Қазақ хандары
Реферат, 09 Марта 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Қазақ елінің пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеyi 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды.
Содержание
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Керей хан
2. Жәнібек хан
3. Қасым хан
4. Хақназар
5. Тәуекел хан
6. Есім хан
7. Салқам Жәңгір
8. Тәуке хан
9. Әбілқайыр
10. Абылай хан
III. Қорытынды
Прикрепленные файлы: 1 файл
СӨЖ Абенова Аяулым 113 группа ОМФ.docx
— 37.95 Кб (Скачать документ)СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК
МЕДИЦИНА УНИВЕСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ЛАТЫН ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
«Қазақ хандары»
Орындаган: Әбенова А.Ж
113 топ ЖМФ
Тексерген: Ахметжанова А.К.
Семей 2014 ж.
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Керей хан
- Жәнібек хан
- Қасым хан
- Хақназар
- Тәуекел хан
- Есім хан
- Салқам Жәңгір
- Тәуке хан
- Әбілқайыр
- Абылай хан
- Қорытынды
Кіріспе
Қазақ елінің пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық
және этникалық-саяси процестерден туған
заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы,
көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының
артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке
ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасында
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
1456 жылы Керей
мен Жәнібек ханның Әбілқайыр
хан үстемдігіне қарсы күрескен
қазақ тайпаларын бастап Шығыс
Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу
жеріне қоңыс аударуы қазақ
хандығының құрылуына мұрындық
болған маңызды тарихи оқиға
болған еді.
Хан - қазақ қоғамның жоғарғы мемлекет басшысы болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды.
Керей хан
Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың
70-жылдарының басында қайтыс болған) -
Қазақ хандығының негізін қалағандардың
бірі. Керей хан - Орыс хан немересі Болат
ханның ұлы.
XV ғасырдың 50-жылдарға дейінгі
тарихи мәліметтерінде Керей
хан туралы деректер жоқ. "Тарихи
Рашиди" еңбегіндегі деректерге
сай, XV ғасырдың 50-жылдарының аяғында
Керей хан Жәнібек ханмен
Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Моғол ханы Жүністің ордасына Бұрыш оғлан сұлтан шабуыл жасаған кезде айтылады.
Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры, қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.
Жәнібек хан, Әбу Сайд (15 ғасырдың басы - 1470) – Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі, Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы. XV ғасырда өмір сүрген. XV ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ. 1457-1458 жылы туысы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған. Керей ханнан соң 1465-1466 жылдан 1470 жылдардың басына дейін қазақ хандығының екінші ханы болған. Тарихи жазба деректерде Жәнібек ханның есімі «Хандар шежіресінде» және Қазақ хандығының құрылуына байланысты кездеседі.
Қасым хан
Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты.
1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді.
«Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
Хақназар
Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.
Баба сұлтанның астыртын жіберген адамы 1580-жылы Хақназар ханды өлтірді.
Тәуекел хан
Тәуекел хан — (1583-1598 жылдары билік құрған) Шығай хандың ұлы 1586-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.
Есім хан
Есім хан, «Еңсегей бойлы ер Есім»-қазақтың ұлы хандарының бірі. Туған жылы белгісіз, 1628 жылы қайтыс болды. Шығай ханның баласы. Туған ағасы Тәуекел ханнан кейін ел билігін қолға алған Есім хан Қазақ Ор-дасын 1598–1628 жылдары басқарды. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында тұрып, билік жүргізді. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына қосты. 20 мың әскерімен өзі Самарқанда қалып, Тәуекел хан 80 мыңдай әскермен Бұқараға ат-танады, бірақ жеңіске жете алмайды.
Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. "Есім ханның ескі жолы" - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы. Оның негізін Қасым хан салған болатын (1511 - 1523). Заң жинағында Қыпшақ, Шағатай, және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілді.
Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.
«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, Есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.
Салқам Жәңгір
Салқам Жәңгір - 1645 жылы туылып, 1652 жылы қайтыс болған. Есім ханның ұлы. Салқам Жәңгір хан тағына Есім хан өлген соң отырады. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен. Сондықтан да халық оны «Салқам Жәңір» атап кеткен. Оның тұсында Батұр қонтайшы басқарып отырған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды. Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерлерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келді.
Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас-1635 жылы, екіншісі-1643–1644 жылдары, үшіншісі-1652 жылы.
1652 жылы қазақтар
мен жоңғарлар арасындағы үшінші
ірі шайқаста қазақ әскерлері
жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан
қаза табады.
Тәуке хан
Тәуке хан, әз-Тәуке Мұхаммед Баһадүр (т. ж. б. -1718) Қазақ хандығының билеушісі, Жәңгір ханның баласы. Ол билік еткен кезең Қазақ хандығының «алтын ғасыры» саналады. Орыстың белгілі тарихшысы А. Левшин Тәуке ханды көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген. Тәуке хан дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегіне сүйене отырып, ортақ билікке жікшілдік пиғылда болған төрелерге қарсы күрес жүргізді. Мемлекеттік мәселелерді шешетін хан кеңесін құрды.
Оған барлық қазақ руларының билері мен әскербасыларын тартты. Кеңесті Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласы маңындағы Мәртөбеде және Күлтөбеде өткізіп тұрды. Ұлы жүзді Төле биге, Орта жүзді Қазыбек биге, Кіші жүзді Әйтеке биге, қарақалпақтарды Сасық биге, қырғыздарды Қоқым биге басқару тұтқасын берді. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдетғұрып заңдарын және «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасады.
Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар,Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды.
Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.
Әбілқайыр
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.
Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды
1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 жылы күзінде елші жібереді.
1745 Әбілқайырдың
өзі де Барақ сұлтанның қолынан
қаза табады.