Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.
Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер алынып отыр:
Ұлы Жібек жолы тақырыбын жан жақты зерттеу барысында ғылыми деректерді және бұхаралық хабарлама құралдары мен баспасөз материалдарын барынша тиімді қолдану.
Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау
Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді құралы болуы ықтимал «Ұлы Жібек жолының» қыр-сырын жан-жақты зерттеу

Содержание

Кіріспе .................................................................................3-4

І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі ..............5-32
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы .................................5-7
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы
Ұлы Жібек Жолының рөлі ......................................................8-11
1.3. Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдары ..............12-18
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары ..................................................................................19-32
ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы пайда болған
ортағасырлық қалалар .......................................................33-52
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы ......................................................33-42
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы ..........................43-49
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары ......................................50-52
ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан
территориясындағы қалалар .........................................53-69
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және
Шымкент қалалары ...........................................................53-58
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы ......................................................................54-69
Қорытынды ......................................................................70-72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................73-74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Ұлы-Жібек-жолындағы-ортағасырлық-қалалар.doc

— 321.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Жібек жолы бойындағы керуен жолдары

Жібек жолындағы  ең үлкен қала Талас алқабындағы  Джувикат болатын, Таразға сол арқылы жететін. Бұл сонау ҮІ ғасырдан белгілі  Қазақстандағы ең ежелгі қала еді. Түрік қағаны 568 жылы дәл осы жерде Иранға қарсы әскери одақ шартын жасасу және жібек саудасы мәселелерін шешу мақсатымен Византиядан әскери сарапшы /стратег/ Замархтың бастауымен келген Юстиниан ІІ-нің елшілігін қабылдаған болатын. Тарихи деректерде Тараз «көпестер қаласы» деп аталады. Сонымен бірге ол кейін қарлұқтар мен қараханидтердің де сауда-саттығының орталық астанасы болды.

Талас алқабындағы  Таразға керуендер, сондай-ақ, Ферғана  алқабынан Шатқал жотасындағы Чанач, Алатаудағы Қарабура  асулары арқылы өтетін жолмен де жүретін. Жолдың бұл бөлігі Жібек жолының «Ферғанаға» және «Жетісу» бағыттарын жалғастыратын.

Бұл қалалардың жұрты жатқан жерлерді археологтар  таба білді: олар осы күнгі Тоқмақ қаласына таяу маңда жатқан болып  шықты және олардың  бір-бірінен 5 км жерде жатқан ескі Ақбешім, Боран қалаларына келетіні анықталды.

Жібек Жолы Суябтан  Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік жағалауымен өтеді. Жолдың оңтүстік тармағында керуен ірі Жоғарғы, Барысқан қаласын басып өтетін, ал солтүстік  тармағында атаулары бізге жетпеген шағын керуен – сарайлардың қалдықтары кездеседі. Одан әрі бұл жолдар Бедел асуында немесе сол арқылы Ташрабатта түйісіп, Жібек жолы Қашғар мен Ақсуға апаратын.

Х-ХІІ ғасырларда Жібек жолының бір тармағы  Іле алқабын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай көктей кесіп өтті.

Керуен жолы Испиджабтан Арыс жағалауындағы Арсубаникетке, Отырар-Фарабқа және одан әрі Сырдария өзені ағысын қуалай отырып Арал теңізі алқабына кетеді.

Сырдарияны  жағалай созылған керуен жолындағы  аса ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шавгар қалалары болды. Бірінші қаланың атауы Арыстың Сырдарияға құяр сағасындағы қираған қаланың аты арқылы осы күнге дейін сақталып келеді. «Фараб» сөзін тәжімалағанда «арғы беттегі қала» деген ұғым береді, ал мұның өзі Сырдария өзенінің арғы бетінде тұрған қала атауына сәйкес келеді.

Отырар маңында  Х ғасырда Отырардың көгал  алқабында болған басты қаланың  бірі – Кедер. Ол «әр елден ағылған  көпестер мекені» ретінде белгілі.

Отырар көптеген керуен жолдары тоғысқан түйін еді. Бір жол осы жерден Шавгарға кетсе, екінші жол Сырдария өткелі арқылы Басиджа қаласына барады. Соңғысы Шығыстың көрнекті ғұламасы Әбу Насыр әл – Фарабидің алтын бесігі болды. Бұл қала ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Зернук аталады. Жібек жолы одан Сырдарияны жоғары бойлап, оғыз қаласы – Сүткент арқылы Шашқа, ал төмен қарай Жентке барады. Осы жерден жол Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке, одан Еділ жағалауымен Кавказға кетеді. Жібек жолының бұл бөлігі ХІІІ ғасырда, яғни Еділдің төменгі ағысы сағасында Алтынордалық Сарай қаласы салынған кезде қатты жанданды.

Бұл жол ХІІІ-ХІҮ  ғасырларда Сарайшық, Сарай-Бату және Каффа қалалары арқылы өтті.

ҮІІІ ғасырдағы  деректерден белгілі Шавгар қаласы осы күнгі Түркістан маңындағы  қираған ескі Чуйтөбе /Шойтөбе/ қаласына сәйкес келеді. Шавгар атауы «Қаратау қаласы» деген мағына береді, ол бұл Қаратау бөктерінде орналасқан қалаға сайма-сай келеді. Х-ХІІ ғасырларда қазіргі Түркістанмен қарайлас Шавгарға жақын маңнан Яссы қаласы ірге тепті. Бұл кәдімгі аты шулы Темірдің бұйрығымен моласының басына күмбез мазар /мавзолей/ орнатылған атақты ақын Қожа Ахмет Яссауи туып, өз уағызын жүргізген қала еді.

Жібек жолы Шавгардан  оғыздардың астанасы болған Янгикентке /Жаңакент/ баратын. Жол бұл жерден де Қызылқұм арқылы Хорезмге тірелетін. Бұл аралық 10 күндік жол еді.

ХІІ ғасырда  Жент, оңтүстік-батысқа таман орналасқан Сығанақ тәрізді, қыпшақ мемлекетінің орталығы болды.

Шавгардан, кейінірек  Яссыдан Тұрлан асуы арқылы шыққан жол Қаратаудың солтүстік бөктеріне жететін, ал дәл осы жерден Сырдарияны бойлай созылған екінші жолмен иықтаса жарысып жататын. Ол жол әсіресе ХІІІ-ХІҮ ғасырларда қатты жанданды. Аралдың солтүстік жағалауынан Монголияға бет алған армян патшасы Гетум мен сопы Рубрук дәл осы жолмен жүрді. Бұл жолдың бойында Созақ, Уростан, Құмкент, Сүгүлкент қалалары жатты. Ол Таластың төменгі ағысына жетіп, өзенді жоғары өрлей көтерілетін немесе Билікөлдің батыс жағалауын бойлап, Бүркіт-Паркет, Хутухнин арқылы Таразға апаратын.

Оңтүстік Қазақстан  мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының  негізі сорабынан солтүстікке де, шығысқа да жол бұтақтары тармақталып жатты. Олар Орталық және Шығыс Қазақстанды басып өтіп, кейін Сарыарқа ретінде баршаға мәлім болған Дешті – Қыпшақ жеріне Ертіс жағалауына, Алтай мен Монғолияға жетелеп кететін. Бұл жерде атты көпшелілер тайпалары жүретін дала жолы болатын. Алайда, бұған қарап Қазақстанның далалық аймақтарын тек қана көшпенділер мекендеген екен деп ойлауға болмайды. Мұндай егіншілікке қолайлы жерлерде – Сарысу, Кеңгір, Жезді өзендері жағалауларында, Ұлытау етегінде, Ертіс жағасында, орта ғасырда егіншілік және қалалық тіршілік төңірегінде суармалы көгалдар алқаптар көбейе түсті. Оның үстіне мыс, қалайы, қорғасын, күміске бай кен орындары сонау қола дәуірінен игеріле бастады, ал көп кейінірек осы жерлерде кеншілер, метал балқытушылар, мысшылар мен күміс бұйым шеберлерінің қалашықтары бой көтереді. Мал, жүн, былғары, металл тәрізді шикізат қорына бай Орталық Қазақстан аудандары сауда-саттық жүйесіне, оның ішінде халықаралық байланысқа тартылды және көптеген керуен жолдарымен қоса Жібек жолы жүйесіне  енгізілді.

Отырардан Арсубаникет, Арыстанды, Шаян арқылы, Қаратаудың аласа  жоталарынан асып, Тұрлан асуы арқылы Шавгар мен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Янгикенттен шыққан жолдар Орталық Қазақстанның далаларын шарлап, Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Есіл өзендері жағалауларына жетіп жатты. Бұл жерлерде Болған-Ана, Жаман-қорған, Нөгербер-дарасы, Домбауыл, Милы-құдық, Ормамбет тәрізді қабырғалары шөгіп кеткен, төрт бұрышты елді мекен табылып, аршылды. Олардың айналасынан Жошы-хан, Алаша мавзолейлері тәрізді сәулеткерлік ескерткіштер сақталған ауқымды зираттар кешендері ашылды. Әл-Идриси Бақырлытаға, Махмуд Қашғаридің орта ғасырлық жазбаларындағы деректерінде кездесетін Жұбын, Қоңғылыкент қалаларын, Ортау мен Кейтау (Кейтаг) жайлауларын, Гарбин кен орындарын да осы жерлердің шеңберіне енгізу керек.

