет 1425 жылы Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында ауызға алынады. Темірдің жорықтарына байланысты 1366 жылғы оқиғаға берілген сипаттамада Шымкент, Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ғана еске алынады.[22] Алайда қала тарихы мыңдаған жылдар тереңінде бойлап кетеді.

Информация о работе Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар