Азамат соғысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:49, реферат

Краткое описание

Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Англияда «Алқызыл және ақ раушан» (1455 – 58), АҚШ-та буржуазиялық Солтүстік пен құл иеленуші Оңтүстік (1861 – 65), Францияда монархистер мен республикашылдар (1871), Испанияда фашистер мен демократтар (1936 – 39) арасындағы азамат соғыстары болып өтті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

азамат согысы.docx

— 117.67 Кб (Скачать документ)

аркылы карым-катынаска түседі».[13].

Келесі бес пункттің мазмұны мына тұрғыда болып келеді:

  1. Алашорда тек казак халкының ғана билік органы болып табылады;

  1. ұлттық әскер жалпы сібірлік басқарма мен Алашорданың әскери бөліміне бағынады;

  1. банк пен қаржы-қаражат мекемелері Сібір үкіметінің қарамағына беріледі;

  1. федералдық үкімет құру үшін большевиктерден тазарған өңірлер халықтарының конгресін шақыру қажет.[14].

Бұл жазбада не нәрсе өзіне назар аудартады?

Біріншісі - өзін танытуға тырысу, яғни Алашорда үкіметі келіссөз жүргізу барысында өз мемлекеттілігін көрсетуге ұмтылды. Екіншісі — Алашорда бірыңғай ресейлік биліктің күйреуі жағдайында дербес өмір сүру заңдылығын дәлелдеуге талпыныс жасады. Үшіншісі — Алашорда билігін қалыптастыруға тырысты. Төртіншісі — Қазақ автономиясын тану қажеттігін, жергілікті жерлерде автономияның қалыптасу үрдісі басталғанын дәлелдеуге ұмтылды: «Біздің Сібір үкіметімен ұзаққа созылған келіссөздеріміз Орал облысындағы Алаш автономиясын жойды. Мүмкін, большевиктерден азат етілген қырғыз облыстары Алаш автономиясын күтіп отырмастан,Түркістанмен жақындасудың бағыт-бағдарын іздер».[15]. Бесіншісі — Ресей Алаш автономиясын мойындамаған жағдайда Түркістаннан айырылады, ал Сібір Алаш сияқты одақтасын жоғалтады: «Автономияның құлау қаупі Алаш партиясына қалай болғанда да Алашорданы Сібірмен одақ болудан бас тартуға, Алаш автономиясын жариялауға және қырғыз халқының бірлігін сақтап қалуға тырысуға мәжбүр етеді.

Сібір үкіметінің Алаш автономиясын мойындауы Түркістанды Ресей аумағындағы федерациялық құрылым ретінде орнығуына мүмкіндік берер еді».[16].

Хатавторлары кандай нәтиже күтседе, ол өз рөлін атқарып шықты. Майдандағы жағдай сенімсіз болды, сібірлік ақ гвардияшылар жақын тұрған одақтасын жоғалтып алғысы келмеді. Олар бірқатар шара қолдануға дейін барды. Премьер-министр П.В. Вологодскийдің өкімімен алғаш «бұратаналар ісі» бойынша министр Б.М. Шатиловтың, кейін халық ағарту министрлігінің басшысы профессор В.В.Сапожниковтың жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері: Ішкі істер министрінің орынбасары В.Д. Михайлов, Министрлер кабинеті қоныс аудару бөлімінің меңгерушісі A.M. Ярмош, әскери ведомствоның өкілі генерал В.Л. Поповтан құрылды.

«Комиссияға білікті, жөн білетін адам ретінде Алашорданың басшысы Ә. Бөкейханов тартылды.[17]. Төрт күн бойы — 29,30 шілде, 2,3 тамыз күндері комиссия Алашорда басшыларының ұсыныстарын қарап, Сібір үкіметі Алашордамен белгілі бір келісімге келуі қажет деген қорытындыға келді. Комиссия Алашорда мен қазақ автономиясының саяси статусы туралы мәселені айналып өтіп, хаттағы бірқатар ұсыныстар бойынша келісілген шешімдер қабылдады: Алашорда қазақ халқының билік органы деп танылды, оған киіз үй басы бойынша және арнайы салық жинауға рұқсат етілді. Бұдан басқа, Алашорда ұлттық сот жүйесін құруға мүмкіндік алды. Қарулы күштерге - ұлттық әскерге келетін болсақ, ол Сібірдің белгілі бір әскери ведомствосының принциптеріне негізделе отырып құрылатын және қару-жарақпен қамтамасыз етілетін болды. Ұлттық әскердің басшысын, бөлімшелердің командирлерін Алашорда үкіметінің келісімімен Сібір әскери үкіметі тағайындайтын болды.[18]. Сөйтіп, Алашорданы жартылай тану мәмілесіне қол жеткізілді, бірақ мұнымен бірге Сібір үкіметіне бұл келісімді қайта қарауға мүмкіндік берілді. Алашордаға белгілі бір жеңілдік бере отырып, Сібір үкіметі басты саяси мәселеде өктемдік танытты.

Алашорда делегациясы (Бөкейханов оған Ә.А. Ермеков пен X. Тоқтамышевті қосты) мен Сібір үкіметі комиссиясының келісіміне Уфа мемлекеттік мәжілісінің басталу қарсанында қол жеткізілді.

Мәжіліс 1918жылы 8 қыркүйекте ашылды. Оның жұмысына 147адам қатысты, оның ішінде 81 адам Құрылтай жиналысының мүшесі болды. Оған барлық қазақ облыстары, оның ішінде Түркістан автономиясынан Ә. Бөкейханов, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, С. Досжанов, Б. Жақандамов, А. Байтұрсынов, Ғ. Әлімбеков, М.Тынышбаев, М. Шоқай, Е. Тұрмұхамедовтар қатысты.[19].

Уфа мемлекеттік мәжілісінің қараған басты мәселесі Бүкілресейлік жоғаргы өкімет билігін құру болатын. Жаңа үкімет Директория деген атқа ие болды. Ол әсерлер партиясы ОК-нің мүшесі Н. Авсентьев төрағалық еткен бес адамнан тұрды.

Директорияның басты міндеттері былай деп жарияланды:

  1. Ресейді Кеңес өкіметінен азат ету үшін күресу;

  1. Ресейдің күшпен тартып алынған, ыдыраған және бөлініп кеткен облыстарын біріктіру;

  1. Брест келісімі мен Ресейдің мүддесіне қайшы келетін барлық басқа да келісімдерді мойындамау;

  1. Германия одақтастарына қарсы соғысты одан әрі жалғастыру».[20].

Уфа мемлекеттік мәжілісі күшті орталық мемлекеттік билік орнатуға қарсы тұрушылармен аяусыз күресетіндіктерін ашық мәлімдеді. Мемлекет тұтастығы, күшті мемлекет билігі көптеген адамдарды, солардың қатарында Алаш көсемі Ә. Бөкейхановты да аландатты. Ол оңтүстік облыстардың Түркістан құрамында болуы, қазақмемлекеттілігін қалыптастыру жолында көптеген проблемалар туғызатынын айқын түсінді. Алаштың батыс тобының күш салуымен құрылған автономиялық сипаттағы облыстық ұлттық аумақтық Ойыл уәлаяты да бұдан кем аландаткан жоқ. Ә.Н. Бөкейханов Уфада Ойыл уәлаяты жетекшілерінің жиынына қатысуын пайдалана отырып, Мемлекеттік мәжіліске Қазақстаннан келген барлық Алашорда мүшелерінің арнайы отырысын өткізді. 1918 жылы 11 кыркүйекте Ә.Н. Бөкейхановтың төрағалық етуімен Алашорданың басшылары Ж. Досмұхамедов, X. Досмұхамедов, А. Бірімжанов, Ә. Ермеков, М. Тынышбаевтар автономияны басқару мен бүкіл Қазақстан көлемінде үкімет аппаратын құру мәселелерін талқылады. Осы мәселеге байланысты қабылданған қаулы 11 пункттен тұрды және автономиялық уәлаятты жойып, оның ісін Алашорданың қайта құрылған Батыс бөлімшесінің арнайы өкілетті органының басшылығына беру жағдайы қарастырылды. Өкілетті органның құрамы төрт адамнан: X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Б. Құлманов және Е. Тұрмұхамедовтерден тұрды.

Алаш көсемі Ә.Н. Бөкейхановтын бірқатар мәселені бірден шешкенін байқаймыз: ол Уфа мемлекеттік мәжілісінің облыстық үкіметтерді жою туралы шешімін орындады және ең бастысы, оралдық радикалдардың сепаратистік пиғылдарына елеулі түрде соққы берді. Досмұхамедовтар тобымен арадағы қатынасты тым ушықтырып алмау үшін, ол топтың екі басшысы Жанша мен Халел де Алашорданың Батыс бөлімшесі басшылығының құрамына енгізілді, бірақ бұдан былай олар Ә.Н. Бөкейхановтың жақтастары Б. Құлманов пен Е. Тұрмұхамедовтың бақылауында болатын болды.

Алашорда Қазақстанның аумақтық тұтастығы проблемасын шешіп жатқан осы тұста мәселені түбірінен өзгерткен саяси оқиға өтіп жатты. Сібір әскерінің құрылуы мен нығаюы және әскері қатты женіліске ұшыраған Құрылтай жиналысы комитетінің күйреуімен байланысты Директорияның ішінде күштердін арасалмағы елеулі түрде өзгерді. Оның әсерлер партиясынан сайланған мүшелері беделден мүлде айырылды. Олардың нақты тірегі болмады. Директорияның Сібір үкіметін таратып жіберуге тырысқан әрекетінен ештене шықпады.

Н.Д. Авсентьев пен оның әріптестері Алашорда үкіметі жойылсын, оның кызметі мәдени-тұрмыстық және шаруашылық-экономикалық мәселелермен шектелсін деген шешімге келді.[21].

Алашорданы тарату туралы шешім Ә. Бөкейханов пен барлық Алаш қайраткерлеріне мүлде күтпеген жағдай болды.

Шын мәнінде Алашорда басшылығы 1918 жылы ұлттық қарулы күшті құрумен айналысқан еді. Алғашқы Алаш отряды, айтылып өткендей, 1918 жылы қаңтар-ақпандаВерныйда құрылған болатын, бірақ Жетісуда Кеңес өкіметі орнасымен (1918 жылғы наурыз) ол қарусыздандырылып, таратылды.

Алаш көсемдері Ә. Бөкейханов пен Ә. Ермеков әскери бөлімнің меңгерушісі X. Тоқтамышевпен бірге 1918 жылы шілде мен тамызда Самарадағы Құрылтай жиналысының комитеті және Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен Алашорда қарулы күштерін құруға көмек көрсету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді. Алашорданың батыс бөлімшесінің басшылары Жанша мен Халел Досмұхамедовтер Самарадан Құрылтай жиналысынын комитеті арқылы 600 винтовка мен пулемет алды және жақын уақытта 2000 адамнан тұратын қазақ әскерін ұйымдастыруға уәде етті.

Алашорданың Торғай бөлімшесіне 1918 жылы қыркүйекте 300 берденке, 20 мың патрон және көп мөлшерде киім-кешек бөлінген болатын. Дутовтың көмегімен екі атты полк: бірі – Қостанай, екіншісі - Ырғыз уезінде құру ісі қолға алынды. 1918 жылы тамызда Семейде Уақытша Сібір үкіметінің сенімді өкілі Давыдовтың көмегімен екінші бір атты полк құрылып, оның құрамы 38 офицер мен 750 жауынгерден тұрды.[22].

Бұдан басқа, Жетісу облысының шығысында екінші полк құрылды, ал оған қосымша Семейде үшінші полк жасақталынды. Торғайда төртінші атты әскер полкі құрылды; Орал бойында, Жымпиты унтер-офицерлер курсының базасында Оралдан, Гурьевтен және басқа жерлерден келген нұсқаушылардың көмегімен прапорщиктер мектебі ашылды; саны 2 мың адам болатын жекелеген атты бригадалар құрыла бастады. 1918 жылы 26 қазанда ұлттық әскер құру ісінің жағдайын Алашорда үкіметінін бір өкілі былай деп бейнелеп берді: «Қырғыздардан (қазақтардан) жасақталған бөлімдер дер кезінде қаруланып үлгермегендіктен, большевиктерге қарсы ұрыстарға кенінен қатыса алмады.

Қарудың неге жетіспей жатқан себебін жақсы түсінеміз. Қазіргі кезде большевиктерге қарсы күреске Жетісуда 500-дей адамы бар қырғыз (казак) отрядтары, Жетісу облысында 8 мы ерікті, Семейде - 2 мың, Оралда – 2 мың, Қостанайда - 450 адам қатысуда».[23]. 1919 жылы 11 ақпанда Сібір Уақытша үкіметі делегаттарымен келіссөз жүргізу барысында Ә. Бөкейханов та шамамен осындай деректер келтірді. Ішкі істер министрлігі Сібір Уақытша үкіметінің төрағасы А. Малаховтың: «Милиция деген не?» деген сұрағына Ә. Бөкейханов былай деп жауап қайтарған: «Милиция — ол біздің әскеріміз. Ол қазірдің өзінде бар: біздің 700 жігіт Жетісуда шайқасуда. 540 адам Троицкіде, 2000 адам Орал облысында әскери жаттығудан өтуде».[17].

Сібір үкіметінен белгілі мөлшерде көмек алып тұрған Алашорда көсемдері оның орнына келген Директориядан ұлттық әскер құру ісінде ондай көмек ала алмады. Мұнымен қоса, Алашорданың билігін жою және Ә. Бөкейхановтың басшылығымен қазақ істерін басқарудың арнаулы органын құру туралы Директорияның қаулысынан кейін (1918 жылғы қыркүйек) ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесі мүлде тоқтап қалды. Бүдан кейінгі оқиғалардың бүкіл барысы ресейлік биліктің Алашордаға кері қатынаста болғанын көрсетті. Алашорда Ресейдің орталық мемлекеттік билігіне төнетін қауіп ретінде қарастырылды. Дәл осы көзқарас алғашында Директорияның, кейін Колчак үкіметінің ұстанымына айналды.

Ұлттық мемлекеттілікті құру мүмкіндігінен айыру қазақ халқынын басым көпшілігін Кеңес өкіметімен белсенді түрде күресуден шет қалдырды. Оның үстіне аз санды, нашар қаруланған «халық милициясының» құрамалары Қазақстандағы Азамат соғысының барысымен қорытындыларында қандай да бір елеулі рөл атқара алмады.

Қазақстандағы қарулы қақтығыс Ресейдегі Азамат соғысының құрамдас бөлігі болды. Сондықтан қазақстандық майдандардағы ұрыс қимылдарының барысына Азамат соғысының басты майдандарындағы шайқастардың нәтижесі ғана шешуші ықпал етіп қойган жоқ, сондай-ақ жергілікті әскери құрамалар мен партизандардың іс-қимылдары және Қазақстан аумағындағы ақ гвардияшылар басып алған жерлердегі көтерілістер Шығыс пен Оңтүстік майдандарда соғысып жатқан Қызыл Армияның негізгі күштеріне айтарлықтай көмек көрсетті. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды азат етуде, Колчакты түбегейлі талқандауда, ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарын Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстаннан және Жетісу жерінен қуу кездерінде айқын көрінді. Кеңес үкіметі Қазақстан майдандарында соғысып жатқан Қызыл Армия бөлімдеріне қажетті әскери көмегін аямады. Мұндай әскери көмектердің айқын мысалдарының бірі Ә. Жангелдин экспедициясы болып табылады. Ол 1918 жылы 20 шілдеде мол қару-жарақпен Мәскеуден теміржол арқылы шығып, 1 тамызда Астраханға келеді. 21 тамызда экспедиция екі желкенді кемемен Каспийарқылы Александровскіге (қазіргі Ақтау қаласы), одан Құланды аралы арқылы Бұзашыға келіп, Жандауыр мүйісіне жүктерін түсіреді. Осында бір ай бойы даламен жүріп өтуге дайындалады. Экспедицияның табысқа жетуі енді жүк көлігімен және әр түрлі керек-жарақтармен қамтамасыз еткен жергілікті қазақтардың қолдауына байланысты болды.

11 карашада, 57 күннен кейін, аса киын дала жолымен жүріп  өткен экспедициялық отряд өзін  асыға күтіп отырған Ақтобе  майданының әскері тұрған Шалқар стансасына келіп жетті. 1927 жылы Ә. Жангелдин осы экспедицияны ұйымдастырғаны және Отан алдында басқа да сіңірген еңбектері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды.

Азамат соғысы жағдайындағы Қазақстанның кеңестік өңірлерінде Қызыл армия бөлімдерін құру едәуір табысты өтті. Қызыл армия қатарына орыстармен бірге қазақ халқынын өкілдері де кірді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1918 жылғы 29 мамырдағы Декреті бойынша Қызыл армияны ерікті түрде жасақтау міндетті әскери қызметпен алмастырылды. Сонымен қатар біраз уақытқа дейін еріктілік принципі де сақталып келді. 1918 жылы жазда Қызыл армияның бірынғай құрамдас бөлігі ретінде ұлттық әскери құрамалар құрыла бастады. Қазақстанның аумағында Қызыл армияның ұлттық бөлімдерінін құрылу базасы Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы және Торғай облысының кеңестік уездері (Торғай мен Ырғыз) болды.

1919 жылы Степан Разин  атындағы алғашқы орынборлық  қазақ полкі ұйымдастырылды. 1919 жылы  сәуір-шілде аралығында Оралды  қорғауға қазақ эскадроны қатысты, кейінірек ол алғашқы кеңестік  үлгілі қазақ полкі болып қайта  құрылды.

Ақ гвардияшылармен күресуге Қазақстан еңбекшілерімен бірге өз еріктерімен Қызыл армия қатарына кірген шетелдік жұмысшылар мен шаруалар: венгрлер, немістер, чехтар, поляктар және басқалар да қатысты.

Қазақстан аумағында ак гвардияшылар басып алған жерлерде партизандық қозгалыстар мен халық көтерілістері кең өpic алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы Қостанай уезін түгел қамтыды. Ол Ақмола, Семей облыстарында да кең етек алды. Партизан қозғалысының тарихында Ақмола облысының Атбасар уезіндегі Маринский көтерілісі үлкен орын алады. Партизан қозғалыстары Семей облысының Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зыряновск, Катонқарағай, Шемонайха болыстарында едәуір көлемде epic алды. Қазақстандағы Азамат соғысының тарихына Черкасск қорғанысы, Орал қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдағы «Тау қырандары» партизан отрядтарының әрекеттері сияқты оқиғалар кернекті сипат алды.[24].

  1. жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында майдандардағы оқиғалар, әрине, ақтардың пайдасына қарай epic ала қоймады. Ақ гвардияшылардың аса қуатгы күші — қайта топтастырылған және қосымша күштермен нығайтылған А. Колчак әскері Орынбор мен Орал қазақтарына дер кезінде көмек көрсете алмады, осы себептен Қызыл әскерлер екі қазақ әскерінің

де әкімшілік орталықтарын басып алып, бүкіл Орынбор—Ташкент магистраліне өз бақылауын орнатты. Оралдық қазақтарды Орынбор мен Сібірден бөліп тастады және Түркістан мен Жетісуда өз позициясын нығайтуға мүмкіндік алды. Кеңес басшылығы Мәскеуде 1918 жылдың қорытындыларын талдай келіп, ұлттық-мемлекеттікқұрылыс реформасын тез арада қолға алу, Татарстан мен Башқұртстан және Қазақстанда ұлттық автономияны тездетіп құру туралы шешімге келді. Бұл бағыт РК(б)П VIII съезінің (1919 жылғы наурыз) шешімдері арқылы бекітілді. Азамат соғысында жеңіске жете бастаған большевиктер ақ гвардияшылардан және түрлі үкіметтерден қатты көңілі қалған алаштықтармен байланыс орната бастады. Өз кезегінде Ә. Бөкейхановтың айтуымен Алашорданың көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш азаматтары Кеңестік билікпен келісімге баруға мәжбүр болды.

Информация о работе Азамат соғысы