Тағы бір  сораб - «Ханжолы». Жаңа дәуірге дейін кәдеге жараған, бұл жол Тараздан  шығып, Таластың ағысы бойымен төмен жүріп, Мойынқұм мен Бетпақдала арқылы Атасу жағасына апарды.

Ибн-Бахра мен  әл-Идрисидің мәліметтеріне қарағанда, сауда жолы Тараздан басталып, Адахкес, Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертістегі қимақтарға-қимақ қаханы ордасына, одан әрі Енисейдегі қырғыз еліне жеткізеді екен. Жібек артқан керуен қырғыздарға әрбір үш жыл сайын қатынап тұрған.

Іле алқабы Шу –  Іле тауларын бөктерлей қуалап, Шу өзені сағасына қарай төмендеп барып, Сарысу өзені жағасына жететін жол арқылы Орталық Қазақстанмен ұласып жатты. Тағы бір маңызды жол негізгі солтүстік-Іле жолынан Шеңгелді маңында бөлініп, Балхаш атырабындағы Көктал мен Бояулы керуен – сарайлары арқылы, одан соң Іле өзенінің бойында Ақтам, Ағашаяқ қалаларының қалдықтары жатқан Ортасу тармағын бойлай жүреді де Балхаш жағасына жетеді, одан ені 8 километрден сәл ғана астам түбек қалдырып, Өзеннің оңтүстік және солтүстік жағалауларын қосып жібере жаздап тұрған Ұзынарал түбегімен кетеді. Міне, осы маңдағы мүйістен көп бөлігі су астына қалып, қираған қала  қалдығы табылды. Шамамен, керуендер бұғаздың кешу - өткелінен өтіп, Тоқырау өзенінің құйылысынан шыққан, содан соң осы өзеннің арнасын бойлап, Ұлытаудың етегіне қарай жүрген деп болжауға болады.

Жоңғар қақпасына  қарай беттейтін солтүстік -  Іле  жолынан Алакөлді батыс жағынан  айналып өтіп, Тарбағатай арқылы қимақтар мемлекетінің жеріндегі Ертіске  шығатын бір жол бөлініп кетеді. Тарбағатай мен Ертіс өзені жағалауларында Банджар, Ханаум, Астур, Сисан атты қимақ қалалары және берік қорған қабырғалар мен қоршалған, темір қақпалары бар үлкен қала - «Қаһан астанасын» қоныс тепкен. Қимақ қалалары Енесейдегі қырғыздармен Монғолиядағы ұйғырлармен және Шығыс Түркістанның көкорай алқаптарымен сауда жолдары арқылы байланысып тұрды.

Жібек Жолының  Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін  басып өтетін бөлігі мен оның бұтақтарының жалпы бағыттары осындай еді.[4]

 

Сауда саттық және тауарлар.

Жібек Жолы, айтып  өткенімдей, алғашында Қытай жібегін  Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. Сонымен қатар бұл жолмен Рим, Византия, Индия, Иран, Араб халифатының, ал кейінірек Европа мен Русьтан сол елдерде өндірілген тауарлар да тасымалданды.

Жібек жолымен  Ферғананың «қызу қанды» арғымақтары, арап пен нисситліктердің сәйгүліктері, түйелер мен пілдер, мүйіз тұмсықтар  мен арыстандар, қабыландар мен  еліктер, қаршығалар мен қырандар, тауыстар мен тотықұстар да, түйеқұс та сатылып жатты.

Жүзім, шабдалы, қауын дәмдеуіштер /бұрыш, қалампыр т.б./ мен қант, көкөністер мен жидектер, көк мәуелер тәрізді мәдени өсімдіктер де осы Жібек жолы арқылы кең тарады.

Жібек жолымен  өтетін жібектер мен тауарлардың  белгілі бір бөлігі осы жолдағы  Қазақстан қалаларында қалып жатқаны әбден табиғи нәрсе. Бұған археологиялық қазбалар кезінде табылып жүрген сондай тауарлар айғақ бола алады.

Жамбыл қаласында, Тараз орнының бір бетінде  – дулыға киіп, найза мен қалқан ұстаған император, екінші бетінде – қолына крес  ұстаған Жеңіс әйел-құдайы бейнеленген Юстиан І-нің византиялық алтын құйма теңгесі табылды. Бұл жерде Византияның алтын теңгелері кең таралып, халықаралық өлшемпұл /валюта/ ретінде пайдаланылған.

Шетелдік бұйымдар олжасы қираған ескі Талғар қаласы жұртынан табылды. Мұның өзі-құрамында көп жасау белгісі ретінде айшық – саңырауқұлақ тәрізді медальондармен жиектелген сәбилер бейнесі түбіне өрнектеліп салынған қытайдың төрт қыш тостаған кейіпіндегі қазына дерлік.

Шетелдік бұйымдар Сырдарияның орта ғасырлық қалаларының жұртын, әсіресе жиырма жылға жақын зерттеліп жатқан Отырардың қалдығын қазу кезінде табылуда.

Отырардан табылған күміс көмбесі халықаралық сауданы  зерттеу үшін аса маңызды, мәні жағынан  өте сирек олжалардың қатарына жатады. Өзінің құрамы жағынан олар ақшалай – заттай нәрселер. Көмбе жиынттығының теңгелер құрамы өте құнды.

Отырарды қазған кезде табылған заттардың ішінде ХІІІ-ХІҮ ғасырдың қола айналары болғанын айта кетуге болады. Олардың бірқатары  Жібек жолымен Қытай мен Парсыдан келіп, қалаға тап болған айналардан түсіріп алған үлгілер бойынша құйылған.

Жібек жолымен  бұйымдар ғана таратылып қойған жоқ, сонымен бірге олардың көркемдік  үлгідегі сәні де өріс алды. Сөйтіп олар жеткен жерлерінде белгілі бір этникалық – мәдени ортаның әлеуметтік талғамына қарай тапсырыстар жасауына жол ашты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары

Жібек жолымен  діни сенімдер де таратылды, ал әр алуан  дін уағызшылары /миссионерлер/ өздерінің  діндерін теңіздің арғы бетіндегі елдерге  де «ала барды». Үндіден Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы будда діні, ал Сырдариядан, Иран мен Арабтан әуелі христиан діні, артынша ислам діні таратылды.

Зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, будда діні Қытайға Үндіден Орта Азия арқылы енген. Бұл діни ағым біздің дәуірімізге дейінгі 1 ғасырдың орта шенінде тараған. Шығыс Түркістан мен Қытайда будда дінінің таралуында орта азиялық діни хадисшылар мен дін уағыздаушылары, әсіресе соғдылар мен парфяндар, қаңлылар маңызды роль атқарды. Шамасы Шығыстағы  Қушан мемлекетінің саяси мақсаттары әсер еткен болуы керек, будда діні біздің дәуіріміздің ІІ-ІІІ ғасырларында өте белсенді түрде таралды.

Ерте орта ғасыр дәуірінде будда дінін тарату міндетін негізінен соғдалық діни уағыздаушылар атқарды. Будда дінінің Орта Азияға таралуында да, тұтастай  алғанда: осы соғдылықтар маңызды жұмыстар жүргізді. «Бодисатва» сөзі орта парсы, ұйғыр, қытай тілдеріне соғды тілінен енді. Шығыс Түркістанның будда дініндегі түркі сөз тіркестеріндегі терминдерге талдау жасап көргенде, олардың соғдылардың аралық дәнекерлігі арқылы алыс-берістен туған сөздер екені көрінеді. Жапонның Нара астанасындағы будда шіркеуі Кареджиден соғда жазуы табылған. Будда ескерткіштері Жібек жолының Орта Азияның қиып өтетін күретамырларында тұрған қалалардың көпшілігінен табылған. Қаратөбедегі Термезден І-ІІІ ғасырларда салынған будда сопыханасы /монастырь/ көп жылдан бері қазылып жатыр. Соғдының Санзар алқабында жеке басқа /дінге/ табыну ғимараты болған. Мервтегі ескі қираған Гуяр-қаладан да будда ескерткіштері ашылды. Будда мозалының төбесі тегіс жабылған. Оның шығыс жағындағы қақпа бетіне тұрғын және шаруашылық жайлары орналасқан. Олардың құрамында төрт бұрышты жобамен салынған шағын шіркеу бар. Дәліздің ұзына бойы қабырғасына орнатылған тас-табандар мен суфаларға монументті мүсін салынған. Ғимаратқа кіреберістің екі жағында қосқатар баспалдақты тұғыр-тастар болғанға, ал олардың үстінде аяғын еденге түсіріп жіберіп отырған Будда мүсіндері болғанға ұқсайды. Ғибадатхананың еденінен Будданың суреті бейнеленген, алтын жалатқан икон жапсырмасы табылды.

Төрт бұрышты  үлгімен (38х38м) салынған Ақ-бешім ғибатаханасының  есігі солтүстік жаққа қаратылған. Крест тәрізді үлгімен салынған целланың  (10х10м) екі жағынан ұзынша дәліздер /коридорлар/ таратылып, олар төртбұрышты шағын аулаға  шығарылған. Ғибадатхананың және дәліздерінің қабырғаларында мүсіндерге арналған кертпе қуыстар бар, ал қабырғалардың бәрі ою-өрнекті жазулармен безендірілген. Қыш мүрделері, оның ішінде будда, Бодисатва, Докшита бейнелері бейнеленген.

Информация о работе Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар